Метрология, стандарттау


Міндетті сертификаттаудың қатысушылары



бет21/57
Дата04.04.2023
өлшемі7,48 Mb.
#173730
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
Байланысты:
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері

2.6 Міндетті сертификаттаудың қатысушылары

Сертификаттаудың қатысушылары өнімдерді жасаушылар мен қызметтерді орындаушылар (бірінші жақ), тапсырыс берушілер – саудагерлер (бірінші немесе екінші жақ), сонымен қатар үшінші жақты таныстыратын ұйымдар сертификаттау бойынша органдар, сынақ зертханалары (орталықтар), техникалық реттеу бойынша атқарушы биліктің федералды органы. Негізгі қатысушылар – тапсырыс берушілер, сертификаттау бойынша органдар (ары қарай СО) және сынақ зертханалары (СЗ). Тек осылар ғана әрбір нақты объектілердің барлық кезеңдерінде сертификатталу рәсімдеріне қатыса алады.


Өтініш беруші құқылы:

  • сәйкес ережелермен (келешекте – техникалық регламенттермен) өнімнің белгілі бір түрлері үшін қарастырылған сәйкестікті растау формалары мен сұлбалары таңдау;

  • міндетті сертификаттауды жүзеге асыру үшін кез келген СО бару, оның аккредиттеу аймағы өтінуші сертификаттайтын өнімге таралады;

  • аккредиттеу бойынша органға СО және аккредиттелген сынақ зертханаларының құқық бұзушылық әрекеттері үшін шағымдану.

Өтініш беруші міндетті:

  • өнімдердің белгіленген талаптарға сай болуын қамтамасыз ету;

  • міндетті сәйкестікті растауға жататын өнімді, тек қана мұндай сәйкестікті растау жүргізілгеннен кейін ғана айналысқа шығару;

  • ілеспе техникалық құжаттамада және өнімді таңбалау кезінде сәйкестік сертификаты туралы мағлұматтарды немесе сәйкестік декларациясын көрсету;

  • мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына, сонымен қатар мүдделі тұлғаларға сәйкестікті растайтын құжаттарды ұсыну;

  • егер де құжаттың (сертификаттың немесе декларацияның) жарамдылық мерзімі аяқталса немесе олардың қызметі тоқтатылса, өнімнің шығарылымын тоқтату немесе доғару;

  • техникалық құжаттамаға немесе сертификатталған өнім өндірісінің технологиялық процестеріне енгізілетін өзгерістер туралы СО хабардар ету;

  • сәйкестікті растаудан өткен және мемлекеттік бақылау органдарының шешімдерінің негізінде белгіленген талаптарына сай емес өнімдердің өндірісін тоқтату.

Сертификаттау бойынша органдар келесі іс-қимылдарды атқарады:

  • ҚР Үкіметімен белгіленген тәртіпте сынақтар жүргізу үшін шартты негізде сынақ зертханаларын (орталықтарын) тарту;

  • сертификаттау объектілеріне бақылау жүргізуді жүзеге асырады, егер де мұндай бақылау сәйкес міндетті сертификаттау сұлбасында және шартта қарастырылса;

  • олармен берілген сәйкестік сертификаттарының тізілімін жүргізеді;

  • сертификаттауға арналған, бірақ одан өтпеген өнімдер туралы сәйкес мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына хабарлайды;

  • олармен берілген сәйкестік сертификатының қызметін тоқтатады немесе доғарады;

  • міндетті сәйкестікті жүргізу тәртібі туралы ақпараттың өтінушіге ұсынылуын қамтамасыз ету;

  • сертификаттау бойынша жұмыстардың бағасын мұндай жұмыстардың бағасын анықтау ҚР Үкіметімен бекітілген әдістемесінің негізінде анықтайды.

  • СО сәйкестік сертификатының негізделуі және дұрыс берілуі үшін, сертификаттау ережелерінің сақталуы үшін жауапкершілік артады.

Маңызды жаңа енгізім (ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңына қатысты) — өтініш беруші туралы мәліметтерді зертханаларға ұсынуға тыйым салу. Бұл ереже сыналатын өнімнің құпиялығының сақталуын көрсетеді және сынақтың әділ жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Осылайша, егер де осы өнімге аккредиттелген бірнеше зертханаларды СО таңдау өтініш берушіге тиесілі болса, онда сынақ зертханаларын таңдау СО тиесілі.
Аккредиттелген сынақ зертханалары (СЗ) нақты өнімге немесе нақты сынақ түрлеріне сынақтарды жүзеге асырады және сертификаттау мақсаттары үшін хаттамалар береді.
СЗ өткізген сертификаттау сынақтарының НҚ талаптарына сай болуына, сонымен бірге нәтижелердің шүбәсіздігіне және әділдігіне жауапкершілік артады.
СО аккредиттелген сынақ зертханаларына өтініш беруші туралы мәліметтерді беруге құқығы жоқ.
СО сарапшысы Эксперт ОС (сертификаттау аймағындағы бір немесе бірнеше жұмыс түрлерін жүргізуге құқылы аттестатталған) — сертификаттау бойынша жұмыстардың басты қатысушысы. Оның білімінен, тәжірибесінен, яғни сертификатты беру мүмкіндігінің шешімінің әділдігі мен шүбәсіздігі құзырлығына байланысты.
Техникалық реттеу аймағындағы атқарушы биліктің арнайы уәкілетті мемлекеттік органы келесі қызметтерді атқарады:
1) сертификаттау аймағындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады, Қазақстан Республикасының аумағында сертификаттауды жүргізу бойынша жалпы ережелер мен ұсыныстарды белгілейді және олар туралы ресми ақпараттарды жариялайды;
2) ҚР қолданысқа ие сертификаттау жүйелерінің және сәйкестік белгілерінің тіркелуін жүргізеді;
3) Қазақстан Республикасында қолданысқа ие сертификаттау жүйелері және сәйкестік белгілері жөнінде ресми ақпараттарды жариялайды және оны белгіленген тәртіпте сертификаттау бойынша халықаралық ұйымдарға таныстырады;
4) халықаралық сертификаттау жүйелеріне қосылу жөнінде белгіленген тәртіпте ұсыныстар әзірлейді, сонымен қатар белгіленген тәртіпте халықаралық (аймақтық) ұйымдармен сертификаттау нәтижелерін өзара қабылдау жөнінде келісім жасайды;
5) белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасын сертификаттау сұрақтары бойынша халықаралық (аймақтық) ұйымдарға таныстырады және сертификаттау бойынша ҚР ұлттық органы ретінде сертификаттау аймағында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.
Сертификаттау бойынша жұмыстарда атқарушы биліктің бірқатар мемлекеттік органдары қатысады. Техникалық реттеу бойынша ұлттық орган ретіндегі Мемстандарт осы бағыттағы олардың қызметін үйлестіреді. Үйлестіру келісім түрінде жүргізіледі, мұнда сертификаттау жүйелерін таңдау, сертификаттау объектілері, аккредитеуді жүргізетін органды таңдау және т.б. регламенттеледі.
Мемлекеттік орган келесі келісімге сәйкес болуы мүмкін:
1) сәйкес сертификаттарды және сәйкестік белгілерін берумен қатар өз ережелері бойынша ҚР СТ (МСТ) жүйесінен тыс сертификаттауды жүргізу;
2) ҚР СТ (МСТ) жүйесіне кіру және қызметті оның барлық ережелеріне толық сәйкестікте жүргізу.
Сертификаттау аймағындағы кейбір мемлекеттік органдардың қызметін қарастырайық.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлы – эпидемиологиялық қадағалау департаменті Мемлекеттік санэпидемияны қадағалау жаңа медициналық иммунды биологиялық арнайы өнімдеріне және заласыздандыру құралдарына сертификаттауды жүргізеді, сонымен бірге азық-түлік шикізатына және тағам өнімдеріне, бірқатар азық-түліктік емес тауарларға (ыдыс, ауыз қуысын күту бойынша құралдар және т.б.) санитарлы – эпидемиологиялық қорытынды береді. Көрсетілген қорытындыны өнімнің сериялық өндірісіне дейін НҚ құптау кезеңінде береді.
Бұл органның бақылау және қадағалау объектісі болып табылатын тауарларды импорттау кезіндегі келісім-шартқа отырғанда, партияның кеден аумағына жіберуге дейін келісім-шартқа кеден органдарына міндетті ұсынылатын санитарлы – эпидемиологиялық қорытынды шарттары туралы айтылуы қажет.
ҚР Ауылшаруашылық Министрлігінің ветеринарлық департаменті көрсетілген жүктердің Қазақстан аумағы бойынша импорттау, экспорттау және транзиттік тасымалдауда малтектес өнімдеріне және шикізатына ветеринарлы сертификаттар (куәліктер) береді. Ветеринарлы сертификаттар малтектес шикізаттарды қайта өңдейтін отандық кәсіпорындарға ет, балықтың паразиттен таза екендігін растау үшін қажет. Нормативті базасы ветеринарлы заңнаманың ветеринарлы-санитарлы нормалары Қазақстанның Мемқұрылысы құрылыстағы әртүрлі объектілердің (құрылыс тауарларының, ғимараттар мен имараттардың инженерлік жабдықтарының, тұрғын ғимараттардың құрылыс өнімдерінің, жобалы құжаттаманың) сертификатталуын ұйымдастырады (ҚР СТ сертификаттау Жүйесінде). Сертификаттаудың нормативті базасы болып СНЕ (санитарлы нормалар және ережелер), МСТ, ҚР СТ және т.б. табылады.
Қазақстанның Байланыс Министрлігі байланыс құралдарының қолдану құқығына ие болу үшін сертификаттауды жүзеге асырады. Сертификаттау Мемстандартпен тексерілген СЗ жүргізіледі. Комитеттің құзырлығына келесі өнімдерді сертификаттау кіреді: ақпартты-есептеу жүйелері, автоматталған жүйелер мен желілер, компьютерлер, базалар және деректер жиынтығына бағдарламалық құралдар.
Қазақстанның Ішкі Істер Министірлігі (ІІМ) жүйесінде паспортқа фотосуретті алу үшін қолданылатын фотоқағаздардың сертификатталуы жүргізіледі. Фотоқағаздарға талаптарды Қазақстанның ІІМ Паспортты-визалы басқармасы мен Сараптама – қылмыстық орталығы анықтайды. өтініш берушілер рөлінде - фототүсіру қызметін ұсынатын фотоательелер. Қазақстаннның ІІМ паспорт фотосуреттеріне деген талаптарды кеңейту туралы сұрақ қарастырылуда: фототүсіру техникасына да талаптар регламенттеледі, жеке алғанда фотокамералардың түсіру мүмкіндігінің жоғары болуы. Өнімдердің жеке топтарын сертификаттаумен атқарушы биліктің бірқатар уәкіл органдары айналысады: Қазақстанның Төтенше Жағдайлар Министрлігінің Мемлекеттік өрт қадағалауы (өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдар), Қазақстандық Теңіз Тіркелімі (азаматтық теңіз кемелері), Қазақстандық Өзен Тіркелімі (өзен қайықтары), Қазақстанның Әуе Тіркелімі (ұшақтар) және т.б.

3 МЕТРОЛОГИЯ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет