Методическое письмо ǀ 2017-2018 учебный год


ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ОБЛАСТЬ «ФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА»



бет22/33
Дата08.09.2017
өлшемі7,84 Mb.
#30480
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33

ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ОБЛАСТЬ «ФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА»

Учебный предмет «Физическая культура» – это система знаний о физкультурной деятельности для поддержания физического и психического здоровья учащихся.

Изучение предмета направлено на формирование личности, готовой к активной творческой самореализации в сфере общечеловеческой культуры. Содержание учебного предмета определено с учетом потребностей личности школьника, семьи и общества, достижений современной педагогической науки.

Целями обучения являются:

– формирование у учащихся устойчивых мотивов и потребностей в бережном отношении к своему здоровью;

– целостное развитие физических и психических качеств;

– творческое использование средств физической культуры в организации здорового образа жизни.



Задачи обучения:

– укрепление здоровья, развитие основных физических качеств и повышение функциональных возможностей организма;

– формирование культуры движений, обогащение двигательного опыта физических упражнений с общеразвивающей и оздоровительной направленностью, техническими действиями и приемами базовых видов спорта;

– освоение знаний о физической культуре и спорте, его истории и современном развитии, роли в формировании здорового образа жизни;

– воспитание бережного отношения к собственному здоровью, потребностей в его укреплении и длительном сохранении;

– воспитание положительных качеств личности, соблюдение норм коллективного взаимодействия и сотрудничества в учебной и соревновательной деятельности.

Учебный предмет состоит из двух разделов: «Знания о физической культуре» (информационный компонент) и «Физическое совершенствование и мастерство» (операциональный компонент).

Содержание раздела «Знания о физической культуре» соответствует основным представлениям о развитии познавательной активности человека. Даны правила контроля и требования техники безопасности, а раздел «Физическое совершенствование» ориентирован на повышение физической подготовленности учащихся и включает информацию о средствах общей физической подготовки.

В качестве этих средств предлагаются физические упражнения и двигательные действия из базовых видов спорта (гимнастики с основами акробатики, легкой атлетики, спортивных игр, лыжных гонок, плавания), имеющих выраженное прикладное значение. Включена тема «Национальные игры», которая раскрывает исторические особенности физической культуры Казахстана.

На уроках реализуются цели обучения, направленные на развитие индивидуальных качеств личности, здоровья и совершенствование физической культуры.

Организационно-методические требования:

– допускаются коррективы, творческие дополнения к любому разделу курса в соответствии с личным опытом и навыками работы в конкретных условиях (при реализации основных требований к учащимся);

– не требуется соблюдения строгой последовательности при освоении раздела «Гимнастика» (подразделы «Общеразвивающие упражнения» и «Ритмическая гимнастика»);

– занятия планируются в зависимости от конкретных условий, количества уроков в недельном расписании в соответствии с подготовленностью учащихся;

– необходимо описание наиболее доступных подвижных игр с учетом их влияния на развитие тактического мышления учащихся, воспитание физических качеств;

– необходимо проведение контрольно-зачетных уроков с целью проверки уровня освоения учащимися подвижных игр;

– эффективность уроков физической культуры оценивается по двум параметрам:

а) результаты выполнения отдельных, контрольных учебных нормативов;

б) результаты выполнения нормативов по выбору учителя.

В областях и районах республики, где нет возможности проводить уроки по лыжной подготовке и плаванию, рекомендуется заменить их уроками по кроссовой подготовке и гимнастике (ритмической, атлетической, профессионально-прикладной) по решению педагогического совета школы.

Общешкольные «Дни здоровья» проводятся не менее 4 раз в учебном году и организуются в каникулярное время.

Распределение учащихся на группы для занятий на уроках по учебному предмету «Физическая культура» производится на основании медицинского осмотра с обязательным предъявлением справок.

Выполнение домашних заданий учащимися по физической культуре –один из необходимых элементов учебного процесса. При правильной организации домашние задания (отработка движений, приемов, гимнастика и т.д.) способствуют закреплению и углублению знаний, полученных на уроке, формированию устойчивого интереса к спорту и совершенствованию физической культуры учащихся. При этом необходим учет индивидуальных и половозрастных особенностей учащихся.

В целях оказания методической помощи учителям по вопросу организации и проведения уроков по физической культуре Национальным научно-практическим центром физической культуры разработаны методические пособия, которые размещены на сайте центра (www.nnpcfk.kz).

Воспитательные аспекты на уроках, внеурочных и внеклассных занятиях и мероприятиях рекомендуется реализовывать с учетом идей, отраженных в патриотическом акте «Мәңгілік Ел».

При планировании и организации внеклассной работы по предмету «Физическая культура» рекомендуется обратить внимание на календарь юбилейных дат, которые будут отмечаться в 2017-2018 учебном году:

–25 лет Вооруженным Силам Республики Казахстан (1992-2017);

– 25 лет государственным символам Республики Казахстан (1992-2017);

– открытие Международной выставки ЭКСПО-2017 на тему «Энергия будущего» (июнь 2017).

Объем учебной нагрузки по предмету «Физическая культура» в 6, 8, 9 классах составляет:

– в 6 классе 3 часа в неделю, всего 102 часа;

– в 8 классе 3 часа в неделю, всего 102 часа;

– в 9 классе 3 часа в неделю, всего 102 часа.



3.2 ОСОБЕННОСТИ ОБУЧЕНИЯ ПРЕДМЕТАМ УРОВНЯ ОБЩЕГО СРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ
ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ОБЛАСТЬ «ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»
В образовательную область «Язык и литература» входят учебные предметы «Казахский язык»,«Казахская литература», «Русский язык», «Русская литература», «Родной язык», «Уйгурская/ Узбекская/Таджикская литература», «Иностранный язык».
«Казахский язык» для школ с русским/узбекским/уйгурским/ таджикским языком обучения
«Қазақ тілі» пәнін қазақ тілді емес мектептерде оқыту негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасауға негізделген.

Тыңдалым.Өзіне қатысы бар (өзі туралы, отбасы, сатып алынған заттар, тұратын жері, жұмысы туралы) жеке тіркестер мен шағын сөйлемдерді, сондай-ақ көлемі жағынан шағын, анық айтылған жарнамалар хабарландыруларда не туралы баяндалғанын түсінеді.

Оқылым.Көлемі жағынан шағын, қарапайым мәтіндерді оқып, негізгі мәліметтерді іріктей алады, түсінеді, оқыған ақпаратты жеткізе алады; өз ойын қысқаша айтады. Жарнама, мәзір, кесте сияқты күнделікті кездесетін сөз және сөйлемдерден қажетті ақпараттарды таба алады. Жеке тұлғаға қатысты қарапайым хаттардың мағынасын түсінеді.

Айтылым.Өзіне таныс (отбасы, өмірі, оқуы туралы) тақырыптар бойынша өз ойын түсінікті етіп жеткізе отырып, қарапайым тіркестер мен сөйлемдер арқылы сөйлесе алады. Күнделікті өмірдің негізгі аспектілерін сипаттай алады.

Жазылым.Өзіне қатысы бар немесе ұнайтын мәселелер туралы шағын хаттар мен хабарландыру,шағын шығарма, эссе жазуға, сурет, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастыруға мүмкіндігі бар. Жеке басы, отбасы туралы мәліметті қажет ететін сауалнамалардытолтыра алады.

Тілдесім– сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс. Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның іс жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету жүзеге асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады.

Тілдесім – айтылым және жазылымның өзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат негізінде адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі.

«Балабақша-мектеп-колледж-жоғары-оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сай мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың сатылары жіктелді (43-кесте):


43-кесте – ҚР үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың сатылары


Үздіксіз білім берудің сатысы

Сыныбы

Деңгейлер

Игерім атаулары

Жоғары сынып

10

В1+

ортадан жоғары

деңгей


В1.2 Тереңдетіле қалыптасқан толық игерім

11

В1+ Тереңдетіле қалыптасқан жетік игерім

Стандартта Еуропалық деңгейлер жүйесіне сәйкес қазақстандық әдістемеші-ғалымдар қазақ тілін үйрету үшін алты деңгейді ұстанады. Ол деңгейлер жүйесі А1, А2, В1, В2, С1, С2 деп аталатын үш ірі деңгейден тұрады (44-кесте).


44-кесте – Тілді білу деңгейлерінің жіктелуі

Қарапайым деңгей

А1 Бастапқы игерім

Негізгі деңгей

А2 Қалыптасу қарсаңындағы игерім

Орта деңгей

В1 Қалыптасқан игерім

Ортадан жоғары деңгей

В1+ Тереңдетіле қалыптасқан игерім

Жоғары деңгей

В2 Ілгерілей қалыптасқан игерім

Жетік деңгей

В2+ Тереңдетіле, ілгерілей қалыптасқан игерім,

С1 Кәсіби игерім


Стандартта ҚР жалпы білім беретін қазақ тілді емес мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың қазақ тілін білу деңгейлері мен сөйлеу дағдыларына қойылатын өлшемдер де көрсетілген (45-кесте).


45-кесте – Қазақ тілін білу деңгейлері мен сөйлеу дағдыларына қойылатын өлшемдер

Аталымдар мен өлшемдер

Тілді меңгеру деңгейлері

Ортадан жоғары деңгей (В1+ В2)

Тілдік деңгейлер бойынша игерім кодтары

В1.2

В1+

Тілдік деңгейлер бойынша игерім атаулары

Тереңдетіле қалыптасқан толық игерім

Тереңдетіле қалыптасқан жетік игерім

Сыныптар

10-сынып

11-сынып

Оқушы меңгеруі тиіс лексикалық минимум

130-150

130-150

Барлығы:

480-500 сөз (1-11 сыныптарда меңгерілетін жалпы сөз саны 1500-1550 сөз)

Бір минутта оқуға тиісті сөздердің (шартты) мөлшері

100-120

100-120

Тыңдаған/оқыған мәтінді мазмұндаудағы сөз саны

60-70

70-80

Айтылымдағы сөз саны

80-90

90-100

Жазбаша мәтін құраудағы сөз саны

100-120

120-150

Тілдесімдегі үнқатым (реплика) саны

11-12

12-13

10-11-сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген) :

жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;

жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 27 қарашадағы №471 бұйрығына сәйкес «Қазақ тілі» пәні оқу жүктемесінің көлемі:

оқыту орыс тілді мектептерде:

– қоғамдық-гуманитарлық бағытында:оқыту орыс тілді мектептерде:

10-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;

11-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;

оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілді мектептерде:



10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

жаратылыстану-математикалық бағытында: оқыту орыс тілді мектептерде:



10-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;

11-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;

оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілді мектептерде:



10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.

Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, бақылау жұмысы) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.



Әрбір мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында бақылау жұмыстарын алып, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі – оқушының жас ерекшелігі мен білім қорына байланысты бақылау жұмысын алудың міндеті мен көлемін анықтау болып табылады. Мұғалім сол міндет пен көлемге байланысты бақылау жұмысының түрін, көлемін, оның әдіс-тәсілдерін белгілейді, анықтайды.

Ескерту. Әр сынып бойынша алынатын бақылау жұмыстарының, тест тапсырмаларының мазмұны мен құрылымын пән мұғалімдері бағдарламалық материалдарға сәйкес өздері құрастырады (46-кесте).
46-кесте – Қазақ тілінен бақылау жұмыстарының саны

Сынып

Бақылау жұмысы (әр тоқсанда)

Тест тапсырмалары (әр тоқсанда)

10

2

2

11

2

2


10-11 сыныптарға ұсынылған бақылау жұмыстарының нормалары
Оқу жылы бойы алған білім деңгейлерін анықтау мақсатында 5 бақылау жұмысын өткізуді ұсынамыз.

1. Бастапқы бақылау жұмысы (тест). Алынатын бұл жұмыс түрі былтырғы оқу жылындағы алған білім деңгейлерін тексеру мақсатын қарастырады және тесттің 20 сұрағы лексика-грамматикалық тақырыптарды қамтиды. 10 сұрақ мәтін бойынша берілетін сұрақтар (1 мәтін беріледі. 10-сыныпта 100-110 сөз, 11-сыныпта 110-120 сөзден тұрады). Барлық тест сұрақтары -20, жауап нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға –25-32, «3» деген баға – 9-24 балл. «2» деген баға қоймауды ұсынамыз. Себебі, оқушының оқу жылының бірінші күнінен бастап пәнге деген қызығушылығы мен ішкі уәжі жоғалады.

2. №1 бақылау жұмысы - І оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы І тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика- грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша (мәтін тыңдалады, тыңдалған мәтін бойынша тест түріндегі сұраққа жауап береді) , 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалауды ұсынамыз. «5» деген баға –33-40 балл, «4» деген баға –25-32, «3» деген баға – 9-24 балл, «2» деген баға 0-8 балл.

3. №2 бақылау жұмысы - ІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы ІІ тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика - грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша, 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалауды ұсынамыз. «5» деген баға –33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24 балл, «2» деген баға – 0-8 балл.

4. №3 бақылау жұмысы - ІІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы ІІІ тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика - грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша, 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалауды ұсынамыз. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32,
«3» деген баға – 9-24 балл, «2» деген баға – 0-8 балл.

5. №4 Жылдық бақылау жұмысы (тест) - оқу жылының қорытындысы бойынша алынады. Алынатын бұл жұмыс түрі жыл бойы алған білім деңгейлерін тексеру мақсатын қарастырады және тесттің 20 сұрағы лексика-грамматикалық тақырыптарды қамтиды. 10 сұрақ мәтін бойынша берілетін сұрақтар (1 мәтін беріледі. 10-сыныпта 100-110 сөз, 11-сыныпта 110-120 сөзден тұрады). Барлық тест сұрақтары-20, жауап нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24 балл, «2» деген баға – 0-8 балл.

Оқушыларда болуы тиіс дәптерлер санын ұсынамыз. (47-кесте).


47-кесте – Оқушы дәптерлерінің саны


Пән

Жұмыс дәптер

Бақылау жұмыс дәптері

Сөздік дәптер

Барлығы

Қазақ тілі

2

1

1

4

- қазақ тілі пәнінен бақылау жұмыстарына арналған дәптері(бұл дәптерге, бақылау, тест жұмыстары орындалады);

- «Қазақ тілі» пәнінен сөздікке арналған дәптері.

Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:

- ай аты мен күн реті жазбаша жазылады.

- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан жол тасталмай барлық жазбалар бір деңгейде жазылады. Үлгі:

Қазанның тоғызы

Сынып жұмысы



  • үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды. Жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады. Мысалы: 15-жаттығу (тапсырма);

  • тапсырмаға сәйкес сөздерді бағандарға бөліп жазғанда бірінші сөзі бас әріптен үтірсіз жазылады. Мысалы:

Адам

Ара


Аю

  • сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;

  • мәтін азат жолдан басталады;

  • сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;

  • талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;

  • ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады.

Талдау жұмыстар қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне талдау).

Төл дыбыстарды дұрыс жазбаса қызыл жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі тиіс.

Дәптерге мүмкіндігінше мұғалімнің ескертулері жазылып отырады (Дұрыс жаз. Қатесіз көшір.).

Дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет.

Дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.

Дәптерлерді тексеру тәртібі:

1) 10-11-сыныптарда жұмыс дәптерлері 2 аптада 1рет тексерілуі қажет;

2) 10-11-сыныптарда сөздік дәптерлері айына 1 рет тексеріледі (баға қойылмайды, ескертулер жазылуы тиіс).

«Қазақ тілі» пәнінен қазақ тілді емес мектептерде сабақтан тыс ісшараларды ұйымдастыруда келесе мерекелерді ескеру ұсынылады:


  • наурыз – Наурыз мейрамы;

  • 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі;

  • 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

  • 4 маусым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні.

  • 6 шілде – Астана күні;

  • 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

  • 22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні.

  • 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

  • 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2017-2018 оқу жылының отырыстарында келесі тақырыптардың қарастырылуы ұсынылады:

  • Коммуникативті бағыттағы белсенділіктер мен әдістердің түрлерін сабақта қолдану жолдары;

  • Сөйлеу әрекеттері бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері;

  • Қазақ тілін деңгейлік оқыту барысында оқушыларды тілдік қатынасқа үйретудің жолдары;

  • Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістері;

Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:

  1. nao.kz (Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясыныңресми сайты);

  2. u-s.kz (Ұстаздар сайты);

  3. ustaz.kz (Ашық сабақтар сайты);

  4. testent.ru/news/uroki (Уроки казахского языка в русской школе);

  5. sabak.ucoz.org/news (Сайт творческих учителей Казахстана);

  6. plani.kz («Планы.kz» планирование для учителей Казахстана);

  7. agartu.com («Просвещение" – казахстанский педагогический интернет- журнал);

  8. testent.ru (Сайт для подготовки к ЕНТ и КТ 2015 - Образовательный сайт);

  9. obrazovanie (Каталог Казахстанских ресурсов);

  10. abiturient.kz (Сайт о современном образовании в Казахстане).


«Казахская литература» для школ с русским/узбекским/уйгурским/ таджикским языком обучения

10 - 11- сыныптарда оқушылар «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ХІХ және ХХ ғасырдағы әдебиет үлгілерімен танысады. Олар сол кезеңнің көрнекті ақын-жазушылары туралы мәлімет алады. Сонымен қатар, оқушылар қазақ тілінде өз ойларын ауызша, жазбаша баяндауды үйренеді.

«ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 27 қарашадағы №471 бұйрығына сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10 - сыныпта аптасына 1 сағаттан, барлығы – 34 сағат;

11 - сыныпта аптасына 1 сағаттан, барлығы – 34 сағатты құрайды.

Әрбір тоқсанда алынатын жазба жұмысының (шығарма, эссе) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.


48-кесте – Қазақ әдебиетінен жазба жұмыстарының саны

Сынып

Шығарма немесе эссе (әр тоқсанда)

10

1

11

1


Әрбір мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жазба жұмыстарын алып, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі – оқушының жас ерекшелігі мен білім қорына байланысты жазба жұмыстарын алудың міндеті мен көлемін анықтау болып табылады. Мұғалім сол  міндет пен  көлемге  байланысты жазбаша тіл дамыту жұмысының  түрін, көлемін, оның әдіс-тәсілдерін белгілейді, анықтайды
Эссе –шығарма жанрының бір түрі

Эссе шығармашылық еркіндікті көздейді. Кез келген тақырыптың еркін стильде жазылуы оның ең негізгі көркемдігі болып табылады. Эссе - автордың жеке басының ойы, сезімі, әлемге деген көзқарасы. Бұл шығарманың басты мақсаты.

Алайда, шығармашылықтың еркіндігіне қарамастан, эссе жанрында жазу оңай емес, сондықтан қандайда бір проблеманың басты идеясын табуда ерекше көзқарастың болуы керектігін назарда ұстаған дұрыс (49-кесте).

49-кесте - Эссе мен шығарманың айырмашылығы.







Эссе

Шығарма

Анықтамасы

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. 

Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.

Эссе – еркін композициялық құрылымға негізделген немесе көркем-публицистикалық жанрдың бір түрі

Шығарма – белгілі бір берілген тақырыпқа арналған, міндетті құрылымнан тұратын, тек пәндік білімге бағытталған шығармашылық жұмыс.

Эссе қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес.

Шығармада жоспарды жазу міндетті.

Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді.

Шығарма формасы оның түріне байланысты, көбінесе көркем мәтінді талдауға негізделеді.

Эссенің мақсаты – эссе жазушының өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану, шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелілігін реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой жүйесінің бірізділігін сақтауда сөз оралымдарын тиімді қолдану, шығармашыл жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді тиімді қолдану.

Шығарманың мақсаты – жазылым тілін дамыту, логикалық ойлауды дамыту, шығармашылык, қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге ұластыру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен құдіретті орнын өз дүниесінде көркемдеп бере алу.



Эссе құрылымы

Кіріспе – берілген тақырыпты негіздеу, ол логикалық және және стилистикалық байланысқан компоненттер қатарынан тұрады. Бұл кезенде өз зерттеу барысында ашқалы отырған тақырыпқа қойылатын сұрақты дұрыс қою керек. ”Мен алған тақырып неліктен маңызды?”, “ Менің тұжырымдауымда қандай түсініктер қолданылуы мүмкін?”, “Мен тақырыпты кішкене тақырыпшаларға бөле аламын ба?, т.б. сұрақтарға жауап іздеген жөн.



Негізгі бөлім. Тақырыптың теориялық негізі мен сұрақтың мазмұнын жазу. Бұнда эссенің негізгі мазмұны жазылады, бірақ ол біраз қиындық тудырады. Сондықтан негізгі бөлімді шағын тақырыпшаларға бөлуге болады. Әр тақырыпшаларды аргументті түрде тұжырымдау негізгі сұраққа жауап беруге көмектеседі.

Қорытынды – жалпыланған және аргументі бар, қолдану аймағы көрсетілген және т.б. түрде болуы мүмкін. Эссенің қорытынды бөлімінде негізгі бөлімде айтылған сұрақтың мәнін қорытындылайды және мазмұнының маңыздылығын ашады. Қорытынды бөлімінде қолданылатын әдістер: қайталау, иллюстрация, цитата, әсер беретін тұжырым.
50-кесте – Эссені бағалау критерийлері


Критерийлері

Қойылатын талап

Тақырыпты түсінуі

  • мысалдар келтіре отырып, түсініктерді анық және толыққарастыра алуы ;

  • қолданылған түсініктері тақырыпқа сай болуы;

  • жұмысты өз бетінше орындауы.

Мәселені бағалай білуі

  • сауатты талдай білуі;

  • салыстыру және жалпылау әдістерін түсініктер мен құбылыстарға өзара байланыста бере алуы;

  • қаралатын мәселеге өзіндік көзқарасының болуы;

  • қолданатын ақпараттар диапазонының кеңдігі;

  • мәтінді графиктер мен диаграммаларға сала алуы;

  • мәлелені өзі бағалай білуі;

Ой- толғау жасай білуі

  • мазмұнының анық және ашық болуы;

  • дәлелдеу логикасын құрастыра білуі;

  • ұсынылған тезистерге сауатты аргумент келтіре білуі;

  • әр түрлі көзқарасты келтіре отырып, оны бағалай білуі.

  • мазмұндаудың жалпы формасының мәселеге сейкес келуі.

Жұмысты орындауы

  • жұмыс цитаталарды қолданудың талаптарына сай;

  • лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, стилистикалық нормаларға сәйкес болуы;

  • орфографиялық және пунктуациялық талаптарға сәйкес болуы

  • талап формасына сәйкес болуы

Дәптерлерді тексеру тәртібі:

1)10-11-сыныптарда жұмыс дәптерлері 2 аптада 1рет тексерілуі қажет. (51-кесте).
51-кесте – Оқушы дәптерлерінің саны:

Пән

Жұмыс дәптері

Жазба жұмыс дәптері

Сөздік дәптері

Барлығы

Қазақ әдебиеті

1

1

1

3



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет