Метрология, стандарттау



бет43/57
Дата04.04.2023
өлшемі7,48 Mb.
#173730
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57
Байланысты:
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері

5.1 Жұмыс мақсаты


5.1.1 Микроқұралардың құрылымын зерттеп білу.
5.1.2 Микроқұралмен бөлшекті өлшеуде дағды алу.
5.1.3 Пішіннен ауытқумен беттердің орналасуын анықтауда және оларды сызбада қоюда дағды алу.


5.2 Пайдаланылатын өлшегіш құралдармен құрылғылар тізімі


5.2.1 Сыртқы мөлшерлерді өлшеуге анралған шектері бар МК Микрометрлері.
5.2.2 Микрометрлік нутромер НМ 175.
5.2.3 Микрометрлік тереңдікті өлшейтін құрал ГМ 100.
5.2.4 Өлшенетін бөлшек.


5.3 Микрометрлік құралдың құрылысы.


5.3.1 Микрометрлік бастиегі.
Есептеуіш құрылғы болып микрометрлік бастиек саналады. Бұл бастиектің жұмысы микрометрлік, бұрамалы жұпқа негізделген. Бұл жұп микробұраманың айналмалы қозғалысын жылжымалы өлшеуіш өзектің ілгерілемелі қозғалысына айналдырады (5.3.1 сурет).
Микрометрлік бұрама және қозғалмайтын сомын жоғары дәлдікпен дайындалған.



5.3.1 Сурет – Микрометр құрылысы.


Микрометрлік бұрама 5 сабақтың майда бағытталған тесігімен өтіп тілінген микросомынға бұралады, бұл жерде бұрамалы жұптағы саңылауды жою үшін, реттелетін сомынмен бұрап қатайтылады. Микробұрамада бекітіп тұратын қалпақшамен 6 барабан бекітілген 4. Саусақ (суретте көрсетілмеген), қалпақшаның бітеу тесігіне орнатылып, сылдырақтың 7 тісті бетіне серіппемен қысылады, бұл қалпақшада бұрамамен бекітіледі. Айналдырған кезде сылдырақ саусақ арқылы микробұрамаға айналу моментін береді, бұл 5-9Н = 500-900Г өлшеу күшімен қамтамасыз етеді.
Егер өлшеу күші көп болса, онда сылдырақ соған тән шертулермен бұралады.
Бұраманың бағанада ось бойынша жылжуының есептеу шамасын санауға, бөлік құндары 1 мм болатын екі шкала бар. Көлденең сызықтың астындағы төменгі шкала бүтін миллиметрлерді алуға арналған. Жоғарғы шкаланың сызықтары төменгі сызықтардың аралықтардың орталарының үстіне салынған.Жоғарғы шкала 0,5 мм шамасын алуға арналған(астыңғы сызықпен жақын орналасқан үстіңгі сызық аралығы 0,5 мм).
Микробұраманың бөлігінің айналымын санау үшін оған барабан бекітілген, бұл барабан конусты бөлігінде негізгі шкаланың үлесін анықтайтын п-50 бірдей бөлікке бөлінген. Микробұраманы бір қадамға р-05 мм жылжытқанда барабан бір айналым жасайды. Микрометрлік бастиектің дөңгелек шкаласының бөлік құны:

c – а/n = 0,5/50 = 0,01 мм


Негізгі шкаланың бөлік құны


а=р=0.5 мм

Микрометрлік бастиектің көрсеткіштер диапазоны 0-25мм-ге тең.




5.3.2 Микрометрлер (5.3.1 сурет).
МИ типті майда микрометрлер сыртқы мөлшерлерді өлшеуге арналған


5.3.2.1 Микрометр құрылысы.
Микромет қапсырмадан 1 тұрады, оның бір жақ шетіне өлшеуіш жазықтығы бар жылжымайтын табан 2 пресстелген, ал екінші жағында микрометрлік бастиек. Микрометрлік бұрама 5 екінші өлшеуіш жазықтық болып табылады. Одан басқа бекітетін бұрама 3 бар, оның көмегімен өлшеу кезінде микрометр бекітіледі.
5.3.2.2 Микрометрді нөлге орнату (5.3.2 сурет).
Өлшеу алдында микрометрді нөлге орнатылуын тексеріп алу керек. Бұл үшін барабанды сылдырақ 7 арқылы айналдырып(тежегіш жіберілген кезде), әсер ету күшін сылдырақ қастамасыз ететін (3 шертуге дейін), табан мен микробұраманың өлшегіш беттері (0-25 аралығындағы МК микробұрамаларына) немесе орнату өлшемдер беттерінің (25-50 және жоғары аралықтағы) қосылысына қол жеткізу керек. Орнату өлшемдері болып ұштық өлшемдер немесе басқа арнайы өлшемдер қолданылуы мүмкін.





5.3.2 Сурет – Микрометрді нөлге орнату.

Дұрыс орнату кезінде барабанның дөңгелек шкаласының нөлдік сызығы бағанадағы бойлық сызықпен және барабанның қиғашы негізгі шкаланың бірінші бөлігімен сәйкес келу керек.


Сызықтардың сәйкес келмеген жағдайында микрометрді нөлге келесі тәртіппен қою керек (5.3.2 сурет):
1) Микробұраманы фиксатормен 3 бекіту.
2) Барабанды сол қолмен ұстап тұру. Орнатқыш қалпақшаны 6 жарты айналымға босату керек.
3) Барабанды микробұрамаға қатысты барабанның нөлдік сызығы бағанадағы бойлық сызыққа сәйкес келгенше бұрау керек
4) Барабанды осы қалыпта ұстап тұрып, қалпақшамен 6 бекіту керек.
5) Микробұраманы босатып, нөлдік орнатуды қайта тексеру қажет. Керек жағдайда орнатуды қайтлау керек.
5.3.2.3 Микрометрмен өлшеу (5.3.3 сурет).
Өлшеу кезінде бұйымды қисаюсыз табанмен микробұраманың арасына орналастырып, микробұраманы сылдырық арқылы бұрайды (3 шертуге дейін), микробұраманы тежейді, сонан соң микробұраманы бөлшектен алып келесідей есептеу жүргізеді.

5.3.3 Сурет – Микрометрде өлшеу.

1) Қапсырманың астыңғы шкаласынан барабанның қиғашына дейін бүтін миллиметрлер анықталады.


2) Сонан соң, барабанның шетінен жоғарғы сызық шыққанын тексереді, егер шықса, онда бүтін миллиметрлерге 0,5 мм қосады.
3)Негізгі шкала бойынша есептеуге бағананың бойлық сызығына қарсы орналасқан, бөлік құнының туындысының с=0,01 мм бөлік нөміріне тең, дөңгелек шкала бойынша есептеуді қосады..
4) Көзбен 0,005мм дәлдікпен есептеу алуға болады (егер бойлық сызық барабан шкаласының сызықтарының арасында орналасса).


5.3.3 Микрометрлік нутромер (5.3.4 сурет).
5.3.3.1 Микрометрлік нутромердің құрылысы.




5.3.4 Сурет - Микрометрлік нутромер.


Микрометрлік нутромер бастиектен 2, ұштықтан 5 және ауыстырылатын ұзартқыштардан 3 тұрады. Бағананың сол жағында екінші өлшегіш жазықтығы бар табан пресстелген, және де ішкі бұранда ойылған. Бұл бұрандаға нутромердің шегін ұзартуға арналған ұштықтар немесе ұзартқыштар бұралады. Ұзартқыш түтіктің ішіне орнатылған белгілі ұзындығы бар (15,25 және 50 мм) өзектен және ұзартқышты микрометрлік бастиекпен бұрап алу кезінде тұрақты қысым түсуруп тұратны серіппеден тұрады. Түтіктің ішкі бұрандасы ұштықты қосқанға, ал сыртқы бұрандасы – микрометрлік бастиекті бұрап қатайтуға арналған. Ұзартқыштардың құрамдастырымдары микрометрлік бастиек және ұштықпен қисындастырылуы өлшеу шегін 75 мм-ден 175 мм-ге дейн өзгертуге мүмкіндік береді.
Ұштықтары бар қолданылатын ұзартқыштар және нутрометрдің өлшеу шектері кестеде берілген.

5.3.3.2 Нутрометрді нөлге орнату


Микрометрлік нутрометрдің нөлге орнатылуын тексеру. Бұл үшін бұраманың көмегімен аспаптан қораптың шет жағына мөлшері 75 мм болатын орнатқыш қапсырманы тік күйінде бекіту 1 керек. Ұштықты микрометрлік бастиекке бұрап қойып, тежегіш бұраманы жіберу керек.Нутромерді қапсырма беттерінің арасына кіргізіп, микробұраманы бұрау арқылы қапсырманың өлшеуіш жазықтықтарымен жанасуын қол жеткізу керек. Аспапты аздап тербелтіп, ең қысқа арақашықтықты табу керек, тежегіш бұраманы 6 бекіту керек. Егер барабанның нөлдік бөлігі бойлық сызықпен сәйкес келмесе, онда қақпақшаны жіберіп, барабанды жіберу керек(қақпақшаны босатқан кезде микрометрлік бастиекті барабан арқылы ұстау керек). Сонан соң барабанды нөлдік деңгейінің бойлық сызықпен сәйкес келген сәтке дейін бұрап, бекіту керек. Орнатудың дұрыстығын тексеру қажет. Микрометрлік бастиекке қажетті ұзартқыштарды таңдап, бұрап бекітеді. Нутромерді тексерілетін тесікке енгізіп, өлшеуді жүргізеді. Өлшем алу, микрометрдегідей жүргізіледі.

5.3.4 Микрометрлік тереңдікті өлшегіш (5.3.5-Сурет)


5.3.4.1 Тереңдікті өлшегіштің құрылысы
Тереңдікті өлшегіштің микрометрлік бастиегінің құрылысы микрометрдің құрылысына ұқсас(бөлік құны 0,01 мм).
Микрометрлік тереңдікті өлшегіштің өлшегіш беттері болып, төменгі табан жазықтығы 4 және аусатын өлшегіш өзектің шеті 3 болып табылады.Микрометрлік тереңдікті өлшегіштер өлшеу шегін 0-ден 100 мм-ге дейін қамтамасыз ететін, ауыспалы төрт өзекпен бірге шығарылады. 0-25 мм аралығында тереңдікті өлшегіштің жиынтық қателігі 5мкм-ден аспау керек.
5.3.4.2 Тереңдік өлшегішпен өлшеу тәртібі:
1) Тереңдік өлшегіштің нөлге дұрыс орнатылуын тексеру. Бұл үшін шеттері жалпақ түтік тәріздес жасалған орнатқыш өлшемдер (25, 50. 75 мм) құралдың жинағына кіреді. Орнатқыш өлшем шыны тақтайшаға орнатылады. Құралға өлшеуіш өзекті салу керек, табан орнатқыш өлшемге орнатылып, табан тақтаға аздап қыса тұра сылдырақ арқылы микробұраманы өлшеуіш өзектің тақтаның бетімен жанасқанға дейін бұралады. Сонан соң микробұраманы тежегішпен бекітіп, осы қалыпта барабанның нөлдік сызықізін сабақтың осьтік сызықізімен қиысуын тексеру керек. Сәйкес келмеген жағдайда тереңдік өлшегіш нөлге реттеледі. Осы мақсатпен, микрометрлік тереңдікті өлшегішті барабан арқылы ұстап тұрып, қалпақша босатылып және барабанның конусы микробұраманың конусынан ажыратылып, бұл үшін барабан табан бағытында басылады. Нөлдік сызықіз сабақтың осьтік сызықізіне сәйкес келетіндей, барабан сабаққа қатысты бұралады. Осы қалыпта барабан микрометрлік қалпақшамен қосылады. Тежегішті босатып, баптаудың дұрыстығын тексеру керек. Керек жағдайда барлығын қайталау керек.

5.3.5-Сурет – Микрометрлік тереңдікті өлшегіш.


2) Керекті өлшегіш өзекті таңдап алып, өлшеу жүргізу (5.3.1 кесте). Бұл үшін бөлшектің шеткі жазықтығына тереңдікті өлшегіштің табаны орнатылады және микробұраманы сылдыраққа бұрау арқылы өлшеуіш өзектің өлшеу бетінің бөлшекке түйісуіне қол жеткізіліп, есептеу алынады. Мөшер алу, микрометрдікіндей.


5.3.1-Кесте – Бөлік құны 0,01 мм болатын микроқұралдың микрометрлік сипаттамалары.



Аталуы

Үлгі

Өлшеу диапазоны

Рұқсат етілген қателік а мм

Аралығы 25мм болатын микрометрлік тереңдікті өлшегіштер

ГМ-100
ГМ-150

0-100
0-150

0,005

0 және 1 дәлдік классты микрометрлер

МК

0-25

0.003;
0,004

1-ші классты микрометрлер




25-50
50-75
75-100

0,005

Микрометрлік нутромерлар

НМ-175

75-175

0,008





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет