Тапсырма еркін жауапты, білімді-танымдық түрде корсетілген Білім.Бұл тапсырма қиын,оқушыларға өсімдіктің құрамын және әр қайсысының қызметін анықтап,сипаттау керек.
2-мысал. «Физикалық ғылымдар» бөлімінен жетік деңгейдегі тапсырма:
Балжанда 2 тұрақты магнит (А және В) пен бірдей 2 темір шеге бар. Ол А магнитін, шеге магнитке тартылғанша, столдың бетімен қозғалтты. Ол В магнитін, шеге магнитке тартылғанша, столдың бетімен қозғалтты.
Балжан А магнитінің шегені 15 см. қашықтықтан, ал В магниті 10 см. қашықтықтан тартқанын байқады. Сырым оған екі магниттің бірдей күшті екендігін айтты. Сен Сырыммен келісесің бе?
Бір клетканы белгіле. Жауабыңды түсіндір.
Иә
Х
Жоқ
Жауабы: Жоқ. А магниті күштірек. Себебі, ол шегені В магнитіне қарағанда алыс қашықтықтан тартып алды.
Тапсырма оқушылардың өз білімдерін пайдалануды және ойлап, қорытынды жасауды талап етеді.
3-мысал.Мұғалім столдың үстіне, суретте көрсетілгендей, көлемідерінің кішірейуіне қарай үш затты орналастырды.
Ярославтың ойынша, көлемі үлкен заттың салмағы да ауырлау болады.Сен онымен келімесің бе? Бір клетканы белгіле.
Иә
Х
Жоқ
Жауабы: Жоқ. Ол зат жасалған материалдың тығыздығына байланысты болады.Кірпіш пенопластқа қарағанда кішірек, бірақ оның тығыздығы артық. Сондықтан оның салмағы ауыр.
Тапсырма еркін құрастырылатын жауабымен. Оқушылардан жаратылыстану ғылымдары бойынша пәндік білімдерін пайдаланып, негізделген қорытынды жасауды талап етеді.