Метрология, стандарттау



бет35/57
Дата04.04.2023
өлшемі7,48 Mb.
#173730
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57
Байланысты:
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері

Компаратор — бұл өлшенетін шаманы эталонмен салыстыруға арналған өлшеу аспабы, мысалы теңиықты таразылар мен электрөлшеуіш потенциометрлер. Бір ғана шаманы өлшеу аспаптардың көрсеткіштерін салыстыру мүмкіншілігі болмағанда компаратор қажеттілігі туындайды. Кез келген СИ компаратор бола алады, егер де ол тексеру және эталонды өлшеу аспабының белгілеріне бірдей жауап қайтарса.
Өлшеу аспаптарын тексеру төмендегідей жүргізіледі:

  • өлшенетін шаманы разрядқа немесе дәлдік класына сәйкес жұмыс эталондарымен қайта өлшенетін шамамен салыстыру әдісі арқылы. Өлшем шығарылымында шама мәндері тең сәйкестіктермен таңдалады, жиі ретте аспап межеліктерінің цифрланған белгілерімен. Өлшем нәтижесімен және оған сәйкес эталон өлшемі арасындағы ең үлкен айырмашылығы аспаптың негізгі қателігі;

  • бір уақытта сол бір ғана шаманы өлшеу кезінде тексеру және эталонды аспаптардың көрсеткіштерін салыстыру әдісімен. Олардың көрсеткіштерінің айырмашылығы тексерілетін СИ абсолютті қателігіне тең.

Тексерудің өзге де әдістері бар.
Рауалы эталонды қателіктермен тексеру өлшеу құралдары арасындағы тиімді қатынасты таңдау тексерудің маңызы болып табылады. Тексеру кезінде үлгілі СИ көрсеткіштеріне түзетулер енгізілгенде бұл қатынас 1:3 деп алынады. Егер де түзетулер енгізілмесе, эталонды өлшеу құралдары 1:5 қатынасынан таңдалады.
Разрядты эталондар мен СИ жұмыс түріндегі мемлекеттік эталонның метрологиялық бағыныштылығын анықтайтын өлшемнің өлшем бірліктерін эталоннан СИ жұмыс түріне дұрыс беру үшін тексеру сұлбаларын құрайды. Мемлекеттік тексеру сұлбалары СИ барлығына таралады.
Оқшауланған тексеру сұлбалары метрологиялық ведомство органдарына, оларға бағынышты кәсіпорындармен нақты кәсіпорындарға арналған. Барлық оқшауланған сұлбалар мемлекеттік тексеру сұлбаларымен анықталған бағыныштылық талаптарына сәйкес болуы керек.
Өлшеу құралдарын өндірістен жасап шығаратын немесе жөңдейтін, қолдану үшін әкелетін заңды және жеке тұлғалар СИ міндетті түрде тексеруге ұсыну қажет. Тексеру кестесін СИ иелері арқылы көрсетілген мерзімге сай құрайды.

3.11.4 Өлшеу құралдарын мөлшерлеу.


Өлшеу құралдарының метрологиялық түзетулерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік метрологиялық қадағалау және бақылау міндетті болып табылмайтын қызмет саласында мөлшерлеу қолданылады.
Өлшеу құралдарын мөлшерлеу (мөлшерлеу жұмыстары) – бұл метрологиялық сипаттардың нақты мәндерін және (немесе) мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалауға жатпайтын СИ қолдануға жарамдылығын анықтау мен растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы.
Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалауға жатпайтын салалардағы өлшем біртұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған қызмет субъектілерімен мөлшерлеу жұмыстарының жиынтығы бұл мөлшерлеу жұмыстарын жүргізу үшін құралған Қазақстандық мөлшерлеу жүйесі (ҚМЖ). Мөлшерлеу жұмыстары ұйымдастыруға және жүргізуге қойылған арнайы көрсетілген талаптар негізінде әрекет етеді. Қазақстандық мөлшерлеу жүйесі өлшеу құралының ведомстволық тексерудің және метрологиялық аттестаттаудың орнын ауыстырады.
Мөлшерлеу жұмыстарын жүргізетін ұйымдар көрсетілген ережелерге сәйкес мөлшерлеу кезінде қолданылатын эталондар, қондырғылар және өзге де өлшеу құралдары мөлшерлеу құралдарына ие болулары қажет. Олар бірлік өлшемдерін мемлекеттік эталоннан мөлшерленетін өлшеу құралдарына беруді қамтамасыз ету қажет.
ҚМЖ қызметінің негізгі бағыттары:

  • мөлшерлеу жұмыстарын жүргізу құқығына ие болу үшін заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін аккредиттеуден өткізетін органдарды тіркеу;

  • мөлшерлеу жұмыстарын жүргізу құқығына ие болу үшін заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін аккредиттеу;

  • өлшеу құралдарын мөлшерлеу;

  • мөлшерлеу жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптарға аккредиттелген метрологиялық қызметтерді қадағалау үшін инспекциялы бақылау.

Қазақстандық мөлшерлеу жүйесінің шеңберіндегі мөлшерлеу жұмыстарын жүргізу құқығына ие болу үшін заңды тұлғалардың метрологиялық қызмет орындарын аккредиттеуді сәйкес аккредиттеуші органдар жүргізеді, олардың басты міндеттері:

  • өз мамандандырылуына сәйкес метрологиялық қызмет орындарын аккредиттеу және инспекциялы бақылауды жүргізу;

  • мемлекеттік немесе халықаралық эталондардан аккредиттелген метрологиялық қызметтерге өлшем бірліктерін беру;

  • қарастырылып отырған маманданудың мөлшерлеу қызметі бойынша нормативті құжаттардың қорын әзірлеу, қалыптастыру (жинақтау) және жаңғырту;

  • СИ мөлшерлеу құқығына ие болу үшін метрологиялық қызмет орындарына аккредиттеу аттестатын рәсімдеу және беру, аккредиттелген метрологиялық қызмет орындарының ҚМЖ тізіліміне енгізу үшін материалдарды ұсыну;

  • мөлшерлеу немесе мөлшерлеу белгілері туралы шет ел сертификаттарын мойындау жайында шешімді қабылдау және қабылданған шешім туралы мүдделі заңды тұлғаларға жеткізу;

  • СИ мөлшерлеу туралы сертификаттарды аккредиттеуші органдар атынан берілген іс-әрекетті болдырмау немесе тоқтату;

  • аккредиттелген метрологиялық қызмет орындарының тізімін жасау және аккредиттеу шешімдері туралы ақпаратты жариялау үшін дайындық жүргізу;

  • қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру;

  • СИ мөлшерлеу бойынша нормативті құжаттарды метрологиялық сараптаудан өткізу;

  • СИ мөлшерлеу нәтижелерін мөлшерлеу және рәсімдеу. Заңды тұлғалардың аккредителген метрологиялық қызмет орындары ҚМЖ негізі болып табылады, олар атқаруға қойылатын талаптарды орындауға міндетті және мөлшерлеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету керек, аккредиттеу талаптарына сай болуы қажет, аккредиттеу аумағына кіретін аумақтарда ғана мөлшерлеуді жүргізулері керек, сонымен бірге өз эталондарын көрсетілген мерзімдерге сай тексерулері қажет.

Мөлшерлеу жұмыстарын жүргізетін метрологиялық қызмет орындарында келесі шарттар болуы қажет:

  • көрсетілген ережелерге сәйкес мөлшерлеу кезінде қолданылатын тексерілген және сәйкестендірілген мөлшерлеу құралдары;

  • мөлшерлеу жұмыстарының ұйымдастырылуын және жүргізілуін регламенттейтін құжаттар. Оларға аккредиттеу аясына жататын құжаттар, өлшеу және мөлшерлеу құралдарының құжаттамалары, мөлшерлеуге, мөлшерлеу рәсімдеріне және оның мәліметтерін пайдалануға қажетті нормативті құжаттар жатады;

  • кәсіби дайындалған және білікті қызметкерлер;

  • нормативті талаптарды қанағаттандыратын бөлме.

Мөлшерлеу нәтижелері СИ салынатын мөлшерлеу белгісімен немесе мөлшерлеу туралы куәлікпен, сонымен қатар қолдану құжаттарындағы жазбамен куәландырады.
Мөлшерлеу жұмыстарына қойылатын негізгі талаптар арнайы «Мөлшерлеу жұмыстарын ұйымдастыру және орындау бойынша басшылық» құжатында көрсетіледі. Ол келесі негізгі бөлімдерді айқындайды: сапа аясындағы саясат, қызмет көрсету аясы, мөлшерлеу құралдары және құжаттама, қызметкерлер мен бөлмелер.
СИ мөлшерлеуі тексеру кезіндегі әдістермен жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет