Мұғалімге қойылатын талаптар


XXI ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі32,55 Kb.
#79732
1   2   3   4
Байланысты:
Мұғалімге қойылатын талаптар

XXI ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалім өзіндік жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін, жігерлі тұлға зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті көп оқитын, көп білетін, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана алатын оқушының өз бетінше білім алуына үйрете алатын болуы керек. Қазіргі мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейіміділік, сараптамалық қабілеттері болуы тиіс.
Әр ұстаз – ХХІ ғасыр педагогына сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.
Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де «ХХІ ғасыр оқушысы қандай болу керек?» «ХХІ ғасыр оқушысының мұғалімі қандай болу керек?» деген үш мәселе алдыда тұр. «Біз әлде де ешкім қоймаған мәселелерді шешу үшін әлі пайда болмаған және бізге әзірге қолжетімсіз ақпарат ресурстарын қажет ететін мамандықтарды дайындаймыз» деп білім және ғылым министрі Аслан Саринжипов айтқандай, әлемдік өркениетке сай сапалы білім беру және ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, үнемі даму үстінде болатын, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, сыни тұрғыдан ойлай алатын тұлға қалыптастыру болып отыр. Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім - ұстаз, иноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім өзі иннотехник дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек. Сабақ ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбек етуінен туатын педагогикалық шығарма.Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, әр түрлі ситуациялар кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей, сабақ үрдісін түрлендіріп отыруы керек. Қазіргі қоғамдағы мұғалім – жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек. Яғни, «Оқушы дайын білімді игеруші» түсінігі орнына «адам – шындықты танушы тұлға» түсінігін қалыптастыруы керек. Ол үшін мұғалім оқытуды өзектілендірудің мынадай әдістемелік тәсілдерін білуі тиіс.

● мұғалім оқушыны өз тақырыбы бойынша қайшылыққа әкеліп, оны шешудің жолдарын табуды өздеріне ұсына алуы;


● қайшылықты практикалық іс-әркетте көрсете білуі;
● бір сұрақты жан-жақты қамтитын бірнеше жауаптар ұсына алуы;
● құбылысты әр түрлі позициядан қарастыруды тапсыруы;
● мұғалім оқушыға ұқсастықтар мен қайшылықтарды өз беттерімен салыстыруға, қорытуға, түйіндеуге жағдай туғызады;
● нақты сұрақтар қояды;
● тапсырмаларды бірігіп орындайды.
Әлемдік білім саласында болып жатқан өзгерістерден жырақта қалмай, жаңғыртып отыру үшін ұстаздар қауымына арнайы ұйымдастырылған «ІІІ базалық біліктілікті арттыру» курсынан мен де өттім. Курс барысында 7 модульге негізделген жаңа әдіc-тәсілдермен таныстық, талқыладық және курстың ІІ кезеңінде өз тәжірибеме қолданысқа енгізіп, оның тиімді жақтарын байқадым. Еліміздің мектептеріндегі шешімін таппаған мәселелердің бірі – бағалау процесі. Мұғалім үшін де, бала үшін де, ата-ана үшін де қиын, егесі көп мәселе болатын.... Ал курстан бұл мәселе өз шешімін таба алатынына көзім толық жетті. Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі мен үшін жаңалық болмаса да, осы курс нәтижесінде бағалауға деген мүлдем жаңа көзқарас қалыптасты десем, қателеспеймін. Балаларды ынталандыруда тәуекелге барып, оқушылардың жауаптарын жоққа шығармай, сол қателерін өзіне түзету арқылы оқыту қажеттігін, бағалау критерийлері арқылы әділ бағалауға қол жеткізудің мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімділігін ұғынып, оқып келгеннен кейінгі уақыт ішінде бағалау түрлерін өз тәжірибемде пайдаланып, оң нәтижелерге қол жеткізуге болатындығына көз жеткізіп келемін. Ол үшін оқушыны өзін-өзі бағалауға үйрете алсақ, ол үшін бағалау кретериилерін өзіміз дұрыс құра алсақ болғаны. Әрине алғашында балалар өздерін жоғары бағаласа, уақыт өте келе өз қателіктерін түсінетін болады. Оған сыныптастарының да бағалауы да әсерін тигізеді. Бағалау процесі арқылы баланы әділдікке үйрете отырып, адалдыққа тәрбиелейміз, ал қазіргі заманда біз үшін әділдіктің орны ерекше болып тұр. Сонымен қатар ата-ана тарапынан, оқушы тарапынан болатын неге?-деген сұрақтардан құтыламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет