110
Сор – жазда тарылып қалатын тұзды, саяз суды белгілейді (Қарасор,
Алқасор – Қазақстанның солтүстігіндегі көлдер) [15].
Шаруашылыққа қолайлылық дәрежесі қазақ атауларында «жақсы»,
«жаман», «суық», «жылы», «тентек» сияқты анықтауыштар түрінде көрсетіледі.
Мысалы, Жезқазған өңіріндегі Жаманшұбар атауын «Шұбар» терминімен
анықталатын жайылым (сортаңды жолақтары бар жерлер) түрінің
қолайсыздығын сипаттайды. Жаманшілік атауын мал шаруашылығына
қолайлылығы тұрғысында сипаттасақ, «қолайсыз жайылым» деген мағыналық
жүктемеге ие болады. Осы атау кейде «отынға жарамсыз шілік өскен жер»
ретінде түсіндіріледі [16].
Білім алушылардың «Географиялық дерек көздері» тақырыбының 7.1.1.3
кодымен берілген мақсатына жеткендіктерін бағалау үшін берілген жетістік
критерийлерін қарастырайық, мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: