Мұғалімнің жұмыс 10 дәптері ббк 74. 263. 2 А 43 «Білім-2050»



бет9/15
Дата27.04.2018
өлшемі3,79 Mb.
#40244
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




Тақырыбы: Есеп шығару кезеңдері. Қадамдарға бөлшектеу әдісі.

Күтілетін нәтиже:




Білім

•Өткен сабақтағы бақылау жұмысында жіберілген қателерді есіне түсіреді.

•Есеп шығару кезеңдерін сипаттайды.

•Қосымша алгоритм ұғымын және қадамдарға бөлшектеу әдісін анықтайды.


Түсінік

•Қадамдарға бөлшектеу әдісін қолдануды түсінеді.




Қолданыс

•Негізгі және қосымша алгоритмдерді құрастырады.

•Қосымша алгоритм мен қадамдарға бөлшектеу әдісінің арасындағы байланысты анықтайды.



Анализ

•Қадамдарға бөлшектеу әдісін қолдана отырып шығарылған есепті сызбанұсқа түрінде бейнелейді.

Синтез

•Қадамдарға бөлшектеу әдісі, қосымша алгоритмдер мен есеп шығару кезеңдерін қайта қарайды.




Баға

•Қадамдарға бөлшектеу әдісі жайлы білімін түйіндейді.

Сабақ құрылымы:




І. Ақпарат алмасу (11 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (3 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (18 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (3 мин.).

Сабақ типі: Білімді игеру

Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, топтық

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:




•Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру

•Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету

•Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.

•Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру

•Өткен сабақтағы бақылауға байланысты қатемен жұмыс өткізу.


Негізгі ұғымдар мен терминдер:




•Есеп шығару кезеңдері, қосымша алгоритм, негізгі алгоритм, қадамдарға бөлшектеу әдісі

Оқушыда дағды қалыптастыру:




•Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

•Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау



•Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау

Ақпарат көздері:



  1. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.

  2. Момотова, Г. В. Разработка урока по информатике для 9-го класса по теме "Вспомогательные алгоритмы".Ақпарат көзі: http://festival.1september.ru/articles/575099/

  3. Пошаговая детализация. Ақпарат көзі: https://docs.google.com/presentation/d/1_j03Z2wmguMOsmSl1UY4X7q8tAQGDK-l9XhjUk8iTJI/preview#slide=id.p50

  4. Выграненко, М.В., Выграненко, М.А. Урок № 38: Вспомогательный алгоритм и подпрограммы. Школьный интернет-учебник. Ақпарат көзі: http://www.iiikt.narod.ru/osnov/9_25_algo.htm


  5. Структурный подход к построению алгоритмов . Метод пошаговой детализации. Разработка алгоритма «сверху книзу». Ақпарат көзі: http://panoramayrokov.narod.ru/met_3ch.html

Оқушы жетістігін бағалау:




•Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.

Үй тапсырмасы:




  • Есеп шығару кезеңдерін және анықтамаларды түсіну, жаттау.

  • Үш санның ішіндегі үлкенін табу алгоритімін қадамдарға бөлшектеу әдісін қолдана отырып жаз.




Бонус-балл тапсырмасы

  • Мәтіндік редактор арқылы мәтінді жөндеу алгоритімін Қадамдарға Бөлшектеу Әдісі арқылы жазыңдар(Мәтінді жөндеу Шрифтті жөндеу, Шрифтті жөндеу Шрифт өлшемін анықтау, және т.б. қарастырыңыз).




САБАҚ БЛОКТАРЫ







і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

1. Компьютерде есеп шығару кезеңдері

2. Қосымша алгоритм ұғымы

3. Қадамдарға бөлшектеу әдісі


Слайдтар:

1-слайд (титул)

2-слайд Сабақтың мақсаты

3-слайд Тақырып жоспары

4-слайд Компьютерде есеп шығару кезеңдері

  1. Есептің берілуін анық сипаттау.

  2. Есепті математикалық түрде өрнектеу.

  3. Есеп шығарудың ыңғайлы әдісін анықтау.

  4. Есеп шығарудың алгоритімін құру.

  5. Есепті компьютерде шығару программасын құру

  6. Компьютерде есепті шығарып, нәтижесін тексеру

5-слайд Алгоритм(Мысал):

Асханаға 7.30-да келу

Таңғы ас дастарханын жаю.

Адамдардың тамақ ішіп болуын күту.

Дастарханнан ыдыстарды алу.

Үстелдерді сүрту.

Орындықтарды орнына қою.

Кету.

Асханаға 11.30-да келу

Түскі ас дастарханын жаю.

Адамдардың тамақ ішіп болуын күту.

Дастарханнан ыдыстарды алу.

Үстелдерді сүрту.

Орындықтарды орнына қою.

Кету.

Асханаға 17.30-да келу

Кешкі ас дастарханын жаю.

Адамдардың тамақ ішіп болуын күту.

Дастарханнан ыдыстарды алу.

Үстелдерді сүрту.

Орындықтарды орнына қою.

Кету.



6-слайд Алгоритм(Мысал):

Асханаға 7.30-да келу

Таңғы ас дастарханын жаю.

Адамдардың тамақ ішіп болуын күту.

Дастарханнан ыдыстарды алу.

Үстелдерді сүрту.

Орындықтарды орнына қою.

Кету.

Асханаға 11.30-да келу

Түскі ас дастарханын жаю.

Адамдардың тамақ ішіп болуын күту.

Дастарханнан ыдыстарды алу.

Үстелдерді сүрту.

Орындықтарды орнына қою.

Кету.

Асханаға 17.30-да келу

Кешкі ас дастарханын жаю.

Адамдардың тамақ ішіп болуын күту.

Дастарханнан ыдыстарды алу.

Үстелдерді сүрту.

Орындықтарды орнына қою.

Кету.


Бірдей


7-слайд

Негізгі алгоритм:

1. Асханаға 7.30-да келу

2. Қосымша алгоритмді орындау

3. Асханаға 11.30-да келу

4. Қосымша алгоритмді орындау

5. Асханаға 17.30-да келу

6. Қосымша алгоритмді орындау



Қосымша алгоритм:

Дастарханды жаю.

Адамдардың тамақ ішіп болуын күту.

Дастарханнан ыдыстарды алу.

Үстелдерді сүрту.

Орындықтарды орнына қою.

Кету.

8-слайд Қосымша алгоритм

Қосымша алгоритм - басқа алгоритмдердің құрамында қолданылатын алгоритм.

9-слайд Қосымша алгоритм

  • Қосымша алгоритмді қолданған кезде, әдетте ол қандай әрекеттерден тұратыны қолданушыны ойландырмайды.\

  • Қолданушыға қажет ақпарат, тек:
    - қосымша алгоритм аты;
    - енгізілетін мәліметтер;
    - шығатын нәтиже.

10-слайд Негізгі алгоритімі



11-слайд Қадамдарға бөлшектеу әдісі

  • Әдістің мәні – алгоритмді құру процесі бірнеше жүйелі қадамдарға бөлінеді.

  • Бірінші қадам кезінде есеп жалпы түрде қарастырылады, алгоритм қарапайым әрекеттерден тұрады.

  • Екінші қадам кезінде алгоритмнің толық бөлшектелінбеген қадамдары бөлшектеніп айқындалады, жасалынған айқындалулардың да құрылымы қарапайым болуы керек.

  • Үшінші және одан кейінгі қадамдарда айқындалулар құрамындағы бөлшектенбеген әрекеттер бөлшектенеді. Барлық әрекеттер программалау үшін элементар болған кезде бұл процесс аяқталады.



12-слайд Әдіс идеясы

1-қадам

Программа ТҮБІРЛЕР деп аталады, ол:



  • үш нақты санды, теңдеу коэфициенттерін, оқиды;

  • түбірлерді табады;

  • нәтижені басып шығарады.

13-слайд
a, b, c – ны оқу


2-қадам


ТҮБІРЛЕР

Түбірлерді табу



Нәтижені басып шығару






14-слайд
a, b, c – ны оқу

a, b, c – ны енгізу



3-қадам


a, b, c – ны шығару



ТҮБІРЛЕР


Түбірлерді табу

D=b*b-4ac Есептеу

X1, X2-ні анықтау


X1, X2-ні анықтау






Нәтижені басып шығару

X1, X2-ні шығару




15-слайд
a, b, c – ны енгізу




a, b, c – ны оқу




Егер D>0, онда әртүрлі X1 мен X2-ні табу,

Егер D=0, онда X1 =X2-ні табу,

Егер D<0, онда нақты түбірлер жоқ





a, b, c – ны шығару




ТҮБІРЛЕР





Түбірлерді табу

D=b*b-4ac есептеу

X1, X2-ні анықтау







Нәтижені басып шығару




X1, X2-ні шығару





16-слайд Қадамдарға бөлшектеу әдісінің ережелері

  • Есепті бірден бөлшектеп тастауға болмайды.

Әрбір қадам сайын кішкене ғана айқындаулар жасау керек.

  • Мәліметтердің артынан мұқият бақылау керек.

Кейбір мәліметтер программа барысында алынады.

  • Алдында жасаған кейбір қадамдарды болдырмауға дайын болыңыз.







іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Компьютерде есеп шығару кезеңдері

Қосымша алгоритм ұғымы

Қадамдарға бөлшектеу әдіс










Қорытынды:___________________________________________________




ііі. құзырлылық қалыптастыру




Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Өткен сабақтағы бақылау жұмысы бойынша қатемен жұмыс орындау.

2. Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады? Олардың біреуінің дұрыс орындалмауы неге алып келуі мүмкін?

3. Қосымша алгоритм дегеніміз не? Оны қолданудың пайдасы қандай?

4. Қадамдарға бөлшектеу әдісі қандай мақсатта қолданылады?

5. Қосымша алгоритм ұғымы мен Қадамдарға Бөлшектеу Әдісінің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсың?



ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Келесі алгоритмді қарастырыңыз:

“Ән айту алгоритімі”:

  1. 1-ші шумақты айту.

  2. Қайырмасын айту.

  3. 2-ші шумақты айту.

  4. Қайырмасын айту.

  5. 3-ші шумақты айту.

  6. Қайырмасын айту.

Осы мысалдың негізгі және қосымша алгоритмдерін анықтаңыз.

  1. “Баспалдақ суретін салу ” алгоритімін жаз. Негізгі және қосымша алгоритмдерді бөліп көрсет.



ІІІ деңгей тапсырмалары

  1. Y функциясының мәнін табу алгоритімінің блок схемасын Қадамдарға Бөлшектеу Әдісін қолдана отырып құрастырыңыз.




іV. шығармашылық әрекет




Топтық жұмыс.

1-топ: Қосымша алгоритмдер қолданылатын мысалдар келтіріңіздер.

2-топ: Қадамдарға Бөлшектеу Әдісі қолданылатын мысалдар келтіріңіздер.

3-топ: Өздеріңізге ұнайтын пән бойынша жақсы білетін бір алгоритмді алып, сол бойынша есеп шығару кезеңдерін сипатттаңыз.




V. бағамдау-бағалау




Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз ______________________________________________________________________

18 сабақ


МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ

Тақырыбы: Графикалық әдістер мен процедуралар
Күтілетін нәтиже:

Білім


•“Графика” және “компьютерлік графика” ұғымдарын таниды

Түсінік


•Графикалық режим модульдері, процедуралары және функцияларын түсінеді

Қолданыс


•Графикалық процедураларды фигураларды суреттеуде қолданады

Анализ


•Берілген күрделі суреттің программасын талдайды

Синтез


•Компьютелік графиканың маңызын таниды

•Графикалық режимге көшу бөлімін қайта қарайды

•Графикалық режим функцияларын қайталайды

Баға


•Графикалық режимде суреттерді программалауды үйренеді
Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат алмасу (15 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (3 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (4 мин.).
Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру және қолдану
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, топтық
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

• Жаңа ұғыммен таныстыру

• Мысалдар арқылы оқушыға алған білімді қолдануды үйрету

• Берілген тапсырмалар мен нақты мысалдар арқылы оқушыға белгілі программа жазуды үйрету


Негізгі ұғымдар мен терминдер:

•Графика, компьютерлік графика, Uses модулі, InitGraph процедурасы, түстердің номірленуі, графикалық бағдарламалау процедуралары


Оқушыда дағды қалыптастыру:

•Жаңа тақырыпты толықтай үйрену, маңызды ұғымдарды есте сақтау, тақырыты қолданысқа енгізу үшін үй жұмысын мен деңгейлік тапсырмаларды орындау


Ақпарат көздері:

1. Графические возможности ЯП Паскаль. Сайт: nsportal.ru

2. Графика. Графикалық процедуралар мен функциялар. Сайт: 45minut.kz
Оқушы жетістігін бағалау:

•Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына, сабақты меңгеру дәрежесіне байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы не бонус тапсырманы орындау қажет.


Үй тапсырмасы:

Графикалық режим процедуралары мен функцияларын, түстердің нөмірленуін жаттап келу, программа жазуды жаттығу

• Бонус-балл тапсырмасы

Үйдің суретін Paint-пен салып, оның программасын жазып келу



САБАҚ БЛОКТАРЫ





і. аҚПАРАТ алмасу





Тақырып жоспары:

1. “Графика” және “компьютерлік графика” ұғымдарымен таныстыру

2. Графикалық режим модульдері, процедуралары және функцияларымен

таныстыру

3. Алған білімді есеп шығаруда қолдану

Слайдтар:

1-слайд (титул)




2-слайд Сабақтың мақсаты




3-слайд Тақырып жоспары




5-слайд Графика дегеніміз не?

Графика — гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен шыққан



6-слайд

Компьютер көмегімен салынған суреттер компьютерлік графика деп аталады




7-слайд Заманауи графика






8-слайд Координаталар жүйесі


  • Экрандағы кез-келген сурет - көптеген нүктелердің жиынтығы.
    Ал суреттерді программа арқылы салу үшін арнайы процедуралар және функциялар қолданылады




9-слайд Графикалық режим бастау

USES crt, graph;

VAR gd, gm : Integer;

……..

Begin gd:=detect;



InitGraph(gd, gm, ‘жол’);

………


………

Readkey;


CloseGraph;

End.





10-слайд Графикалық процедуралар және функциялар

  • Pascal-дағы ірірек бірліктер бұл – көптеген процедуралары мен функциялары бар программалық модульдер. Модульдер – тәуелсіз программалар. Модульді программаға қосу үшін оның атын көрсету (нұсқау) жеткілікті:

USES модуль аты

  • Компьютермен текстік және графикалық режимде жұмыс істеу үшін сәйкес стандартты кітапханалық модульдерді қосу қажет:

USES crt

  • Crt модулін пайдалана отырып, экранға шығатын символдардың түсін, мөлшерін, экранның түсін өзгертуге болады.

USES graph

11-слайд Графикалық режимге көшу процедурасы

  • Графикамен жұмыс жасаудың алдында монитордың ең келісімді бейнережимін орнату керек. driver:=detect командасы detect стандартты костантаның көмегімен драйвердің типін анықтайды

  • Graph модулінің InitGraph процедурасы драйвердің типін орналасуын және оның жұмысы режимін (шешілуін, палитра типін) көрсете отырып, графикалық режимді іске қосады

ЖАЗЫЛУЫ:

  • Initgraph (driver var, mode var:integer);






12-слайд Графикалық режим процедуралары мен функциялары.

  • CloseGraph процедурасы графикалық режимнен шығару қызметін атқарады

  • GetGraphMode : integer- функциясы графикалық режимнің ағымдағы мәнін көрсетеді

  • SetGraphMode(Mode:integer) –процедурасы графикалық режимді орнатады және экранды тазалайды

  • Моde –орнатылатын режим коды,осы процедура көмегімен графикалық режимге көшуге және кері өтуге мүмкіндік береді




13-слайд Графикалық режим процедуралары мен функциялары.

  • Move To (X,Y:integer) –курсорды көрсетілген жаңа координаталарға жылжыту

  • MoveRel (DX DY:integer) –курсорды тұрған нүктесінен әрі қарай (оңға/ төмен) жылжыту

  • Restore CRTMode – процедурасы графикалық режимнің алдыңғы режимді қалпына келтіру

  • Get X:integer –функциясы Х координатасының ағымдағы мәнін береді

  • Get Y:integer –функциясы У координатасының ағымдағы мәнін береді




14-слайд Түстердің нөмірленуі

Түстің номері

Түстің аты

Тұрақты

0

Қара

Black

1

Көк

Blue

2

Жасыл

Green

3

Көгілдір

Cyan

4

Қызыл

Red

5

Күлгін

Magenta

6

Қоңыр

Brown

7

Ақ

LightGray

8

Сұр

DarkGray

9

Көгілдір көк

Light Blue

10

Ашық көгілдір

Light Green

11

Ашық жұпаргүл түсті

Light Cyan

12

Ашық қызыл (алқызыл)

Light Red

13

Ашық күлгін

Light Magenta

14

Сары

Yellow

15

Ақ, ашық ақ

White




15-слайд Экранды тазалайтын процедуралар

  • Clrscr - экран не терезені тазалайды.Курсор экранның сол жақ жоғарғы бөлігіне көшеді, мәтіндік режимде жұмыс атқарады

  • ClrEol -курсордан жол соңына дейінгі символдарды өшіреді

  • DelLine -курсор орналасқан жолдағы символдарды өшіреді

  • InsLine -курсор орналасқан бөлікке жаңа жол енгізеді, төменгі символдар бір қатар төмендейді




16-слайд Мысалдар:







іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

“Графика” және “компьютерлік графика” ұғымы

Графикалық режим модульдері, процедуралары және функциялары

Графикалық режим функцияларын есеп шығаруда қолдану










Қорытынды:___________________________________________________________






ііі. құзырлылық қалыптастыру






Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. «Компьтерлік графика» дегеніміз не?



Компьютер көмегімен салынған суреттер компьютерлік графика деп аталады

2. Модульдер не үшін қажет?



Компьютермен текстік және графикалық режимде жұмыс істеу үшін.

3. Graph модулінің InitGraph процедурасының мақсаты қандай?



Драйвердің типін орналасуын және оның жұмысы режимін (шешілуін, палитра типін) көрсете отырып, графикалық режимді іске қосады

4. Графикалық бағдарламалау процедураларына мысал келтір.



CloseGraph, GetGraphMode : integer, SetGraphMode(Mode:integer), Моde

5. Қандай экранды тазалайтын процедураларды білесің?



SetGraphMode(Mode:integer)

6. Текст түрлерін ауыстыруда қандай процедура қолданылады?



Text Color

7. Нүкте қандай процедурамен беріледі



PutPixel(x,y,t)

ІІ деңгей тапсырмалары

Берілген схемадағы фигураларды графикалық режимге көшір.


*Программаны түгел жазудың қажеті жоқ.
ІІІ деңгей тапсырмалары

Берілген суреттегі саңырауқұлақ программасын жаз.


* Аспан, жер, саңырауқұлақ бөліктері секілді объектілердің әрқайсысына тоқтал.




іV. шығармашылық әрекет





Топтық жұмыс.

1-топ:. Графикалық режимге көшудің басты процедураларын түсіндір.

2-топ: Компьтерлік графика өмірде қалай қолданылуы мүмкін екенін талда.

3-топ.: Кейбір графикалық режим функцияларын мысал келтіре отырып түсіндір





V. бағамдау-бағалау



Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

__________________________________________________________________
19 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ

Тақырыбы: Объектілерді енгізу, анимация, мультимедиа.
Күтілетін нәтиже:

Білім


•Қазіргі замандағы қарқынды дамып келе жатқан анимация және мультимедиа ұғымдарымен жалпы танысады

Түсінік


•Мультимедиа құрамына мысал келтіреді.

•Мультимедиа технологиясын түсіндіреді

•Алғашқы анимацияның түсіндірмесін береді

Қолданыс


•Мультимедиа құралдары мен ақпараттық дәстүрлі тасушылардың байланысын анықтайды

•Тәжірибе жүзінде құлаққаптың параметрлерін тексеру үшін алған білімін пайдаланады

Анализ

•Белгілі бір қозғалысты анимация түрінде суреттейді, анимация сатыларын айырып таниды



Синтез

•Тәжірибе жүзінде әр түрлі жағдайдағы анимацияларды жобалайды

Баға

•Анимация ұғымын тәжірибе жүзінде негіздейді және толықтай түйіндейді


Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат алмасу (3 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (35 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (5 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (0 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (2 мин.).
Сабақ типі: Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру
Оқыту әдісі: Жаңа тақырыпты түсіндіру, талдау, практикада қолдану
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

• Оқушыларға жаңа материалды бекіту үшін сабақ соңында теориялық талдау жүргізу


Негізгі ұғымдар мен терминдер: Анимация, мультимедиа
Оқушыда дағды қалыптастыру:

• Оқушылар жаңа сабақ тақырыбын ықыласпен тыңдауы қажет етіледі және сабақ соңында қажет сұрақтарын мұғалімнен сұрап алулары - маңызды


Көздері:

1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компютерлік техника. А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002.

2. Анимация, мультимедия. Сайт: volnakz.com

3. Практикум по лабораторным работам по курсу «Информатика»: Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2006.


Оқушы жетістігін бағалау:

• Оқушының бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады.


Үй тапсырмасы:

• Жаңа тақырып слайдын қайталап үйде қарап, түсіну және деңгейлік тапсырмалар кезіндегі жауап бере алмаған тапсырмаларды үйден аяқтап келу



САБАҚ БЛОКТАРЫ





і. аҚПАРАТ алмасу





Тақырып жоспары:

  1. Мультимедиа түсінігі

  2. Мультимедиа құрамы

  3. Мультимедиа технологиясы

  4. Анимация

  5. Анимация технологиясы

  6. Ең алғашқы анимациялар

Слайдтар:

1-слайд (титул)




2-слайд Сабақтың мақсаты




3-слайд Тақырып жоспары




4-слайд Мультимедиа түсінігі

Мультимедиа – дыбыс, графика, анимация (қимыл – қозғалыс), көріністік фрагменттерді және мәтіндерді қатар пайдалана отырып динамикалық түрдегі бейнелер мен дыбыстық мәліметтер алу мүмкіндігін беретін арнайы жабдық.






5-слайд





6-слайд Мультимедиа (жалғасы)

Мультимедиалық мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін компьютер 16 разрядты SVGA мониторымен, MIDI форматын қолдайтын 16 разрядты дыбыстық тақшамен және компакт дискіні оқуға арналған CD – ROM дискіжетегімен жабдықталуы қажет. Жұмыс барысындағы жағдайларға қарай мұнан басқа да көптеген компоненттерді орнатуға болады.




7-слайд

8-слайд Мультимедия технологиясы 

Музыкалык компазициялар бірнеше категориялар бойынша –орындаушыға байланысты, альбомға және музыкалық бағыттарға қарай сұрыпталып шығады. Windows Media арқылы WAV және MP3 форматтарындағы музыкалық композициялардан басқа кез келген аудио- CD-лерді де тыңдауға болады. Ол үшін CD –немесе DVD-ROM жетегіне музыкалық компакт-дискіні қондырып, ойнатуышты іске қосып, сазды тыңдауға болады. 


9-слайд Мультимедиа (жалғасы)

Мультимедиа құралдарының ақпараттық дәстүрлі тасушыларынан негізгі айырмашылығы-интерактивтілігі, еркін түсінілуі және қатынасқа бейімділігі.

Интерактивтілік(үздіксіз әрекеттілік) пайдаланушыға болып жатқан оқиғаларға белсенді қатысуға мүмкіндік жасайды. Мысалы, интерактивті оқытушы программада пайдаланушышың қалауы бойынша қажетті тарауды шығаруына, өтілген тарауды қайталап оқуға және т.т. болады. Егер жүйе пайдаланушы енгізген кейбір деректерге, сұратуларға және т.т. орай жауап қатса, өзара әрекеттестіктің жоғарырақ деңгейі қамтамасыздадырылады. Интерактивтілік түсіндіру еркіндігімен тікелей байланысты.
10-слайд Мультимедиа (жалғасы)

Дыбыстық фрагменттерді жазу және оқу үшін, компьютерде дыбыстық тақша орнатылуы керек.

Дыбыстық тақшаға динамик жалғанады (дыбысты компьютердің құрамындағы динамикпен тыңдау мүмкіндігі шектеулі).

Дыбысты жазу үшін микрофон, тыңдау үшін құлаққап (наушник) болуы қажет. Егер компьютерде дыбыстық тақша орнатылған болса, ол Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін бірден жұмыс істейді.


11-слайд Мультимедиа (жалғасы)

Құлаққаптың параметрлерін тексеру немесе қайта орнату үшін Бас меню:



Баптау – Басқару тақтасы қатарларын таңдап, ашылған терезедегі Мультимедиа шарт белгісінде тышқанды екі рет шертеміз. Аудио, Видео, MIDI, CD, Қосымша деген төрт астарлы беттен тұратын Мультимедиа қасиеттері: сұхбат терезесі ашылады.

12-слайд Анимация

Анимация (Animation) - қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі.

Мультимедиа жүйесінде — қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы объектіні экранда бейнелеу тәсілі.
13-слайд Серпімді доптың анимациясы 6 түрлі кескіннен тұрады.
Анимация секундына 10 түрлі доптың кескіні қозғалады

11-слайд Анимация (жалғасы)

Ең бірінші анимация проекті (1877)

12-слайд Анимация (жалғасы)
Феликс және мысық (Felix the Cat) 1919 ж.






іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Мультимедиа түсінігі

Анимация

Мультимедиа және Анимация технологиясы










Қорытынды:___________________________________________________________





ііі. құзырлылық қалыптастыру




Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Мультимедиа деген не?

Мультимедиа – дыбыс, графика, анимация (қимыл – қозғалыс), көріністік фрагменттерді және мәтіндерді қатар пайдалана отырып динамикалық түрдегі бейнелер мен дыбыстық мәліметтер алу мүмкіндігін беретін арнайы жабдық.

  1. Оның құрамына қандай мысалдар жатқызуға болады?

  • Презентациялар және көрмелер

  • 2D, 3D визуализация және анимация

  • Бейне ролик түсірілімі

  • Монтаж, бейне әсерлер, дыбыстандыру және т.б.

  • Жеке программаланған жабдықтар

  • Корпоративтік үйретуші және маркетингілік мәліметтер

  • CD, DVD-дегі интерактивті презентацилар

  1. Мультимедиа технологиясы туралы не білесің?

Музыкалык компазициялар бірнеше категориялар бойынша –орындаушыға байланысты, альбомға және музыкалық бағыттарға қарай сұрыпталып шығады.

  1. Дыбыстық фрагменттерді жазу және оқу үшін, компьютерде не орнатылуы керек?

Компьютерде дыбыстық тақша орнатылуы керек.

  1. Анимацияға қысқаша түсінік бер.

Анимация (Animation) - қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі.

  1. Алғашқы анимациялар жайында не білесіңдер?

Ең бірінші анимация проекті (1877)

Феликс және мысық (Felix the Cat) 1919 ж.

  1. Windows Media арқылы қандай форматтағы музыканы тыңдауға болады?

WAV және MP3 форматтарындағы музыкалық композициялардан басқа кез келген аудио- CD-лерді де тыңдауға болады.
ІІ деңгей тапсырмасы

  1. Мультимедиа құралдарының ақпараттық дәстүрлі тасушыларынан негізгі айырмашылығы неде?

Интерактивтілігі, еркін түсінілуі және қатынасқа бейімділігі.

  1. Қолдарыңдағы құлаққаптарыңның параметрлерін тексеріңдер және ол үшін не істейтіндеріңді баяндаңдар.



ІІІ деңгей тапсырмасы

  1. Өз беттеріңше ақ қағазға дирижердың қозғалысының анимациясын жасаңдар.

іV. шығармашылық әрекет


Топтық жұмыс.

1-топ: Microsoft Power Point бағдарламасын пайдалана отырып көркемді илюстративті құттықтау анимациясын жаса.

2-топ: Microsoft Power Point бағдарламасын пайдалана отырып көркемді илюстративті жарнама анимациясын жаса.

3-топ: Microsoft Power Point бағдарламасын пайдалана отырып көркемді илюстративті ертегі анимациясын жаса.


V. бағамдау-бағалау

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

20 САБАҚ

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы: Объектілерді енгізу, анимация, мультимедиа 2-сабақ.




Күтілетін нәтиже:







Білім

•Анимация және мультимедиа түсініктерін есіне түсіреді

• Мультимедиа және анимация ұғымдарына қосымша түсініктеме береді






Түсінік

•Мультимедиа қолданыс құрылғыларының сипаттамаларын кеңейтеді

• Анимация, мультимедиа салаларына мысал келтіреді



•Алғашқы анимация туындыларының тарихын болжайды







Қолданыс

• Интерактивтілік және басқа мультимедиа мүмкіндіктерінің мультимедиа түсінігімен байланысын анықтайды




Анализ

• Қазақстанның қзіргі замандағы анимациясының сапасын талдайды




Синтез

• Арнайы бағдарлама арқылы объектілерді енгізу процедурасын ұстанып берілген суретті жасайды







Баға

•Сабақ соңындағы теорияны қайталау мақсатындағы жалпылама талдауда оқушылардың жауаптары бағаланады




Сабақ құрылымы:







І. Ақпарат алмасу (3 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (35 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (5 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (0 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (2 мин.).




Сабақ типі: Оқушыларға жаңа тақырыппен таныстыру




Оқыту әдісі: Жаңа тақырыпты түсіндіру, талдау, практикада қолдану




Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:







• Оқушыларға жаңа материалды бекіту үшін сабақ соңында теориялық талдау жүргізу;




Негізгі ұғымдар мен терминдер: Анимация, мультимедиа




Оқушыда дағды қалыптастыру:







• Оқушылар жаңа сабақ тақырыбын ықыласпен тыңдауы қажет етіледі және сабақ соңында қажет сұрақтарын мұғалімнен сұрап алулары - маңызды




Көздері:







1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компютерлік техника. А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002.

2. Анимация, мультимедия. Сайт: volnakz.com

3. Практикум по лабораторным работам по курсу «Информатика»: Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2006.





Оқушы жетістігін бағалау:







• Оқушының бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады.




Үй тапсырмасы:







• Жаңа тақырып слайдын қайталап үйде қарап, түсіну және деңгейлік тапсырмалар кезіндегі жауап бере алмаған тапсырмаларды үйден аяқтап келу

САБАҚ БЛОКТАРЫ







і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:


  1. Мультимедиа түсінігі

  2. Мультимедиа қолданылым аясы

  3. Мультимедиалық компьютерлердің ерекшелігі

  4. Анимация

  5. Анимация тарихы

  6. Ең алғашқы анимациялар

Слайдтар:

1-слайд (титул)




2-слайд Сабақтың мақсаты




3-слайд Тақырып жоспары




4-слайд Мультимедиа түсінігі
Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология.

Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді — мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды — жүзеге асырады. 






5-слайд Мультимедиа түсінігі

Мәтін, түрлі-түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, диалогтық түрде жұмыс істейді.

Мультимедиа элементтерімен еркін интерактивті түрде қатынас құруға, дыбыспен сүйемелденетін бейнекөріністерді компьютер экранында көрсетуге, тыңдауға толық мүмкіндік бар. Мультимедиалық программалар сөйлейтін энциклопедиядан бастап, бейнеклиптік мәліметтер базасын жасау жұмыстарын толық қамти алады.





6-слайд Мультимедиа (жалғасы)

Мұнда мультимедиа элементтерін еркін интерактивті түрде қатынас құруға, дыбыспен сүйемелдейтін бейне көріністерді компьютер экранында көрсетуге, толық мүмкіндік бар.

Компьютер әр түрлі құрылғыларда:


  • музыкалық компакт-дискілерде,

  • қатты дискіде,

  • компьютердегі CD-де т.б. жазылған мультимедиялық мәліметтерді ойната алады.

Музыка мен бейне мәліметтер арнайы форматтарда жазылған файлдар түрінде сақталады. Мұндай файлдар көп орын алмайды, сондықтан бір құрылғының өзінде ондаған фильмдер мен жүздеген музыкалык жолдар болады.


7-слайд Мультимедиа (жалғасы)

Мультимедиалық мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін компьютер 16 разрядты SVGA мониторымен, MIDI форматын қолдайтын 16 разрядты дыбыстық тақшамен және компакт дискіні оқуға арналған CD – ROM дискіжетегімен жабдықталуы қажет.


Жұмыс барысындағы жағдайларға қарай мұнан басқа да көптеген компоненттерді орнатуға болады.
8-слайд Мультимедия технологиясы 

Мультимедиа құралдарының ақпараттық дәстүрлі тасушыларынан негізгі айырмашылығы-интерактивтілігі, еркін түсінілуі және қатынасқа бейімділігі.



Интерактивтілік(үздіксіз әрекеттілік) пайдаланушыға болып жатқан оқиғаларға белсенді қатысуға мүмкіндік жасайды. Мысалы, интерактивті оқытушы программада пайдаланушышың қалауы бойынша қажетті тарауды шығаруына, өтілген тарауды қайталап оқуға және т.т. болады. Егер жүйе пайдаланушы енгізген кейбір деректерге, сұратуларға және т.т. орай жауап қатса, өзара әрекеттестіктің жоғарырақ деңгейі қамтамасыздадырылады. Интерактивтілік түсіндіру еркіндігімен тікелей байланысты.
9-слайд Мультимедиа (жалғасы)

Дыбыстық фрагменттерді жазу және оқу үшін, компьютерде дыбыстық тақша орнатылуы керек.

Дыбыстық тақшаға динамик жалғанады (дыбысты компьютердің құрамындағы динамикпен тыңдау мүмкіндігі шектеулі).

Дыбысты жазу үшін микрофон, тыңдау үшін құлаққап (наушник) болуы қажет. Егер компьютерде дыбыстық тақша орнатылған болса, ол Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін бірден жұмыс істейді.




10-слайд Мультимедиа (жалғасы)

Құлаққаптың параметрлерін тексеру немесе қайта орнату үшін Бас меню:

Баптау – Басқару тақтасы қатарларын таңдап, ашылған терезедегі Мультимедиа шарт белгісінде тышқанды екі рет шертеміз. Аудио, Видео, MIDI, CD, Қосымша деген төрт астарлы беттен тұратын Мультимедиа қасиеттері: сұхбат терезесі ашылады.





11-слайд Мультимедиа және Анимация

Көптеген графикалық файлдар форматы секілді дыбыстық файлдар мен мультимедиа саны да баршылық. Бұл екі файлдар тобын бірдей дәрежеде сипаттап өткен жөн, өйткені мультимедиа файлдары көптеген жағдайда дыбыс жолағымен кездеседі.





12-слайд Анимация

Анимация (Animation) - қозалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі.

Мультимедиа жүйесінде — қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы объектіні экранда бейнелеу тәсілі.
13-слайд Анимация тарихы

Анимациялау – сөзбе-сөз аудармасы «өмір беру», яғни «затты қозғалту» дегенді білдіреді.

Ең алғаш анимация туындыларын қоп аяқты жануарлардың үңгір қабырғаларында салынған суреттерінен көруге болады


14-слайд Анимация тарихы



Мысал

Шахр-и Сохтада (Иран) жасы 5000 жылдан асатын ешкінің бес түрлі қозғалыс суреті бейнеленген.




15-слайд Анимация тарихы
Екі адамның күресу анимациясы

Египет б. З. б. 2000 жж

іі. алғашқы бекіту

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.



Мультимедиа түсінігі

Анимация

Мультимедиа және Анимация










Қорытынды:___________________________________________________________


ііі. құзырлылық қалыптастыру





Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Мультимедиа деген не?

Мультимедиа - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология.

  1. Мультимедиа не үшін қолданылады?

Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді — мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды жүзеге асырады.

  1. Мультимедиа технологиясы туралы не білесің?

  2. Дыбыстық фрагменттерді жазу және оқу үшін, компьютерде не орнатылуы керек? Дыбыстық тақша

  3. Анимациялаудың сөзбе-сөз аудармасы нені білдіреді?

«Өмір беру», яғни «затты қозғалту» дегенді білдіреді.

  1. Алғашқы анимациялар жайында не білесіңдер? Қайдан табылған?

  2. Анимацияға қысқаша түсінік бер.

Анимация (Animation) - қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі.
ІІ деңгей тапсырмасы

  1. Мультимедиалық мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін компьютер немен жабдықталуы қажет?

Компьютер 16 разрядты SVGA мониторымен, MIDI форматын қолдайтын 16 разрядты дыбыстық тақшамен және компакт дискіні оқуға арналған CD – ROM дискіжетегімен жабдықталуы қажет.

  1. Интерактивтілік(үздіксіз әрекеттілік) пайдаланушыға болып жатқан оқиғаларға белсенді қатысуға мүмкіндік жасайтындығына мысал келтір.


ІІІ деңгей тапсырмасы

Қазақстан анимациясына көңілің тола ма және дамыту үшін не істеу қажет? Ойларыңды ортаға салып, талдаңдар.







іV. шығармашылық әрекет





Топтық жұмыс.

1-топ: Әр топқа берілген суретті Microsoft Power Point бағдарламасын пайдалана отырып жасап шығарыңдар.

2-топ: Әр топқа берілген суретті Microsoft Power Point бағдарламасын пайдалана отырып жасап шығарыңдар.

3-топ: Әр топқа берілген суретті Microsoft Power Point бағдарламасын пайдалана отырып жасап шығарыңдар.




V. бағамдау-бағалау



Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

21 сабақ



МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет