Методические рекомендации по изучению учебного предмета «География» (7- 9классы) в рамках обновления содержания образования. Методическое пособие. Астана: нао имени И. Алтынсарина, 2017. 121с



Pdf көрінісі
бет14/86
Дата01.11.2023
өлшемі2,84 Mb.
#188984
түріМетодические рекомендации
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86
Байланысты:
mazmnyn-zhaartu-ayasynda-7-9-synyptarda-geografiya-ou-pnin-oytu-boyynsha-distemelik-synystar-zirleu

Кейс-әдісімен үйлескен әдіс 
Оның кейс - әдістегі ролінің сипаты 
Үлгілеу 
Жағдайдың үлгісін құру 
Жүйелі талдау 
Жүйелік ұсыныс және жағдайды талдау 
Ойша тәжірибе 
Жағдай туралы білімді ойша түрлендіру арқылы алу 
тәсілі. 
Сипаттау әдістері 
Жағдайдың сипатын құру 
Проблемалық әдіс 
Жағдайдың негізінде жатқан түйінді мәселені ұсыну. 
Жіктеу әдісі 
Жағдайды 
құрастыратын 
қасиеттер, 
тараптардың 
реттелген тізімін құру. 
Ойын әдістері 
Жағдай кейіпкерлерінің жүріс-тұрысының нұсқаларын 
ұсыну. 
«Миға шабуыл» 
Жағдайға қатысты ойларды генерациялау. 
Пікірталас 
Түйінді мәселе және оны шешу жолдары жайлы 
көзқарастармен алмасу. 
Жаңартылған мазмұндағы негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-
сыныптарына арналған «География» пәнінің оқу бағдарламасындағы оқу 
мақсаты: 8.3.3.5 құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеу, шешу 
жолдарын ұсыну (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде)
Оқушылар құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктейді, 
шешу жолдарын ұсынады (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде) 
Мысалы: Арал теңізінің экологиялық проблемасы. Оқушылар «Кейс-стади» 
әдісін пайдаланып, мәтінмен жұмыс жасайды. 
Проблемалық лекция 
оқушылардың дербес шығармашылық жұмысы 
бақылау сұрақтары, қарастырылатын материалды талқылау және басқа да 
тәсілдер шынымен қамтылған жағдайда пайдалы болады. Оқушыларды әртүрлі 
деңгейде қатыстыра отырып, оқу проблемаларын қалыптастыру және шешу 
проблемалық лекцияның айқындаушы нышаны болып табылады. 
Талқылауға арналған сұрақтар мен тақырыптар тізімінің (және олардың 
мерзімдік тәртібі) болуын; лекция барысында қарастырылатын материалды 
көрнекі бейнелейтін фактографикалық деректердің болуын, т.б.
Бұндай жолды 
шешу үшін әртүрлі білім көздерін қосымша материалдар, оқулық мазмұнын, 
карта, сурет пайдаланылады. Проблемалық ситуация оқушының ақыл-ой 
әрекетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, онда салыстыру, іздестіру 


60 
тәсілдерін пайдалануды қажет етеді. География сабағын өтуде салыстыру 
тәсілдерін қолдану бірінші жолға қойылады.
Ойын технологиялары: 

іскерлік ойындар, бір сабақтың немесе бірнеше сабақтың уақытын алуы 
мүмкін;

дидактикалық ойындар; 

логикалық ойындар; 
-
рөлдік ойындар; 

ойын тапсырмаларын қолдана отырып оқу процесін ойын түрінде 
ұйымдастыру (жарыс-сабақ, конкурс-сабақ, саяхат-сабақ, КВН-сабақ); 

ойынды сабақтың белгілі бір кезеңінде қолдану; 

әртүрлі сыныптан тыс іс-шаралар. 
Алайда ойын технологиясын сабаққа енгізбестен бұрын мыналарды 
анықтап алу қажет:

қандай оқу материалын ойын технологиясын қолдана отырып 
меңгерген мақсатқа сай болады;

ойынды пайдалану үшін оқушылар құрамы қандай болуы тиіс; 

ойынды оқытудың басқа тәсілдерімен қалай байланыстыруға болады; 

ойынды пайдалану үшін оқу жоспарынан уақытты қалай табу керек; 

нақты бір оқу тақырыбы үшін қандай ойын технологиясын қолданған 
тиімді болады.
Іскерлік ойын - бұл туындаған проблемаларды зерттеу және шешу 
мақсатында шартты жағдаяттардағы әлеуметтік-экономикалық жүйелер мен 
адамдардың кәсіби іс-әрекетін басқару үдерісіне еліктеуші модельдеу.
Дидактикалық ойындар

шығармашылық кәсіби ойды дамыту құралы, оның 
барысында адам ерекше жағдаяттарды талдау және өзіне таңсық кәсіби 
міндеттерді атқару қабілетіне ие болады 
[9].
Іскерлік ойын нақты бір өндіріс шарттарын, жұмыс істеушілердің 
(мамандар) іс-әрекеті мен қатынастарын бейнелейді. Оған қатысушылар бірінші 
орынға ойын мақсатын емес, танымдық мақсатты қоюы тиіс. Қатысушылардың 
ойын ережелерін орындауы және кәсіби нормаларды ұстануы – әркімге 
берілген роль аясындағы дербес және ортақ қабылданған шешімдер үшін 
қажетті алғышарт. Қатысушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, 
проблемалық жағдаяттарды тудырады, ойнайды және шешеді. Іскерлік 
ойынның міндетті белгілері: 

әлеуметтік-экономикалық не әлеуметтік-психологиялық жүйені басқаруда 
проблеманың болуы; 

бүкіл ойын ұжымында ортақ мақсаттардың болуы; 

әртүрлі рольдердің болуы және осыған сәйкес осы рольдерді орындайтын 
қатысушылардың мүдделерінің айырмашылығы (қарама-қайшылығы); 

жүйені толық нысандандырудың мүмкін еместігі, жағдайдың 
тұрлаусыздығы, көптеген факторлардың ықтималдық сипатын ескеру және 
осының нәтижесінде қарастырылатын үдерістің ойындық еліктеу моделінің 
болуы; 


61 

шынайы не шартты уақыт факторының болуы; 

жағдайдың өзгеру қарқындылығы және өткен уақыт сәттеріндегі 
оқушылардың шешімдеріне тәуелді болып, кейінгі уақыттағы жағдайды 
өзгертуге әсер ететін кері байланыстың болуы, яғни «шешімдер тізбегінің» 
болуы; 

ойын іс-әрекетінің нәтижелерін бағалау жүйесінің болуы; 

ойын ұжымының іс-әрекеттегі ортақ мақсаты, ортақ нәтижесіне қол 
жеткізуде әрбір қатысушының жеке үлесіне әділ баға беретін қатысушыларды 
ынталандыру жүйесінің болуы; 

шешімдердің көп баламалылығы; 

іскерлік ойынды ең аз көлемде міндетті қажетті және жеткілікті 
құжаттамамен қамтамасыз ету; 

басқарылатын эмоциялық зейіннің болуы. 
Олардың тиімді қолданылу саласы айтарлықтай кең: оқу іс-әрекетінен 
бастап шынайы іс-әрекетте басқарушы шешімдерді эксперименталдық 
апробациялауға дейін. Іскерлік ойындарды өткізудің негізгі мақсаты – шынайы 
өмірге жақын шарттарда шешім қабылдау тәжірибесін беру. 
Рольдерді ойнау –келесі негізгі нышандар арқылы сипатталатын ойындық 
оқыту әдісі: 

кәсіби іс-әрекет саласында проблема не міндеттің болуы және оны 
шешуге қатысушылар арасында рольдерді бөлу (мысалы: рольдерді ойнау әдісі 
арқылы өндірістік жиынды ойнауға болады); 

ойын сабағына қатысушылардың әдетте талқылау жүргізу арқылы өзара 
әрекеттесуі. Әрбір қатысушы талқылау барысында басқа қатысушылардың 
пікірімен келісуі не келіспеуі мүмкін; 

сабақ барысында мұғалімнің түзетуші шарттарды енгізуі. Мысалы: 
мұғалім талқылауды тоқтатып, қойылған міндетті шешуде ескерілуі қажет 
кейбір жаңа мәліметтерді жеткізуіне, талқылауды басқа арнаға бағыттауына, 
т.б. болады; 

мұғалімнің талқылау нәтижелерін бағалауы және қорытынды жасауы. 
Нақты жағдаяттарды талдау танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың ең 
тиімді және кең таралған әдістерінің бірі болып табылады және нақты жағдай 
мен практикалық шешім қабылдау барысында туындаған жағдаяттың 
тыңдаушылар тарапынан талдануын талап етеді. 
Көбіне география сабағында ойын жаттығулары аукцион - конкурсы
жобалар конкурсы; сөзжұмбақтар конкурсы; марафон конкурсы; әртүрлі 
географиялық викториналар, зерделілер сайысы өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет