8 сынып 11-мысал. «Химия» бөліміне арналған жетік деңгейдегі тапсырма:
Ахмет сынауыққа аз мөлшерді ұнтақ салды. Содан кейін ол ұнтаққа сұйықтық құйып, сынауықты шайқады. Химиялық реакция жүрді.
Химиялық реакция кезінде Сіз байқай алатын екі үрдісті сипаттаңыз.
Жауабы: 1) температураның өзгеруі;
2) газ көпіршіктерінің бөлінуі
Тапсырма орындауда химиялық реакция кезінде жүретін өзгерістерді нақты сипаттау қабілеті мен маңызды концепцияларды түсінуі ескеріледі.
12-мысал. «Физикалық ғылымдар» бөліміне арналған жетік деңгейдегі тапсырма:
Суретте парашютист төрт позициядан көрсетілген.
1. Секіру алдында ұшақта.
2. Парашюттің ашылуы алдында секіруден кейін еркін құлау кезі.
3. Парашют ашылғаннан кейін жерге қону кезі.
4.Қонғаннан кейін бірден жерге түскен кезі.
Парашютисттің қай позициясында гравитациялық күш әсер етеді?
А) Тек 2 позицияда; В) Тек 2 және 3 кездерде;
С) Тек 1, 2, 3 кездерде; D) * 1, 2, 3, 4 кездерде. Гравитациялық күш сияқты физикадағы кешенді және абстрактілі түсініктерді сипаттап, көрсететін ілгері деңгейдегі тапсырма.
13-мысал. «Химия» бөлімінің «Ойлау» оқу-танымдық түріндегі жоғары деңгейіне арналған тапсырма:
Даниярға белгісіз қатты заттың үлгісін берді. Ол осы заттың металл екенін білгісі келеді. Осы заттың металл екенін қандай қасиеті бойынша анықтауға болады?
Жауабы: металл электр тогын өткізеді. Ол оны затты, батарейканы және шамды қарапайым электр тізбектеу арқылы дәлелдей алады. Барлығы дұрыс қосылса шам жанады, бұл жағдайда зат металл екені анық.
Негізгі мектептің оқушылары металлды анықтай алуы және металл болу үшін заттың қандай қасиеттері болу керектігін сипаттауы қажет.
Оқушылар кейбір ғылыми зерттеу дағдыларын демонстрациялау, сәйкес келетін эксперименталды әдістерін таңдау мен негіздеу, әр түрлі типтегі диаграммалар, контур карталар, сызбанұсқалар мен кестелерді біріктіру мен ақпаратты логикалық қорытындылау, керекті ақпаратты таңдау, анализдеу мен қорытындылау, сонымен бірге қысқаша сипаттама беру керек.