Байланысты: Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері
Өлшеу құралдарын тексеру бұл СИ сәйкестігінің көрсетілген міндетті талаптарға жарамдылығын және расталуын анықтау мақсатында Мемлекеттік метрологиялық қызмет органдарымен немесе өзге де уәкіл органдармен және ұйымдармен орындалатын операциялар жиынтығы. Өлшеу құралдарының тексерілуін олардың шығарылуы кезінде немесе жөңделуден кейін елге әкелу кезінде және пайдалану процесінде орындайды.
Тексеруге жататын өлшеу құралдарының топтарының тізімін ҚР МСТ бекітеді. СИ тексеру құқығы заңды тұлғалардың аккредиттелген метрологиялық қызметтеріне ұсынылады, ал оларды тексеру жұмысы Мемлекеттік метрологиялық қызметтің органдарымен бақыланады. Тексеруді тексерушілер ретінде аттестатталған жеке тұлғалар атқарады. Өлшеу құралдарының қолдануға жарамды екенін растау немесе оларды қолдануға жарамсыздығын мойындау тексеру нәтижесі болып табылады. Бірінші жағдайда СИ және (немесе) оның техикалық құжаттамасына тексеру таңбасының бедері салынады және (немесе) тексеру туралы Куәлік беріледі. Екінші жағдайда тексеру таңбасының бедері және (немесе) тексеру туралы Куәлік өз күшін жояды және жарамсыздық туралы Куәлік беріледі.
Тексеру таңбасы — бұл өлшеу құралына салынатын және оның қолданысқа жарамдылығын мойындайтын көрсетілген пішініндегі белгі.
Өлшеу құралдарын алғашқы, кезеңдік, кезектен тыс, инспекциялы, сонымен қатар сараптау тексерісіне алады.
Алғашқы тексеру СИ шығарылымы кезінде немесе жөңдеуден кейін, сонымен бірге оларды Қазақстанға әкелу кезінде жүргізеді. Мұндай тексеруге өлшеу құралының әрбір данасы алынады. Кезеңдік тексеруге белгілі бір уақыт аралығы арқылы пайдалануға немесе сақталуға тұрған СИ жатады. Кезеңдік тексеруден өлшеу құралының әрбір данасы өту керек. Ұзақ мерзімді сақталуда тұрған СИ ғана тексеруден өтпейді. Бірінші аралық тексеру интервалын түрді бекіту кезінде анықтайды, ал одан кейінгілерді қабыл алмау статистикасының және экономикалық көрсеткіштердің негізінде анықтайды. Кезектен тыс тексеруді СИ қолдану және (немесе) сақтау кезінде келесі жағдайларда оны кезеңдік тексеру мерзіміне дейін жүргізеді:
тексеру таңбасының белгісі зақымданағанда немесе тексеру туралы Куәлік жоғалса;
ұзақ уақыт сақтаудан кейін (кезеңдік тексеру мерзімінен көп уақыт) СИ қолданысқа енгізу;
белгілі немесе жобаланатын СИ соққы әсерінен немесе оның қанағаттандырылмайтын жұмысынан қайта түзетуді жүргізу;
кезеңдік тексерулер арасындағы мерзімнің жартысына тең, мерзімінің аяқталуына қарай жүзеге асырылмаған өлшеу құралдарын тұтынушыларға жіберу;
кезеңдік тексерулер арасындағы мерзімнің жартысына тең, мерзімінің аяқталуына қарай СИ құраушылар ретінде қолдану;
инспекциялы тексеруді мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру кезінде СИ қолданысқа жарамды екенін анықтау үшін жүргізеді. Инспекциялы тексеруді тексеру әдісіне көрсетілген толық емес көлемде жүргізуге болады. Инспекциялы тексеру нәтижелері актіде көрсетіледі.
Сараптау тексеруді метрологиялық сипаттар, өлшеу құралдарыныңтүзетілгендігіжәне олардың қолданысқа жарамдылығы бойынша қаулы сұрақтар туындағанда жүргізеді.
Тексеру кезінде негізгі метрологиялық сипат болып табылатыны өлшеу құралдарынан және одан да дәл жұмыс эталонынан келесі тәсілдермен алынған көрсеткіштерді салыстыру негізінде бар қателік:
аспаптың көмегі арқылы одан да дәл өлшеммен салыстыру (қарсы қою немесе алмастыру әдістерімен). Бұл тексеру әдістері үшін ортақ болып табылатыны салыстырылатын шамалар өлшемдерінің түрлілігі туралы белгіні әзірлеу. Егер де бұл белгі үлгілі өлшемді таңдау жолымен нөлге келтірілсе, онда нөлдік өлшеу әдісі жүзеге асырылады;
қайта өлшенетін өлшем шамасын өлшеуде эталонды құралмен өлшеу. Бұл жағдайда тексеру жиі ретте градуирлеу деп аталады және мұнда межелікке жұмыс эталонының көрсеткіштеріне сәйкес келетін белгілерді салады немесе шаманың нақтыланған мәндерін анықтайды;
ең дәл өлшеммен жиыннан алынған тек бір ғана өлшемді немесе көп мәнді өлшемді межеліктің тек бір ғана белгісімен салыстыру мөлшерлеу деп аталады, ал өзге өлшемдердің нақты өлшемдері салыстыру аспаптарында әртүрлі үйлесуі кезінде оларды өзара салыстыру жолымен және өлшеу нәтижелерін одан ары өңдеу кезінде анықталынады.