2-тапсырма. «Ойлау» бөліміне арналған тапсырма:
Табиғатта бір-бірімен қоректенетін жануарларды жыртқыштар деп атайды. Әлсізі күштісіне жем болады. Төмендегі түсініктердің қайсысы дұрыс. Дұрыс жауабын белгіле.
3-тапсырма. «Биология» бөлімінің жетік деңгейдегі тапсырмасы:
Аралда алып тасбақаның бір еркегі тіршілік етеді. Бұл тірі қалған жалғыз тасбақа. Тасбақаның осы түрі жойылып кетпес үшін, осы тасбақа тұқым қалдыра ала ма?
Ия
Жоқ
4-тапсырма. «Физикалық ғылымдар» бөлімінің жоғары деңгейдегі тапсырмасы:
Бұршақтар темір сызғышқа суретте көрсетілгендей маймен бекітілген. Сызғышты бір жағынан қыздырады. Бұршақтар қандай кезекпен сызғыштан ажырай бастайды?
А) 1; 2; 3; 4; 5;
В) 5; 4; 3; 2; 1;
С) 1; 3; 5; 4; 2
D) Барлығы бір мезетте
5-тапсырма. «Биология» бөлімінің орта деңгейлі тапсырмасы:
Қанат пен Ғалияда екеуінде бірдей күнбағыс тұқымы болды. Екеуі бірдей екі гүл ыдысына бөлме өсімдігін септі. Содан кейін олар әр ыдысқа бір тұқымнан отырғызды. Қанат отырғызған өсімдіктің біреуін өз үйінде, Ғалия өз үйінде күтіп, баптап өсірді. Біраз уақыттан кейін балалар өсірген өсімдіктерін салыстыру барысында өсімдіктің өсу деңгейлерінің әр түрлі екендігін байқады.
Қанат пен Ғалия өсірген өсімдіктеріне әр түрлі күтім көрсетті. Бұл қандай өзгешелік болуы мүмкін? Бір мысал келтір.