«М.ӘУезовтың «абай жолы» роман-эпопеясындағы жер-су атауларының тілдік-танымдық сипаты»



бет1/6
Дата02.05.2020
өлшемі427,35 Kb.
#65448
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ғылыми жоба Алмасханұлы Мағжан


Тақырыбы:



«М.ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ

ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК-ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ»
Жоба авторының аты-жөні: Алмасханұлы Мағжан

Мектеп: №175 гимназия

Сынып: 9 М сынып

Ғылыми жетекшісі:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Қойгелдинова

Алматы. 2016

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...................................................................................................................3


І БӨЛІМ. РОМАН ТІЛІНДЕГІ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ..........................................................7

Түр-түске байланысты жер-су атаулары.............................................................. 7


ІІ БӨЛІМ. АНТРОПОНИМДЕР МЕН ЭТНОНИМДЕР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ.............................17

Жер-су атауларының танымдық сипаты....................................................... 17


ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................22
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................24

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» - қалыптасқан елдің жаңа саяси бағыты» деген атпен Қазақстан халқына арнаған (14.12.2012) Жолдауында: «...біздер қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, дамытып келеміз, көп ұлтты және көп мәдениетті келісімін бірегей ұлттың алға дамуын қамтамасыз етеміз» – деген болатын [1].  Қазақ тілінің жер-су атауларын зерт­теудің тіл тарихы үшін маңызы зор. Асыл қазына болып қалыптасқан то­понимиканың лингвистикалық және тарихи-этнографиялық қыр-сырын ашу – тіл білімінің үлкен бір саласы – оно­мастиканың міндеті. Топонимикада халықтың тарихы жә­не тарихи география жөнінде қы­руар бай материал, құнды деректер сақталған. Топонимика қойнауында замандар бойы сақталған, талай ғасырдың куә­сі болған тарихи сөз - атаулар бар. Қа­зіргі сөйлеу тілімізде, сондай-ақ, әде­би тілде қолданудан мүлде шығып қал­ған сөздер де осы географиялық атаулар құрамынан табылады. Өйткені, олар географиялық атаулар ретінде тұрақталып, берік орын тепкен соң, ғасырлар бойы өмір сүріп, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырады. Сондықтан да, Абай өмір сүрген жердің топонимикасынан халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тіл арқылы өткен тарихымыз жайлы көп мәлімет аларымыз сөзсіз, сонымен бірге,  жер-су атауларына қатысты халықтық этимология көріністері де сақталып қалған.

Қазіргі уақытта ономастика республикадағы ұлттық тіл саясатының жетекші бағыттарының бірі ретінде тек ғылыми-практикалық, мәдени-тарихи ғана емес, сондай-ақ қоғамдық-саяси маңызға да ие болып отыр [2].

Бұл ұлттық ономастика мәселелерін мемлекеттік деңгейде қарауға әкелді. Сондықтан 2005 жылы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы қабылданды [3]. Тұжырымдамада берілген негізгі ұғымдар: ономастика - жалқы есімдерді, олардың қалыптасу және түрлену тарихын зерделейтін тіл білімі бөлімі; топонимика - географиялық объектілердің атауларын, олардың қалыптасу, өзгеру, жұмыс істеу заңдылықтарын зерделейтін ономастика бөлімі; антропонимика - адамдардың (жалқы) есімдерін зерделейтін ономастика бөлімі; оним - жалқы есім; топоним - онимнің түрі, географиялық атаулар; гидроним - топонимнің түрі, су нысандарының атаулары; ороним - топонимнің түрі, таудың, қыраттың, шоқының атаулары; ойконим - топонимнің түрі, елді-мекендердің (ауыл, кент, қала) атаулары; хороним - топонимнің түрі, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атаулары; зооним - онимнің түрі, жануарлар мен хайуанаттар атаулары; фитоним - онимнің түрі, өсімдіктердің атаулары; космоним - онимнің түрі, галактика мен ғарыш денелерінің, жұлдыздар мен жұлдыз шоғырларының атаулары; этноним - онимнің түрі, халықтың, ұлттың атаулары [3].

Осы тұжырымдамада: «тарихи негіздерге сүйене отырып, өткеннің жинақталған ғылыми мәселелерін шешудің жолдарын табу, сондай-ақ ұлттық ономастика жүйесінің одан әрі даму бағыттарын анықтау сияқты мақсат пен оның міндеттері: республикадағы ономастикалық қызметті реттеудің негізгі ғылыми негізделген бағыттарын айқындау; ұлттық ономастика жүйесін одан әрі дамытудың негізгі қағидаттарын айқындау; ономастикалық жұмыстың құқықтық негіздерін, қолданылу тетігін және іске асыру нысандарын әзірлеу болып табылады.

Біздің ғылыми жобамыздың тақырыбы да осы міндеттерден туындаған. Атақты роман-эпопеядағы қазақ халқының жер-су атауларын зерттеу-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қазақ халқының классик жазушысы М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды. 1961 жылы тұтас «Абай жолы» деген атпен жарияланғаны белгілі. Сонымен бірге жинақтаған материалдардың әліппелік тәртіпке түсірілген статистикалық тізімі сөздік етіп баспаға берілді. Соның нәтижесінде ғылыми жобамыздың жаңалығы ретінде «Абай жолы» романындағы жер-су атауларының (қыраттар, сулар, таулар, ауылдар, жоталар, көшелер) сөздігін жасадық: 1. Абай. 2. Абыралы. 3. Айдарлы. 4. Ақтомар. 5. Ақшоқы т.б. жалпы саны – 108 жер-су атаулары жинақталды [2].

Ғылыми жобамыздың негізгі зерттеу нысаны етіп, қазақтың танымал жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы жер-су атаулары және оның қолданысын алып отырмыз. Өйткені жазушы романындағы жер-су атауларының ерекшелігін зерттеу осы өңірде түрлі тарихи-тілдік себептермен сақталып қалған, әдеби тіл дамуының белгілі бір қалпынан хабар беретін, қазақ әдеби тіліндегі кейбір атаулардың қалыптасуына ықпалын пайымдауға жәрдемдесетін тілдік деректерді анықтауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері. М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы жер-су атауларының: түр-түске байланыстылығы мен антропонимдер және этнонимдер арқылы жасалған қолданысын анықтау. Ол үшін мына міндеттерді жүзеге асыру көзделді: 1) түр-түске байланысты жер-су атауларына ономастикалық талдау жасау; 2) антропонимдер мен этнонимдер арқылы жасалған жер-су атауларын саралау.

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысының дереккөздеріне: М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы, қазақ тілінің сөздіктері[4], Ә.Әбдірахмановтың[5], Е.Жанпейісовтың[6], Е.Керімбаевтың[7] кітаптары мен Ә.Қайдардың «Халық даналығы», Р.Сыздықтың «Сөз құдыреті», «Сөздер сөйлейді» еңбектері алынды.

Зерттеу жұмысының кезеңдері:

1-кезең: М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан жер-су атауларына байланысты тілдік деректер жинау;

2-кезең: Жиналған материалдарды ономастикалық сараптау: түр-түске байланысты, антропонимдер мен этнонимдер арқылы жасалған атаулар деп топтау;

3-кезең: Анықталған нәтижелерге ғылыми, танымдық, тілдік талдау жасап, ашылған жаңалықты көрсету.



Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысына жалпы тіл білімі мен отандық тіл білімі бойынша ономасиология, лингвостилистика, диалектология, мәтін лингвистикасына және лингвомәдениеттану саласына байланысты жазылған В.Виноградов, Н.Гальперин, Б.Уорф пен Э.Сепир, В.Ф.Гумбольдт, А.Байтұрсынұлы, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Ш.Сарыбаев, Т.Жанұзақов, Қ.Рысберген, Ж.Манкеева, М.Серғалиев, Н.Уәли, т.б. ғалымдардың зерттеу қағидалары теориялық-әдістанымдық тұрғыдан басшылыққа алынып, ғылыми негіз болды.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Әдістері:

Ғылыми жобада мынадай әдістер қолданылды: талдау, жинақтау, сипаттау, сипаттау, семантикалық талдау, этимологиялық және ономастикалық талдаулар.

Болжамы:

М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы жер-су атауларының ономастикалық ерекшеліктері анықталды, олардың ономастикалық қызметі анықталып, тақырыпты толық ашу, жан-жақты түсіндіру мақсатында талдауға қажетті мәліметтер жинақталды

Зерттеудің жаңалығы Романдағы жер-су атаулары этно-ономастикалық тұрғыдан бірінші рет зерттеу нысаны болды. Жер-су атауларының халықтың дүниетанымымен, көзқарасымен, ұстанымдарымен байланыстары анықталды. Жұмыстың негізгі қағидалары және ұстанымдары Абайдың туған жері туралы халықтық этимологиядан мәлімет береді.

Ғылыми жобаның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет