53
-
директордың жанындағы кеңестерде, ақпараттық кеңестерде,
педагогикалық кеңесте атқарылған жұмыс пен оның нәтижелері туралы есеп
береді.
Мектеп педагогтерінің есептеуінше, есту қабілеті бұзылған балаларға
арналған инклюзивті және түзеу сыныптарындағы балалардың колледждер мен
ЖОО-ларда оқуын жалғастыру мүмкіндігі интеграцияланған және инклюзивті
білім берудегі маңызды жетістіктердің бірі. Бұл бағытта мектеп әкімшілігі
бүгінгі күні Гуманитарлық колледжбен, Менеджмент және бизнес колледжімен,
«Шабыт» өнер колледжімен ынтымақтастық орнатқан. «Ана құшағы» қоғамдық
қорымен бірлесіп, «Инклюзивті қоғам» жобасы әзірленуде, оның мақсаты
ТҚАБ және БЦП балалардың техникалық және кәсіптік білім алуы үшін
жағдайлар жасау, елорда колледждерінде олар үшін қажетті бөлімшелер ашу.
Инклюзивті білім беруді дамыту - инклюзивті қоғамға жасалған алғашқы
қадам. Қазіргі таңда адамзат қызметінің барлық салаларына инклюзияны енгізу
және оны дамыту бойынша жұртшылықтың күшеюі байқалады. Инклюзивті
білім берудің проблемалары негізінен жақында ғана зерделеу нысаны болып
табылған білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдар болып табылады,
қазір көптеген әлеуметтік институттар да ерекше бақылау назарына ие бола
бастады.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдар
ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға сапалы білім беру қызметтерін
көрсетуді қамтамасыз ету проблемаларын шешуге белсенді қатысуда. Олардың
өкілдері үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-
әрекет ету байланыстарын орнатуға қатысады, жұртшылықты қатыстыра
отырып, ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді, көптеген жобаларды іске
асырады.
Достарыңызбен бөлісу: