117
8)
Топырақтардың экологиялық
проблемаларын шешу жолдарын
ұсыныңдар.
Табиғи-аумақтық кешендер бөлімшесі
1) Карталарды пайдаланумен және ұсынылған жоспар бойынша табиғат
зоналарын сипаттаңдар:
-
табиғат зонасының алып жатқан аумағы;
-
климаттық ерекшеліктері;
-
топырақ жамылғысы;
-
табиғат зонасының өсімдік жамылғысы, олардың өмір сүру жағдайына
бейімделуі;
-
табиғат зонасының жануарлар дүниесі, олардың өмір сүру жағдайына
бейімделуі.
2)
Түрлі ақпарат көздерінің көмегімен «Табиғат зоналары» кестесін
толтырыңдар:
Табиғат
зоналары
Климаты
Топырағы
Өсімдіктері
Жануарлары
3) Өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғау қажеттілігін дәлелдеңдер,
қорғау жолдарын ұсыныңдар.
4)
Ерекше қорғалатын аумақтардың (қорықтар, қорықшалар,
ұлттық
саябақтар) құрылу мақсатын түсіндіріңдер.
Оқушылар оқу бағдарламасын меңгеру барысында ақпараттық-
коммуникативтік технологияларды (АКТ) қолдану дағдыларын дамытады.
«География» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес келесі
веб-ресурстар
ұсынылады.
Білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін
жоғары оқу орындары мен мектеп оқушылары сарайлары жанындағы іштей
және сырттай мектептерге қатысу ұсынылады. Оқушыларға атом энергиясы
бойынша «Росатом» мемлекеттік корпорацияның және «Қазақстанның ядерлік
қоғамы» қоғамдастығының іс-шараларына қатысу ұсынылады, олар жыл сайын
өткізетін «Kazatomexpo» көрмесінде жоғары сынып оқушыларына арналған
арнайы бағдарламалар ұйымдастырады.
Бұл бағдарламалар түрлі интерактивті форматтарды қамтиды.
Оқушылар
атом электр стансасының жұмысын зерделеуге мүмкіндік беретін, «басқа
планетадан келушілердің атомды шабуылынан – құйынға дейін» атты түрлі
ойын сценарийлерін жүргізумен, «Алақандағы АЭС» қосымшасымен таныса
алады. Сілтеме: http://www.kazatomprom.kz/#!/about
Энергияның балама көздері, олардың өндірудің заманауи тәсілдері туралы
ақпаратты: alternativenergy.ru; aqua-rmnt.com/otoplenie/alt; http://www.helios-
house.ru/alternativnaya-
energiya.html сілтемелері бойынша алуға болады.
Георафия және биология сабақтарында «Қазақстан ұлттық географиялық
қоғамы» республикалық қоғамдық ұйымы материалдарын пайдалану
118
ұсынылады. Сілтеме:kazgeography.org; kazgeography@nu.edu.kz
ЭКСПО-2017 көрмесі жұмысының бағыттары туралы, сонымен қатар
дүниежүзілік бұрынғы көрмелердің материалдарын келесі сілтемелер арқылы
алуға болады: skachatreferat.ru/poisk/экспо;
–
http://www.skachatreferat.ru/poisk/экспо-2017.
www.earthquakes.usg
s.gov
www.rgo.ru
www.geo2000.nm.ru
www.geo.historic.ru
www.www.geograf
ia.ru/
www.geographic.org
www.mygeog.ru
www.e–cis.info
www.geography.about.
com
www.hobitus.com
www.imf.org
www.kisi.kz
www.meteosputnik.ru
www.mfa.gov.kz
www.oecd.org
www.stat.gov.kz
www.theodora.com
www.un.kz
www.un.org
www.undp.kz
www.unesco.kz
www.unesco.org
www.unmultimedi
a.org
www.volcanodiscovery.com
www.worldbank.org
[17].
Жалпы білім беретін ұйымдардың оқу кабинеттері оқу-тәрбие үдерісін
ұйымдастыру мен оқыту сапасын арттыруды тиімді қамтамасыз ететін орталық
болып
табылатындықтан, мектептерде география кабинетін жарақтандыру
бойынша келесідей ұсыныс береміз.
География кабинеті
жапсарлас екі бөлмеден (оқу кабинеті мен зертхана)
болуы қажет.
Күнделікті сабақ, практикалық және өздік жұмыстарды орындау
барысында қолдануға қажетті атластар, жұмыс дәптерлері, оқулықтарды, кескін
карталарды орналастыру үшін үстелдің үстіңгі ауданы 1300х650 мм-ден кем
болмауы тиіс.
Зертхана бөлмесінде оқу бағдарламаларының мазмұнымен қарастырылған
карталарды сақтауға шкафтар және қажет уақытында қолдануға ыңғайлы
арнайы құрылғы болуы тиіс.
География кабинетінің жарақтандырылуы:
1) Оқу-көрнекі құралдардың тақырыптық аннотацияланған картотекасы;
2) Жерді зерттеушілер мен саяхатшылардың портреттері;
3) Туған өлкені оқып-үйренуге арналған бұрыш болуы тиіс.
География кабинетінде жер бедерінің (таулардың, жазықтардың,
ойпаттардың, өзен аңғарының т.б.) макеттері болуы тиіс.
Мектептегі география кабинетінде білім беру үдерісін ұйымдастыру
төмендегі талаптарға сай ұйымдастырылады:
–
бұқаралық-ақпарат құралдарын және
мультимедиялық ресурстарды
пайдалану;
119
дерекқордан және Интернеттен ақпаратты іздеу;
–
сандық, Интернет желілері арқылы алынған ақпараттарды таңдап, өңдеу
және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;
–
сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның
ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа
қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу; қолдану;
заңдылықтар мен тенденцияларды зерттеу; модельдер мен модельдеуді
пайдалану мүмкіндіктерін
зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және
қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстар мен мәтіндерді мультимедиалық
таныстырылымдар құру үшін біріктіру;
–
басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда
сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;
–
электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту
орталарына
қатысу арқылы, басқа оқушылармен және мұғалімдермен әртүрлі
байланыс арнасы бойынша ынтымақтастықта болып қарым-қатынас жасау және
ақпарат алмасу;
–
интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету
мақсатында қолдану;
–
аяқталған жұмыстың мектеп шеңберіндегі және одан тыс
мультимедиалық презентациясы.
География кабинеттерінде интерактивті электронды карталар (ондай
карталарды аймақты неғұрлым толық қарастыру үшін үлкейтуге, қажетті
белгілеулерді және суреттерді қосуға болады) қолданылады.
Географиялық алаң – практикалық, зерттеу-жобалау жұмыстарын
жүргізуге мүмкіндік беретін ашық аспан астында орналасқан зертхана.
Географиялық алаңның көлемі 11 х 11 м-ден кем болмауы тиіс.
Мектептің географиялық алаңын келесі құрал-жабдықтар кешенімен
қамтамасыз ету қажет:
Математикалық кешен
өлшеу және есептеу жұмыстарын, тік және
көлденең қашықтықтарды, бұрыштарды, квадраттық және кубтық метрлерді
өлшеуге арналған: биіктік өлшеуіш, өлшеуіш жол, горизонталды қашықтықты
өлшеуіш, шаршы метр, кубметр (ағаштан жасалған), эклиметр,
квадрант,
бұрыш өлшеуіштер, координаттық тор сызылған мектеп тақтасы және т.б.).
Топографиялық кешен: жасанды төбе, жасанды су қоймасы, жергілікті
жерді түсіруге арналған жиналмалы үшаяқты арнайы кешен, тұсбағдар.
Астрофизикалық-географиялық кешен: гномон, Поляр жұлдызын
көрсеткіш, азимут өлшеуіш, ромбтық сақинасы бар бағыттаушы шеңбер,
астролябия, күн сағаты,
көкжиек тұстарын бағыттаушы, телескоп және
фотокамера қоюға арналған құрылғы.
Метеорологиялық кешен: желбағдар, метеорологиялық үйшік, барометр,
гигрометр, термометрлер, қардың қалыңдығын өлшеуге арналған сызғыш,
нефоскоп [18].
Достарыңызбен бөлісу: