7-мысал. Дамир алғашқыда 4,8 км машинамен, сосын 1,5 км автобуспен жүрді. Дамир қандай жол жнүрді?
А) *6,3 км; В) 5,8 км; С) 5,13 км; D) 4,95 км
Оқу танымдық қолдану әрекетінің жабық тапсырмасы. Оқушылардың есеп шығару үшін ондық бөлшек туралы түсініктері болуы керек және оларды жазып, қосып білулері қажет.
«Ондық бөлшектер» тақырыбының 5-, 6-сыныптарда оқылатындығына қарамастан қазақстандық 4-сынып оқушыларының жартысынан көбі бұл тапсырманы дұрыс орындай білді.
8-мысал. «Мәліметтерді беру» мазмұндық бөлімі:
Мектеп директоры мектебінің оқушыларынан олардың сүйікті пәніне қатысты жауап алды.Дөңгелек диаграммада 5 пәннің әрқайсысының қанша оқушыға ұнайтындығы көрсетілген.
Бағанды диаграмманың қайсысында дөңгелек диаграммадағы деректер көрсетілген?
Жауап: С
«Мәліметтерді беру» бөлімінің «Ойлау» оқу-танымдық әрекетінің қиындығы орташа тест тапсырмасы бастауыш мектептің оқу бағдарламасына сәйкес келмейді, 5-6 сыныптың оқулықтарында келтірілген.
9-мысал. «Мәліметтерді беру» мазмұндық бөлімі:
Дима достарынан олардың сүйікті түстері жөнінде сұрады. Алынған деректерді келесі кестеде көрсетті:
Сүйікті түс
Достарының саны
Қызыл
Жасыл
Көк
Сары
4
2
6
7
Сосын Дима бұл деректерді бағанды диаграммада бейнелей бастады. Диаграмманың салынуын аяқта.
Оқу танымдық қолдану әрекетінің қиындығы төмен тапсырмасыерікті құрастырмалы жауапқа негізделген.
Төртінші сынып оқушыларына қарапайым бағанды диаграммалар және таблицалар түрінде берілген ақпараттарды оқи білуі және базалық математикалық білімдерін көрсете білулері қажет.