МҰҒалім мен оқушының жеке және шығармашылық Әлеуетін дамытудың жаңа тәсілдері, формалары, Әдістері



Дата25.08.2017
өлшемі64,12 Kb.
#25986
Мектепова Аинжамал Меңлібекқызы 1992 жылы 31 шілдеде Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағанбет ауылында дүниеге келді. 2007 жылдар аралығында жергілікті жердегі Тұрмағанбет атындағы

№ 29 қазақ орта мектебінде білім алды.

2007-2011 жылдар аралығында Жезқазған педагогикалық колледжінде білім алды.

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қарсақбай кентіндегі № 15 Қарсақбай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарады.Ұстаздық еңбек өтілі 3жыл.

Телефон 87713796391

Қарсақбай кенті, Деев көшесі – 41 – 1.



Мектепова Аинжамал Меңлібекқызы

өзін-өзі тану пәні мұғалімі

15 Қарсақбай орта мектебі



Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы,

МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ, ФОРМАЛАРЫ, ӘДІСТЕРІ

Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. «Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен

15-20 жас аралығындағы жастар» деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылық әлеуетін дамыту. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

Жаңа ғасыр табалдырығын аттап тұрып ел президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «…Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп,кемелденеді біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олардың өз ішінде жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері бар.


Олар бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады.Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі бүкіл әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады,»- деген болатын.Олай болса бүгінгі мұғалімнің алдында шығармашылыққа бейім жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.
«Баланың шығармашылық әлеуетін ашудағы жаңа тәсілдер:

Баланы алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдай жасау қажет. Оқушының дарындылығының даму,қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.Ұстаздың алдында қолын созған,өмірге ерекше талпынған жас ұрпақ тұр. Білім берудегі шынайы мақсат – адамға белгілі бір білімді зерттеу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Бүгінгі таңда балалардың өмірден орын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсінуіне де көмектесудің қажеттілігі арта түсуде.


Дидактикалық категория ретінде оқу формасы оқу процесі ұйымдастырылуының сырттай көрінісін білдіреді. Ол оқу процесінің мақсаттары, мазмұны, әдістері мен құрал-жабдықтарына, материалдық жағдайларына, қатысушылар құрамы және элементтеріне тәуелді. Қазіргі мектеп тәжірибесінде келесідей оқу формалары қалыптасқан: жеке-дара, топтық, толық сыныптық, ұжымдық, жұптық, дәрісханалық және дәрісханадан тыс сыныптық және сыныптан тыс, мектептік және мектептен тыс.

Жеке-дара оқу формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасқа келуінен құралады.

Оқудың топтық формасында оқушылар әрқилы мүдде – мақсатқа орайласқан топтарда оқиды, тәрбиеленеді.

Толық сыныппен жұмыс формасы оқуда мұғалім бір мезетте барша оқушылармен, біркелкі тапсырма, міндет белгілеп, сынып қатысушыларының бәріне ортақ іс- әрекеттер төңірегінде бірқалыпты оқу жұмыстарын алып барады.

Оқудың ұйымдастырылу формалары әрқилы негіздемелерге байланысты қарастырылуы мүмкін.

Оқу процесінде басым болған мақсатқа орай – кіріспе сабақ, білімді тереңдете оқыту дәрісі, практикалық сабақ, білімді жүйелестіру және қорытындылау сабағы, білім ептілік және дағдыларды бақылау, тексеру сабағы, аралас сабақ формалары.

Оқушының шығармашылығын арттыру үшін жеке тапсырма қосымша сабақтар өткізу, сабақта қызығушылығын арттыру, кесте толтыру, бақылау жұмыстарын әр тақырып бойынша өткізу, тест дайындығын үйрету. Өзін-өзі тану баланы жолдастары арасында өзін сыйлата білуге, өзін-өзі жетілдіріп басқадан үлгі алуға , қоршаған орта жағдайында өзін-өзі бағып алуына , өз бетінше бір шешім айта алуына, әр іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Бірақ бұл жолда мұғалімге үлкен шығармашылықпен ізденіс керек.Онсыз ұстаздың бала жүрегіне жол табуы мүмкін емес. Балалар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез-келген іс-әрекетіне қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады. Сабақтың өзіне тән ерекшелігі- сабақтың стандартты емес түрлері ұсынылады: талдау сабақтары, сайыс сабақтары, экскурсия сабақтары, ойын сабақтары, топсеруен сабақтары т.б. «Шығармашылық жұмыс» - мектепте оқытылатын барлық пәннің ең маңызды бөлігі дегеніміз дұрыс болар, балалар үнемі шығармашылық жұмыста болады, мысалы, табиғатпен ұштастыра отырып сурет салу, өлең жазу, тілек құрап айту, кітапшалар жасау сияқты жұмыстарымен балалардың шығармашылық шабыты оянады, өз ісіне сын көзбен қарап, басқаның еңбегін бағалауды қалыптастырады.
«Алдыңғы қатарлы мұғалімдер оқуды бітіргеннен кейін өз беттерінше дамымайды немесе мұғалім болып туыла салмайды. Керісінше олар әрқашан даму үстінде болады. Өз мамандықтарын алғаннан кейін мұғалімдер әріптестерімен әңгімелесіп, бірігіп жұмыс жасау арқылы жалғаспалы, тұрақты білім мен өз өнерлері жөнінде терең ойлану арқылы өздерінің кім екендігімен не үшін қызмет жасайтындықтарын анықтауды қажет етеді», деген екен. Олай болса, әріптестер, қандай пән болмасын жас ұрпақ үшін қызмет жасап, қашанда даму үстінде жүретін шығармашыл ұстаз болайық.

Шығармашылық тапсырмалардың өзін оқушылардың қабілеттеріне, пәнге деген сүйіспеншілігне байланысты оқуға қойылатын талаптарын басшылыққа ала отырып, жүргізген жөн. Ол үшін оны түрлендіре әрі орындауға жеңіл етіп берген тиімді болмақ. Бір сабақтың өзінде бірнеше тапсырма ұсынып, таңдап орындауды баланың қалауына қалдыру керек. Өте жемісті тәсілдердің бірі – тапсырмаларды жүйеге бөліп, оқушының біліміне, қабілетіне байланысты ұсынуға болады. Оқушыға қойылатын талаптар:



  • Алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

  • Қорытынды жасап отыру;

  • Қосымша материалдар табу, іздену;

  • Өзін-өзі талдауды, өзін-өзі бағалай білуді меңгеру.

Оқушының болашақта мамандық таңдау, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Бұл мақсатта жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану қажет. Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға , жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастыру.

Оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым- қатынасы ретінде қабылдау.

Күрделі мақсат идеясы – оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту.

Өзіндік талдау – оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау.

Ерікті тыңдау – мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы.

Оқушылардың өзін-өзі шығармашылық басқаруы,

Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау,

Ата-аналармен ынтымақтастық құру, сонымен, осы қасиеттер толық болған жағдайда ғана тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.

Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:


  • Өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу,

  • Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу,

  • Білім беру, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу,

  • Оқушылардың қабілеттерінің ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр » деген болатын. Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Сондықтан, білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне,шығармашылық деңгейіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми - ізденіс қабілеттерін қалыптастырып, бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:



«Бастауыш мектеп» 2005ж №2 журналы,

«Қазақстан мектебі» 2006ж № 10 журналы, және ғаламтордан алынған ақпараттар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет