Конвенция мынадай басты қағидаттарға ықпал етеді:
Мемлекеттер әрбір баланың осы Конвенциямен көзделген, оның ата-анасының немесе қамқоршысының қандай да бір кемсітушіліксіз нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарамастан, барлық құқықтарын қамтамасыз етулері тиіс (2-бап).
Жеке, мемлекеттік немесе қоғамдық нысандағы мекемелердің, соттардың, әкімшілік немесе атқарушы органдардың балаларға қатысты қолданатын іс-әрекеттерінің бәрінде де ең бірінші кезекте баланың мүддесі тұруы тиіс (3-бап).
Әрбір баланың өмір сүруге, есім, азаматтық алуға, өзінің ата-анасын білуге, олардың қамқорлығына ие болуға деген ажырамас құқығы бар. Мемлекет оның тірі қалуына, денелік, ойлық, рухани, әлеуметтік және мәдени дамуды қоса жан-жақты дамуына кепілдік беруі тиіс (6-бап).
Бала тыңдалу құқығына ие. Балаларға өмірге қатысты барлық мәселелерді шешуге, өз пікірін еркін жеткізуге мүмкіндік берілуі тиіс (12-бап).
Конвенцияда мынадай маңызды құқықтар берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |