Мұғалімнің жұмыс 10 дәптері ббк 74. 263. 2 А 43 «Білім-2050»



бет10/15
Дата27.04.2018
өлшемі3,79 Mb.
#40244
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




Тақырыбы: 3D модельдеу және анимациялау

Күтілетін нәтиже:




Білім

•“Модельдеу”, “анимация” және “компьютерлік анимация” ұғымдарын таниды

Түсінік

• Модельдеудің қолданысын және негізгі принципін түсінеді




Қолданыс

•Модельдеуде бағдарламалар қажеттілігін түсінеді

•Модельдеуді бес сатыға ажыратады



Анализ

•Суретке қарап оның модельдеудің қай сатысына жататынын талдайды

Синтез

•Модельдеудің маңызын таниды

•Модельдеудің жұмыс істеу түсінігін жаңартады

•Модельдеу сатыларын қайталайды, ерекшеліктерін байқайды





Баға

•Модельдеулің маңызын,

•жұмыс жолын

•сатыларын айқын түсінеді


Сабақ құрылымы:




І. Ақпарат алмасу (15 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (3 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (4 мин.).

Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру және оның маңыздылығын түсіну

Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, топтық

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:




•Жаңа ұғыммен, терминдермен таныстыру

•Қызықты мысалдар арқылы жаңа түсінік қалыптастыру

•Жаңа ұғымды сатылап ажырату


Негізгі ұғымдар мен терминдер:




•Модельдеу, анимация, компьютерлік анимация, моделлинг, текстуринг, риггинг, анимациялау, рендеринг

Оқушыда дағды қалыптастыру:




•Жаңа тақырыпты толықтай игеру және түсіну

•Жаңа ұғымның маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушы қызығушылығын арттыру



Ақпарат көздері:



  1. 3 қатпарлы анимация әлеміне шолу. М. Зафар. Сайт: aitaber.kz
  2. Анимация. Сайт: wikipedia.org
  3. 3D моделтрование в Gmax. К. Поляков. Сайт: kpolyakovnarod.ru

Оқушы жетістігін бағалау:




•Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына, сабақты меңгеру дәрежесіне байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы не бонус тапсырманы орындау қажет.

•Бонус тапсырманы толық орындағанға толық баға, жартылай орындағанға жарты баға беріледі



Үй тапсырмасы:




Жаңа терминдерді қайталап келу, модельдеу сатыларын мысалдармен жаттау




• Бонус-балл тапсырмасы

Blender бағдарламасын blender.org ресми сайтынан жазып алып, оны өз компьютеріңе орнат. Модельдеудің алғашқы сатысы “моделлингті” өз бетіңнен үйреніп көр. Blender-мен жұмыс істеудің қандай қиындығы бар? Шамаң келсе өзің қалаған затты модельде.




САБАҚ БЛОКТАРЫ







і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

1. “Модельдеу”, “анимация” және “компьютерлік анимация” ұғымдарымен таныстыру

2. Модельдеудің негізгі принципін түсіндіру

3. Бағдарламадағы модельдеудің сатыларын көрсету



Слайдтар:


1-слайд (титул)




2-слайд Сабақтың мақсаты




3-слайд Тақырып жоспары




4-слайд Модельдеу және анимация

  • Модельдеу —үшөлшемді математикалық модельді және оның объектілерін құру.

  • Анимация (фр. animation — тірілту, жан беру) —заттарды не өлі денелерді қозғалысқа келтіру. Мысалы, Губка Боб – анимацияланған теңіз губкасы.

  • Компьтерлік анимация— алдын-ала дайындалған графикалық файлдардың реттелген көрінісі.




5-слайд Модельдеу

Бұрынғы Қазіргі






6-слайд Алғашқы 2D анимация





7-слайд Қазіргі 3D анимация

PIXAR студиясы алғашқы анимационды мультфильмді 1986 жылы шығарды.








8-слайд Қолданылуы

  • Инженерия

  • Архитектура

  • Киномотография

  • Компьтерлік ғылым

  • Мультимедия

  • Күрделі құрылғылар жасау

  • Медицина

  • Зергерлік т.б.




9-слайд Түсінік

  • Көз алдында тұрған бар затты үшөлшемді кеңістікке (X, Y, Z) жайғастыр. Сонда әрбір заттың белгілі бір координатасы бар нүктелерден және түрлі өзінен кіші фигуралардан (сызық, эллипс, куб т.б) құралғанын байқайсың.




10-слайд Түсінік

  • 3D модельдеу және оны анимациялау негізінде осы принцип жатыр, яғни, аса күрделі заттарды қарапайым нүктелер не фигуралар көмегімен кеңістікте құрастыру.







11-слайд Программалар

  •  Әрине, қиын фигураларды жасау үшін оны нүктелеп құрастыру мүмкін емес деуге болады. Сондықтан қазіргі уақытта 3D модельдеу үшін түрлі бағдарламалар пайдаланылады:

  • Solidworks

  • Blender

  • AutoCAD

  • Gmax




12-слайд Бағдарламалау






13-слайд 1. Моделлинг





  • Ең алғашқы және негізгі этап

  • Дайын фигуралар “3 өлшемді модель” деп аталады (модель қозғалысы жоқ, түссіз)

  • Модельдерді жасау үшін бізге 3D бағдарламалар кез-келген фигураны бір-біріне қосу, кесу, деформация жасау сынды кең ауқымды мүмкіндіктер береді









14-слайд 2. Текстуринг





  • 3D модельдер нормалдар

картасына бөлінеді

  • Модельдер фигуралары жазықталады

  • Модельдер керекті түске боялады

  • Модель риалистік түрге енеді









15-слайд 3. Риггинг





  • Модельдерді қозғалысқа келтіру үшін “сүйектер” жасау

  • Модельдің әр бөлігін белгілі сүйекке бағындыру

  • Сүйек қозғалысқа келгенде, сүйекке бағынышты бөлік қимылдайды







16-слайд 4. Анимациялау


  • Бұл этапта барлық дайын модельдер қимылға келтіріліп, анимация жасалады, риггингте жасаған суйектеріміз осында кеңінен қолданылады


17-слайд 5.Рендеринг



  • Шреканимационды мультфильмінің рендерингіне

20 мың сағат кеткен.


18-слайд Тегін 3D модельдеу сайттары

  • Blender (www.blender.org);

  • K-3D (www.k-3d.org);

  • Wings 3D (www.wing3d.com);

  • Moonlight 3D (www.moonlinght3d.eu);

  • Google SketchUp (sketchup.google.com);

  • Metasequoia (www.metaseg.net);







іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

“Модельдеу”, “анимация” және “компьютерлік анимация” ұғымдары

Модельдеудің негізгі принципі

Бағдарламаларда модельдеудің негізгі сатылары










Қорытынды:___________________________________________________________




ііі. құзырлылық қалыптастыру




Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. «Модельдеу» дегеніміз не?



Модельдеу —үшөлшемді математикалық модельді және оның объектілерін құру.

2. «Анимация» дегеніміз не?



Заттарды не өлі денелерді қозғалысқа келтіру. Мысалы, Губка Боб – анимацияланған теңіз губкасы.

3.«Компьютерлік анимация» дегеніміз не?



Компьтерлік анимация— алдын-ала дайындалған графикалық файлдардың реттелген көрінісі.

4. Модельдеу қандай салаларда қолданылады?



  • Инженерия

  • Архитектура

  • Киномотография

  • Компьтерлік ғылым

  • Мультимедия

  • Күрделі құрылғылар жасау

  • Медицина

  • Зергерлік т.б.

5.Модельдеудің негізгі түсінігін бер.

Аса күрделі заттарды қарапайым нүктелер не фигуралар көмегімен кеңістікте құрастыру.

6.Барлық дайын модельдер қимылға келтіріліп, анимация жасалатын сатыны ата.



Анимациялау

7.Модельдер керекті түске боялады, риалистік түрге енетін саты.



Текстуринг

ІІ деңгей тапсырмалары

1. Неліктен модельдеуді бағдарламаларда жасау оңай? Оның қандай көмегі бар?

2. Модельдеудің сатыларын түсіндір. Модельдеуді сатылап бөлудің пайдасын

көрсет.



ІІІ деңгей тапсырмалары

Суреттерге қарап модельдеудің сатысын ажырат.



  1. Риггинг

  2. Моделлинг

  3. Текстуринг


Сурет A



Сурет B

Сурет C





іV. шығармашылық әрекет





Топтық жұмыс.

1-топ. Модельдеудің қолданысына қарай отырып, оның адам өміріне маңыздылығын түсіндір.

2-топ. Модельдеудің негізгі принципін мысал келтіре отырып түсіндір.

3-топ. Модельдеудің сатыларын ата. Әрбіреуінің ерекшелігіне тоқтал.





V. бағамдау-бағалау



Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________
22 сабақ

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ

Тақырыбы:

• 3D-модельдеу және анимация. Виртуалдылық шынайы әлемді танып білу тәсілдерінің бірі


Күтілетін нәтиже:

Білім


• Виртуалдық әлемнің шынайы әлемнен ерекшеліктерін есіне түсіреді.

• Моделдеу ұғымын таниды.

Түсінік

• Моделдеу түрлері мен олардың күнделікті өмірдегі маңыздылығын түсінеді



Қолданыс

• Виртуалды және шынайы кеңістік түрлерінің мысалдарын құрастырады.

Анализ

• Түрлі ғылым салаларындағы моделдеудің рөлін ерекшелейді.



Синтез

• Ғылымдағы және тұрмыстағы маңызын айқындау арқылы моделдеу ұғымын толығымен түйіндейді.

Баға

• Адам өміріндегі виртуалдық моделдеудің маңызын бағалайды.


Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат алмасу (15 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).
Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

• Жаңа терминологиямен таныстыру

• Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды көрсету

• Оқушыларға тапсырманы өз бетімен және топта орындап көруге мүмкіндік беру. Сабақ материалына байланысты қиындықтар туындаған жағдайда, нұсқаулар беру


Негізгі ұғымдар мен терминдер: Виртуалдық әлем, модель, моделдеу
Оқушыда дағды қалыптастыру:

• Жаңадан өткен тақырыпты толық игеру

• Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

• Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен немесе топ мүшелерімен бірге орындау


Ақпарат көздері:

1. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.

2. Виртуалдылық шынайы әлемді танып білу тәсілдерінің бірі. Ақпарат көзі: http://younglinux.info/blender/virtualreality.php

Қосымша материалдар:


    1. суреттер

1. CINEMA 4D R15 жеңіл бастама – техникалық документация. MAXON Computer, 2013, Германия
Оқушы жетістігін бағалау:

• Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына және сабаққа қатысуына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.


Үй тапсырмасы:

• Анықтамаларды жаттау, өмірде кездесетін 2 графикалық және 1 математикалық моделдеу мысалын келтіру.



САБАҚ БЛОКТАРЫ


і. аҚПАРАТ алмасу


Тақырып жоспары:

  1. “Виртуалды әлем” түсінігінің анықтамасы, шынайы әлемнен ерекшелігі

  2. Моделдеу ұғымы

  3. Моделдеудің түрлері. 3D моделдеу

  4. Компьтерлік моделдеудің пайдасы

Слайдтар:

1-слайд (титул)




2-слайд Сабақтың мақсаты




3-слайд Тақырып жоспары




4-слайд Виртуалды әлем түсінігі

Виртуалды әлем (жасанды әлем, электронды кеңістік, шынайы әлемнің компьютерлік моделі) техникалық құралдардың көмегімен құрылған адамға көру, есту, иіс сезу секілді сезімдер арқылы берілетін жасанды әлем. Виртуалды әлемнің ең айқын мысалы түрлі видео ойындар болып табылады.






5-слайд Виртуалды және шынайы объектілердің ерекшеліктері

Виртуалды объектілер

Шынайы объектілер

Компьютер жадысында ғана болады;

Физика заңдарына бағынады

Программада қарастырылған заңдылықтарға ғана бағынады

Қоршаған әлемді құрайды






6-слайд Моделдеу ұғымы

  • Модель – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

  • Моделдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.

  • Компьтерлік моделдеу – түрлі программалардың көмегімен белгілі бір заттың я құбылыстың сипаттамасын компьютер жадысында сақтау.




7-слайд Моделдеудің негізгі түрлері

  • Графикалық (құбылысты немесе процесті визуализациялау қажет болған кезде қолданылады)

  • Математикалық (түрлі процестер компьютердің көмегінсіз есептеу қиынға соғатын математикалық формулалар арқылы берілгенде қолданылады)

  • Шынайы уақытқа сай (моделделінуші система сырттан, яғни шынайы әлемнен келген командаларға сәйкес әрекет етеді)



8-слайд 3D моделдеу

3D моделдеу дегеніміз объектінің үш өлшемді моделін құрастыру процесі. 3D моделдеудің мақсаты объектінің көлемді түрін жасап шығару.






9-слайд Виртуалды моделдеудің қолданысы мен мысалдары

  • Құрылыс объектілерінің түрлі табиғи апаттарға төзімділігін тексеру;

  • Археологиялық қазбалардың нақты пішінін түр-түсін анықтау;

  • Ауа райын, табиғи апаттарды болжау;

  • Техникалық нысандарды жасау;

  • Түрлі химиялық реакциялардың қорытындысын болжау;




10-слайд 3D моделдеуде қолданылатын негізгі программалар

  • Blender

  • Cinema 4D

  • Body Paint 3D

  • Wings 3D

  • Quest 3D




11-слайд 3D моделдеу процесінің кейбір мысалдары
1-сурет 2-сурет




12-слайд Программа интерфейсі (BodyPaint 3D)
3-сурет




13-слайд Қорытынды:

  • Виртуалды әлем шынайы әлемнің негізгі қасиеттерін негізге ала құрастырылады, бірақ шынай өмірде орындалатын заңдылықтардың бәрін қамтымайды.

  • 3D моделдеу процестердің өту сипатын алдын ала болжауда тиімді

  • 3D моделдеуді анимацияда, математикада, механика мен құрылыста, ядролық физикада және басқа да көптеген салаларда пайдаланады.






іі. алғашқы бекіту

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Оқуша жадында виртуалды әлем туралы толыққанды түсінік қалыптастыру.

Моделдеу ұғымымен танысу.

Виртуалды моделдеудің қолданысы мен пайдаланылуы.

3D моделдеуде пайдаланылатын программалар












Қорытынды:___________________________________________________________





ііі. құзырлылық қалыптастыру




Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Виртуалды әлем дегеніміз не?

Виртуалды әлем (жасанды әлем, электронды кеңістік, шынайы әлемнің компьютерлік моделі) техникалық құралдардың көмегімен құрылған адамға көру, есту, иіс сезу секілді сезімдер арқылы берілетін жасанды әлем. Виртуалды әлемнің ең айқын мысалы түрлі видео ойындар болып табылады.

  1. Модел дегеніміз не?

Модель – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

  1. Моделдеудің анықтамасы қандай?

Моделдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.

  1. Компьютерлік моделдеудің анықтамасын айт.

Компьтерлік моделдеу – түрлі программалардың көмегімен белгілі бір заттың я құбылыстың сипаттамасын компьютер жадысында сақтау.

  1. 3D моделдеуде қолданылатын программаларды ата.

Blender, Cinema 4D, Body Paint 3D, Wings 3D, Quest 3D

  1. Виртуалды әлемнің шынайы әлемнен ерекшеліктері қандай?

Виртуалды әлем шынайы әлемнің негізгі қасиеттерін негізге ала құрастырылады, бірақ шынай өмірде орындалатын заңдылықтардың бәрін қамтымайды.

  1. Моделдеудің қандай түрлерін білесің?

Графикалық, математикалық, шынайы уақытқа сай

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Төмендегі мысалдар арасынан қайсысы виртуалды әлем ал қайсысы шынайы әлемнің көрінісі екенін тап:

  • Шатырдан құлаған адам аяғына тұрып ары қарай жүгіріп кетеді;(виртуалды)

  • Үстел үстінде тұрған кітап;(шынайы)

  • Сөйлейтін үй жануарлары;(виртуалды)

  • Отқа түскен қағаздың жануы; (шынайы)

  1. Бірінші тапсырмадағы мысалдарды негізге ала отырып өз мысалдарыңды құрастыр. (мысалдар жоғарыда қарастырылған)

ІІІ деңгей тапсырмалары

  1. 3D моделдеудің құрылыс объектілерінің апатқа төзімділігін болжауда қолданысын түсіндір.

3D моделдеу арқылы тұрғызылатын құрылыстың моделін жасап оның түрлі табиғи апаттарға төзімділігін тексеруге болады.

іV. шығармашылық әрекет

Топтық жұмыс.

1-топ: 3D моделдеудің өндірісте қолданысын сипаттауы керек.

2-топ: 3D моделдеуді медицина саласында қалай қолдануға болатыны туралы болжамдар жасайды.

3-топ: 3D моделдеудің тарих саласында пайдаланылуы туралы пайымдайды.




V. бағамдау-бағалау

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________


23 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ

Тақырыбы: 3D-кеңістігінің бағдарына кіріспе
Күтілетін нәтиже:

Білім


Өткен сабақтың теориялық материалын есіне түсіреді.

3D моделдеудің ерекшеліктерін сипаттайды.

Түсінік

Программамен жұмыс бастамаларын түсінеді.



Қолданыс

Объектілерді түрлі жақтардан қарау үшін түрлі амалдарды қолданады.

Жұмыс бетінің кескінін өзгерту үшін пернетақта командаларын пайдаланады.

Анализ


Қарапайым операцияларды өз бетімен орындау арқылы сабақ материалдарын толығымен түйіндейді.

Синтез


Жұмыс бетіндегі кескіндердің бастапқы кескіннен ерекшелігін айырып таниды.

Баға


3D моделдеу туралы алғашқы түсінік түйіндейді.
Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат алмасу ( 15мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту ( 5мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (10 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау-бағалау ( 5мин.).
Сабақ типі: Практикалық сабақ
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, практикалық
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

• Программаның мүмкіндіктері мен онымен жұмыс жасау жолдарын көрсету.

• Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды көрсету

• Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру.


Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру
Негізгі ұғымдар мен терминдер: Blender
Оқушыда дағды қалыптастыру:

• Жаңа өткен тақырыпты толық игеру. Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау. Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау.


Ақпарат көздері:

1. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.

2. 3D-кеңістігінің бағдарына кіріспе. Ақпарат көзі: http://younglinux.info/blender/blenderpractical1.php

3. Blender бағдарламасына кіріспе. Ақпарат көзі: http://younglinux.info/blender/introductionblender.php



Қосымша материалдар:Суреттер Blender бағдарламасына кіріспе. Ақпарат көзі: http://younglinux.info/blender/introductionblender.php
Оқушы жетістігін бағалау:

• Оқушының негізгі бағасы сабақ барысындағы тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.


Үй тапсырмасы: Өтілген тақырыпты қайталау, пернетақта тетіктерінің қайсысы қандай командаға жауап беретінін жаттау
Бонус-балл тапсырмасы.Белгіленген объектіні өз осінен айналдыру үшін қай клавишалар пайдаланылады? Объектіні айналдырып, кескінін көрсету

САБАҚ БЛОКТАРЫ


і. аҚПАРАТ алмасу

Тақырып жоспары:

  1. Blender анықтамасы

  2. Жұмыс бетінің құрылымымен танысу

  3. Қарапайым операцияларды орындау

  4. Навигация

Слайдтар:

1-слайд (титул)




2-слайд Сабақтың мақсаты




3-слайд Тақырып жоспары




4-слайд Blender дегеніміз не?

Blender – үш өлшемді графика мен анимация жасауға арналған қолданбалы программалар пакеті..




5-слайд Жұмыс бастамасы


6-слайд Blender-де файлдарды ашу және сақтау

Blender-де файлдарды сақтау және ашу басқа программалардағы дәл осы процедурадан ерекшеленбейді. Алайда бір ескеретін жайт, Blender-де программаны жапқан кезде «файлды сақтау керек пе?» деген ескерту шықпайды. Сондықтан жұмыс бетін жаппас бұрын оны сақтауды ұмытпаңыз.



7-слайд Алғашқы жұмыс беті

  • Меню

1-сурет


  • 3D ұяшықтар беті

2-сурет


  • Жұмыс панелі

3-сурет
8-слайд Жұмыс бетінің объектілері



  • Куб – берілген объекті;

  • Шам-жарық көзі, онсын объектіміз қара түсті болар еді;

  • Камера қорытынды бейнені түрлі бұрыштардан көруге мүмкіндік береді;

4-сурет


9-слайд Алғашқы бағдарлау


10-слайд Кейбір жеңіл коммандалардың орындалу жолдары

Тапсырма

Орындалу жолы

Иллюстрация

Жұмыс бетін монитор бетімен бірдей қылып үлкейту

Курсорды жұмыс бетіне қойып, Shift+Space тетіктерін басу




3D курсордың орнын ауыстыру


Компьютер жүгірткесінің сол жақ тетігін жұмыс бетінің кез-келген жеріне басыңыз




Камера, шам мен кубты бірінен соң бірін белгілеу


Объектілердің кез келгеніне апарып жүгірткенің оң жағын басыңыз (белгіленген объект қызғылт түске боялады)

5-сурет


Үш объектіні қатар белгілеу (топтық белгілеу)


Shift клавишасын басып тұрып жүгірткенің оң жағымен объектілерді белгілейміз

6-сурет








11-слайд Бақылау бетінде пернетақта көмегімен навигация

  • Blender-ді іске қосқаннан кейін, F12 тетігін бассаңыз қорытынды бейнені көре аласыз. Алайда ашылған бейне үш өлшемді кескінінен өзгеше болуы мүмкін, себебі көбінесе программа бізге объектінің жоғарыдан қарағандағы кескінін береді.

  • Берілген кескінді өзгерту үшін әдетте NumPad клавишалары пайдаланылады (пернетақтаның оң жағындағы сандар мен символдардан тұратын қосымша бөлік).




12-слайд NumPad клавишаларын пайдалану

0- камера кескінін іске қосу


1 – алдынан қарағандағы кескін;
3 – оң жағының кескіні;
2, 4, 6, 8 – бұру;

7-жоғарыдан қарағандағы кескінге қайта оралу;


5 – бұрылған объектіні алғашқы орнына қайта келтіру;
«.» + Enter – белгіленген объекті өлшеміне сай масштабты өзгерту;
«+» мен «-» - жұмыс бетінің масштабын өзгерту






іі. алғашқы бекіту



Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.



Blender анықтамасы


Жұмыс бетінің құрылымымен танысу


Қарапайым операцияларды орындау

Навигация















Қорытынды:___________________________________________________________





ііі. құзырлылық қалыптастыру





Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. 3D моделдеу дегеніміз не? Оның қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

3D моделдеу дегеніміз объектінің үш өлшемді моделін құрастыру процесі. 3D моделдеудің мақсаты объектінің көлемді түрін жасап шығару.

  1. 3D моделдеуде қандай программалар пайдаланылады?

Blender, Cinema 4D, Body Paint 3D, Wings 3D, Quest 3D

  1. Blender дегеніміз не?

Blender – үш өлшемді графика мен анимация жасауға арналған қолданбалы программалар пакеті.

  1. Blenderде файлдарды сақтау операциясы қалай жүзеге асады?

Blender-де программаны сақтау кез келген басқа программалардағыдан еш ерекшеленбейді (Файл→Сақтау), алайда программаны жапқан кезде «файлды сақтау керек пе?» деген ескерту шықпайды. Сондықтан жұмыс бетін жаппас бұрын оны сақтауды ұмытпаңыз.

  1. Алғашқы жұмыс беті неше бөліктен тұрады? Үш

  2. Алғашқы жұмыс бетінің бөліктерін ата.

Меню, 3D ұяшықтар беті, жұмыс панелі

  1. Blender де жұмыс бетінің объектілері қанша? Үш


ІІ деңгей тапсырмалары

1. Жұмыс бетін үлкейту үшін қай тетіктерді басу керек?

А) Shift+Delete

Б) Shift+Space

В) Ctrl+Space

2. 3D курсордың орнын қалай ауыстырады?



Компьютер жүгірткесінің сол жақ тетігін жұмыс бетінің кез-келген жеріне басыңыз
ІІi деңгей тапсырмалары

Үш объектіні қатар белгілеп, қорытынды кескінді сақтаңыз. Кескін қай форматта сақталғаны туралы талдау жасаңыз.



(Кескін img форматында сақталуы тиіс)





іV. шығармашылық әреКет





Топтық жұмыс.

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінуі тиіс.

Барлық төрт топта бірдей объекті болуы тиіс. Топ мүшелері берілген объектіні өзгертіп қорытынды кескінді сақтайды. Жасалған кескіндер басқа топтарға ауыстырылып беріледі. Әр топ бастапқы объектіге қандай амалдар орындалғандығын табуы тиіс.





V. бағамдау-бағалау




Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________


24 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ

Тақырыбы: Орын ауыстыру және өзгерту
Күтілетін нәтиже:

Білім


Өткен сабақ материалдарын есіне түсіреді.

Программада басқа да амалдар жасау жолдарын таниды.

Түсінік

Объектінің өлшемін өзгерту мен оның орнын ауыстыру амалдарын түсінеді.



Қолданыс

Объектілерді осьтер бойымен жылжытып, олардың орнын өзгертеді. Объекті өлшемдерін өзгерту арқылы жаңа фигуралар құрастырады.

Анализ

Объектілерге үлейту, кішірейту және орын ауыстыру амалдарын орындап көріп, қорытынды объектіні сызбанұсқа түрінде бейнелейді.



Синтез

Программада өз бетімен жаңа объектілер жасайды.

Баға

Blender-дегі қарапайым амалдар туралы білімін түйіндейді.


Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат алмасу (15 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (3 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).
Сабақ типі: Практикалық сабақ
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, практикалық
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

• Программаны қолданудағы жаңа амалдармен таныстыру

• Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды иллюстративті түрде көрсету

• Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру


Негізгі ұғымдар мен терминдер:

• Сабақ барысында жаңа терминдер қарастырылмайды


Оқушыда дағды қалыптастыру:

• Жаңадан өткен тақырыпты толық игеру

• Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау. Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен немесе топ мүшелерімен бірге орындау
Ақпарат көздері:

1. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.

2. Орын ауыстыру және өзгерту (Blender). Ақпарат көзі: http://younglinux.info/blender/virtualreality.php

3. И. Семакин, Е.Хеннер. 2009. Информатика және есептеуіш техника негіздері. (Информатика и ИКТ№ Базовый уровень). 5 басылым. Москва: БИНОМ. Лаборатория знаний.



Қосымша материалдар:

Суреттер. Орын ауыстыру және өзгерту (Blender). Ақпарат көзі: http://younglinux.info/blender/virtualreality.php


Оқушы жетістігін бағалау:

• Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.


Үй тапсырмасы:

Өтілген материалды қайталау және орын ауыстыру мен өзгерту командаларын жаттау.

• Бонус-балл тапсырмасы

Берілген өзгертілген объектіге қандай амалдар орындалғанын табу.



САБАҚ БЛОКТАРЫ





і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

  1. Орын ауыстыру

  2. Объектіні осьтер бойымен үлкейту

  3. Объектіні осьтер бойымен кішірейту

  4. Объектіні бұру

Слайдтар:

1-слайд Орын ауыстыру

  • Алдымен орын ауыстыратын объектіні (кубты) белгілеп алу керек. Ол үшін 3D курсорда кубқа апарып жүгірткенің оң жақ тетігін басу керек.




2-слайд х осі бойымен орын ауыстыру

  • Ctrl тетігін басып тұрып, белгіленген объектіні қызыл түсті осьтің бойымен жылжытамыз. Сонымен қатар объектіні неше бірлікке жылжығанын білу үшін 3D беттің (жұмыс бетінің) төменгі жағындағы сандардың өзгеруін бақылап отыру керек.

1-сурет





3-слайд у және z осьтері бойымен орын ауыстыру

*Бұл орын ауыстыру процесі х осімен орын ауыстырудан көп аса ерекшеленбейді. Тек ғана орын ауыстырған кезде объектіні жасыл түсті ось бойымен жылжыту керек.

*z осі бойымен орын ауыстыру үшін х осімен орын ауыстыру процедурасын көк түсті ось үшін қайталаймыз.





4-слайд Объектіні осьтер бойымен үлкейту

*Пернетақтада S+X+Ctrl тетіктерін басып тұрып жүгірткенің көмегімен объектіні ось бойымен созамыз. Объектінің неше есе ұлғайғанын жұмыс бетінің төменгі жағынан бақылап отыруға болады.

*у және z осьтерінің бойымен үлкейту үшін дәл жоғарыда айтылған процедураны Y және Z тетіктері үшін қайталаймыз.





5-слайд Объектіні осьтер бойымен кішірейту

  • Осьтер бойымен созу процедурасын 1-ден кіші бөлшек сандар үшін қайталаймыз (0.2, 0.5, 0.7…)

2-сурет





6-слайд Объектіні бұру

  • N тетігін басып, пайда болған RotX ұяшығына бұру бұрышының мәнін енгіземіз. Мысалы 15 деп жазсақ, объектіміз х осі бойымен 15 градусқа бұрылады.

  • У осі бойымен бұру үшін жоғарыда айтылған процедураны RotY ұяшығы үшін орындаймыз.

7-слайд

  • F12 тетігін басып пайда болған объектіні қараңыз.

  • F3 тетігін басу арқылы кескінді компьютер жадысына сақтаңыз. Файлдың JPEG форматында сақталатынына назар аударыңыз.




іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Орын ауыстыру


Объектіні осьтер бойымен үлкейту

Объектіні осьтер бойымен кішірейту

Объектіні бұру














Қорытынды:___________________________________________________________




ііі. құзырлылық қалыптастыру




Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Blender-де жұмыс бетінің неше обьектісі бар? Оларды ата.

Үшеу: шам, куб, камера

  1. Blender-де камера кескінін іске қосу үшін қай тетікті басу керек?

0 – камера кескінін қосу, NumPad - rамераны қосу

  1. Blender-де кескінді бұру амалы қай тетіктердің көмегімен орындалады?

N тетігін басып, пайда болған RotX ұяшығына бұру бұрышының мәнін енгіземіз. Мысалы 15 деп жазсақ, объектіміз х осі бойымен 15 градусқа бұрылады. У осі бойымен бұру үшін жоғарыда айтылған процедураны RotY ұяшығы үшін орындаймыз.

Төмендегі коммандаларды орындау үшін пернетақтаның қай тетіктерін пайдалану керек?

  1. Кубты х осімен 4 бірлікке жылжыту.

  2. Кубты у осімен 3 бірлікке жылжыту.

  3. Кубты у осімен төрт есе кішірейту.

  4. Кубты z осі бойымен екі есе үлкейту.

Практикалық тапсырма. Негізгі амалдар жиынтығы кестеде көрсетілген.

ІІ деңгей тапсырмалары

1. Берілген объектіні z осімен 3 есе, x осімен 4 есе улкейтіп, оны y осі бойымен 2 бірлікке жылжыт.

2. Дәл осындай операцияны берілген сандар қатары үшін орында:

(1,2,3); (2,7,5); (4,9,12).



ІІi деңгей тапсырмалары

Берілген объектіні өз бетіңмен өзгертіп (улкейтіп, кішірейтіп, орнын ауыстырып), қорытынды объектінің әр жағының кескінін бөлек файл ретінде сақта. Файл қандай форматта сақталды?

Ескерту: файл img форматында сақталуы тиіс.



іV. шығармашылық әрекет




Топтық жұмыс.

Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ берілген объектіні өз беттерінше өзгертіп оның алдынан қарағандағы кескінін сақтайды. Жасалған кескіндер топтар арасында алмастырылады. Топтар объектіге қандай амалдар қолданылғанын табуы керек.






V. бағамдау-бағалау



Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

25 сабақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет