Методические рекомендации по изучению учебного предмета «География» (7- 9классы) в рамках обновления содержания образования. Методическое пособие. Астана: нао имени И. Алтынсарина, 2017. 121с



Pdf көрінісі
бет2/86
Дата01.11.2023
өлшемі2,84 Mb.
#188984
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
mazmnyn-zhaartu-ayasynda-7-9-synyptarda-geografiya-ou-pnin-oytu-boyynsha-distemelik-synystar-zirleu

 



Кіріспе
 
Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру мазмұнын жаңарту 
аясында білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер 
енгізілуде. Білім мазмұнын жаңартудың басты мақсаты – білім сапасын көтеру. 
Жалпы орта білім беретін мектептердегі «География» оқу пәнінің мазмұны 
білім алушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану білімдерін, табиғат, 
қоғам және экономиканың жүйелі байланысы, Жер туралы түсініктері мен 
көзқарастарын, Қазақстан Республикасының әсем табиғаты және 
экономикасының 
ерекшеліктері 
туралы 
білімдерін 
қалыптастыруға, 
функционалдық сауаттылықты және жүйелі-кешенді немесе «географиялық» 
сананы дамытуға бағытталған.
 
Негізгі орта білім деңгейінде білім алушылардың бойында: 

жалпы географиялық ұғымдар мен заңдылықтар, материктер мен 
мұхиттардың табиғатының ерекшеліктері туралы білім және көзқарас 
қалыптастырудың; 

карталармен, сызбалармен, кестелермен, диаграммалармен жұмыс істеу 
дағдыларын дамытудың, әр түрлі географиялық ақпарат көздерінен қажетті 
материалдарды жинақтаудың; 

адамдардың тіршілік әрекетінде табиғаттың маңызы, адам мен 
табиғаттың, қоғам мен табиғаттың өзара байланысының әлеуметтік
экономикалық жағдайға тәуелділігі туралы ұғым негізінде экологиялық білімін 
одан әрі жалғастырудың; 

географиялық қабықтың және жекелеген аумақтардың жалпы 
заңдылықтары, жердің сыртқы қабығының құрылысы және өзара байланысы 
туралы білім қалыптастырудың, экономикалық ұғымдар мен көзқарастарды 
дамытудың негізі қаланады. 
Сонымен қатар, орта білім беруді жүйелі жаңғырту жағдайында 
мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсету болып табылады. 
Әдістемелік құралды әзірлеудің мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту 
аясында 7-9 сыныптарда «География» оқу пәнін оқытуды ұйымдастыру, білім 
алушылардың білімін бағалау критерийлерін құрастыру, мақсаттарға 
байланысты тапсырмалар дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу; 
сонымен бірге құралда білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9 сыныптарда) 
«География» пәні оқу бағдарламасының ерекшеліктерін ашу, «География» оқу 
пәнін оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістері; сабақтың 
тақырыбына және мақсатына байланысты тапсырмалар мен білімді бағалаудың 
критерийлерін әзірлеу, заманауи сабақты жобалау мен ұйымдастыру бойынша 
әдістемелік ұсыныстар беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет