120
Қорытынды
Білім берудің жаңартылған мазмұны мемлекеттің
алғы шарттарының
міндеттерін, халықаралық және отандық тәжірибені есепке ала отырып жүзеге
асырылуы тиіс. Мектептің шығармашылықпен ойлайтын және әрекет ететін,
өздігінен даму қабілеті бар, зияткер, белсенді тұлғаның
қалыптастыруы білім
беру мазмұнын жаңартуға да байланысты болады.
Білім мазмұнын жаңарту оқытудың нәтижесіне бағытталған, ал оқыту
нәтижесі
оқулықтардағы, оқу-әдістемелік кешендердегі және қосымша
әдебиеттерде берілген материалдарға сәй кес жобалануы тиіс.
Ұсынылып отырған әдістемелік құралдың бірінші бөлімінде білім
мазмұнын жаңарту аясында (7-9 сыныптарда) «География»
пәні оқу
бағдарламасының ерекшеліктері ашылған. Негізгі орта білім деңгейіндег3
«География» пәні мазмұнын беретін алты бөлім, олардың бөлімшелері сызба
түрінде және оқыту мақсаттары кесте түрінде беріліп түсіндірілген.
Екінші бөлімде «География» оқу пәнін
оқытуды ұйымдастырудың
формалары мен әдістеріне тоқталған. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа
мерзімді жоспарлардың құрылымы, тілдік мақсаттарды жүзеге асыру жолдары
көрсетілген.
«Оқыту әдісі» ұғымы дидактикалық мақсаттарға сәйкес оқыту үдерісінде
мұғалімнің оқу жұмысы мен оқушылардың танымдық іс-әрекеті жолдарын
байланыстыра шешілетін оқу іс-әрекетінің міндеттерін бейнелеген. Заманауи
сабақты ұйымдастырудың формалары мен әдістерінің түрлері
нақты
мысалдармен айқындалып берілген.
Үшінші бөлімде білім мазмұнын жаңарту аясында «География» оқу пәнін
оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар, яғни критериалдық бағалау жүйесі
туралы түсінік берілген. Критериалды бағалауды жүзеге асыруға арналған
нақты
мысалдар, тақырыптар бойынша бағалауға арналған тапсырмалардың
үлгілері ұсынылған
Аталған әдістемелік құралда «География» оқу пәні курсы мазмұнының
ерекшеліктері
көрсетілген, мұғалімдер сабақтарын жоспарлау барысында,
сабақтарында, сонымен қатар білім алушының білімін бағалау және
диагностикалауда қолдануға немесе басшылыққа алатын ұсыныстар берілген.
Достарыңызбен бөлісу: