45
-
тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мысалы, тілдерді
салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру,
тілді меңгерудегі жетістіктерін бағалау);
-
сабақтың басында тілдік мақсатты белгілеу, сабақтың соңында осы
мақсат бойынша қол жеткізілген жетістіктерді талқылау.
Тілдік мақсат үлгісі сонымен бірге ғылыми тілдің құрамдас бөліктерін
қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға оқушылардың назарын аудару
маңызды. Олар келесі тақырыпшалар арқылы көрсетілген: пәнге тән арнайы
лексика және терминология, диалог/жазылым үшін қажетті тіркестер. Берілген
тіл оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен
тілдік мақсаттарға қол жеткізулеріне көмектеседі.
Тілдік мақсаттарды құру үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады:
талдау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру,
сәйкестендіру, көшіру, құру, сынау, анықтау, сипаттау, құрастыру, бағалау,
түсіндіру, мысалдар келтіру, болжау, негіздеу, келіссөздер жүргізу, өндіру,
балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру,
басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойындар
ойнау, қорытындылау, синтездеу және жазу, әртүрлі мақсаттар үшін пайдалану,
өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.
Кейбір тілдік мақсаттарды пән мазмұнының оқу мақсаты деп те
қарастыруға болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың
мазмұнға да, тілге де бірдей назар аударуларына ықпал етеді. Бұл, сонымен
қатар, жауаптар/шешімдерге және үдерістерге теңдей назар аударуға
көмектеседі. Атап айтқанда, осы үдерістерге назар аудару тілдің дұрыс
қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына жағдай жасайды.
Тілдік емес пәндердің оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға
негізделеді, бірақ кем дегенде бір мақсатты тілді дамытуға арнау қажет.
32-
кестеде 7-сыныптың орта мерзімді жоспарының «Биосфера» бөлімі
бойынша тілдік мақсаттар берілген.
32-
кесте. «Биосфера» бөлімі бойынша тілдік мақсаттар.7-сынып.
7.3 «
Биосфера» бөлімшесі
Достарыңызбен бөлісу: