Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
1.1.5.1. Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.
1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлемнен өз ойын білдіру.
1.3.5.1.Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу.
1.4.2.1. Мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған/тыңдау-көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу.
1.4.4.1. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып жазу; санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жазу.
1.5.1.3. Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын, бұйрық райды қолдану.
|
Сабақтың басы
(2-5минут)
|
1.Ұйымдастыру
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
2.Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызады, сәлемдеседі, түгендейді. Оқушылар бір-біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.
3. Топқа бөлу: Ою суреттері бойынша топқа бөлу.
4. Ой қозғау
- Балалар сендердің қолдарыңдағы ненің суреті?
- Ою деген не? ( «ою» сөзін қазақша, орысша, ағылшынша айтады) ою-орнамент- ornament)
- Ол не үшін керек?
|
|
Сабақтың ортасы
(6-40 минут)
|
(МК, Ұ) Оқушыларға сұрақ ққоя отырып, мұғалім оқушыларға ою сөзінің мағынасын түсіндіреді. Қазақ тұрмысында оюдың алатын орны туралы, сондай-ақ біз оюларды киім үлгілерінде, ыдыстарда, кілемдерде, түрлі әшекейлерде кездестіретініміз туралы ақпарат беріледі.
Ою-өрнектер туралы шағын фильм көрсету (Фильм көрсету тәсілі).
1-тапсырма бойынша оқушыларды ою жасау жолдарымен таныстырады. Оқушылар ою жасау үшін қажет құралдарды атайды. Олар: қағаз, қайшы, қарындаш.
(МК, Ұ) 2-тапсырмадағы суреттер бойынша оқушылар бүкте, сыз, қи, аш сөздерімен танысады. Сөздерді тыңдау, қайталау және қимылмен көрсету жұмыстары жүргізіледі.
Жаңа сөздермен жұмыс
(МК,Ұ) 3-тапсырмада оқушылар бүктеймін, сызамын, қиямын сөздерін берілген сөйлемдерді толықтырып айту үшін қолданып жаттығады. Мысалы: Мен қағазды ... (бүктеймін). Мен қарындашпен ою ... (сызамын) Мен қайшымен ... (қиямын).
(МК, Т) 4-тапсырмада мұғалім оқушыларды ою жасау жолымен таныстырады. Оқушылар ою жасау жолын тыңдайды, қайталайды, есте сақтайды.Топтық жұмыс жүргізеді. Топ ішінде олар өздері бір-бір сөйлемнен бөліп алады. Содан кейін әр топ оюдың жасалу жолын ретімен айтып шығады: Қағаз, қарындаш, қайшы ал. Қағазды бүкте. Қарындашпен ою сыз. Қайшымен қи. Оюды аш.
(ОТ) Оқушылар сабақта ою жасайды.Мұғалім ою үлгісін береді. Оқушылар ақ қағазды екіге бүктейді, содан кейін дайын ою үлгісі бойынша оюды сызып шығады да оюды қияды. Қағазды ашқанда әдемі ою шығады. Содан кейін оюды ақ қағазға жапсырады (кілем жасайды). Көрме ұйымдастырады , яғни тақтаға жапсырады «Постер» әдісі
Сергіту сәті
(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекітеді.
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекітеді. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.
Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
|
Презентация (слайдтар)
Оқулық
Аудиодиск:
6.2.1.; 6.2.2.;
6.2.4.
Мультфильм
Ою үлгісі, түрлі-түсті қағаз, қайшы, қарындаштар,ақ парақтар.
№2 жұмыс дәптері
Қосымша тапсырма:
6.2
|