Методические рекомендации по изучению учебного предмета «География» (7- 9классы) в рамках обновления содержания образования. Методическое пособие. Астана: нао имени И. Алтынсарина, 2017. 121с



Pdf көрінісі
бет13/86
Дата01.11.2023
өлшемі2,84 Mb.
#188984
түріМетодические рекомендации
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86
Байланысты:
mazmnyn-zhaartu-ayasynda-7-9-synyptarda-geografiya-ou-pnin-oytu-boyynsha-distemelik-synystar-zirleu

Презентация 
– 
мүдделі аудиторияға жаңа не аз танымал ақпарат, өнім не 
қызметті ұсыну. Белсенді оқыту әдістерін қолдану түпмәтініндегі презентация 
технологиясы жобалық шешімді ұсыну және қорғау формасы болып табылады. 
Бұл технология ақпарат жеткізу дағдылары, жұртшылық алдында сөйлеу, 
сендіру техникасы, аудитория сұрақтарына жауап беру іскерлігін меңгеруге 
және қиын жағдайлардан шығуға көмектеседі. Қажетті талаптар: уақыт тәртібін 
қадағалау, материалдың мазмұндылығы, көрнекі ұсынылуы (таратылатын 
материал, Power Point презентациясы), сөйлеу стилі.
Оқу мақсаты: 8-сынып. 9.3.3.3 - Қазақстанның су ресурстарына 


57 
экономикалық баға береді. 
Келесі тақырыптар бойынша презентация дайындау 

«Қазақстанның су ресурстарын пайдалану» 

«Қазақстанның су ресурстарына экономикалық баға береу: (+) және (-)» 

Қазақстанның су ресурстарын пайдаланудағы жетістіктер. 
8-
сынып. Оқу мақсаты: 8.3.3.3 -өзен аңғарының құрылысын түсіндіреді.
«Қазақстанның ірі 
өзендері» слайд-
презентация 
көрсетіледі, тақырыпқа 
қысқаша түсінік 
беріледі
 
Презентациядағы 
көрген 
өзендерін 
оқулықтағы 
суреттермен салыстыра отырып зерттейді, алдынан білетін 
білімдерімен байланыстырады, талқылайды, бір-біріне сұрақ 
қоя отырып түсінеді. 
Оқушылар түсті қағаздарға жазылған сұрақтарға жауап 
береді. Оқушылар өткен сабақ тақырыбына байланысты 
сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа тақырып айлы ой 
қозғайды.
Кейс 
– 
оқушылардың талдауы, шешуі және бағалауы үшін мұғалім арнайы 
ұсынатын өндірістік не экономикалық жағдаят түрі. Кейс-стади–өзбетінше 
ойлау қабілетін және шешім қабылдау дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретін 
мәселелі сипаттағы сұрақтарды топпен талдау [8]. 
Кейстер белгілі бір ерекшеліктерге ие: 
1. Кейс негізінде әдетте шынайы не мұғалім арнайы ұсынатын нақты 
жағдаят жатады, оның материалы арнайы зерттеулердің нәтижелері, 
статистикалық есеп формалары және басқа да қосымша ақпаратпен бекітіледі. 
2. Анық білдірілген сұрақтардың болуы кейске тән не сай емес; кейсті 
талдау барысында ненің басты болып, бірінші кезекте талдауды талап ететіндігі 
әрқашан айқын емес; басты проблеманы анықтау кейсті талдау және шешім 
табуда ең маңызды және қиын кезеңдердің бірі болып табылады. 
3. Кейстің анық бір шешімі болмауы мүмкін. Кейс негізінде жататын 
нақты жағдаят оңтайлы шешімге қандай да бір деңгейде жақын көптеген 
шешімдерді білдіруі мүмкін. 
4. Жалпы қабылданған мағынада шешім шығару мүмкін болмаған кезде 
проблеманы анықтау және ашу, оны талдау және қалыптасқан жағдайда әрекет 
жасау тәртібін анықтауды шешім ретінде санауға болады. 
Кейс ұғымы ағылшынның «case» сөзінен алынған яғни жағдай дегенді 
білдіреді. Немесе оны нақты жағдаятты талдау әдісі деп те атайды. Оның мәні 
де қарапайым оқытуды ұйымдастыруда нақты жағдаят қолданылады. Бұл әдіс 
оқытушы тарапынан шығармашылықты талап етеді және оның ой-өрісінің 
бейнесі көрініс табады. 
Яғни екі тараптанда ой, шығармашылық еркіндік көрініс табады. Кейс – 
әдісі білім алушылардың оқуға қызығушылқтарын арттырады ол өз кезегінде 
болашақ маман ретінде тұлғаның дамуын қалыптасуына ықпал етеді.
Кейс әдісі – нарықтық экономикада және әлеуметтік жағдайларды суреттеу 
арқылы, оқу барысында қолданылатын оқыту техникасы деп түсінуге негіз бар. 
Жағдай (кейс) деп – ұжымдағы, қоғамдағы қандай да бір нақты шынайы 
жағдайдың жазбаша берілуді айтуға болады. Мысалы, кәсіпорынның құрылуы, 
оның дамуы, бизнестегі табыстары мен қиыншылықтары, т.б. Білім алушылар 
ұсынылған жағдайды талдап, мәселенің маңызын түсіндіріп, шешу жолдарын 


58 
көрсетуді және олардың ішінен ең тиімдісін таңдап алулары тиіс. Осы талдау 
барысында білім алушылар, өздерінің алған білімдерін ұтымды пайдалана 
алады. Ал ұстаздың міндеті, осы кейс әдісін қолдану барысында, оқушылардың 
белсенділігін бақылап, барлығының қатысуын қадағалауы керек. Сонымен 
қатар, білім алушылардың талдауына берілетін кейстің түсінікті және пән 
тақырыптарына сай болуы өте маңызды. Кейс әдісі, оқытудың басқа 
технологияларына қарағанда күрделі жүйе. Кейс әдісін қолдану барысында 
оқытушының іс - әрекеті екі кезеңнен тұрады.
1.
Кейс (жағдай) таңдап алу және сұрақтар құрауға арналған 
шығармашылық жұмыс: - жағдайларды тақырыпқа сәйкес таңдап алу; - мақсат 
пен міндетті анықтау; - жағдайды құрастыру және суреттеу.
2.
Оқытушының іс - әрекеті. Сыныпта кейс әдісін қолдану кезеңі: - 
кейске кіріспе; - жағдайдың талдануы (шағын топтарда); - пікірталас; - 
қортынды шығару. Экономикалық пәндерді оқыту барысында сабақтың 
мазмұнына, психолгиялық ерекшеліктеріне қараудың маңызы өте зор.
CASE STUDY әдісі бойынша қалыптасатын дағдылар: 
1. Аналитикалық дағдылар. 
Оларға: деректердің мәліметтерден айыру 
шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, 
елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды 
қалпына келтіру шеберлігі және т.б жатқызуға болады. Нақты және логикалық 
ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте 
маңызды. 
2. Тəжірибелік дағдылар.
Кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен 
салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, 
әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге 
мүмкіндік береді. 
3. Шығармашылық дағдылар. 
Ережеге сай жалғыз CASE-пен мәселе 
шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу 
генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды. 
4. 
Коммуникативті дағдылар. 
Оған: дискуссияны жүргізу шеберлігі, 
қатысушылардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа қажетті 
ақпараттар мен құралдарды қолдану – топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, 
оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа нақты есеп даярлау.
5. Әлеуметтік дағдылар.
Мұнда мәселені талқылау барысында CASE-те 
нақты: адамдардың өзін - өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау 
немесе қарама-қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін-өзі ұстау және т.б. сынды 
әлеуметтік дағдылар қалыптасады. 
6. Өзіндік саралау. 
Яғни, пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың 
және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Мұнда, 
туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік 
дағдыларын қалыптастыру талап етіледі. 
Кейс әдісін қолдану тек оқытумен ғана шектелмейді, бұл әдіс зерттеу әдісі 
ретінде де белсенді қолданылады. Сонымен қатар, оқудағы оқу, білім және 


59 
ізденіс мазмұнын біріктіру арқылы oқытушының кәсіптік құзыреттілігін 
жоғарылатудың нақты тәсілдерінің бірі. 
Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай байланысады. 
Кейс-әдісте қолданылатын негізгі ұғымдар «жағдай» және «анализ», 
сонымен қоса олардан туатын – «жағдайды талдау» ұғымдары болып табылады.
 
Оқытуды ұйымдастыру əдістері жүйесіндегі кейс əдісі: 
Кейс әдісінің маңызды ерекшелігі, оның басқа әр түрлі оқыту әдістерімен 
тиімді үйлесуі болып табылады. Кестеде кейспен жұмысты ұйымдастыруда әр 
түрлі әдістермен үйлесу мүмкіндіктері берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет