Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным программам



Pdf көрінісі
бет45/174
Дата08.02.2022
өлшемі2,02 Mb.
#117393
түріМетодические рекомендации
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   174
Байланысты:
Үйде оқыту

5. Қайталау. Есептер шығару

Барлығы 
68 
7-
сынып, Информатика 
Кіріспе. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат):
техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру, компьютерде 
ақпараттарды ұсыну тәсілдері; сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды 
кодтау, кодтан шығару. 
Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат): компьютердің аппараттық 
қамтамасыз етуі, жады, операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары. 
Алгоритмдеу және программалау (5 сағат): программалау – алгоритмді 
формальды жазу тәсілі, алфавит, программалау тілінің синтаксисі; айнымалылар 
типтері, арифметикалық өрнектерді жазу ережесі, сызықтық алгоритмдерді 
программалау, енгізу және шығару операторлары, меншіктеу операторы. 
Ақпараттық модельдеу (1 сағат): модельдерді сипаттау әдістері, модельдер 
қасиеті, әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу. 
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (6 сағат): компьютерлік 
графика түрлері; векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу 
бойынша программалары, графикалық файлдардың пішімі; векторлық графика, 
векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі; фигураларды 
салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, 
мәтін, мәтіндік блоктар құру; растрлық графика, растрлық графиканы өңдеу 
бойынша программа интерфейсі, растрлық бейнелердің параметрлері, растрлық 
бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері, түстер, салу құралдары, аймақтарды 
ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс, қабаттар, мәтінмен жұмыс. 
Жобалық іс-әрекет (1 сағат).
8-
сынып, Алгебра 
8-
сыныптағы алгебра пәнінің базалық мазмұны «Квадрат түбір», «Квадрат 
теңдеулер», «Квадраттық функция», «Теңсіздіктер», «Ықтималдықтар теориясы 
туралы алғашқы мағлұматтар және математикалық статистика» тараулары 


69 
бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға 
оқу жылының басында 5-6-сыныптардағы математика курсы мен 7-сыныптағы 
алгебра курсын және соңында 8-сыныптағы алгебра курсын қайталау кіреді. 
8-
сыныпта оқытудың міндеттері рационал сандармен арифметикалық 
амалдар орындауда есептеу біліктігін пысықтау; натурал көрсеткішті дәреже мен 
бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану біліктілігін пысықтау; рационал 
бөлшектерге арифметикалық амалдарды қолдану білікігін пысықтау; рационал 
өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау білікігін пысықтау; мәтінді есептерді 
шығару біліктілігін пысықтау; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен 
теңсіздіктерді шешу біліктігін жетілдіру; сызықтық функцияның графигін салу 
біліктігін жетілдіру; графигі бойынша функцияның қасиеттерін атау біліктілігін 
жетілдіру; екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығару біліктігін 
жетілдіру; айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымаласы бар 
сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін бекіту; өрнектерді 
түрлендіру, тепе-теңдіктерді дәлелдеу біліктігін бекіту; көпмүшелерді 
көбейткіштерге жіктеу, өрнектерді түрлендіруде қысқаша көбейту формулаларын 
қолдану біліктігін бекіту; иррационал және нақты сандар, квадрат түбір 
ұғымдарын қалыптастыру; 
x
y
=
функциясымен, квадраттық функциямен, 
олардың қасиеттері және графиктерімен таныстыру; интервалдар әдісімен 
таныстыру; оқиғаның жиілігі мен ықтималдығымен таныстыру; құрамында 
квадрат түбірі бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру біліктігін қалыптастыру; 
квадрат және рационал теңдеулерді шығару біліктігін қалыптастыру; квадрат 
теңсіздіктерді квадраттық функцияның графигі арқылы шығару біліктігін 
қалыптастыру; рационал теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шығару біліктілігін 
қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   174




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет