Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация «Жас Ұлан»



Pdf көрінісі
бет38/81
Дата07.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#90369
түріМетодические рекомендации
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   81
Байланысты:
1496062094248 (1)

Салтанатты Анты: 
Біз «Жас Ұлан» ұйымына кіре отырып Қазақстан Республикасының 
патриоты болуға; 
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге; 
Туған еліміз, жеріміз, Отанымызды мақтаныш етуге уәде береміз. 
Ата-анамызды қадірлеп; 
Үлкенге — құрмет, кішіге ізет көрсетеміз. 
Оқуда озат, еңбекте адал болып; 
Салауатты өмір салтын ұстанамыз. 
Тәуелсіз еліміздің білімді, жігерлі, парасатты, отансүйгіш азаматы боламыз 
деп сендіреміз! 
«Жас Ұлан» қызметінің негізгі бағыттары

1.
«Зерде»
– 
білім алушылардың құзыреттіліктерінің, зияткерлігінің 
және шығармашылық қабілеттерінің, проблемаларды шешу икемдерінің 
қалыптасуына және дамуына, балаларды зияткерлік ойындарға, пікірталастарға, 
олимпиадаларға, конференцияларға, жобаларға және зерттеулерге қатысу үшін 
тартуға ықпал етеді.
Жасұландық үнемі өзінің танымдық белсенділігін, зияткерлік деңгейін, 
ақыл-ой еңбегінің мәдениетін, жеке тұлғасының әлеуетін дамытып отырады, 
түрлі шығармашылық бастамаларына ұмтылады және қоршаған өмірді 
жақсарту бойынша өзінің шығармашылық қабілеттерін жауапкершілікпен 
танытады. 


79 
2.
«Руханият»

ұйым мүшелері өмір тіршілігіндегі рухани, 
моральдық-этикалық, көркемдік-эстетикалық негіздердің дамуына және 
қалыптасуына, өз отбасының, балалар қоғамдастығының, өзінің және өзге 
халықтардың мәдени мұрасын меңгеруге және оны көбейтуге, өз ниеттерін 
басқа адамдар мен әлеуметтік топтардың мүдделеріне сай келтіру икемдерін, 
қоғамның қазіргі құрылымын түсіну және онда рухани-адамгершілік 
құндылықтар мен әлеуметтік бағыт-бағдарларға сүйене отырып өздігінен 
әрекет ету қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. 
Жасұландық өзіне қатысты адал және шыншыл болып, жалпы адамзаттық 
нормалар негіздеріне сәйкес әрекет етуге тырысып, кішілерді қамқорлыққа 
алып, жақындары мен достарының пікірлеріне құрметпен қарауы тиіс. 
3.
«Отан»
— 
ұйым мүшелерінің бойында қазақстандық сана-сезімнің 
және мәдени сәйкестіктің, азаматтық жауапкершіліктің, толеранттылықтың 
және патриоттық, өз халқы үшін мақтаныш, мемлекеттік рәміздер мен 
мемлекеттік тілді құрмет тұту сезімдерінің қалыптасуына, Отан игілігі, 
Мейірімділік пен Әділдік үшін өзінің орнын тауып, қабілеттерін мейлінше 
жүзеге асыруға ұмтылысын қалыптастыруға ықпалын тигізеді. 
Жасұландық өз Отанын сүйіп, мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, 
мемлекеттің, өз өлкесінің тарихын, туған жеріндегі құрметті азаматтардың және 
батырлардың өмірі мен ерлігін білуі, белсенді туристік, ізденіс-экспедициялық 
және өлкетанушы жұмысты жүрзіп, өз Отанын шетелде абыроймен танытуы 
керек. 
4.
«Жеті жарғы»
Қазақстан жас азаматтарының құқықтық 
мәдениетін, БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» Конвенциясы, өзінің 
азаматтық құқықтары, міндеттері бойынша, Заң алдындағы жауапкершілік 
сезімі білімдері арқылы саяси сауаттылығын қалыптастырады.
Жасұландық Қазақстан Республикасының абыройлы азаматы болып, 
Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданыстағы заңнамасын, 
жасұландықтың Салтанатты антын құрметтеуге және ұстануға, жалпыға бірдей 
жүріс-тұрыс ережелері мен нормаларын қолдануға, парыз, намыс пен ар-
ожданын пір тұтып өмір сүруі тиіс. 
5.
«Салауат»

ұйым мүшелерінің бойында және қоршаған 
әлеуметте салауатты өмір салтын қалыптастыруға, көпшілік дене мәдениеті мен 
спортты түрлі денсаулық сақтауға бағытталған бастамалар, спорттық, туристік, 
ізденіс-экспедициялық және өлкетану бағдарламаларын іске асыру арқылы 
дамытуға ықпалын тигізеді. 
Жасұландық салауатты өмір салтын белсенді жүргізіп, оны насихаттайды, 
өз денсаулығының қамын ойлайды, жақсы физикалық формасын қолдайды
түрлі спорттық-көпшілік іс-шараларына қатысады.
6.
«Еңбек»

ұйым мүшелерінің ерте бастан кәсіби бағдар алуына 
және 
кәсіп 
таңдауына, 
жас 
техниктер, 
өнертапқыштар 
мен 
оңтайландырушылар, бизнес-мектептер, холдингтер, қоғамдық академиялар, 
кәсіби шеберлік байқауларын, форумдарын құру арқылы құзыреттіліктер мен 
функционалдық сауаттылықты дамытуға ықпал етеді. 


80 
Жасұландық жалпы еңбекті және адамдар еңбегін құрметтейді, өзі еңбекті 
сүйіп, үй шаруашылығында өз отбасына көмектеседі, қолданбалы өнермен 
айналысады, 
конструкцияларды 
модельдейді, 
кәсіби 
таңдауға 
жауапкершілікпен қарайды, еңбек және кәсіби акцияларға, балалар мен 
жасөпірімдердің 
техникалық, 
ауылшаруашылық, 
шығармашылық 
жетістіктерінің көрмелеріне қатысады, отбасының, өз ауылының, қаласының, 
облысының, ұйымының, елінің еңбек дәстүрлеріне екпін қосады. 
7.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет