1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 TIMSS халықаралық зерттеуі тапсырмаларының ерекшеліктері TIMSS математика және жаратылыстану ғылымының білім сапасын халықаралық салыстырмалы мониторингтік зерттеу жалпы балім саласындағы негізгі мониторингтік зерттеулер болып табылады.Ол 1995жылдан бері математика және жаратылыстану ғылымының білім саласындағы білім тенденциясын бақылауға көмектеседі.(әр 4жыл сайын) зерттеу барысында бастауыш мектептердегі 4-8сыныпоқушыларының жетістіктері бағаланады[2-4].
Математикалық бағыт Математикалық цикл бойынша тест тапсырмалары TIMSS халықаралық зерттеуіндегі (Assessment Frameworks) бағалау құрылымы негізінде жасалынған. Осыған байланыста оқушылардың математикалық дайындығының нәтижесі мазмұндық блоктар және оқу танымдық тапсырмалар мәтінінде көрсетілген (1-кесте).
1-кесте. Математикалық тестік тапсырмаларды үлестіру
Мазмұндық бөлімдер
4 сынып
8 сынып
50%
Сандар: Натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; санды өрнектер мен теңдеулер; тізбектелген сандар және тәуелділік
30%
Сандар: Натурал сандар;
жай және ондық бөлшектер; бүтін сандар; қатынас; процент және пропорция
30%
Алгебра: Тәуелділіктер; алгебралық өрнектер, теңдеулер және функция