Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация «Жас Ұлан»



Pdf көрінісі
бет35/81
Дата07.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#90369
түріМетодические рекомендации
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81
Байланысты:
1496062094248 (1)

Қорытынды
 
Нақты ұсыныстарда біз балалар мен жасөспірімдер қоғамдық 
бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыруға жаңа көзқараспен қарауға 
тырыстық. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 
Статистка жөніндегі комитеті берген деректер бойынша 0-17 жас 
аралығындағы 5 460 449 балалар бар, бұл жалпы тұрғындар санынан 30,7% 
құрайды. Біздің мемлекеттің заманауи стратегиясы балалар мен 
жасөспірімдердің қоғам дамуындағы рөлін арттыруға бағытталған. Осыған 
орай балалар мен жастар ұйымдары бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымы» 
Республикалық қоғамдық бірлестігіне қосылған. Іс жүзінде бұл балалар 
қозғалысының жаңа жүйесі, онда балалар мен жасөспірімдерді болашақ, едәуір 
ересек, қоғамға әлеуметтік пайдасы бар өміріне дайындау, үнемі белсендірумен 
адамзат өмірінің қолданымды күшіне айналдырумен, олардың санасында 
заманауи қоғамдық идеалдардың негіздері мен құндылықтарын қалау. 
Балалар ұйымының жұмысына қатысып, бала кез-келген жобаларды, 
шығармашылық ойларды, өз құқықтарын іске асырумен, адами тәжірибені 
жинақтаумен шектелмей, бірінші қатарда, азаматтық қоғаммен талапты 
құндылықты құзыреттіліктерді қалыптастырып шығуы тиіс.
Республикалық деңгейінде өскелең ұрпақты «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық 
патриоттық идеясының негізінде тәрбиелеуге көп мәні берілуде. Бүгін олар 
қазақстандық қоғамның келешекте табысты дамуының біріктіруші өзегі
халықтың рухани дүниесі мен мәдениетін сақтаудың ажырамас бөлігі болып 
табылады. Балалар ұйымында «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеяны, «Мәңгілік 
Ел» патриоттық актісінде» бекітілген оның базалық құндылықтарын, терең 
саналы қабылдауы үшін барлық жағдайлар жасалуы тиіс. «Мәңгілік Ел» жалпы 
ұлттық идеясының құндылықтары негізінде білім беру ұйымындағы 
патриоттық білімділік кеңістігін дамыту мен жетілдіру аса қажетті болып 
көрінуде. 
Осыған орай берілген ұсыныстарда алғаш рет «Жас Ұлан» балалар және 
жасөспірімдер ұйымының жастарды «Мәңгілік Ел» құндылықтарына 
тәрбиелеу функциялары арқылы баулудағы рөлі мен орны сипатталды. 
Нақты ұсыныстар сонымен бірге балалар қоғамдық бірлестіктерінің 
тіршілігіне қатысатын ересектерге әдістемелік көмек көрсетуге де, арналған. 
Осындай міндеттерін жемісті шешу үшін, көшбасшылар мен басшылар 
құзыреттіліктерге ие болуы қажет. Осы басылымда «Жас Ұлан» балалар және 
жасөспірімдер 
ұйымдастырушысының 
білімділік, 
әдістемелік 
құзыреттіліктерінің, жеке тұлғаға мәнді қасиеттердің жаңа мазмұны ұсынылды. 
Бүгінгі күннің талабы – уақыт сынынан өткен балалар ұйымы 
жұмысындағы дәстүрлердің жаңа новаторлық бастамалармен саналы 
үйлесімділігін орнату. 
Осы тақырып бойынша әдебиетке жүргізілген талдаудың негізінде 
ұсыныстарда мұқият талданған инновациялық әдістердің белгілі жинақталуы 
мен іріктелуі жасалды. Инновациялық технологиялар мен әдістердің балалар 


71 
қоғамдық бірлестігіндегі әлеуметтік-мәдени қызметіндегі қолданысы 
механикалық жұмысты жоққа шығарып, педагогикалық қызметкерлердің 
біліктілігін арттыруға себін тигізеді. 
Одан өзге, тәлімгерлердің шынайы өнімді практикалық қызметі үшін 
жоспарлаудың заманауи механизмдері ұсынылады. Бұл аға тәлімгерге 
жоспарлауды меңгерудің меншікті жолын өтіп, өзінің шығармашылық әлеуетін 
дамытуға көмектеседі. 
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының дамуының 
бағдарламалық қамтамасыздығының мәселелері өте жіті. Бағдарламалар 
бойынша қызметтің мақсатын белгілеу және тиімділігін бағалау жүйесіне жаңа 
SMART форматқа бағдар алу ұсынылады. 
Әріптестерімізге сәттілік тілейміз! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет