38
2.
Қазақстандық мектептерде ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балаларды қолдау бойынша қолданыстағы тәжірибені талдау
Адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық шарттарға, ең
алдымен Адам құқықтары туралы БҰҰ Декларациясына, Мүгедектердің
құқықтары туралы, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенцияларына қосылып,
Қазақстан Республикасы жалпы адамзат құқықтарын сақтау, атап айтқанда,
ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алу құқығын қамтамасыз ету
бойынша өзіне міндеттемелер алды. Қазақстан Республикасының
Конституциясына және білім беру, оңалту, әлеуметтік қорғау саласындағы
заңнамаға [1] сәйкес мемлекет инклюзивті білім беруді енгізу арқылы әр
баланың қабілеттерін, мүмкіндіктерін және қызығушылықтарын ескере
отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім берудің
қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс.
Елімізде инклюзивті білім беруді дамытудың бастапқы кезеңі инклюзивті
білім берудің жай-күйіне талдау жасауға және проблема бойынша бірқатар
нормативтік құқықтық, нұсқамалық құжаттар, талдамалық материалдар мен
ғылыми жарияланымдар дайындауға мүмкіндік берді. Қазақстанда инклюзивті
білім берудің ұғымдық аппаратын, прициптерін, сонымен қатар инклюзивті
білім беруді іске асыру тетіктерін қозғаған бірқатар маңызды нормативтік
құқықтық құжаттар қабылданды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен
(2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 534) бекітіліп қабылданған Инклюзивті білім
беруді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешені инклюзивті білім беру
саласындағы стратегиялық құжат болып табылады. Инклюзивті білім беруді
дамытудағы келесі маңызды кезең 2015 жылы Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің бұйрығымен (2015 жылғы 1 маусымдағы № 348)
бекітілген, Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін
әзірлеу және бекіту болды, онда баршаға арналған сапалы білім беруге тең
қолжетімділікті қамтамасыз ету басым принцип деп жариялады және
инклюзивті білім беруді дамытуды ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік
қамтамасыз етуді жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындады.
Адам құқықтары саласының негізін құрайтын халықаралық құжаттарға
және қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басым міндеттеріне сәйкес
Тұжырымдамалық тәсілдерде инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары атап
көрсетілді. Бұл бағыттар инклюзивті білім беруді дамыту үшін қолайлы
жағдайлар жасауды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны дамытуды,
ғылыми-педагогикалық негіздер мен кадрлық, оқу-әдістемелік әлеуетті
қалыптастыруды қамтиды.
Қазақстанның инклюзивті білім беруді дамытуда жасаған маңызды
қадамдарына қарамастан, әлі де «кедергісіз мектептер» құрылған жоқ, ерекше
қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру, кәсіби дайындау үшін жағдайлар
жеткіліксіз, инклюзивті ортада жұмыс істеуге дайын педагогикалық кадрлар да
жеткіліксіз. Инклюзивті білім беруді дамыту болашағына негізделген және
39
педагог пен ЕБҚ бар баланы қолдау институтын (педагог-ассистент) енгізуді,
барлық санаттағы балаларды білім беру ортасына қосу үшін жағдайлар
жасауды болжайды.
Инклюзия идеясын жылжыту мен іске асырудың маңызды шарты
инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін
әзірлеу, ерекше қажеттіліктері бар балалардың оқу жоспарлары мен
бағдарламаларын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін, оқудағы
жетістіктерін өлшемшарттық бағалау жүйесін бейімдеу болып табылады.
Инклюзивті білім беру саласындағы педагогикалық кадрлардың кәсіби
құзыреттілігінің төмен деңгейі, педагогикалық кадрларды жаппай қамтудың
және инклюзивті білім беру проблемалары бойынша арнайы дайындықтың
болмауы да маңызды міндетті іске асыру қажеттігін – инклюзивті білім беру
үшін педагогикалық кадрларды теориялық және практикалық дайындаудың
жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуді болжайды.
Жалпы білім беру тәжірибесінде инклюзивті білім беруді іске асыратын
педагогтер үшін біліктілік талаптарын әзірлеу және қабылдау – инклюзивті
білім беруді дамытудағы қажетті қадам.
Инклюзивті білім беру әдіснамасы барлық балалардың білім алудағы
қажеттіліктері әртүрлі екенін мойындайды, егер сабақ беру мен оқыту
инклюзивті білім беру енгізетін өзгерістердің нәтижесінде тиімді болып жатса,
онда барлық балалардың ұтқаны деп түсінуге болады.
Ғылыми-зерттеу және практикалық проблема ретінде инклюзивті білім
берудің қазақстандық педагогикалық қоғамдастық үшін маңызы зор. Бұл
проблеманың өзектілігі, тіпті өткен ғасырдың басында ғалымдардың ЕБҚ бар
балаларды бірге оқыту идеясын жүзеге асыру мақсатында, жалпы және арнайы
педагогиканы жақындастыру қажеттілігі туралы мәселелерді талқылағанымен
күшейе түседі. Бұл ретте, инклюзия идеясының негізінде жатқан, инклюзивті
білім берудің ізгіліктік әлеуеті ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға
қоғамда қалыптасқан біржақты көзқарасты жоюға ғана көмектесіп қоймай,
сонымен қатар инклюзивті қоғам құруда жетекші тетікке айналуға шақырады
(Р.А.Сүлейменова, Г.А.Абаева, И.Г.Елисеева, Б.С.Халықова, З.А.Мовкебаева,
Б.К.Мырзағалиева, А.К.Ерсарина, А.А Байтұрсынова, Р.К.Айтжанова,
Н.М.Ақсарина, А.Н.Аутаева, З.Н.Бекбаева және т.б.).
Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде инклюзивті білім беру
теориясы мен практикасының проблемалары, Қазақстан Республикасында
инклюзияны енгізудің нормативтік құқықтық негіздерін әзірлеу мәселелері,
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектептегі
оқу процесіне қосудың ғылыми-әдіснамалық аспектілері ашып көрсетіледі.
Педагогикалық кадрларды инклюзивті білім беру жағдайларында жұмыс
істеуге дайындау мәселелерін қарастыруға, білім беру ұйымдарында ерекше
білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық
қолдауды тиімді ұйымдастыруға көп көңіл бөлінеді.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектептерге
қосу процесі Қазақстанның білім беру саясатының жетекші бағдары болып
40
табылады және инклюзивті білім беруді жалпы білім беретін мектептерге енгізу
процесінің табысты екенін көрсетеді.
Білім мазмұнын жүйелі жаңарту және инклюзивті білім беруді
қамтамасыз ету бойынша еліміздегі барлық білім беру деңгейлері алдында
қойылған міндеттерді іске асыру жолында психологиялық-педагогикалық
қолдауды, «кедергісіз» ортаны дамыту, арнайы жабдықпен жарақтау үшін,
арнайы түзету ұйымдарына ресурстық және әдістемелік орталықтардың
мәртебесін беріп, олардың әлеуетін пайдалану үшін, жеке білім беру
бағыттарын әзірлеп және қолдана отырып, білім беру процесінің құрылымы
мен мазмұнының икемділігі мен нұсқалылығын қамтамасыз ету үшін
ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша үлкен жұмыс атқарылуда.
Сонымен бірге, мазмұндық өзгерістер инклюзивті білім беру әдіснамасын,
инклюзивті білім берудің барлық сатысында психологиялық-педагогикалық
қолдау технологияларын әзірлеуге, білім беру жүйесінің басшы және
педагогикалық кадрларын дайындау және біліктілігін арттыру жүйесіне
өзгерістер енгізуге де қатысты.
Заманауи қазақстандық білім беру үшін бұл жаңа тәсіл, оның басымдығы
айдан анық және оның мәні осы мектепте оқитын барлық білім алушылардың
білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келетін икемді бейімделген білім беру
ортасын құруда, оқушылар, педагогтер және ата-аналар ұжымдарын ерекше
білім беру қажеттіліктері бар балаларды қабылдауға дайындауда және
қауымдастықта төзімділік, мейірімділік, өзара құрмет дағдыларын
қалыптастыруда жатыр.
Қазіргі уақытта біздің елімізде инклюзивті білім беру практикасы
қарқынды дамуда. Жалпы білім беретін мектептің штатына психологиялық-
педагогикалық қолдау мамандары: психологтар, логопедтер, педагог-
дефектологтар енгізілуде, тиімді жұмыс істеу үшін оларға командалық
тәсілдерді және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды қолдауды
барынша дараландыру технологияларын меңгеру қажет. Оқушыны қолдауда,
оны оқыту процесін дараландыруда негізгі рөл мұғалімге тиесілі екенін атап
өткен жөн.
Қазіргі кезеңде штаттық кестеде педагог-ассистент (тьютор) болмаған
және инклюзивті сыныпта мұғалімнің көмекшісі өте қажет болған жағдайда
педагогикалық ұжымдар бұл мәселені әртүрлі жолмен шешеді. Ол үшін
инклюзивті практиканы іске асырып жатқан бірнеше қазақстандық мектептің
тәжірибесін ұсынамыз, оны зерделеген кезде білім беру ұйымдарының штаттық
кестесіне педагог-ассистент лауазымын енгізу қажеттілігі анық байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |