Метрология, стандарттау



бет29/57
Дата04.04.2023
өлшемі7,48 Mb.
#173730
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57
Байланысты:
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері

3.9 Өлшем жүргізу әдістері

Өлшем жасау әдістері (ӨЖӘ) метрологиялық объект ретінде 1972ж. пайда болды. Өлшем сапасын қамтамасыз ету Мемлекеттік жүйесін әзірлеу кезіндегі сипаттамалары тек дәстүрлі талаптарды ғана қанағаттандыратын өлшем құралдарына ие болу жеткіліксіз болып шықты, себебі жиі ретте өлшем қателігі өлшем әдісіне тәуелді болды: әдіс қателіктері; сынаманы іріктеу және дайындау кезінде пайда болған қателіктер; өлшеу шарттары және т.б.


ӨЖӘ — бұл операциялар мен ережелердің құжаттандырылған жиынтығы, оларды орындау қабылданған әдіске сәйкес кепілдендірілген дәлдікті өлшем нәтижелерін алуға қамтамасыз етеді.
ӨЖӘ жеке жауапкершілікпен әзірленушінің өзімен өлшем қателіктерінің белгілі бір сандық мәндері жазылған, олар құжаттың барлық талаптарын орындау кезінде кепілдендіріледі.
Осыдан шығатыны өлшем қателіктерінің априорлы түрде әртүрлі сипаттамалары бар және олардың ішінен әзірлеушіге ең жарамдысын таңдау қажет. Белгілі қателікті өлшем нәтижелерін алуды қамтамасыз ететін операциялар мен ережелер жиынтығы екі маңызды белгілерді айқындайды: ӨЖӘ операция сипаттамасын ұсынады және ӨЖӘ өлшем қателігі тағайындалады.
ӨЖӘ әзірлемесін бастапқы мәліметтер негізінде орындайды, олардың қатарында:

  • қолдану аясы, өлшенетін шаманың атауы және оның сипаты, сонымен бірге егер де өлшем қателігіне әсерлері болса, өлшем объектісінің сипаты көрсетілетін тағайындау;

  • өлшем қателігіне қойылатын талаптар;

  • номиналды мән және (немесе) әсер ететін шамалардың мүмкін мәндер ауқымдарының шекаралары түрінде берілген өлшем шарттары;

  • өлшем нәтижелерін ұсыну индикациялары мен формаларының түрлері;

  • өлшем процестерін автоматтандыруға қойылатын талаптар;

  • атқарылатын жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары;

  • сұраныстар болғанда жағдайда өзге де талаптар.

ӨЖӘ аттестаттау ӨЖӘ қойылатын метрологиялық талаптарға сай болуын анықтау мен растау ұсынудан тұрады. Терминнің мазмұны метрологиялық сипаттардың анықтамасын ғана бекітіп қоймайды, сонымен бірге өлшеу құралдарының тағайындау бойынша жарамдылығын анықтайды.
Аттестаттауды ӨЖӘ құжаттамаларын, теориялық және экспериментті сынақтарын метрологиялық сараптау жолымен жүзеге асырады. Аттестатталған ӨЖӘ метрологиялық қадағалау мен бақылауға жатады.
Анықтаманы қорытындылайтын болсақ, ӨЖӘ техникалық өлшеу процесін ұсынады. Осыған орай ӨЖӘ және ӨЖӘ құжаттарын араластырмау қажет, себебі барлық әдістер сәйкес құжаттармен сипатталмаған. Қарапайым көрсету аспаптарының көмегімен орындалатын өлшемдер үшін ерекше құжаттандырылған ӨЖӘ талап етілмейді. Бұл жағдайларда нормативті құжаттамаларды өлшеу құралдарының типтері мен негізгі метрологиялық сипаттарын көрсету жеткілікті.
Аттестаттау мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалауды тарату саласында және күрделі технологиялық жүйелердің жағдайын бақылау үшін пайдаланылатын ӨЖӘ үшін қолданылатын міндетті рәсім. Өзге ӨЖӘ ведомствода немесе кәсіпорындарды қабылданған тәртіпке сәйкес аттестаттау жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет