Методическое пособие қостанай, 2016 ОӘЖ 159. 9 Ббж 88. 4 І 98



бет2/13
Дата28.01.2018
өлшемі2,26 Mb.
#34705
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

КІРІСПЕ

Неге адамдар өз еркімен өмірден кетеді? Бұл өте қиын сұрақ. Біреулер оны күш белгісі, ал басқалары – әлсіздіктің белгісі деп есептейді. Психологтар мен социологтар осы сұраққа жауап беруге және өзін-өзі өлтірушіліктің саны заманның тарихи фонға (төнкерістер, соғыстар, түбіргі өзгерістер, аштық, қайта құрулар, реформалар және т.б.) қандай тәуелділігін анықтауға тырысқан.

Біздің заманымыз өмірдің төмен деңгейімен, нормативтік-құндылық бағыттанудың өте қатаң, қарама-қарсы ауысымымен сипатталынады. Осыған тағы да қоғамдық өмір мен мінездің жанжалдығын, тұрақты «күйзеліс жағдайлары», болашақтың алдында қарапайым ашық болуы, қазіргі жағдайымен «жалпыйтуы» және «жайлы өткен шақта» жасырынуға мүмкіндігі жоқтығын қосайық. Осыған әрбір адам шыдай алмайды. Өмір өте қиын, өте жауапты және еркін болып табылды. Қазіргі заман осы қөзқараста өте қатал және шыдамсыз екен деп есептеуге аңқаулық болады. Бұрында ХІХ ғасырдың ақыны : «Осыдан да жаман кездер болатын, бірақ осы өте арам екен...», - деп айтты. Монголдық-татарлық қанау, ХVII ғасырдың басында болған тұнжырау, дін, азаматтық соғыстар, сонымен қатар әке баласына, бауыр бауырына шабу жасау кездері туралы сияқты айтуға не болады...

Өзін-өзі өлтіруге жеке себептер бар шығар. Өмірден, мұраттан көңіл қалуы, бақытсыз махаббат, жаза қауіп-қатері, жаман тұқым қуалаушылық, отбасылық драмалар және басқасы. Ал А.Матросовты, Н.Гастелло, М.Казейді және фашизммен күресуге өз өмірін берген тағы басқа атақты және атақсыз ерлерді өзін-өзі өлтіруші деп атауға бола ма?

Суицид – бұл қоғамдық мәселе. Үндемей қалу – бұл осы көріністің себептерімен күресі және алдын алудың жақсы тәсілі емес екені анық. Жақын уақыттағының жағдайларымен мәжбүрленген әлеуметтік ширақтық ақиқаттың өткір бұрыштардан өтуге болжамдаған. Талқылауға қажет емес мәселелер, сонымен қатар – өзін-өзі өлтіру (суицидтер) санының өсуі жақшаның сыртына шығарылатын. Ішкі істер органдары үшін мәселенің өзектілігі келесімен ескертілген: ІІО қызметкердің қырғынның үш оқиғада (ТЖ зонадағы жауынгерлік шығындарды алып тастағанда), екеуі – бұл өзін-өзі өлтіру жағдайлары. Қызметке қабылдауда медициналық, физикалық, психологиялық және басқа санаттары бойынша іріктеуді жүргізіп, аяғында қызметкерлердің өзін-өзі өлтіру оқиға санын өсу нәтижесі бізді қатты мазалайды. Статистикалық мәліметтері ішкі істер органдары өзін-өзі өлтіру себебі бойынша кәсіби жағынан кәмелетке жеткен қызметкерлерден айырылатынын куәландырады.

Өзін-өзі өлтіру – бұл суицидалдық ойларды туындаған жанжал фазадан бастап, оның шарықтау шегі мен постсуицид сияқты әр фазасында одақтасуға мүмкіндігі бар әлеуметтік және жеке дезадаптация, абыржу тізбегінің ақырғы буыны болып табылады.


1. СУИЦИД ТҮСІНІКТЕМЕСІ. СУИЦИД САНАТТАРЫН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕСІ




    1. Суицидтің түсініктемесі, белгілері және фазалары.

    2. Суицидалдық актілерінің типологиясы.

    3. Постсуицидалдық кезеңнің типологиясы.

1.1. Суицидтің түсініктемесі, белгілері және фазалары


Суицид – өзін-өзі өлтіру дегенді білдіретін ғылыми термин.

Суицидент – өзіне қол жұмсаған адам.

Суицидалдық оқиға – өзін-өзі өлтіру акт немесе оны жүзеге асыру талаптары.

Аяқталған суицид – біле тұра өзіне қол жұмсау.

Өзін-өзі өлтіру әрекет - өлімге апаратын өзін-өзі құртудың байыпты әрекеті.

Суицидалдық қимыл – өлімінің себебі бола алмайтын өзін-өзі жою әрекеті.

Өзін-өзі өлтіру қауіп-қатері – өз-өзіне жою ықыласын көрсететін пікір. Бұл тіпті қалжыңдаған түрде немесе өзіне назар аударту мақсатымен айтылса да, осыған байыпты қарау қажет.

Суицидалдық мінез-құлық – бұл бастан өткізетін микроәлеуметтік жанжал жағдайдағы тұлғаның әлеуметтік-психологиялық дезадаптациясы болып табылады.

Суицидент жиынтығы үш негізгі диагностикалық санаттарымен көрсетіледі:


  • психикалық ауру сырқаттары;

  • шекаралық жүйке-психикалық ауру сырқаттары;

  • психикалық қатынастағы сау адамдармен.

Диагностикалық тиесілікке қарамай, суициденттердің барлықтарында тұлғаның әлеуметтік-психологиялық дезадаптациясының объективтік және субъективтік белгілері болады.

Объективтік түрде дезадаптация ең жақын жамағат ортасында адамның мінез-құлығының өзгеруімен, өз әлеуметтік функцияларымен ойдағыдай орындау мүмкіндігінің шектеуімен немесе мінез-құлықтың патологиялық трансформациясымен байқалады.

Дезадаптацияның субъективтік әлпеті жағымсыз түрі бар психологиялық қиналулардан (алаңдау, қайғы, ішкі ауру, өкпелеу, ұят, ашуы, ызалану) бастап білініп тұрған психопатологиялық синдромдарға дейін (астения, дистимия, дептессия және т.б.) сияқты психоэмоционалдық қозғаудың кең гаммасы болып табылады. Сонымен, ауыру түсінігіне тең емес әлеуметтік-психологиялық дезадаптация патологиялық және патологиялық емес екі деңгейде көрінеді.



Дезадаптация патологиялық деңгейіне клиникалық психиатриядағы таныс нозологиялық бірліктер, жағдайлар, реакциялар мен фазаларды қосуға болады.

Патологиясы жоқ дезадаптация – бұл ауруымен байланысты емес мысалы, әлеуметтену мен өнегелі тәрбиелеуінің аздығынан, тұлғаның әлеуметтік тиімсіз қондырғыларынан, тіршіліктің жағдайлары мен өмірлік стереотиптерінің шұғыл аусымынан, жоғары маңызды қатынастың ажырауынан (жақындарынан айырылудан), құнды әлеуметтік қатынастың дағдыларымен жеткіліксіз меңгеруден субьектінің мінез-құлқындағы және жан құбылысындағы ауытқушылықтары болып табылады.

Әлеуметтік-психологиялық дезадаптациясының фазалары.

Суицидті тудыратын әлеуметтік-психологиялық дезадаптациясында екі фазаны бөледі: алдындағы диспозициялық және суицидалдық.

Дезадаптацияның алдындағы диспозициялық фазада өзінің үш негізгі диагностикалық санатында әрқайсысында ерекше және субъективтік көріністері болады және суицидалдық мінез-құлығымен қосылмайды.

Суицидалдық фазада суицидалдық үрдістен туылған кезден басталып, өз өміріне қастандық жасау кезеңіне дейін жалғасады, дезадаптациялық процесс барлық бастапқы деңгейлерді мен бейімделудің бұрыннан өндірілген түрлерін жоққа шығаратын жалпы «соңғы жол» бойынша жүреді.

Барлық диагностикалық санаттарында диспозицияның алдындағы диспозициялық фазадан суицидалдық фазаға ауысуының шешуші мағынасы жанжал болып табылады. Тұлғаның басынан өткізілетін жанжал екі немесе бірнеше әртүрлі бағытталған үрдістен құрылады, біреуі негізгі, дәл осы уақытта осы адам үшін өзекті болады, ал екіншісі – онымен қанағаттануға кедергі үрдісі болып табылады. Жанжал ішкі немесе сыртқы болады.



Ішкі жанжал жайдайда оның екі жақтары тұлғаның ішінде орналасатын сияқты болады (мысалы, борыш пен құмарлық, ықылас пен мүмкіндік, бауыр басып қалу пен көңіл қалу).

Сыртқы жанжал жағдайында оны құрайтың үрдісінің береуі тұлғаның сыртында орналасады және қажеттілікті қанағаттандыруға қарсы болатын сыртқы жағдайдың элементі болып табылады (тыйым, бұйрық, талап және т.б.).

Кейбір кезде жанжал аралас сипатын білдіреді.



Жанжалдың келесі түрлері бар:

- оқшаланған – генералдық;

- алғашқы (негізгі) – екінші (туынды);

- автономиялық (ақиқат агентімен) – көшірген (ауыстырылған агентімен).



Жанжалдың генерализациясы алғашқы жанжалдың жергілікті негізімен байланысты жаңа агенттерді жанжал қатынасына тартып, тұлғаларды еліктіру болып табылады.

Жанжалдың трансформациясы алғашқы жанжалдың негізінде басқа қандай да болса салада саладағы екінші туынды жанжал туатыны болып табылады.

Жанжалдың көшіруі – бұл басқа саладағы қатынастардың ақиқат объектісінен алмастырушы объектіге жанжалдық икемдеу бағытының өзгеруі болып табылады.

Алғашқы сыртқы жанжал үш бағыт бойынша дами алады (әр қайсысы бөлек немесе үйлестіру жағдайында). Жанжал қатынастардың жетілдіру нәтижелері бойынша шын негізінен ығысуы және суициологиялық диагностика процесінде бола алатын мінез-құлықтың себептерін жасыруы болуы мүмкін.

Жанжалдың күші мен кернеулілігі оны құрайтын үрдістерінің ара қатынасына тәуелді болады – күштердің ерекшелігі қатты көрінсе, жанжал оңай шешіледі; қиын, шешімін таппайтын және экстремалдық шегі пайда болатындай күштері тең үрдістері бар жанжал болып табылады.

Жанжалды шешуі өткізілетін саланың маңыздылығына, бейімделу қорына тәуелді болады. Жанжалдың саласы маңызды болғандықтан, бейімделу қорларға үлкен талаптар қойылады. Олардың әлсіздік жағдайында, басқалай айтса диспозиция алдындағы бейімсіздену жағдайында және жанжал жағдайын өзгертуге мүмкіндігі жоқтығынан әртүрлі әрекет жасауға өзін-өзі жою тәсілі сияқты суицид ықтималдығы қатты жоғарылайды.


Суицидогендік жанжалдың фазалары

Суицидогендік жанжал дезадаптация сияқты екі фазадан өтеді: диспозиция алдындағы және суицидалдық.



  1. Диспозиция алдындағы фаза суицидалдық актінің алғышарты болып табылады.

Ол әртүрлі себептермен байланысты болуы мүмкін:

  • іс жүзіндегі (сап-сау адамдарда);

  • тұлғаның үйлесiмдi құрылымында (шекаралық патологияда);

  • патологиялық жан құбылыстарда (аффективті, сандырақ, елестеушіліктік) психотикалық (псевдореалдық).

Әр түрлі себептерге қарамастан субъект үшін шиеленістің ауыр жан құбылысымен және оны жоюға ұмтылысымен сүйемелденген жанжалдың ақиқат сипаты болады.

  1. Суицидалдық фаза - жанжалды өзін-өзі қиратумен жанжалды жою процесі болып табылады. Дезадаптацияның диспозиция алдындағы және жанжалдың фазалары суицидалдық фазаға өзгертуі осы субъектіге жанжалды шешу жолдарын білетін шектелген санымен, сонымен қатар осы жанжалды шешу жолдарын субъективтік бағалауымен сипатталатын сыни тармағынан өтетінін белгілеу қажет.

Дезадаптация мен жанжалдың себептеріне, жағдайларына және түрлеріне қарамай өзін-өзі өлтіру туралы шешім қабылдауы жанжал жағдайды өндеудің қажетті тұлғалық кезеңін болжамдайды. Суицидалдық мінез-құлқы әрқашан субъектінің жеке мінездеме жүйесімен және айналадағы әлеуметтік сала қарым-қатынасының ерекшелігімен байланысты болады.

Осындай заңдылық сау адамдарда және психозбен және шекаралық түрімен ауыратын науқастарда көрінеді. Клиникалық түрде анықталған ауру дерт белгілері болса да, суицидалдық мінез-құлық психикалық патологиямен тікелей тәуелділігі жоқ. Терең психопатикалық бұзылу жағдайда (аффекілік-саңдырау және елестеу синдром кезінде) «псевдореалдық» жанжал жағдай тұлғаны негізгі қоңдырғылар арқылы икемдейді, осындай жағдай мінез-құлықтың осы немесе басқа түрін таңдауын анықтайды (пассивтік, белсенділі, суицидалдық, жауығушылықтық және басқа).

Сонымен, әр суицидалдық мінез-құлықтың жағдайында шығу тегі оның саладағы, жеке және патологиялық (психикалық шалдығулар болған кезде) факторлардың ара қатынасымен анықталады. Сол кезде психикалық жағдайлардан бастап, шекаралық шалдығуларға және әрі қарай дені сау тұлғалардың сипаты реакцияларға жекелік және саладағы факторлардың рөлі жоғарылайды.
Дайындалынатын өзін-өзі өлтіру жағдайдың белгілері:


  1. Өз істерін тәртіпке келтіру – құңды заттарды үйлестіруі, оларды қораптарға салу. Адам алқа-салқа болып жүріп, аяқ астынан бәрін ретке келтіре бастайды. Ақырғы нұсқауларды береді.

  2. Қоштасу. Әр түрлі адамдарға өмірдің әр түрлі уақытта көмек көрсеткен үшін алғыс білдіру түрі болуы мүмкін.

  3. Сырттай қанағаттану – қуат күші келуі. Өзіне қол жұмсау шешім қабылданса, жоспар құрылса, осы тақырып бойынша ойлар мазаламайды, қуаттың артығы пайда болады. Адам сырттай босаңсытады – өзін-өзі өлтіру ойынан бас тартқан сияқты болған көрінеді. Төмен депрессияға қарағанда күштің келуі қауіпті болады.

  4. Жазбаша нұсқаулар (хаттарда, жазбаларда, күнделікте).

  5. Ауызша нұсқаулар немесе қауiп-қатерлер.

  6. Қызбалы адамдарда ашудың тұтануы.

  7. Жоғарыда айтылған белгілер пайда болатындай, жақын адамды жоғалтуы. Үйден айырылуы.

  8. Ұйқысыздық.


1.2. Суицидалдық актілерінің типологиясы
Бірінші типологиясы мақсат санатында негізделеді және сырттай ұқсас өзін-өзі зақым келтіру суицидалдық мінез-құлқын шектеуге және көрініс-бопсалықтан шын суицидтерді ыңғайластыруға мүмкіндік береді.

Шынымен өзін-өзі өлтіру, қастандық пен үрдістер мақсаты өзіңді өмірден айыруы болып табылады. Соңғы нәтижесі ретінде ажал болжамдалады, бірақ мүдделі болған ажалдың дәрежесі түрліше болғандықтан, ол суицидалдық үрдістердің жүзеге асыру жағдайлары мен тәсілдеріне әсер береді.

Көрініс-бопсалықтан шын суицидтік мінез-құлықтың мақсаты өзін өлтіру емес, осы ниеттің көрінісі болып табылады. Бірақ ақиқат жағдайларды дұрыс бағаламау себебіне орай, осындай көрініс аяқталған суицидпен бітеді.

Суицидалдық мінез-құлыққа қарағанда, өзіне зақым келтіруі ажал туралы білуімен мүлде байланысты емес. Оның мақсаты осы немесе басқа мүшеге зиян келтірумен шектеледі. Жалпы айтқанда, басқа мақсаттарымен бағытталған, өмірге қауіп-қатер туғызатын әрекеттерді қолайсыз жағдайларға апаруға болады.

Мақсатқа қарай ұқсас операциялар әртүрлі белгіленеді. Мысалы, білек жақтағы ұстарамен кесілуі келесіге жатады:


  • шын суицидалдық әрекеттеріне (егерде қан кетуден ажал болу мақсаты болған кезде);

  • қыр көрсету-бопсалық қастандықтарға (айналадағыларға өлуге ниетін көрсету мақсаты, бірақ өлімге жетпеуі);

  • өз-өзіне зақым келтіруге (егерде мақсаты физикалық ауруды сезіну ықыласымен шектелсе, осындай жағдай психопатикалық тұлғаларда аффективтік күйде болған кезде);

  • қолайсыз жағдайларға (егерде, мысалы, сандырақ ойлар бойынша өз-өзін кесуі «қаннан жын-шайтандарды шығару» мақсатымен істелінсе).

Екінші типология, әрекет мақсаты - суицид – және әрекеттің ынтасының бір-бірімен сәйкес келмейтін қатынасы болып жекелік мағына санатында негізделген.

Суицидалдық мінез-құлықтың тұлғалық мағынасының бір мағыналылық еместігі анық және жалпы алғанда келесі түрлерімен көрсетіледі:



  • наразылық, кек;

  • шақырылу;

  • құтылуы (жазадан, азап көруден);

  • бас тарту.

«Наразылық» - объективтік буыны субъектімен қатынасы бойынша қастықпен немесе жауығушылықпен қарайды, ал суицидтің мәні объективтік буынға теріс әрекетінде болып, жанжал жағдайда туындайды.

«Кек» - наразылықтың нақты түрі, дұшпандықтың қоғамға нақты зиян келтіруі. Осы мінез-құлқының түрі жоғары өзін-өзі бағалауы және өзінің құңдылығын білуін, тұлғаның белсенді және жауығушылықтық позициясын білдіреді.

«Шақырылу» - осы суицидалдық түрінің мәні жағдайды өзгерту мақсатында сырттан көмегінің белсенділігін оятуда турады. Осы жағдайда тұлғаның позициясы белсенді емес.

«Құтылуы» (жазадан, азап көруден) - осындай суицид түрінде жоғары өзін-өзі бағалаудың қарсы тұратын жанжалдың мәні жекелік немесе биологиялық тіршілік етуге қауiп-қатерде тұрады. Суицид мағынасы өзін-өзі жою жолымен шыдауға болмайтын қауіп-қатерден қашуда болып табылады.

«Өзін-өзі жазалау» - бұл жанжал, ішкі бөлшектену артықшылығы кезде «Мен», б.а. «Мен – төрешімін» және «Мен – сотталушымын» сияқты «тұлғаның ішкі жоспарындағы наразылық» болып анықталады.

«Бас тарту» - тіршіліктен бас тарту, мақсаты – өзінді өмір суруден айыруы.

Жоғарыда айтылған суицидалдық мінез-құлқының түрлері суициденттің жасына, тұлға үлгісіне, суицидке апаратын жағдайына тәуелді екенін көрсетеді.

Сонымен, жас шағында (18-30 жасқа дейін) суицидалдық мінез-құлқының наразылық пен шақыратын түрлерінің басымдылығы байқалады. 45 жастан кейін «азап шегуден қашуы», «өз-өзін жазалауы» және «бас тарту» түрлері сияқты суицидтер басым болады.

Эгоцентризм, жағымсыздық және эмоционалдық тұрақсыздығы бар инфатилдік түрдегі тұлғаларда наразылық пен шақыратын суицидалдық мінез-құлқы жиі кездеседі.

«Бас тарту» және «құтылу» үлгілер туралы айтқанда, олар өз тіршіліктің тұлғалық мәнін жоғалтуымен байланысты болады (мысалы, жақын адамды жоғалтуы; емделмейтін қатты аурымен; бұрынғыдай жоғары маңызды рөлдерді атқаруға мүмкін еместігімен; жалғыздық сезімімен). Осындай суицидалдық мінез-құлық түрінде суицидалдық көңілдер дерлік біреудің алдында кінәлі қатты сезім себебінен пайда болады. «Бас тарту» кемел, «терең» тұлғаларды сипаттайды және өзі шыдамайтын жағдайға қатынасын, сонымен қатар барлық әлеміне философиялық пессимистикалық қатынасын білдіреді.

Суицидтің көрсетілген типтерінің біреуі жетекші болып, басқалары оған қосылады немесе олар болмауда мүмкін.


1.3. Постсуицидалдық кезеңнің типологиясы
Өзін-өзі өлтіру әрекетінен кейінгі басталатын постсуицидалдық кезең келесі құрамдастың жиынтығынан құрылады: өзін-өзі өлтіруге апарған жанжал жағдай; суицидалдық акті; суицидті тоқтату ерекшеліктері мен реанимациялық шаралары; суицидтен кейінгі жаңа жағдай мен оған жеке қатынасы және т.б.

Постсуицидтің басты сәттері:



  • жанжал және оның тұлға үшін маңыздылығы;

  • суицидалдық шешімді қабылдауы;

  • суицидалдық мақсатқа жеке қатынасы.

Өзін-өзі қол жұмсау әрекетінен кейінгі жақын арадағы постсуицидте келесі үш сәт анықталады:

  1. Суицидогендік жанжалдың өзектілігі.

  2. Суицидалдық үрдістерінің белгілеу дәрежесі.

  3. Атқарылған әрекетке қатынасының ерекшеліктері.

Осындай критерийлері келесі постсуицидалдық жағдайларын белгілеуге мүмкіндік береді:

Сын үлгісі. Жанжал өз өзектігін жоғалтқанымен сипатталады. Суицидалдық әрекет «шиеленісушілікті сиретіп», «үзілген» әсерге апарды. Суицидалдық себебі (үрдісі) жоқ. Атқарылған әрекетке жағымсыз қатынас, айналадағылардың алдында ұят сезімі пайда болып, суицидалдық әрекеттен ықтимал ажалдың алдындағы қорқыныш сезімі туындайды. Адам жанжал «құрбандыққа лайықты емес екенін», өмірге қастандық жасағаны жағдайды өзгертпейтінін және оны шешпейтінін түсінеді.

Манипулятивтік үлгісі. Жанжалдың өзектілігі бірталай азаяды, бірақ бұл қалыптасқан жағдайға және оның жағымды жаққа өзгеруіне адамның суицидалдық әрекет көмегімен пайда болғандығымен сипатталады. Суицидалдық үрдістері жоқ. Атқарылған әрекеті бойынша ренттік қатынас - ажалдың алдындағы қорқыныш пен ұят сезімдері пайда болады; бірақ адам суицидалдық әрекеттер айналадағы жағдайға әсер ететін құралы мен өз мақсаттарына жетудің әдісі болып табылатыны өз есіне сақтап қалады. Осы суицидалдық жағдайдың үлгісінде жанжал жағдайлардағы қайталанған суицидтің мүмкінділігі жоғарылайды, ал өмірге қауіптілігі азаяды. Шын қастандық үрдістің көрінісі бопсалыққа айналады.

Аналитикалық үлгісі. Жанжал бұрынғыдай суицидент үшін өзекті болып табылады. Суицидалдық үрдістері жоқ. Әрекетке қатынас жағымсыз болады – адам атқарылған қастандық үшін өкінеді, өзін-өзі өлтіру жанжалды шешудің әдісі болмайтынын түсінеді. Жанжал өзекті болғандықтан, адам оның басқа шешу жолдарын іздейді. Егерде осындай жолдар табылмағанда, онда осы кезде аффекттен болған «ойланбаған қадам» емес, «тұйықтан шығатын жалғыз шығатын» жалғыз әрекет болып, қайталынатын суицид болатыны мүмкін. Осы кезде ажал нәтижесінің қауіптілігі жоғарылайды.

Суицидалдық-белгіленетін үлгісі. Қақтығыс өзекті болады. Суицидалдық үрдістері сақталады. Суицидке қатынас – оңды болып, «басқа жол көрмеймін» сияқты мәлімдеудегі сияқты вербалдық түрде көрінеді. Осы постсуицид үлгісінде адам өзі үшін қауіпті болады, және суицидалдық әрекет пресуицидті үзбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет