Методические рекомендации и инструкции по решению заданиймеждународных исследований



бет9/41
Дата09.10.2023
өлшемі8,4 Mb.
#184358
түріМетодические рекомендации
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Байланысты:
Тапсыр-тимсс,пиза
Логопед план, Баяндама, @10SYNYPBJB ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ ЖМБ 10 СЫНЫП VK-10SYNYPBJB, 0001b389-65b50e33 (2), 1539334422, Лист тетради, Логопед әдістеме, Физика БЖБ ТЖБ ТАЛДАУ, 8 сынып 3 тоқсан БЖБ 1
3-мысал. Дұрыс жауапты таңдауға берілген қиындығы жоғары деңгейлі оқу танымдық пайымдау түріне құрылған бұл тапсырма диаграммада көрсетілген деректерді өзінше түсінуді және пайдалануды қажет етеді.
«Мәліметтерді беру» мазмұндық бөлімі:
Диаграммада Сосновой мектебінің әрбір сыныбындағы оқушылар саны көрсетілген.





Сосновой мектебіндегі әрбір сынып бөлмесі 30 оқушыға есептелген. Мектеп тағы ең көп дегенде неше оқушы қабылдай алады ?
А) 20 В) 25 С) 30 D) *35
Оқушыларға тапсырманы және графикті оқу, графтағы ақпаратты пайдалану жоспарын жасақтау қажеттілігіне байланысты берілген тапсырманы шешу көпсатылы болып табылады.
Тапсырмада «Мәліметтерді беру» бөлімі тақырыбының аясында оқылатын материал келтірілген. Мәліметтермен жұмыс тек 5-6 сыныптың оқу бағдарламаларына ғана енгізілген.


4-мысал. Поезд Руднидан таңғы 8 сағ 45 минутта қозғалған. Ол Барковоға 2 сағат және 18 минут өткеннен кейін келді. Поезд Барковоға қандай уақытта келді?
А) 11 сағ 15 мин; В) 11 сағ 13 мин; С) *11 сағ 03 мин
D) 11 сағ 53 мин.
Қиындығы жоғары жабық түрдегі тапсырма нақты өмірлік жағдаятқа байланысты уақыттың өлшем бірліктері туралы білімді пайдалануға құрылған .


5-мысал. «Геометриялық фигуралар және өлшеулер» бөліміндегі «Қолдану» аясының тапсырмасы тек симметрия түсінігіне ғана баға беріп қоймайды, сонымен қатар берілген фигураны сала білуі, симметрия осін жүргізе білуі бағаланады:
Жұлдыз бір фигура салуы керек. Бұл фигураның 5 қабырғасы, бір симметрия осі болуы қажет. Жұлдыз фигураны сала бастады. Жұлдыздың фигурасын салып аяқта.





Қиындығы жоғары бұл тапсырма Қазақстанның бастауыш сыныптарында оқылмайтын материалға құрылған. Оқушылар 5 қабырғасы және 1 симметрия осі бар фигура салған және симметрия осінен ±2 мм радиуста жаңа төбені бейнелеген.


6-мысал. «Геометриялық фигуралар және өлшеулер» бөліміндегі жабық түрдегі тапсырмасы. 4 сынып оқушыларына үшөлшемді кеңістіктегі фигураларды елестете алу және онда жасырылған қорапшалар санын таба білу қажет.

Анна бөлменің бұрышына қорапшалар жинай бастады. Қорапшалардың өлшемдері бірдей. Ол неше қорапша пайдаланды?
А) 25 В) 19 С) *18 D) 13
Тапсырма кеңістіктік көре білу мен елестете алуға сүйене отырып тік бұрышты параллелепипедтің көлемін білуге және өз бетінше тұжырым жасауға негізделген.
Геометриялық білімдері болмаса да тәжірибеге сүйене отырып, сонымен қатар фигура көлемін оны құрап тұрған бірдей заттардың санына байланысты анықтап білулері оқушылардың жартысынан көбінің бұл тапсырманы дұрыс орындауына мүмкіндік берді. «Жазықтықта және кеңістікте фигураларды бейнелеу» тақырыбы Қазақстанның бастауыш мектебінің оқу бағдарламасына енгізілмеген, тек 6 сыныпта ғана қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет