Методические рекомендации «повышение эффективности деятельности общественных советов»


ӘРТҮРЛІ АЙМАҚТАРДЫҢ ҚК МҮШЕЛЕРІНІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ



бет7/17
Дата02.07.2018
өлшемі92,99 Kb.
#45424
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

ӘРТҮРЛІ АЙМАҚТАРДЫҢ ҚК МҮШЕЛЕРІНІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ

§ Қоғамдық кеңестердің қызметі болып мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау жасау саналады және тәуелсіз және дербес болғандықтан Қоғамдық кеңестердің құрамынан қоғамдық кеңес хатшыларынан басқа, мемлекеттік қызметшілерді алып тастауды қарастыруды оң санаймыз.

§ Қоғамдықкеңестердіңқызметініңотырыстарын, жиналыстарын, тыңдауларын, мониторингін, сараптама жұмыстарын және кеңсе заттарымен және т. б.

т. б. қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қажетті қаржыландыруды қарастыру;

§ Қоғамдық кеңестің құрамына бірінші кезекте республикасының белсенді азаматтары енгізуге назар аудару қажет;

§ Қоғамдық кеңестердің қызметіне белсенді жастарды тарту;



  • Қоғамдық кеңестердің мүшелерінің қатысатын мәселесі аясын, олардың қатысу формалары мен әдістерін кеңейту, оның ішінде Қоғамдық кеңес мүшелеріне куәлік беру мәселесі бойынша қажеттілік болса, «Қоғамдық кеңес туралы» Заңына өзгерістер еңгізуді қарастыру.

  • Қоғамдық кеңестердің қызметіне көшпелі кеңестер өткізу, тұрғылықты жерге барып азаматтарды қабылдау іс-тәжірибесін еңгізу;

  • Қоғамдық кеңестердің отырыстарына қоғамдық кеңес мүшесі емес басқа жұртшылық өкілдерін тәжірибе алмасуға шақыру. Қоғамдық кеңес хатшысының лауазымдық бірлігін еңбекақы төленетіндей жасау, қоғамдық кеңес хатшысының жұмысының аумағы көп, әрі уақытты талап етеді.



ӘР ТҮРЛІ АЙМАҚТАРДЫҢ


ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРІНІҢ МҮШЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ БӨЛІГІНЕ ЖАРИЯЛЫЛЫҚ ҰСЫНЫСТАРЫ
Қоғамдық кеңестердің қызметінің жариялылығына ақпараттық қолдау жасау арқылы бағытталған белсенді әлеуметтік желілер беттерін жүргізу.

Қазақстандықтар бұрыннан келе жатқан БАҚ теледидар және газеттерден ғана емес, өміріндегі рөлі ерекше қазіргі заманғы әлеуметтік желілер арқылы соңғы жаңалықтар біле алады және өз пікірімен бөлісуге, танысуға, басқалардың пікірін біле алады.

Қазір әлеуметтік желілер көпшілікке жаңалық көзі болып саналады және олардың қоғамдық пікіріне әсер етеді, сондай-ақ жаңа үрдісті құрушылар ғаламтор пайдаланушылар арасында көптеп кездеседі . Үрдістер арасында оң да, терісі де бағыттар барлығын айта кету керек. Сондықтан Қоғамдық кеңестер әлеуметтік желілердегі өз беттерін құра отырып және халыққа түсіндіре отырып, өз қызметінде сауатты және кәсіби түрде ақпарат, түсініктемелер беру ,келіп түскен өтініштерге дұрыс жауап беруі үшін штат бірліктері болуы қажет.

Қоғамдық кеңестер еліміздің даму жүйесінде соңғы негізін қалаушы бөлігі болып қалуға ат салысу керек. Қоғамдық кеңес өз негізінде қоғамға да мемлекеттік органдарға да керекті компонент. Осыдан байқағандай Қоғамдық кеңестің қызметі бойынша ақпарат уақыт талабына сай кейінгі орынға кетіп жатқан, дәстүрлі БАҚ баспа беттеріне беру жетпейді, оның үстіне жастар өкілдері бұны мүлдем қолданбайды.

Әлеуметтік желілерде толық, әрі үнемі беттерді толықтырып отыру ,әлеуметтік желілердің заманауи құралдарын қолдану арқылы көптеген пайдасын көруге және мынадай міндеттерді шешуге болады:


  1. Қоғамдық кеңестерде жастардың қызметі.

Бүгінгі таңда Қоғамдық кеңестердің мүшелерінің жалпы санынан ең аз үлесті жастар алады. Ал белсенді жастар тұтастай ел дамуының мәселелерін алғанда немесе әр түрлі мемлекеттік органдардың қызметінде кейбір мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарары анық. Өйткені жастар өкілдері көбінесе, өздерінің заманауи креативті көзқарастары бар, қандай да бір міндеттерге заманауи ұсыныстарды енгізеді және мүмкіндік таба алады. Олар саяхаттау кезінде шет елдердің тәжірибесін бақылап, солардың тәжірибесін негізге ала отырып Қоғамдық кеңестердің қызметіне жаңашылдық, Қоғамдық кеңестердің жұмысына танымалдық әрі жастардың өздерінің дамуының

«әлеуметтік баспалдағы» болары анық .



  1. Қоғамдық кеңестердің алдағы іс-шаралар туралы жұрт- шылықты хабардар етуді жеңілдету.

Әлеуметтік желілердің тегін құралдарының арқасында көптеген мүмкіндіктер бар. Соның ішінде ғаламтор пайдаланушылар арасында сауалнамажүргізіп,қоғамменбайланысжасауарқылыөзектімәселелерге талдау жасап, қағаз бетіне түсірілетін көптеген өтініштерден құтылар едік. Үнемі кез-келген материалдарды, шешімдер мен қорытындылар, есептерді жариялап отыруға болады және бұл азаматтарға үнемі қолжетімді болады. Сонымен бірге әлеуметтік желілерде бейне конференция, тікелей трансляция жүргізуге, әртүрлі шаралар өткізуге

болады. Мысалы, әлеуметтік желі бетінде жақында болатын отырыс туралы хабарлап қана қоймай, осы шара бойынша жеке бет ашып, осы шара бойынша фотосуреттер, талқылаулар туралы ақпарат беру- ге болады. Тегін құралдардан басқа халықты көп қамту мақсатында болатын шараға байланысты ақылы жарнама жасауға болады, әр нақты жарнамаға нақты мақсатты аудитория жинауға болады.

Жалпы алғанда Қоғамдық кеңестің қызметін әлеуметтік желілерде белсенді түрде жүргізсе, Қоғамдық кеңес қызметі туралы ақпарат алуға ыңғайлы әрі танымал болып қоймай, мемлекеттік органдар сайтынан іздеу бойынша азаматтардың жұмыстарын жеңілдетер еді.

Әрине жоғарыда айтылған ұсыныстарды жүзеге асыруда қаржыландыру мәселесі шешіліп,осындай әлеуметтік желіде жасалған кәдімгі жұмыс кестесі бойынша бетпен жұмыс істейтін, керекті ақпаратпен толықтырып, сүйемелдеп отыратын жеке қызметкер қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет