ЖАҚЫН АРАДАҒЫ ДАМУ АЙМАҒЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
ЖАДА – оқушының ӛз бетінше шешкен міндеттердің кӛмегімен
анықталған ӛзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және
анағұрылым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы
анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық [13, 24б.].
Л.С.Выготскийдің айтуынша жақын арадағы даму аймағы балалардың
тапсырмаларды
ересектердің жетекшілігімен
және
қабілетті қҧрдастарымен
ынтымақтастықта
орындай алуымен анықталады. Бұл әр оқушының даму
жолын анықтайды. «Бүгін бала ынтымақтастықта жасай алғанын, ертең ӛзі
орындай алады». Бұл қолдау түрі сынып ішіндегі қарым-қатынасты қамтиды
және де Выготский бұл оқытудың негізгі құралы деп есептеген. Тӛмендегі
суретте [13, 25б.] шыңға ӛрмелеушінің жартасқа шығу кӛрінісі ұсынылған, онда
күрделі қимыл жасауға ұмтылған шыңға ӛрмелеушінің мақсатқа жетуде қолдау
алғаны кӛрсетілген. Шыңға ӛрмелеуші ӛзінің оқу қызметінде жақын арадағы
даму аймағына кіруде.
Тапсырмаларды орындауда мазаланып отырған оқушыларға еселенген
кӛмек беріледі. Бұл қолдауды бір оқушы кӛп, бір оқушы аз алады деген сӛз
емес. Керісінше қолдау мен кӛмекті кӛбірек қажет ететін оқушының жұмысын
жандандыра түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |