МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы: Программаның интерфейсі және объектілері
Күтілетін нәтиже:
Білім
•Программаның интерфейсі мен объектілерімен сипаттайды
•Программаның интерфейс түрлерін анықтайды
•Турбо Паскаль программалаудың бас мәзірлерін таниды
•Турбо Паскаль программалаудың ерекшеліктерін тұжырымдайды
Түсінік
•Windows жүйесінің негізгі құрылымдарын түйіндейді
•Windows жүйесі интерфейсінің ерекшеліктеріне мысал келтіреді
•Word Document құжаты интерфейсінің бас мәзірлерін айырып таниды
Қолданыс
•Windows және Турбо Паскаль программаларындағы интерфейс айырмашылығын танытады.
Анализ
•Word Document құжатының интерфейсін бөлшектеп қарастырады.
Синтез
•Программа интерфейсін жасау үшін қолданылатын құрылғыларды қиыстырады
Баға
•Программа интерфейсін құру тәсілдерін жетік игеруге көңіл бөледі
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (12 мин.)
ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.)
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.)
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.)
V. Бағамдау-бағалау (3 мин.)
Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, топтық
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
•Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
•Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру
•Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға мысалдар көрсету
•Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге беру. Түсінбеген жағдайда дұрыс жауапқа сілтеу
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
•Программа интерфейсі. Windows жүйесі. Турбо Паскаль программалаудың бас мәзірлері. Сайман тақтасы. Терезе түрлері Жарлықтар. Бумалар.
Шартты белгі
Оқушыда дағды қалыптастыру:
•Жаңа тақырыпты толық игеру. Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау. Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау.
Ақпарат көздері:
1. Бөрібаев Б., Нақысбеков Б., Мадиярова Г. 2013. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы. Мектеп.
2.https://docs.google.com/a/nu.edu.kz/file/d/0B_m0mPQftRFecW1mTUItZGdPN1E/edit?usp=drive_web
3. Ақанова А.С. 2009. Информатика және ақпараттық жүйе кафедрасы. Павлодар. С.Торайғыров атындағы Мемлекеттік университет.
Оқушы жетістігін бағалау:
•Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындауы қажет
Үй тапсырмасы:
•Негізгі түсінік пен анықтамаларды жаттау
•Сыныпта орындаған есептерге қосымша талдау жасау
•Үйге берілген тапсырмаларды орындау
• Бонус-балл тапсырмасы
•Программа интерфейсіне жалпы шолу. Мысал келтір
•Windows және Турбо Паскаль программаларындағы интерфейсті салыстыр
•Программа интерфесін құру әдістерінің бір-бірінен айырмашылығы қандай?
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. аҚПАРАТ алмасу
Тақырып жоспары:
1. Программа интерфейсі. Жалпы түсінік
2. Турбо Паскаль программалаудың бас мәзірлерін
3. Windows жүйесінің интерфейсі
Слайдтар:
2-слайд Сабақтың мақсаты
|
|
3-слайд Тақырып жоспары
|
3-слайд Интерфейс
Интерфейс - программалық жабдық пен жүмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны
Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыста бір-бірімен біріге отырып жүмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі.
|
|
4-слайд Мысал
|
6-слайд Интерфейс
Негізгі менюдің керекті нұсқауын таңдау үшін курсорды басқару клавишалары
( ←, ↑, →, ↓) немесе тышқан арқылы жылжыту, ал нұсқаудың орындалуы үшін Enter клавишасын басу керек.Егер де меню нұсқауларының жазылуы (…) символдарымен аяқталса, онда бұл нұсқаудың таңдалуы диалогтық терезенің шақыруына әкеледі. Егер де нұсқаудың жазылуы (► ) символымен аяқталса, онда төмен деңгейдегі келесі меню ашылады. Ал нұсқаудың жазылуында (…) немесе (► ) символдары пайдаланбаса, онда осы нұсқауға сәйкес бір әрекет орындалады. Ал орындалып жатқан әрекетті тоқтату үшін Ctrl+Break клавишаларын бір мезгілде басу керек.
|
7-слайд Турбо Паскаль программалау
Турбо Паскаль программалау ортасында көрініп, орындап отырғаныңыздың бәрі де терезе аумағында орындалады десек те болады. Терезе деп – жылжытуға, мөлшерін өзгертуге, жабуға, ашуға болатын экранның жұмыс атқару аумағын атайды. Бұл орта көптеген терезелерді ашып жұмыс атқаруға мүмкіндік береді, бірақ әр мезгілде тек қана бір тереземен жұмыс істеуге болады – оны ағымдық деп атаймыз.
|
8-слайд WINDOWS жүйесінің негізгі ұғымдары
WІNDOWS жүйесінің ең негізгі ұғымдарының бірі – Терезе болып табылады. WІNDOWS сөзінің нақты аудармасы «терезелерң деген сөзді білдіреді.
Терезе дегеніміз – экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, мұнда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару іс-әрекеттері жүргізіледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |