Метрология, стандарттау


Өлшеу құралдарының түрлері



бет28/57
Дата04.04.2023
өлшемі7,48 Mb.
#173730
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
Байланысты:
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері

3.8 Өлшеу құралдарының түрлері

Физикалық шаманы өлшеу үшін өлшеу құралдары деп аталатын техникалық құралдарды қолданады.


Өлшеу құралдары — бұл нормаланған метрологиялық сипаты бар, өлшем белгілі уақыт аралығы ішінде өзгеріссіз қабылданатын (көрсетілген қателіктер шегінде) физикалық шаманың бірлігін алатын және (немесе) сақтайтын өлшеуге арналған техникалық құрал. Өлшеу құралдары – бұл нормаланған қателіктерге ие метрологиялық қамтамасыз етудің негізі. Өлшеу құралдары әртүрлі физикалық әсерлерді қолдануға негізделген, мысалы, пьезо және термоэлектрлық, Холл және Фарадей әсерлері, фотоэлектрлық және т.б. өлшеу құралдарына жабдықтардың өлшемдері, өлшем түрлендірулері, аспаптары, жүйелері және қондырғылары жатады.
Өлшем — бұл берілген өлшемнің физикалық шамасын алу және сақтауға арналған өлшеу құралы, мысалы, таразы тастары, ұзындықтардың ақырғы өлшемдері және т.б.
Тәжірибеде бір мәнді өлшемдерді қолданады, олар тек бір өлшемнің (мысалы, таразы тасы) шамасын алады; физикалық шаманың бірнеше өлшемдерін алғанда көп мәнді өлшемдер (мысалы, объектінің миллиметр немесе сантиметрмен өлшенген ұзындығы); өлшемдер жиыны (мысалы, гірлер жиыны) және өлшемдер, мұнда есептеу, өлшемдерді қажет үйлесімде біріктіру мүмкіндіктеріне байланысты құралдарды қосу жолымен өлшемдерді біртұтас ету (мысалы, электрлік кедергілердің магазині). Бір мәнді өлшемдерге стандартты үлгілер және стандартты заттар жатады.
Стандартты үлгі — бұл сол заттың (материалдың) қасиеті мен құрамын сипаттайтын шамалардың мөлшерлік мәндерімен аттестатталатын зат (материал) үлгісі.
Өлшемді қолдану кезінде олардың номиналды және шынайы мәндерін, оның қателігін және разрядын ескереді. Номиналды мән арнайы куәлік етудегі шынайы өлшемге нұсқауланады. Өлшемнің шынайы мәні ресми эталонның көмегімен жоғары дәлдікті өлшем негізінде анықталынады. Өлшемнің шынайы және номиналды мәндері арасындағы айырмашылық өлшем қателігі деп аталады. Аттестаттау (тексеру) кезінде қателіктер болуы мүмкін, сондықтан өлшемдерді разрядтарға (бірінші, екінші және т.с.с.) бөледі, ал өлшемдер өлшеу құралдарын тексеру үшін қолданылатын разрядты эталондар (үлгілі өлшеу құралдары) деп аталады.
Өлшемді түрлендіруші — бұл жіберуге, одан ары түрлендіруге, өңдеуге және сақтауға ыңғайлы түрдегі өлшенетін ақпарат дыбысын әзірлеу үшін арналған, бірақ қадағалаушымен қабылдануына қол жеткізілмейтін техникалық құрал. Өлшемді түрлендірушінің негізгі метрологиялық сипаттамасы ол түрлендіру қызметі деп аталатын кіру және шығу шамалар арасындағы қатынас. Өлшемді түрлендірушіге термобу, өлшенетін трансформаторлар және күшейткіштер, қысым түрлендірушілер жатады. Өлшенетін түрлендірушілерді түрлендіру элементтерімен араластырмау керек, мысалы трансформатор метрологиялық сипатқа ие емес.
Алғашқы түрлендірулер өлшенетін шама туралы ақпаратты қабылдайды; берушілер – оның түрленуіне немесе қашықтыққа берілуіне ыңғайлы түрде ақпаратты түрлендіреді; аралық түрлендірулер алғашқылар немесе берушілер сияқты физикалық шаманың түрін өзгертпей, жұмыс жасайды.
Өлшеу аспаптары — өлшеу аспаптарының дыбысын қабылдаушының қабылдануына қолжетімді болатын басқа түрлерге өңдеу үшін арналған. Аспаптарды тікелей әсер етуші аспаптар және салыстырмалы аспаптар деп бөледі.
Тікелей әсер етуші аспаптар физикалық шаманың бірліктеріне сәйкес келетін градуирленуі бар көрсету құрылғысында өлшенетін шаманы көрсетеді, мысалы, ампер­метрлер, вольтметрлер және т.с.с.
Салыстыру аспаптары (компараторлар) өлшеу шамаларының мәндерін белгілі шамалармен салыстырады, мысалы, электрөлшеуіш потенциометрлер.
Өлшем жүйелері мен қондырғылары – бұл өлшеу объектісінің бір немесе бірнеше физикалық шамаларын өлшеу үшін арналған, іс-қимыл жасау арқылы біріккен автоматталған немесе автоматты өлшеу құралдарының жиынтығы.
Өлшем жабдықтары - өлшемнің қажетті дәлдігін алу үшін қажетті шарттармен қамтамасыз етуге арналған қосымша құралдар. Мысалы, егер де сыртқы ортаның ылғалдылығы жөнінде айтылса, психрометр объектінің параметрін өлшеу кезінде қолданылады.
Өлшеу құралдары метрологиялық тағайындауларына қарай жұмыс өлшеу құралдары және эталондар деп бөлінеді.
Өлшенетін шаманы қайта есептеу тәсілі бойынша өлшеу құралдары көрсететін (мысалы, ұқсас және сандық) және тіркейтін (қағаз немесе магнитті таспа) деп бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет