қабілетті оқушыларыңызға да
білімнің кейбір
салаларында жеке кӛмек немесе қолдау қажет болуы мүмкін. Мысалы, жазба,
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, оқу машықтарын
немесе бірлесіп оқу машықтарын дамытуда.
Кӛмек беру бойынша саралау балалардың жеке ерекшеліктерін, оның
білімді игеру деңгейін толық ескеруге мүмкіндік береді. Оқушыларға жақын
арадағы даму аймағын есепке ала отыра тапсырма беріледі. Л.С.Выготскийдің
айтуынша жақын арадағы даму аймағы балалардың тапсырмаларды
ересектердің жетекшілігімен және қабілетті құрдастарымен ынтымақтастықта
орындай алуымен анықталады. Бұл әр оқушының даму жолын анықтайды.
«Бүгін бала ынтымақтастықта жасай алғанын, ертең ӛзі орындай алады».
Осы талаптаға кӛбірек жауап беретіні бағыттаушы кӛмек. Бұндай
кӛмектің негізгі екі түрі ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |