Метрология, стандарттау


Техникалық регламенттерді әзірлеу кезінде міндетті сәйкестікті растау формалары мен сұлбаларын таңдау



бет19/57
Дата04.04.2023
өлшемі7,48 Mb.
#173730
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
Байланысты:
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері

2.4 Техникалық регламенттерді әзірлеу кезінде міндетті сәйкестікті растау формалары мен сұлбаларын таңдау

«Техникалық реттеу туралы» Заңмен сәйкестікті міндетті растаудың міндетті сертфикаттауы – декларациялау екі нысаны анықтайды. Өнімдердің нақты түрлері үшін сәйкестікті міндетті растау нысандары және сұлбалары техникалық регламенте мінсіз түрде көрсетіледі және мұнда сұлбалар құрамы рәсімдердің өткізілу мерзімінің және өнімнің ерекшелігін ескеретін өтініш беруші шығындарының сақталуын қамтамасыз ету керек.


Сәйкестікті міндетті растау сұлбаларын таңдау Заңмен қарастырылған растау формаларының кез келгені үшін келесі критерилерге негізделуі қажет:
1) зиян келтіру қаупінің дәрежесі;
2) өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштер сезімталдығының өндірістік факторларға әсері;
3) өнімнің күрделілік дәрежесі.
Сәйкестікті міндетті растау нысандары мен сұлбалары тауарлардың еркін орын ауыстыруларына жағдай жасауды қамтамасыз етуі қажет. ТР талаптарына техникалық реттеу объектілерін растау ерекшелігі біздің елімізде екі қағидалы мезеттерден тұрады:
— ЕО міндетті растаудың жалғыз нысаны болып табылатын декларациялаумен қатар Заңмен екінші нысаны қарастырылған, ол – міндетті сертификаттау;
— Заңмен анықталған декларациялау сұлбалары типтің сертификатталуы (В модулі), декларацияланған өнімге инспекциялы бақылау, жобаны сертификаттау, яғни түрленген еуропалық модулдермен қарастырылған элементтер сияқты еуропалық модулдер элементтерін қолдануға жол бермейді.
Қазақстанның Мемстандартының Ұсыныстарында көрсетілген ерекшеліктерді есепке ала нысандарды таңдауға блок-сұлбаларды және сәйкестікті міндетті растау сұлбалары ұсынылады (2.4.1-сұлба).


2.4.1- сұлба – Техникалық регламенттеудегі міндетті сәйкестікті растаудың түрлері мен сұлбаларын таңдау блок – сұлбасы


Блок-сұлбаға сәйкес міндетті сертификаттау сияқты осындай міндетті растау нысынын анықтау үшін үш негіз болуы мүмкін:


1) өнімнің нарықты арнайы қорғау шараларымен үйлесуіндегі қарымды қауіптің жоғары дәрежесі;
2) халықаралық келісімдер аясына нақты өнімнің қатысы, оған Қазақстан да қосылған (электржабдықтары, көлік құралдары және т.б.);
3) нақты өтініш берушімен декларацияның қабылданбауы (ҚР аумағында шет елдік жасаушының уәкіл өкілінің болмауында немесе тапсырыс берушінің ТР қарастырылған көлемде өзіндік растау дәлелдерін қамтамасыз ете алмаған жағдайда).
Міндетті сертификаттау сұлбаларын қарастырсақ, онда олар ИСО ұсынылған сұлбалар сандарынан таңдалуы керек, сонымен бірге қазақстандық тәжірибеде қолданылатын құжаттарымен анықталған Қазақстан Республикасында сертификаттауды жүргізу ережелерімен өтініш-декларацияларды қарастыруға негізделген сұлбаларды алып тастау ұсынылады. Сәйкестікті растау формасын таңдаудағы ұсынылатын жол қажетті дәлелді базаны қамтамасыз ете бір жағынан сәйкестік туралы декларацияны қолдану аясын біршама кеңейтеді және бір жағынан Заңмен көрсетілген және ТР сәйкес келетін өтініш берушінің сәйкестікті міндетті растау нысандары мен сұлбаларын таңдау мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Сонымен бірге келесі декларациялау сұлба элементтерінің қисындастырылуы 2.4.1-кестеде келтірілген:

2.4.1- Кесте – Сәйкестік декларациялануының сұлбасы.



Сұлба нөмірі

Сұлбаның мазмұны

Сұлбаға жақын Еуропалық модуль

1

Өтінуші (жасаушы)
Өз сәйкестік дәлелдерін техникалық файлда жүргізу. Сәйкестік туралы декларацияны қабылдайды.

А

2

Аккредиттелген сынақ зертханасы
Өнімнің типтік үлгісіне сынақтар жүргізеді
Өтінуші
сәйкестік туралы декларацияны қабылдайды.

С

3

Сертификаттау бойынша орган
Сапа жүйесін өндіріс сатысында сертификаттайды
Аккредиттелген сынақ зертханасы
Өнімнің типтік үлгісіне сынақтар жүргізеді
Өтінуші
сәйкестік туралы декларацияны қабылдайды.
Сертификаттау бойынша орган
Сапа жүйесіне инспекциялы бақылауды жүзеге асырады

D

4

Сертификаттау бойынша орган
Сапа жүйесін бақылау және сынақ жүргізу сатыларында сертификаттайды
Аккредиттелген сынақ зертханасы
Өнімнің типтік үлгісіне сынақтар жүргізеді
Өтінуші
Сәйкестік туралы декларацияны қабылдайды.
Сертификаттау бойынша орган
Сапа жүйесіне инспекциялы бақылауды жүзеге асырады

Е

5

Аккредиттелген сынақ зертханасы
Өнімнің әрбір бірлігіне таңдамалар жүргізеді
Өтінуші
Сәйкестік туралы декларацияны қабылдайды

F

6

Аккредиттелген сынақ зертханасы
Шығарылатын өнімнің партиясына сынақтар жүргізеді
Өтінуші
Сәйкестік туралы декларацияны қабылдайды

G

7

Сертификаттау бойынша орган
Сапа жүйесін жобалау және өндіріс сатыларында сертификаттайды
Өтінуші:Өнім үлгісіне сынақтар жүргізеді



H

Сонымен бірге келесі декларациялау сұлба элементтерінің қисындастырылуы мүмкін:
— өтініш берушінің сәйкестікті өзі дәлелдеуі;
— тіркелген сынақ зертханаларында сынақ жүргізу (типтік үлгіні, партияны, өнім бірліктерін сынақтан өткізу);
— сапа жүйесін сертификаттау (өндіріс кезеңдерінде, бақылау және сынау кезеңдерінде, жобалау және өндіру кезеңдерінде).
Заңда көрсетілген декларациялау сұлбаларының негізінде бұл сұлбалардың толық құрамы қалыптасты (2.4.1-кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет