Методические рекомендации по изучению учебного предмета «География» (7- 9классы) в рамках обновления содержания образования. Методическое пособие. Астана: нао имени И. Алтынсарина, 2017. 121с



Pdf көрінісі
бет4/86
Дата01.11.2023
өлшемі2,84 Mb.
#188984
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
mazmnyn-zhaartu-ayasynda-7-9-synyptarda-geografiya-ou-pnin-oytu-boyynsha-distemelik-synystar-zirleu

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


36 
2 «География» оқу пәнін оқытуды ұйымдастырудың формалары мен 
әдістері
«
Оқыту әдісі» ұғымы дидактикалық мақсаттарға сәйкес оқыту үдерісінде 
мұғалімнің оқу жұмысы мен оқушылардың танымдық іс-әрекеті жолдарын 
байланыстырыла шешетін оқу іс-әрекетінің міндеттерін бейнелейді. Демек, 
оқыту әдістері - оқыту міндеттерін, яғни дидактикалық міндеттерді шешуге 
бағытталған мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекетінің жолдары болып 
табылады. Сонымен бірге дидактикада оқыту «тәсілдері» ұғымы кеңінен 
қолданылады. Тәсіл - әдіс элементі, оның кұрамды бөлігі, бір реттік әрекет. 
Оқыту үдерісінде әдістер мен тәсілдер әр түрлі құрамда қолданылуы мүмкін. 
Оқыту әдістері – күрделі, көп жақты, көп сапалы құбылыс. Оқыту әдістері 
арқылы объективтік заңдылықтар, мақсаттар, мазмұн, принциптер, оқыту 
формалары бейнеленеді. Оқыту әдістері оқу-тәрбие үдерісінде үйретуші, 
дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылаушы-
түзетуші кызметтерді атқарады. Әдістер көмегімен оқыту мақсаты жүзеге 
асырылады, яғни бұл – үйретуші функцияның байқалуы, оқушылардың даму 
деңгейі мен қарқыны қамтамасыз етіледі - дамыту функциясы, сол сияқты 
тәрбие нәтижелерінің анықталуы - тәрбиелік функцияның жүзеге асырылуы 
болып табылады. Әдістер мұғалім үшін оқушыларды оқуға ұмтылдырушы 
құрал ретінде қолданылады, ал кейде танымдық іс-әрекетті ынталандыру 
қызметін атқарады. Бұл оның ынталандырушы рөлін атқаруы. 
Оқытуды ұйымдастыру əдісі -
білімді игеру мақсаттарына қол жеткізуге 
бағытталған мұғалім мен оқушының бірліктегі іс-әрекеттік қимыл-тәсілдері. 
Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шәкірттің оқып-үйрену 
әрекеттерінің өзара байланыстылығы осы оқу әдісінен көрінеді. Қандай 
болмасын оқыту әдісі, - дейді И.Я.Лернер, - оқушылардың білім мазмұнын 
игеруін, сөйтіп оқыту мақсатына жетуді қамтамасыз етерлік олардың 
танымдық, әрі практикалық әрекетін ұйымдастыратын белгілі нысанға 
бағытталған мұғалім әрекетінің жүйесі болып табылады.
Оқыту - жеке адамның қалыптасуының, ақыл-ойы мен жалпы білімін 
дамытудың маңызды құралы. Ол белгілі бір жүйеде және жоспар бойынша
мұғалімнің басшылығымен, нақты мақсатқа бағытталған процесс болып 
табылады. Пәнді оқыған кезде білім алушылар білімнің жиынтығын меңгереді 
және сол саламен тығыз байланысты білік пен дағдыға ие болады [3]. 
Осығын сәйкес оқытуды тиімді ұйымдастыру арқылы болашақ ұрпақтарға 
әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның 
рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру 
қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан да қазіргі 
мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан өзгерістер оқу - 
тәрбие үрдісін жетілдіруге жаңа талаптар қояды. Сондықтан осыған сәйкес 
жаңартылған білім мазмұны мектептерде жүзеге асырылуда. 
Елімізде осыған сәйкес жаңартылған білім мазмұны жаңа оқу жоспарлары 
және оқу бағдарламаларымен оқитын болады.


37 
Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы бағдарламаның ерекшелігі – 
оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу процесі оқушылардың әрбір 
сабақта білімді «алудағы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайларда 
оқушы – таным субъектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің 
ұйымдастырушысы қызметін атқарады.
Оқыту мақсаты оқушы және мұғалім үшін ортақ болады, міне, білім 
мазмұнын жаңартудың педагогикалық аспектісінің мәні осында.
Жаңа бағдарламаның құрылымы да, формасы да қолданыстағы 11 жылдық 
мектеп бағдарламаларынан едәуір ерекше. Баланың білім беру үдерісін 
ұнатуына, жаңа ақпарат пен идеяларға қызығушылық танытуына, өзінің табиғи 
білімге деген ынтасын ұдайы дамытып отыруына бағытталған. Бұл еркін ойлау, 
айқын әрі тез ойлау, жүйелі әрі нақты жеткізе білу қабілетін дамытуға 
мүмкіндік береді. 
Жаңартылған мазмұндағы негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-
сыныптарына арналған «География» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының 
мақсаты дүниенің географиялық бейнесін тұтас қабылдайтын, географиялық 
ойлау қабілеті дамыған, географияның әдістері мен тілін білетін және 
қолданатын, географиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу. 
7-9-
сыныптарына арналған «География» пәніні қазіргі заманауи орта білім 
берудің ерекше өзектілігі арқылы анықталатын функционалдық сауаттылық 
пен құзіреттіліктерді оқушыларда қалыптастыруға бағытталған. 
Басты мақсаты оқушылардың қазіргі әлемді тану кезінде жан-жақты 
экономикалық-географиялық білімді меңгеруі, оқушылардың функционалдық 
сауаттылығы мен профильдік-кәсіби бағдарын дамыту, кеңейту. 
Жаңартылған оқу бағдарламасында пән мазмұнын жобалаудың күрделілік 
ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-
ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейтіліп (білімді тақырыптар бойынша және 
сыныптар бойынша күрделендіру) жасалынған. Таным заңдылығы мен пәндік 
операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының 
деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту 
мақсаттарының иерерахиясы сақталған.
Бағдарламада қазіргі өмірде қолданылатын кең ауқымды дағдыларға көп 
көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және этномәдени 
құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, сондай-ақ өмірдегі 
проблемаларды шешуіне мүмкіндік береді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-
әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолдану; сыни тұрғыдан 
ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау; АКТ қолдану; тілдік дағдылармен бірге 
қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану; топта және жеке 
жұмыс жасау біліктілігі.
Білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық 
мақсаттардың пәнішілік байланыстары ескерілген. Бөлімдер мен ұсынылған 
тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы және әлеуметтік 
дағдылардың қалыптасуына назар аударылған. Оқу процесі ұзақ мерзімді, орта 
мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылған. 


38 
Жаңартылған мазмұндағы негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-
сыныптарына арналған «География» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы 
оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері, сонымен қатар білім 
беру бағдарламасының деңгейін (оқыту сатысы) ескере отырып, табиғат, қоғам, 
адам туралы заманауи ғылыми түсініктерге сай әзірленген. Бағдарламада ҚР 
МЖМОББС негізінде жатқан жүйелік-әрекеттік тәсіл жүзеге асырылады, оқу 
іскерлігінің негізін құрайтын басты құзіреттіліктердің меңгерілуін қамтамасыз 
ететін әмбебап дағдылардың қалыптасуы қарастырылады. 
Жалпы орта білім беретін МЖМОББС негізгі білім беру бағдарламасын 
меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптар география пәні бойынша 
оқушылардың тұлғалық, жүйелік-әрекеттік және пәндік нәтижелерге жетуіне 
бағытталған. 
Бағдарлама мазмұны оқушылардың географиялық ілім жүйесінің 
негіздерін меңгеру, оларда тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынастың 
жоғары мәдениетін қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі таныту және кәсіби 
бейімделу, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, тұлғаның зияткерлік, 
адамгершілік-рухани дамуына бағытталған. 
Ұсынылған бағдарламада оқыту формалары, әдістері мен технологиялары 
әлемдік инновациялық оқыту тәжірибесін және оқушыларда оқуға деген 
қызығушылық тудыратын заманауи білім беру технологияларын қолдану 
есебінен жаңартылған. 
Білім беру нәтижелеріне қол жеткізу табыстылығын қамтамасыз ететін 
логикалық, сыни және конструктивті ойлау негіздерін, алынған білімді оқу 
және тәжірибелік іс-әрекетте пайдалану іскерлігін қалыптастыру мақсатында 
тиімді оқыту формалары мен әдістері енгізілген.
Сынып ұжымын жаппай оқыту формасынан интерактивті, инновациялық, 
жобалық-зерттеу технологиялары, сандық инфрақұрылымды қолдана отырып, 
әр оқушының жеке білім алу траекториясын жүзеге асыруға көшу қамтамасыз 
етілген. 
Жалпы алғанда бағдарлама мазмұны, оқыту формалары мен әдістерінің 
жаңартылуы мұғалім мен оқушылар арасында серіктес және тату қатынастар 
қалыптастыруға септігін тигізеді. Білім алушылардың қолайлы дамуы үшін 
достық қарым-қатынастағы ортаны құру өте маңызды болып табылады. 
Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде: 

энциклопедиялық сипаттағы фактологиялық материалды беруге 
бағытталған оқытудан, акцентті ақпарат алу тәсілдерін үйретуге ауыстыру; 

ынтымақтастыққа және дербестікке қабілетті тұлғаны әлеуметтендіру; 

ақпаратты өздігінен алу, талдау және тиімді қолдану дағдысын 
қалыптастыру; 

оқу бағдарламаларында көрсетілген білім мазмұны анықталатын және 
білім салалары бойынша әрі қызмет аспектілерін көрсететін күтілетін 
нәтижелерге көңіл аударатын оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан бас тарту 
көзделеді, яғни оқушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», 
«жинақтайды», «бағалайды».


39 
«География» пәні оқу бағдарламасының мазмұны оқытудың бөлімдері 
арқылы ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтиже 
түрінде берілген оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады. 
Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге оқушыларды дамыту 
бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың жетістіктерін 
бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бағдарламада оқу мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін кодтау 
енгізілген. Кодта бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен 
бөлімшенің, төртінші сан – оқу мақсатының реттік санын білдіреді. Мысалы, 
7.2.1.4. кодында «7» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - 
оқу мақсатының реттік саны. 29-кестеде «Оқу мақсаттарының жүйесінен үзінді 
берілген. 
29-
кесте – Оқу мақсаттарының жүйесі 
Білім алушылар білуі тиіс: 
Бөлім 
Бөлімше 
7-
сынып 
8-
сынып 
9-
сынып 
1 Геогра- 
фиялық 
зерттеу 
әдістері 
1.1 
Зерттеу- 
лер және 
зерттеу
шілер 
7.1.1.1 
географияның зерт-
теу нысандарын 
анықтайды 
7.1.1.2 
саяхатшылар мен 
зерттеушілердің 
география ғылымы-
ның дамуына қос-
қан үлесін сипат-
тап, баға береді 
7.1.1.3 
географиялық 
дереккөздермен 
жұмыс істейді 
7.1.1.4 
географиялық ны-
сандардың қасиет-
терін тәжірибелік 
жолмен анықтайды 
7.1.1.5 
географиялық дала-
лық зерттеу әдіс-
терін қолданады, 
көрсеткіштерді тір-
кейді, жинақтайды, 
өңдейді, талдайды 
7.1.1.6 
географиялық 
нысандардың, 
құбылыстардың 
және үдерістердің 
8.1.1.1
география ғылы-
мының сала-ларға 
бөлінуін графика-
лық түрде көрсе-
тіп түсіндіреді 
8.1.1.2
география ғылы-
мы салаларында-
ғы маңызды 
зерттеулерді 
анықтайды 
8.1.1.3 
географиялық 
зерттеу әдістері-
нің мәнін түсінді-
ріп, қолданады 
8.1.1.4 
географиялық 
деректерді өңдеп, 
талдайды 
8.1.1.5 
географиялық 
нысандардың, 
құбылыстардың 
және үдерістердің 
модельдерін түрлі 
материалдардан 
немесе түрлі тех-
никаларда жасау 
арқылы ерекше-
ліктері мен 
9.1.1.1
география ғылымының 
дамуына үлес қосқан 
қазақстандықтардың 
зерттеулері туралы 
баяндайды 
9.1.1.2
география ғылымының 
қазіргі заманғы өзекті 
зерттеу проблемаларын 
анықтайды 
9.1.1.3
географиялық нысандар 
мен құбылыс-тарды 
номинациялау 
ерекшеліктерін 
анықтайды 
9.1.1.4
қазақ халқының 
халықтық географиялық 
терминдерінің 
мағынасын түсіндіреді 
9.1.1.5
зерттеу нәтижелерін 
түрлі академиялық 
формада ұсынады 


40 
Оқу бағдарламасына сәйкес ұзақ мерзімді және орта мерзімді, 
қысқа мерзімді
жоспарлар жасалынады [4].
Ұзақ мерзімді
жоспар – бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәндік 
мазмұн нақтыланады, орта мерзімді жоспар – бұл ұзақ мерзімді жоспармен 
қалай жұмыс істейтінін егжей-тегжей сипаттайтын, оқу материалын сынып 
ішінде және сыныптар арасында байланыстырып көрсететін жұмыс сызбасы, 
қысқа мерзімді жоспар – бұл жеке сабақ үлгісі.
Оқытудың күтілетін нәтижелері оқытудың ұзақ мерзімді және орта 
мерзімді мақсаттар жүйесін құра отырып, нақты оқу пәнінің оқыту 
мақсаттарында әрбір бөлім бойынша нақтыланады.
Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына 
арналған «География» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу 
бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. 
Ұзақ мерзімді жоспарларда білім беруді дамытудың жалпы қағидалары 
(оны дамыту тұжырымдамасы); дамытудың басты бағыты және 
бағдарламалары; көзделген білім беру мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз 
ететін маңызды шаралардың мазмұны мен жүзеге асыру бірізділігі көрсетіледі. 
Әр оқу пәні бойынша мазмұнды жобалаудың ұстанымдары өзгерді: 
сызықтық ұстаным спиральдік (шиыршық) принципіне алмасты, яғни білім мен 
біліктің бірте-бірте тігінен және көлденеңінен (сынып, тақырып бойынша 
дағдыларының күрделенуі) ұлғайтылды. Меңгерілетін оқу материалының, 
құрылымының, сынып және тоқсан бойынша ұсынылған пәнаралық ортақ 
тақырыптардың спиральдік (шиыршық) принципімен берілуі ескерілді. 
Ұзақ мерзімді жоспарға бір оқу жылына арналған оқыту тақырыптары 
енеді. 30-кестеде 7-сынып бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарынан үзінді 
берілген. 
30-
кесте – Ұзақ мерзімді жоспардан үзінді.7-сынып 
Бөлімше 
Тақырыптар 
Оқу мақсаттары.
Білім алушылар: 
1-
тоқсан 
1. 
Географияны зерттеу тәсілдері 
1.1
Зерттеу 
және 
зерттеушіл
ер 
Географияны зерттеу 
нысандары 
7.1.1.1 -
географияның зерттеу нысандарын 
анықтайды 
География 
ғылымының дамуы 
7.1.1.2 -
саяхатшылар мен зерттеушілердің география 
ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттап, баға 
береді 
Географиялық дерек 
көздері 
7.1.1.3 -
географиялық дереккөздермен (карта, сурет, 
мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар) 
ерекшеліктерін 
графикалық түрде 
көрсете алады
қасиеттерін 
түсіндіреді 
8.1.1.6 зерттеу 
нәтижелерін түрлі 
формада ұсынады 


41 
жұмыс істейді 
Географиялық 
тәжірибелер. 
7.1.1.4- 
географиялық нысандардың қасиеттерін 
тәжірибелік жолмен анықтайды 
Далалық зерттеулер 
әдістері 
7.1.1.5- 
географиялық далалық зерттеу әдістерін 
қолданады, көрсеткіштерді тіркейді, жинақтайды, 
өңдейді, талдайды 
Географияда 
графикалық 
әдістердің 
қолданылуы 
7.1.1.6- 
географиялық нысандардың, 
құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін 
графикалық түрде көрсете алады (диаграмма, 
профиль, график) 
Орта мерзімді жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер 
бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру ұсыныстары 
берілген, сондай-ақ оқыту ресурстары қосылған (интернет, мәтіндер, 
жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.). Оқытудың мақсаттары 
мен тәсілдеріне негізделген жоспарларда мұғалімдер үшін әрбір бөлім мен 
тақырыптарды өткізу, оқушылардың сабақта білім алуын ұйымдастыру 
бойынша ұсынымдары, сонымен бірге оқу ресурстары енгізілген (интернет, 
мәтіндер, жаттығулар, бейне және аудио материалдары т.б.). 
Орта мерзімді жоспарлардың оқу бағдарламасын сабақтардың жүйелі 
сериясына құрылымдайтын мұғалімдер тобы немесе жеке мұғалім жүзеге 
асырады. Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған 
бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. 
Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттерді 
тұжырымдайды. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқыту 
тақырыптары көрсетіледі. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді, сондай-ақ 
мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады [5].
Мұғалім сыныптағы оқушылардың жеке ерекшеліктері мен үлгерім 
деңгейін ескере отырып, тапсырмалардың кейбір түрлерін өзгерту және түзетуі 
мүмкін. Келесі кестеде 7-сыныптың «Географиялық зерттеу әдістері» бөлімі 
бойынша орта мерзімді жоспарының үлгісі берілген (31-кесте). 
31-
кесте – Орта мерзімді жоспар.7-сынып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет