Мұғалімнің аты-жөні
|
Жуват Г.Ж.
|
№33 М.Әуезов атындағы орта мектеп
|
Сыныбы
|
11 а
|
№ сабақ
|
Күні:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Алкадиендер, изомерлері, құрылысы, қасиеттері, алынуы, жеке өкілдері
|
Сілтеме:
|
Химия. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық /Н. Нұрахметов, Ә.Темірболатова, Р.Жұмаділова, С.Әлімжанова - Алматы: «Мектеп»2015. Химия тапсырмалар жинағы 11 с К. Жексембина, К.Сарманова. - Алматы: «Мектеп»
|
Мақсаты:
|
Қанықпаған көмірсутектерден алған білімдерін қолдана отырып,алкадиендердің құрылысын ,қасиеттерін , жеке маңызды өкілдерін сипаттауға,бірі бірімен салыстыруға үйренеді.
|
|
Сабақтың міндеттері
|
Изомерлердің, гомологтардың формуласын құрастыру,есеп шығара білу біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру, көңіл аудару ,еске сақтау қабілеттерін дамыту; Сандық есептерді шығара білуге дағдыландыру
|
|
Күтілетін нәтижелер
|
А)Алкадиендерге сипаттама береді. В) Алкадиендердің құрлысы мен қасиеттеріндегі ерекшіліктеріне тұжырымдама жасайды, салыстырады. С)Алкадиендердің қасиеттерін қолдана отырып,есептер шығара алады .
|
Түйінді идеялар
|
Диен көмірсутектері, алкадиендердің құрылысы, дивинил, изопрен, диен көмірсутектерінің полимерленуі.
|
Бағалау критерийлері
|
Сабақтың мақсатын, алкадиендердің изомерленуі мен номенклатурасын сипаттайды. Алкадиендердің құрылысындағы ерекшеліктерді көрсетеді. Алкадиендердің алыну жолы мен қасиеттеріндегі айырмашылықтарды сипаттайды.
|
Дескриптор
|
Алкадиендердің анықтамасын, жалпы формуласын жаза алады. Алкадиендердің изомерленуі мен номенклатурасын сипаттайды Алкадиендерде екі қос байланысты көрсетеді Алкадиендердің химиялық қасиеттерін, реакция теңдеулерін жаза алады Реакция теңдеулерін есептер шығаруда қолдана алады
|
7 модульдің қолданылуы
|
АКТ”, Диалогтік оқыту, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»
|
Сабақтың түрі
|
Аралас сабақ
|
Сабақтың типі
|
Жаңа сабақты меңгерту
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Топтық, жұптық, жеке Миға шабуыл, Жигсо, Сөйлемді толықтыр, «Ойлан , жұптас,бөліс», «Ыстық орындық» , семантикалық карта беру, тест.
|
Қолданылатын ресурстар
|
Флипчарт, маркерлер, тақта, стикерлер, тест сұрақтары, тараптама материалдар(сұрақ-жауап)
|
Пәнаралық байланыс
|
Биология, география, математика
|
Сабақ барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті. Блум таксономиясы бойынша
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг
3 мин
|
Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін. Топқа бөлдіремін. Қалай отыратындығын түсіндіремін. Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық. Түрлі түстермен оқушыларды топқа бөлу. Топтардың атауы: І топ:«Алкандар» ІІ топ: «Циклоалкандар» ІІІ топ: «Алкендер» 2 минут Сұрақтар қою; 1. көмірсутектерге қандай топқа жіктеледі? 2. Қандай көмісутектерді қарастырып жатырмыз?
|
Мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне жылы сөздер айтады. Оқушылар түстер арқылы топқа бөлінеді.
|
Білу
Қызығушылықты ояту
Миға шабуыл «Кім жылдам» үй тапсырмасы бойынша сұрақтар беріледі 5 мин
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
/оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару/. І-тапсырма. Жабық және ашық сұрақтар: Алкендердің жалпы формуласын жаз. Алкендерді не себебті олефиндер деп те атайды? Алкендердің алкандардан қандай айырмашылығы бар? Алкендердегі изомерия түрлерін ата? Алкендердегі изомерленудің алкандардан қандай айырмашылығы бар? Алкендердің алыну жолы қандай? Алкендердің химиялық қасиеттері қандай?
8.Циклоалкандарды қалай алуға болады ? 9.Циклоалкандарға қандай реакциялар тән?
|
Оқушылар интерактивті тақтадағы сұрақтарға топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды. Әр оқушы жеке жеке жауап береді.
|
Түсіну.
Жаңа сабақ
Жигсо
Постермен тақырыпты қорғау
10 мин
|
II. Мағынаны ажырату кезеңі Жаңа ұғымды меңгерту. Топтық жұмыс. Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз беттерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату. І топ.Алкадиендер, изомерленуі мен номенклатурасы ІІ топ. Алкадиендердің құрылысы мен алынуы ІІІ топ. Алкендердің физикалық, химиялық қасиеттері
|
Оқушылардың өз беттерімен тақырыпты оқып, постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап, қорғайды.
|
Қолдану
Жұптық жұмыс
7 мин
|
ІІІ. Тапсырма. Оқулықтан №5-жат t t а ) С4Н10 → С4Н6 + 2Н2 б) С4Н8 → C4H6 + H2 №7-жат. CH2 = CH – CH = CH2 + Н2→СН2= CH – CH2 – CH3 бутен-1 СН2= CH – CH2 – CH3 + H2 → СН3-СН2-СН2-СН3 бутадиен-1,3 №8- жат CH2Cl – CHCl – CH = CH2 3,4-дихлорбутен-1 а ) СН2 =CH – CH = CH2 + Cl2 → СН2Сl – CH = CH – CH2Cl 1,4-дихлорбутен-2 ә) Н2С = CH – CH = CH2 + 2Cl2 → H2C – CH - CH – CH2 | | | │
Cl Cl Cl Cl
1,2,3,4-тетрахлорбутан Мына айналымдарға сәйкес реакция теңдеуін жазып,реакцияның жүру жағдайларын көрсетіндер 1.Этан-хлорэтан-этил спирті-дивинил-дивинил каучугі. 2.Ауа бойынша тығыздығы 1,86 ға тең,құрамында массалық үлесі 14,3% болатын көмірсутектің формуласын табыңдар. Берілгені: Д(ауа)=1,86 ώ (С)=88,9%
|
Оқушылармен жұптық жұмыс жүргізіледі, дәптерлеріне орындайды
|
|
Талдау: Жеке жұмыс
5 мин
|
IV Тапсырма. Тақтаға қараймыз,не жазылып тұр? «Бутен,сутек,дегидрлену,реакция» Осы сөздерден сөйлем немесе теңдеу құрастырыңдар. С4Н8 – С4Н6 + Н2 Оқушылар жұптасып,топтасып пікірлесіп бір жауап айтады. Алкендерден алған білімдерін еске түсіреді. Оқушылармен жеке жұмыс жүргізіледі, дәптерлеріне орындайды
|
Жинақтау
5 мин
|
V Tапсырма. Кестемен жұмыс
Химиялық реакция түрі
|
Алкандар
(реакция теңд)
|
Алкендер
(реакция теңд)
|
Диендер
(реакция теңд)
|
Жану
|
СН4 + О2→
|
С2Н4 + О2→
|
|
Орын басу
|
СН4 + Сl2→
|
|
|
Қосылу
|
|
C2H4 + Br2→
|
C4H6 + Br2→
|
Полимерлену
|
|
nC2H4 →(-C2H4)n
|
|
|
Бағалау
3 мин
|
Бағалау парағы, бағдаршам. 5 мин -Оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым-қатынасты тудыру.
-Оқушылардың өзін-өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынас принципін үйрету;
-Сіздерге сабақ қызықты болды ма?
-Білгендеріңнің маңызы қандай?
-Сіздерге бүгінгі сабақта не ұнамады.
|
Көшбасшы бағасы, өзін – өзі бағалау бағалары, қортынды баға қойылады. Бағдаршам бейнесі, бағалау парағы
|
Рефлексия
2 мин
|
«Білім ағашы» Стикерлерді толтыру.Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, ағашқа іледі (2 мин)
|
Оқушылар кері байланыс арқылы сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.
|
Үйге тапсырма
|
§ 2.8 9- жаттығу
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |