Метрология, стандарттау



бет44/57
Дата04.04.2023
өлшемі7,48 Mb.
#173730
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57
Байланысты:
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері

5.4 Тапсырма

5.4.1 Майда микрометрдің, нутромер және тереңдікті өлшегіштің құрылысын зерттеп білу.


5.4.2 Екі өзара перпендикулярлы түзеулерде және үш қимада бөлшектің параметрлерін өлшеу.
5.4.3 Бөлшектің қателігін және пішінін анықтау.
5.4.4 Мөлшері мен пішіні бойынша бөлшектің жарамдылығы туралы қорытынды жазу.
5.4.5 Оқу құралын пайдалана отырып, бөлшектің нобайда орналасуын және пішіннен ауытқуын қою.


5.5 Жұмысты орындау тәртібі

5.5.1 Микрометрді, нутромерді және тереңдікті өлшегішті нөлге орнатылуын текеру.Керек жағдайда оларды нөлге келтіру.


5.5.2 Бөлшектің параметрлрін өлшеу.
5.5.3 Шекті мөлшерлер мен рұқсаттарын есептеу.
5.5.4 Беттерінің орналасуы мен пішіннің ауытқуын анықтау.


5.6 Зертханалық жұмыстың рәсімдеуіне қойылатын талаптар

Есеп беру:


5.6.1 Тапсырма.
5.6.2 Микроқұралдардың микрометрлік сипаттамаларынан (5.6.1 кесте түрінде) тұру керек.

5.6.1-Кесте – Метрологиялық сипаттамалар.



Құралдың аталуы

Өлшеу түрі

Көрсеткіш шкаласы

Өлшеулер дәлдігі

Шкала бойынша диапазоны

Диапазоны



















5.6.3 Өлшеулер нәтижесі.


5.6.4 Өлшеулер сұлбасы
5.6.5 Өлшеулер нәтижесінің кестесі
5.6.6 Шектік мөлшерлердің, мөлшерлердің рұқсат етілуі, пішіннен ауытқудың рұқсат етілуін есептеу (5.6.2 кесте).

5.6.2-Кесте – Өлшеулер нәтижесі.



Ауытқулары бар номиналды мөлшер, мм

Нақты мөлшерлер, мм

Пішіннің ауытқуы, мм

Жарамдылығы бойынша қорытынды

1 шеті


ортасы


2 шеті


Ертоқым тәріздес

Конус тәрізді

Бөшке тәрізді

Мөлшер бойынша

Пішін бойынша

1

2

1

2

1

2













































































































5.7 Зертханалық жұмыс бойынша білімді тексеруге арналған бақылау сұрақтары

5.7.1 Микрометрдің негізгі түйіндері.


5.7.2 Микрометрлік бастиектің құрылысы мен жұмыс істеу принципі.
5.7.3 Микрометрді нөлге тексеру, баптау және келтіру.
5.7.4 Микрометрлік нутрометрде өлшеу және көрсеткіштерді есеп беру.
5.7.5 Микрометрлік тереңдікті өлшегіштің негізгі түйіндері.
5.7.6 Микрометрлік нутрометрде өлшеу және көрсеткіштерді есеп беру.
5.7.7 Микрометрлік тереңдікті өлшегіштің негізгі түйіндері.
5.7.8 Микрометрлік тереңдікті өлшегіште өлшеу және көрсеткіштерді есеп беру.
5.7.9 Тереңдікті өлшегішті нөлге тексеру, баптау және келтіру.
5.7.10 Нутрометрді нөлге тексеру, баптау және келтіру.

6 СЫЗЫҚТЫ МӨЛШЕРЛЕРДІ ИНДИКАТОРЛЫ НУТРОМЕР КӨМЕГІМЕН ӨЛШЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ




6.1 Жұмыстың мақсаты

Индикаторлы нутромерлердің құрылысы және жұмыс істеу принципімен танысу; студенттердің индикаторлы нутромердің өлшеу техникасын меңгеруі; өлшеу нәтижелері бойынша пішіннің мөлшерлері мен ауытқуларына сүйеніп бөлшектің жарамдылығына қорытынды жасауды дағдылану.


6.2 Өлшеу құралдары мен құрылғыларының тізімі

6.2.1 18 – 50, 50 – 100 және 60 – 120 мм өлшеу шектері бар ИН үлгілі индикаторлы нутромер.


6.2.2 Ауыспалы өлшегіш өзектер жинағы.
6.2.3 Бүйірлер жинағы.
6.2.4 Ұстатқыштар жинағы (бұранда қысқыш).
6.2.5 Ұзындықтың шеткі өлшеулер жинағы.
6.2.6 Өлшенетін бөлшектер.


6.3 Индикаторлы нутромермен өлшеу. Жалпы мәліметтер

Индикаторлы нутромерлер тереңдігі 500 мм-ге дейін болатын және диаметрі 3-1000мм арасында шектелген тесіктерді, ішкі мөлшерлерді өлшеуге арналған құрал. Олардың құрылымы әр түрлі болып келеді. Алынатын есептеуіш құрылғысы бар – сағат үлгілі индикаторлары қойылған индикаторлы нутромерлер кеңінен қолданыс тапты. Олар машинажасау, аспап жасау және т.б өнеркәсіп саласында қолданылады.


Өлшеу диапазоны 50-100 мм 1-ші дәлдік классты нутромердің белгілені үлгісі: НИ 50-100-1 ГОСТ 868-82 нутрометрі Бөлік құны 0,01 мм болатын индикаторлы нутромерлер. Техникалық жағдайлары.

6.3.1 Сағат үлгілі индикатордың құрылысы мен жұмыс істеу принципі. Сағат үлгілі индиктаорларды (6.3.1-сурет) сызықтық өлшемдерді абсолюттік және салыстырмалы әдістермен, сондай-ақ сопақтық, қырлар, түзусызықтық, бөлшек бетінің өзара орналасуы және т.б берілген геометриялық пішіндерден мөлшерлердің ауытқуын өлшейді. Әдетте, оларды өлшеммен салыстыру әдісімен өлшеуде қолданады. Сырт келбеті (ішкі құрылысы бойынша да)индтикатор қалта сағаттарына ұқсайды, сондықтан осындай аталуы бекітіліп қалды. Индикаторлар машинажасауда, аспаа жасауда және өнеркәсіптің басқа салаларында қолданылады.


Бөлік құны 0,01 мм болатын сағат үлгілі индикаторлар өлшеу диапазоны сәйкесінше 0-2, 0-5, 0-10, 0-25 мм болатын ИЧ02, ИЧ05, ИЧ10, ИЧ25 түрлеріне жасалады. Сағат үлгілі индикаторлар дәлдік классы 0 және 1 болып шығарылады. Бұл индикаторлардың қателігі 0,0045-0,026 мм арасында шектеледі.



а) жалпы көрінісі, б) тісті беріліс сұлбасы


6.3.1 Сурет - Сағат үлгілі индикатордың құрылысы.


Индикатордың жұмыс принципі өлшеуіш өзектің 1 ілгерілемелі қозғалысын беріліс тетігі арқылы, тілдің айналмалы қозғалысына түрлендіруге негізделген (6.3.1, а сурет).


Ұштығы бойлай қозғалатын өлшегіш бастиек сағат үлгілі индикатордың ішкі (6.3.1, б сурет) құрылымын көрсетеді. Ішіне түрлендіретін тетік – тақта-тісті беріліс құрастырылған тұрқы 13 индикатордың негізі болып келеді. Тұрқы 13 арқылы ұштығы 4 бар өлшегіш өзек 1 өтеді. Өзекте тақта ойылған. Өлшегіш тақта-өзектің қозғалысы бұрылу бұрышы тілдің 8 айналым санын көрсететін 6 циферблат арқылы саналатын, тақталы 5, берілісті 7 және қозғалмалы тілге 8 тісті дөңгелектер арқылы беріледі.
«0»-ге орнату үшін дөңгелек шкала жиекпен 2 бұралады.
Тісті тетіктің беріліс қатынасы өлшегіш өзекті l=1 мм жылжытқанда тіл толық айналым жасайды, ал көрсеткіш бір бөлікке (1 мм) жылжитындай жасалған. Сағат үлгілі индикатордың дөңгелек шкалалы циферблаты әрбіреуінің бөлік құны 0,01мм болатын, 100 бөліктен n =100 тұрады. Бұл дегенімі, өлшеуіш ұштық 0,01 мм-ге жылжығанда, индикатордың тілі шкаланың бір бөлігіне өтеді. Циферблат шкаласының бөлік құны төмендегідей формуламен анықталады:


(6.3.1)

бұл жерде l – өлшеуіш өзектің жылжуының ұзындығы, мм;


n – индикатор шкаласының бөліктер саны.
Циферблатта екі дөңгелек шкала бар: бұлар индикатордың оң және теріс көрсеткіштерін алуға арналған, біреуі бөліктер санауышы 0–ден 100–ге дейін оңға, ал екіншісі бөліктер санауышы 0-ден 10-ге дейін солға болып келеді.
Индикатор көрсеткіштері мен қарқын көрсеткіштердің негізгі қателігі 6.3.1-ші кестеде көрсетілген шамалардан аспау керек.
Сағат үлгілі индиаторлардың негізгі метрологиялық сипаттамалары 6.3.1-ші кестеде келтірілген.

6.3.1- Кесте – Сағат үлгілі индикатордың негізгі қателігінің шектері, мкм.



Дәлдік класстары



Шектеріндегі рұқсат етілген негізгі қателік
(мкм):

Кейінгі жүріс қателігі, мкм



Көрсеткіштер қарқыны, мкм



0,1 мм шкаланың кез-келген аумағында

1 мм шкаланың кез-келген аумағында

Өлшеу шегінің барлығы

0

4

8

10

2

3

1

6

10

12

3

Белгіленген аумақ шегіндегі индикатордың негізгі қателігі , өлшегіш өзектің тура немесе кейінгі жүріс кезінде қателіктердің ең жоғарғы абсолюттік шамаларының(оң және теріс) жиынтығымен түсіндіріледі.


Өлшегіш өзектің қозғалыс бағытның өзгеруі кезіндегі қателік, кейінгі жүріс қателігін түсіндіреді.


Сағат үлгілі индикатормен жұмыс бастамас бұрын, оның нөлге орнатылуын тексеріп алу керек. Алдымен өлшегіш өзекке 15-20 бөллік тартылысты хабар етеміз, кейін жиекті бұрау арқылы шкаланың нөлдік сызығын тілмен сәйкестендіреміз.


Көрсеткіштердің тұрақтығын тексеру үшін, өлшегіш өзекті екі-үш рет –мм биіктікке көтеріп, қайта түсіреміз. Егер тіл нөлдік жағдайдан ауытқып кетсе, онда онымен шкаланың нөлдік сызығын қайтадан сәйкестендіреміз.


6.3.2 Индикаторлы нутромердің құрылысы


Нутромер (6.3.2, а-суреті) негізі болып табылатын және жылу оқшаулағыш сабы 6 бар түтіктен 4 тұрады. Түтіктің жоғарғы жағында қысқышы бар жалғастыратын тесігі 8 бар. Тесікке санағыш тілді өлшегіш бастиегі 7 бар тұрқының гильзасы енгізіліп, бекітіледі. Көп жағдайда ол сағат үлгілі индикатор (индикаторлы нутромер деп аталуы осыдан) немесе бөлік құны 0,001 немесе 0,002 мм болатын иінтірек-тісті ИГ бастиегі болып келеді. Түтік-табанының астынғы бөлігінде тұрқыдан 9, центрлегіш кішкене көпірден 11 және қатаң 10 мен жылжымалы 1 болып келетін, қабылдайтын өлшегіш ұштық-өзектерден тұратын аспаптың өзінің бастиегі орналасқан. Сағат үлгілі индикатор 7 жылу оқшаулағыш сабы бар нутромердің түтікті тұрқысына 4 қондырылып, қысқышпен 8 бекітіледі. Нутромердің түтікті тұрқысы 4 өлшегіш бастиекпен бітеді, осы бастиектің тұрқысына 9 бір жағынан ауыстырылмалы ұштық-өзек 10, ал екінші жағына жылжымалы өзек 1 бұралады. Өлшеу диапазоны 50-100 мм болатын индикаторлы нутромердің аустырылмалы өзектерінің аралығы 10 мм болады(яғни 50-60 мм; 60-70 мм; 70-80 мм; 80-90 мм; 90-100 мм). Өлшеу диапазоны 18-50 мм болатын нутромерлерге аралығы 3 мм болатын өзектер жинағы арналған. Нутромерге кілт пен сомын, және бес дана ауыстырылмалы өлшегіш ұштық-өзектер 10 қоса тіркелген. Ауыстырылмалы өзектер жинағы әр түрлі диаметрдегі тесіктерді өлшеуге және нутромерді өлшеу диапазонының шегіндегі мөлшерге орнатуға мүмкіндік береді. Жылжымалы ұштықтың 1 қозғалысы иінтірекпен 2 серіппесі 5 бар сояуыш арқылы өлшегіш ұштықпен өлшегіш бастиектің өзегіне беріледі. Центірлегіш кішкене көпір 11, 1 және 10 өлшегіш ұштық-өзектердің жалпы осі болып табылатын нутромердің өлшегіш осін, өлшенетін бөлшектің тесігінің диаметрімен сәйкестігіне орнатады (6.3.2, а сурет). Көпірдегі серіппе тесіктің беттері мен өлшегіш өзектердің сенімді түйісуін және өлшеу күшінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Центірлегіш кішкене көпір 11 тесіктің диаметрі бойынша өлшеу сызығын қою үшін және нутромерді тесікке орнату үшін арналған.
Орындаушыға тек нутромерді бойлық қимада остік жазықтықта шайқап, өлшегіш бастиектің тілі бойынша минималды қалыпты, яғни өлшенетін тесіктің екеуінен де пайда болатын перпендикулярларды табу қажет. Максимум мен минимум санауларының сәйкестігі өлшенетеін қимадағы тесіктің нақты мөлшері болып табылады.

а) б)
а) – құрылымды сұлба; б) – шарикті ендірмесі бар нутромер

6.3.2-Сурет – Индикаторлы нутромер.


Кішкентай диаметрлі тесіктерді өлшеу үшін шарикті ендірмелері бар нутромерлар жасалады (6.3.2 б-сурет). Бұл құрылғыда қозғалып тұратын сояуышы 6 екі шарикке тірелетін, асты конус тәріздес болып келетін 12, ауыстырмалы өлшегіш ендірмелер қолданылады. Бір шарикті жұптың диаметрі, өзге шариктер жұбынан 0,01 мм-ге артық, себебі олар өлшенетін тесіктің мөлшерін басқа жұпқа қарағанда ерте қабылдап, сояуышқа 6 береді (6.3.2, 6.3.3 кесте).


6.3.2 Кесте – Сағат үлгілі индикаторлардың метрологиялық сипаттамалары.





Түрі


Үлгісі


Негізгі параметрлер, мм

Бөлік құны

Өлшеу шегі

Өлшеу қателігі

Қалыпты сағат үлгілі индикатор

ИЧ 10

0,01

0-10

0,012

ИЧ 5

0,01

0-5

0,012

ИЧ 2

0,01

0-2

0,012

6.3.3 Кесте – Индикаторлы нутромерлердің метрологиялық сипаттамалары.





Өлшеу шектері

Тереңдікті өлшеудің ең жоғарғы мәні
мм

Өлшегіш өзектің жылжу шамасы, мм

Көрсеткіштер қателігі, мм

6-10

50

0,6

0,015

10-18

130

0,8

0,015

18-50

150

1,5

0,015

50-100

200

4.0

0,02

100-160

300

4,0

0,02

160-250

400

4,0

0,02

Сояуыштың үстіңгі жағы жалпақ болып келеді, оған есептеуіш тілді бастиектің өлшегіш ұштығы тіреледі, сояуыштың қозғалысы осы бастиектің көрсеткішімен есептеледі. Егер нутромер диаметрлік қалыптан хордаға жылжыса, екінші шарик жұптары осы жылжуды сезіп, сояуыштың 6 тұрқысына басады да, бұл басу арқылы есептеуіш бастиек серіппесінің өлшегіш күші нутромерді диаметрлік қалыпқа әкеледі. Енді нутромерді остік жазықтықта тербелте отырып, өлшегіш бастиектің шкаласы мен тілі бойынша көрсеткіштерді алу керек. Бұл көрсеткіш тесіктің орнатылған өлшемнен ауытқуы болып келеді.


Индикаторлы нутромерлердің негізгі метрологиялық сипаттамалары 9-шы кестеде келтірілген.
6.3.3 Индикаторлы нутромермен өлшеу.
6.3.3.1 Индикаторлы нутромерді номиналды мөлшерге келтіру
Өлшеу алдында нутромерді құрастырады: идикатор 7 түтікті тұрқының 4 (6.3.2, а-сурет) жоғарғы бөлігіне қондырылады да, индикатордың үлкен тілі бір айналым жасағанша түсіріледі, сонан соң индикатор бұл қалыпта бұрамамен 8 бекітіледі.
Өлшегіш бастиектің тесігіне өлшенетін тесіктің номиналды мөлшеріне(диапазонына) сәйкес келетін, ауыстырылмалы өлшегіш ұштық-өзек (ендірме) 10 бұралады. Одан кейін, ұзындықтың ұштық өлшемдерінің жалпақ-параллельді тақтайшаларынан, өлшенетін тесіктің номиналды мөлшері жиналады, бұл өлшеу кезіндегі ауытқулар индикаторлы нутромермен белгіленіп отырады.

6.3.3.2 Ұзындық өлшемдері.


Ұзындық өлшемдері – бұл жоғарғы дәлдікпен жасалған, тұрақты ұзындығы бар құрал болып табылады. Ұзындық өлшемдері машиналармен аспаптардың бөлшектерінің өлшенетін мөлшерлерін салыстыратын бастапқы мөлшерлер болып табылады. Барлық өлшемдерінің жоғарғы дәлдігінің арқасында олар барлық сызықтық мөлшерлердің өлшемдерінің бірлігін қамтамасыз етеді.
Құрылымы бойынша ұзындық өлшемдері сызықтық және ұштық болып бөлінеді. Сызықтық ұзындық өлшемдері – бұл көп мәнді өлшемдер, оларға жоғарғы дәлдікті аралығы бар шкалалар салынған.
Ұштық ұзындық өлшемдері (ҰҰӨ) - бұл мөлшерлері қарама-қарсы өлшегіш беттерде жасалған, бір мәнді өлшемдер. Машинжасау мен аспапжасауда жазық-параллельді ұштық ұзындық өлшемдері ерекше таралған (6.3.3 сурет). Ұштық ұзындық өлшемдердің ерекшелігі болып, олардың жақсы жазықтылықты беттері, сол беттердің бір-бірімен параллель болуы және кедір-бұдырлығының аз болуы болып табылады. Бұл қасиеттер берілген өлшемге өлшегіш беттердің арасындағы кез-келген жеріндегі бірдей арақашықтықты қамтамасыз етеді, яғни бір өлшегіш беттен екінші өлшегіш бетке түсірілген перпендикулярлардың ұзындығы, бұл өлшемде бірдей болып келеді.
Жазық-параллельді ұштық ұзындық өлшемдері әмбебп өлшеу құралдары болып табылады. ҰҰӨ-дің құрылымдары іс жүзінде бірдей, ол екі жазық-паллельду өлшегіш беттері бар тақтайша.
Жазық-параллельді ұштық ұзындық өлшемдері өзімен цилиндрлік өзек немесе тікбұрышты параллелепипед-тақта бөлып көрсетеді (6.3.3 сурет). Тура жеткізілген екі параллельдің арақашықтығы – ұштық ұзындық өлшемнің жұысшы мөлшері деп аталады.

а) – негізінің ұзындығы, в) – негізінің ені

6.3.3 Сурет – Ұштық ұзындық өлшем. ҰҰӨ-дің номиналды ұзындығы.


Аталған беттерге жататын номиналды мөлшер, жұмыс атқармайтын бір беттерге таңбаланады. Әрбір тақта тек қана бір мөлшер елестету, мысалы 20; 3,5; 1,27 немесе 1,007 мм. Ұштық өлшемдердің жасалу дәлдігімен аттестациялау дәлдігі сызықтық өлшемдердікінен әлдеқайда жоғары. Сондықтан олар өнеркәсіпте кеңінен таралған.


Жазық-параллельді ұштық ұзындық өлшемдер – машинажасаудағы және аспап жасаудағы өлшем бірліктерін сақтайтын негізгі құрал. Олардың көмегімен басқа аспаптар мен құралдарды орнату, тексеру және бөлу жүргізіледі. Және де оларды бөлшектердің мөлшерін өлшеуде, оларды бақылауда, белгілеу жұмытарында қолданылады. Басқа өлшегіш құралдарды тексеру мен бөлуді үлгілі тақталардың көмегімен, ал бөлшектерді өлшеу, бақылау және белгілеу – жұмыс тақталарымен жасалынады.
Ұштық өлшемнің блогын бестен көп өлшемнен құрауға болмайды, себебі онда үлкен қателік пайда болады.
Бұранда қысқыш, бүйірлер, сығзыштар, негіздер және т.б (6.3.4 сурет) сияқты арнайы құралдар арқылы, жазық-параллельді ұштық өлшемдердің қолдану облысын әлдеқайда кеңейтуге болады.

а
) – тесіктің диаметрін бақылайтын бүйірлері бар бұрама қысқыштар;


б) – дәл белгілеуге арналған орта мен сызғыш; в) – тақтада кеңістікте белгілеу үшін негізде орнатылған, тақтасы бар сызғыш

6.3.4 Сурет – Жазық-параллельді ұштық ұзындық өлшеміне арналған арнайы құралдар


Ұштық өлшемдермен абайлап жұмыс істеу керек; жұмыс беттерін бүдіріп алмау үшін, тақталарды маталы майлықтармен ұстау керек. Ұшық өлшемдерді үстелдің бетіне жұмыс беттерімен 5,5 мм-ден көп қоюға болмайды және жұмыс беттерді жұмыс емес беттерге түйістіруге болмайды. Өлшегеннен кейін ұштық өлшемдерді таза бензинде жуып, қышқылсыз вазелинмен майлап, сонан соң қаптамаға өз орнына қою керек.


Құрал шығаратын зауыттар ұштық ұзындық өлшемдерді жинақтарға толықтырып және жеке қаптамаларға салынған, бұл дегеніміз олар арқылы керекті мөлшерлері бар блоктарды жинауға мүмкін болу үшін жасалынған. Ұштық ұзындық өлшемдердің қолданылу жағдайын жақсарту және қолдану аймағын кеңейту мақсатында бұл өлшемдерге арнайы жабдықтар қолданылады. Бұл жабдықтар өлшегіш, белгілегіш және тесіктрі бар ұштық өлшемдерге арналған жинақ деген атаулармен шығарылады. Аталуына байланысты жинақтар: ұстатқыштармен; өлшемді тақтаға орнатуға арналған негізбен; тесігі бар ұштық өлшемдерді блокқа қосатын қысқыштармен; жазық-параллельді 1, радиусты 2, сызғышты 3 және орталы 4 (6.3.5 сурет). бүйірлермен жабдықталған.



6.3.5 Сурет – Ұштық ұзындық өлшемдердің бүйірлері.


Өлшенетін тесіктің номиналды мөлшерін біле отырып, осы мөлшерге ұтық өлшемдерден блок жиналады. Блокқа екі жақтан бүйірлер түйістіріледі, осыдан кейін барлығы бірге ұстағышта (бұранда қысқыш) қысылады (6.3.5-сурет).


Нутромердің өлшегіш бастиегін бүйірлер арасындағы кеңістікке абайлап кіргізеді. Ауыстырмалы ендірмені бұрау немесе бұрап алу жолымен, индикатормен нутромердің алдын-ала тартуын жасайды, осылайша кішкентай шкала бойынша 1 мм көрсеткішті алады және сомынмен 1 бекітеді. Бұл тарту өлшенетін мөлшердің рноминалды мөлшерден ұлғаю жағына қарай 1 мм шегінде ауытқу алуға мүмкіндік береді.

6.3.4.1 Индикаторлы нутромерді нөлге орнату.


Нутромерді ұштық өлшемдер бойынша нөлге орнату кезінде керекті мөлшер блогын екі бүйір арасындағы бұранда қысқышқа бекітіп, олардың арасына нутромерді енгізеді. Арнайы бүйірді қолданған жағдайда көпір оның шығып тұрған жазықтықтарына тіреледі.
Бүйірлер арасында орналасқан индикаторлы нутромерді аздап тербетіп, индикатордың үлкен тілінің сағат тілімен қозғалуы кезінде шеткі орнаналасуын табады. Бұл бүйірлердің арасындағы ең аз арақашықтыққа сәйкес келетін тілдің орналасуына(яғни жазық-параллельді ұштық өлшемдердің блогының мөлшеріне) жиекті айналдыра отырып, үлкен шкаланың нөлдік бөлігін алып келеді. Аспаты тербелтуды қайталап, нөлдік орнатудың дұрыстығын тексеру керек. Үлкен тіл нөлден аспау керек.
Нутромерді калибр-жүзік бойынша «нөлге» орнатуда көпірді қысып, нутромерді өлшеу сызығы жүзіктің остік қимасымен сәйкес келетіндей енгізу керек. Нутромерді остік жазықтықта аздап тербелтіп, калибр-жүзіктің мөлшеріне сәйкес келетін индикатордың ең жоғарғы көрсеткішін анықтау керек (6.3.6 сурет).


а) а) б)




в) г)

6.3.6 Сурет – Индикаторлы нутромерді түзеу және өлшеу.

«Нөл» өлшенетін тесіктің номиналды мөлшеріне сәйкес келетіндей(яғни калибр-жүзіктің мөлшерінің қателігін есептегенде), индикатор шкаласын бұрау керек. Өлшегіш беттердің арасындағы мөлшер үлкейген кезде индикатордың тілі сағат тіліне қарсы, ал кішірейген кезде сағат тілімен бағыттас қозғалады. Көрсеткіштердің жоғары дәлдікте болу мақсатында нутромердің түзету кезіндегі орналасуы, өлшеу кезіндегі орналасуы секілді болу керек.


6.3.4.2 Тесікті өлшеу


Нутромермен өлшеу кезіндегі негізгі қателіктер өлшеу сызығының тесік диаметріне қатысты жылжуы (6.3.7, а-сурет) және нутромердің тесікте қисық орналасуы әсерінен пайда болады (6.3.7, б-сурет). Өлшеу сызығы орталықтағыш кішкене көпірдің көмегімен тесіктің диаметрі бойынша орнатылады. Центірлеудің қателіктері 3 мкм-ден аспайды.
Түзелген индликаторлы нутромерді тексерілетін тесікке енгізіп, ақырын тербелте отырып, индикатордың максималды көрсетуін анықтайды. Максималды көрсеткіш пен нөлдік есептеудің арасындағы айырмасы, нақты мөлшердің керекті мәннен ауытқуын анықтайды.
Нутромерді тербелте отыра (6.3.7, а-сурет), жазықтықтағы остік қимада тесіктің диаметріне сәйкес келетін аспаптың ең аз көрсетуі табылады, ал тік остің айналасында бұрай отыра аспатың ең көп көрсетуін табады(осы қимадағы тесіктің ең үлкен мөлшері).


а) б)
6.3.7 Сурет – Нутромермен өлшеу кезіндегі мүмкін болатын қателіктер.


Аспаптың көрсеткіші тесік мөлшерінің, нөлге орнату жасалған ұштық өлшемдер блогының мөлшерінен ауытқуына тең. Тілдің нөлден сағат тілімен ауытқуы – мөлшердің азаюы (минус белгісі), ал сағат тіліне қарсы – мөлшердің көбеюін (плюс белгісі) көрсетеді.


Тесік мөлшері номиналды мөлшермен (ұштық өлшем блогының шамасы) аспаптың ауытқу белгісін ескере отырып көрсетуінің алгебралық қосындысынан шығады (6.3.4 кесте).
Машинажасау және аспап жасау салаларында индикаторлы нутромер көмегімен тесік диаметрлері мен беттердің пішіндерінің ауытқуларын өлшеу кеңінен қолданылады . Бұл өлшеулер микрометрлік нутромерлермен өлеуге қарағанда өндірмелі және дәлдіктері жоғары болады (6.3.5 кесте).
6.3.4-Кесте – Нутромермен сағат үлгілі индикатордың метрологиялық сипаттамалары.

Құралдың аталуы

Түрі


Негізгі параметрлері

Өлшеу қателігі мм

Шкаласы

Шкаланың бөлік құны, мм



Көрсеткіштер диапазоны

Өлшеулер диапазоны

Өлшеу әдісі

Сағат үлгілі индикатор












Негізгі



















Қосымша










Индикаторлы нутромер






















6.3.5-Кесте – Индикаторлы нутромермен өлшеудің нәтижелері.





Ауытқулары бар номиналды мөлшер, мм

Нақты мөлшерлер, мм

Пішіннің ауытқуы, мм

Жарамдылығы бойынша қорытынды

1 шеті


ортасы


2 шеті


Ертоқым тәріздес

Конус тәрізді

Бөшке тәрізді

Мөлшер бойынша

Пішін бойынша

1

2

1

2

1

2

Мысал
Ø



111,83

111,98

111,98

112,21

112,20

112,21




0,37




Жарамды

Жарамсыз









































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет