Метрология, стандарттау


Эталондар және стандартты үлгілер



бет26/57
Дата04.04.2023
өлшемі7,48 Mb.
#173730
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57
Байланысты:
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері

3.6 Эталондар және стандартты үлгілер


Эталон (фр. etalon) — бұл бірліктің қайта өндірілуін және (немесе) сақталуын, сонымен қатар өлшем құралдарының тексеру сұлбалары бойынша өлшемін төмендегіге беруді қамтамасыз ететін және белгіленген тәртіпте эталон ретінде бекітілген өлшеу құралы (немесе өлшеу құралдырының жинағы). Шама бірлігінің эталоны – уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте осы шаманың өзге өлшеу құралдарына өлшемін беру мақсатында шаманың бірлігін (шаманың еселі немесе үлесті мәндерін) қайта өңдіру және (немесе) сақтау үшін арналған өлшеу құралы.
Шама бірлігінің мемлекеттік (ұлттық) эталоны — Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы ретінде уәкілетті органның шешімімен танылған шама бірлігінің эталоны. Эталондар бірінші, екінші және жұмыс эталондарына жіктеледі.
Бірінші эталон (Etalon primaire) бұл ең жоғары дәлдікпен физикалық шаманың бірлігін алатын эталон. Бірінші эталонға екінші және жұмыс (разрядты) эталондары қарайды. Екінші эталондарды кейде «көшірме эталондары» деп атайды.
Екінші эталон (Etalon secondaire) – қарастырылатын шаманың бірінші эталонымен қосылу арқылы өлшем бірлігін алған эталон.
Жұмыс эталондары – бірлік өлшемін екінші эталоннан алады және дәлдігі төмен жұмыс эталонына (егер де төмен разрядты эталон бар болса) немесе өлшемнің, саймандардың жұмыс құралдарына өлшемді беру үшін қолданылады (3.6.1- сұлба).
Зат және материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері өлшеу құралдарының мемлекеттік тізіліміне енгізілді, олар бақылаудың метрологиялық қамтамасыз етілуіне, өлшеу құралдарының градуирленуіне қолданатын шамамен 10 мыңға жуық стандартты үлгілер (СҮ) типтерінен тұрады.
Материалдар мен заттардың қасиеттері туралы стандартты анықтамалық мәліметтер-мәліметтер жиынтығына енгізілді, оларды жүргізу физикалық тұрақтылық және материалдар мен заттар қасиеттері туралы стандартты анықтамалық мәліметтердің Мемлекеттік қызметіне (САММҚ) жүктелген.


Өте жоғары дәлдік
Ең жоғары дәлдік




Жоғары дәлдік




3.6.1- сұлба – Өлшем дәлдігінің деңгейі


Бұл мәліметтердің қолданылуын қамтамасыз ететін нормалар мен ережелер үшін келесі анықтамалық мәліметтер санаттары анықталды:



  • стандартты құжаттардың жүйесі (СҚЖ) — ҚР Мемстандартымен аттестатталған және бекітілген, өлшем нәтижелерінің (сынақтар, есептеулер) барлық белгілі жиынтығын талдау негізінде алынған физикалық «тұрақтылықтың» немесе материалдар мен заттардың қасиеттерінің сандық мәні. СҚЖ ресми басылымы – «Стандартты анықтамалық мәліметтердің кестелері»;

  • Республикалық стандартты құжаттардың жүйесі (РСҚЖ) Қазақстанның Мемстандартының материалдар мен заттар бойынша Ғылыми-зерттеу орталығымен бекітілген және аттестатталған, оларды анықтау (өлшемдер, сынақтар, есептеулер) нәтижелерінің қателіктерін бағалау негізінде алынған материалдар мен заттардың физикалық тұрақтылығының немесе қасиетінің сандық мәні.

Ақпараттық мәліметтер — бұл СҚЖ өтпеген немесе аттестаттауға жатпайтын материалдар мен заттар туралы дерекке негізделген мағлұматтар, оларға:

  • шүбәсіздігі (қателігі) анықталмаған, физикалық тұрақтылықтың немесе қасиеттердің сандық мәндері;

  • ақпараттық, тіркеу және нормативті–техникалық құжаттар құрамындағы материалдар мен заттардың номенклатурасы және техника-экономикалық көрсеткіштері туралы мәліметтер және де санаттары көрсетілмеген заттардың қасиеттері туралы сандық мәліметтер;

  • оларды анықтау (өлшемдер, сынақтар, есептеулер) нәтижелерінің қателіктерін бағалау негізінде алынған библиографиялық және мекен-жайы тақырыпты сипаттағы мағлұматтар жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет