9-слайд Терезе
Терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтарды - терезе шекаралары деп атаймыз. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасады. Тақырып жолына сол жағында жүйелік меню түймешіктері, ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған түймешіктер орналасақан.
|
10-слайд Терезе түрлері
Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар, ал одан төмен орналасақан төртбұрышты аудан терезенің жұмыс аймағы деп аталады. Мұнда әртүрлі ақпараттар болады: айталық, орындалатын программа, өңделуге арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т.б.
|
11-слайд Шартты белгі
Шартты белгі дегеніміз - бұл экран бетіндегі кішірейтілген бейне ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияларды, файлдарды және т.б. мәліметтерді бейнелеп тұруы мүмкін.
|
12-слайд Жарлықтар
Жарлықтар (shortcut) дегеніміз – белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.
|
13-слайд Бумалар
Бумалар (folder) дегеніміз – экранда каталогтарды (WІNDOWS 98) және программалық топтарды (WІNDOWS 3.1) белгілеу үшін қолданылады.
Мұның мағынасы: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады.
Бума – каталог, директорий ұғымының баламасы болып табылады.
|
14-слайд Саймандар тақтасы
Саймандар (инструменттер) тақтасы командалар мен іс-әрекеттерді жылдам орындау үшін ең ыңғайлы жағдай жасайды. Оны пайдалану тышқан қол тетігінің немесе соған ұқсас басқа аспаптың көмегімен жүргізіледі. Саймандар тақтасының белгілі бір командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы тышқанмен шерту аркылы орындалады.
|
15-слайд Саймандар тақтасы (Word document)
Төменгі кестеде меню қатарының төменгі жағында Стандартты әрекеттерді ғана атқаруға арналған Саймандар тақтасы орналасқан. Бұл тақтадан басқа Word редакторында бірсыпыра әрекеттерді атқаратын тақталар (Форматтау, Сурет салу, Көмек алу, т.б.) бар. Нақты тақталар мен олардың әртүрлі батырмаларының атқаратын қызметін жұмыс барысында курсорды сол батырма белгісінің оң жақ төменгі бұрышына алып барып тексеру кажет немесе көмек алу арқылы да білуге болады.
|
16-слайд Саймандар тақтасының «Стандартты» тобының
батырмалары
|
|
іі. алғашқы бекіту
|
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Программа интерфейсі. Жалпы түсінік
|
Турбо Паскаль программалаудың бас мәзірлерін
|
Windows жүйесінің интерфейсі
|
|
|
|
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Программаның интерфейсін сипатта.
Интерфейс - программалық жабдық пен жүмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны
Шартты белгі дегеніміз не? бұл экран бетіндегі кішірейтілген бейне ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияларды, файлдарды және т. б. мәліметтерді бейнелеп тұруы мүмкін.
Программа дегеніміз не? Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.
Турбо Паскаль программалаудың ерекшеліктерін тұжырымда. Бұл орта көптеген терезелерді ашып жұмыс атқаруға мүмкіндік береді, бірақ әр мезгілде тек қана бір тереземен жұмыс істеуге болады – оны ағымдық деп атаймыз.
Windows жүйесінің негізгі құрылымдарын түйінде. Терезе дегеніміз – экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, мұнда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару іс-әрекеттері жүргізіледі.
Шартты белгі дегеніміз - бұл экран бетіндегі кішірейтілген бейне ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияларды, файлдарды және т. б. мәліметтерді бейнелеп тұруы мүмкін.
Жарлықтар (shortcut) дегеніміз – белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.
Саймандар тақтасы арқылы жай мәтінді енгізуден басқа не істеуге болады?
Форматтау, Сурет салу, Көмек алу
Саймандар тақтасының «Стандартты» тобының батырмаларын атап бер.
Жаңа құжат құру, құжатты ашу, құжатты сақтау, жабу, баспаға шығару, алдын-ала қарау, көшірмесін алу, т.с.с.
ІІ деңгей тапсырмалары
Турбо Паскаль программасының интерфейсін толық қарастыр. Мысал келтір. WINDOWS жүйесінің интерфейсімен салыстыр.
ІІІ деңгей тапсырмалары
Word Document интерфейсін қарастыр. Сенің ойынша бұл программаның интерфейсін өзгертуге бола ма? Неліктен. Қандай мәзірлерді қосар едің?
Топтық жұмыс.
Сен бір инженерлік компанияда жұмыс істейсің. Сенің мақсатын компанияны таныстыратын жеке блоктың интерфейсін құру. Тапсырма: Интерфейс құруда қойылатын алғышарттар мен жоспарды А4 форматындағы бетке жазу. (Жеке блоктың интерфейсін суретке салу)
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
№27 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
|
|
Тақырыбы: Сығып шығару және бөлшектеу.
|
|
Күтілетін нәтиже:
|
|
|
Білім
|
•Архивация, архив, сегментациялау ұғымдарын таниды
•Архивациялаудың мәнін атап шығады
|
|
Түсінік
|
•Архиваторлар қасиетіне, типтеріне мысал келтіреді
•Сегментациялау процесінің түсіндірмесін береді
•Архиваторлар функциясын түсіндіреді
|
|
|
Қолданыс
|
•Практика жүзінде архивациялауды файлдарды сығуда пайдаланады. Архивтерді құпия код арқылы сақтауды тәжірибе жүзінде қолданады
|
|
Анализ
|
•Берілген тапсырмаға қарай отырып, проблеманы бөлшектеп талдайды
•Әр архиватордың тиімділігі мен жылдамдығын салыстырады
|
|
Синтез
|
•Архиватор бағдарламасының мақсаты мен қолданылу аясын түсіндіре отырып, күнделікті өмірде оның маңызын түйндейді
•Архивтендірудің процесін түсіндіреді
•Типтер мен оларды сығу процесі арасындағы қарым-қатынасты қиыстырады
|
|
|
Баға
|
•Берілген білімді қолдана отырып, керек болған жағдайда көптеген файлдарды ықшамды түрде сақтап, жоғалмайтындай және басқа адамдар қарай алмайтындай архив жасап үйренуді негіздейді
|
|
Сабақ құрылымы:
|
|
|
І Ақпарат алмасу (15 мин)
ІІ Алғашқы бекіту (3 мин)
ІІІ Құзырлылық қалыптастыру (15 мин)
ІV Шығармашылық қалыптастыру (8 мин)
V Бағамдау-бағалау (4 мин)
|
|
Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру.
|
|
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық.
|
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
|
•Жаңа терминологиямен таныстыру.
•Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды көрсету.
•Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру.
|
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
|
•Архивтендіру, архив, файлдар, сығу, тиімділік пен жылдамдық.
|
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
|
•Жаңа өткен тақырыпты толық игеру.
•Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау.
•Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
|
|
Ақпарат көздері:
|
|
|
1. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп
2. Практическая работа №5, Работа с архиваторами WinRAR из группы программ WinRAR. Ақпарат көзі: http://www.itsusu.ru/pdf/information_technology/work_5.pdf
3. Лабораторная работа № 7 Архивация информации. Сравнение методов сжатия данных. Ақпарат көзі: http://tessie.mitht.rssi.ru/it/pdf/ibez/new/07.pdf
4. Что такое архиваторы? Принцип работы архиваторов. Ақпарат көзі: http://log.toeoda.com/Compression/Archivers/archivers.htm
|
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
|
• Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
|
|
Үй тапсырмасы:
|
|
|
Сабақта өтілген басты терминдердің анықтамасын біліп келу. Архивтендіру процесі атты ауызша хабарлама дайындап келу.
|
|
|
• Бонус-балл тапсырмасы
WinRAR-дан басқа қандай архиваторларды білесіңдер?
|
САБАҚ БЛОКТАРЫ
|
|
|
|
і аҚПАРАТ алмасу
|
|
Тақырып жоспары:
1. Архивтендіру процесін түсіндіру және оның маңызын айқындау.
2. Архиватор-бағдарламалармен жұмыс істеудегі алғашқы түсінік.
3.Сегментациялау әдісі мен архивтендіру кезінде пайда болатын проблемаларға түсініктеме беру.
Слайдтар:
1-слайд (титул)
|
|
2-слайд Сабақтың мақсаты
|
|
3-слайд Тақырып жоспары
|
|
4-слайд Архиваторлар деген не?
Архиватор – архивті жасау үшін қолданылатын бағдарлама.
Бұл процесс архивтендіру деп аталады.
Архивтендірудің басты мақсаты мен маңызы – көптеген файлдарды ықшамды түрде бір папкада сақтау мүмкіндігі.
Архивтендіру кезінде файлдар мен папкалар алдын ала сығылу процесінен өтеді. Сондықтан, барлық дерлік архиваторлар файлдарды сыға алатын бағдарлама болып есептеледі.
|
|
5-слайд
Сығу кезіндегі бағдарламаның тиімділігі – архиваторлардың ең басты қасиеті болып табылады. Құрылған архивтің компъютер жадында алатын орны осы қасиетке байланысты.
Сығылған файлдың алатын орны неғұрлым аз болса, соғұрлым архив басқа каналдар арқылы тезірек жіберіледі.
|
|
6-слайд Архиваторлардың маңызы
Кейбір архиваторлар файлдардың мөлшерін екі не одан да көп есеге дейін кішірейте алады. Сондықтан сығылған файлдардан құрылған папканы бір компъютерден екінші компъютерге тасымалдау тезірек орындалады. Архивтендірудің ең басты маңызы мен мақсаты осында жатыр.
Күнделікті өмірде сығылған мәліметтерді адамдар кеңінен қолданады.
Мысалы, PDF документтері сығылған ақпаратты қамтиды. Сондай-ақ, GIF, JPG,
MP 3, MPG сияқты мультимедиялық файлдарды сығылған ақпарат ретінде қарастыруға болады.
|
|
7-слайд Архиваторлардың кемшілігі
Архиваторлардың ең басты кемшілігі – материалға тікелей қол жеткізе алмауымыз, себебі, біріншіден, біз архивті ашып, оның ішіндегі файлдарды басқа папкаға орналастыруымыз керек. Сондықтан, көбінде архивтендіру файлдардың резервтік копиясын сақтау мақсатында кеңінен қолданыс тапқан.
|
8-слайд Архиваторлардың функциялары
Файлдарды архивке салып-шығару
Архивтің тақырыбын көру
Файлдарды бір архивтен екінші архивке орналастыру
Архивті құпия код арқылы қорғау және т.с.с.
|
|
9-слайд Архивтендіру процесінің сатылары
WinRAR архиваторын қолдана отырып файлдарды бір папкаға сығайық.
Тышқанның көмегімен файлдарды таңдап (CTRL түймесін ұстап тұру арқылы) архивке салу керек, содан соң тышқанның оң жағын басу қажет.
Менюден “Добавить в архив”-ті таңдаңыз
|
|
10-слайд
Ашылған терезеден сығудың әдістерін таңдау арқылы сығуды бастауға болады.
Ашылған терезедегі архиваторлардың басқа қасиеттерімен өздерің танысып шығыңдар.
|
11-слайд Сегментациялау (subdivide)
Сығудың барлық әдістерінде архивтендірілетін файлдардың типін өзгерту барысында файлдан архивке көшу қиынға соғады. Сондықтан, мұндай жағдайда сегментация әдісі қолданылады.
Сегментациялау – алдын ала типі бірдей файлдарды біріктіру, осыдан кейін алынған бір типті папкаларды біріктіру.
|
|
12-слайд
Әрбір сығу әдісі белгілі бір типке немесе типтер тобына арналған. Сонда, сығу әдістерінің тиімділігі сол архивте болатын файлдардың типіне тікелей байланысы.
Мысалы, алдын ала сығылмаған файлдар жақсы сығылады. Оларға .exe, txt, doc, сығылмаған сурет типі bmp жатады.
Қазіргі файлдардың көбісі алдын ала сығылған файлдар болып табылады. Сондықтан бұл жағдайда архиваторларды қолдану архив мөлшерін аз ғана кішірейтеді.
|
|
13-слайд Архиваторлар мысалдары
Қазіргі кезде бірнеше ондаған архиватор-бағдарламалар бар, алайда соның ішінде кең қолданыс тапқандары: ARJ, WINZIP, LHA, WINRAR және басқалар.
Сығудың жылдамдығы және сығу тиімділігі – архиваторлардың бір-бірімен тікелей байланысты шамалары.
|
|
14-слайд Архиваторлардың осы екі қасиетке байланысты сығу әдістері
Жылдам (скоростной)
Тез (быстрый)
Кәдімгі (обычный)
Жақсы (хороший)
Максималды (максимальный)
Максималды-үздіксіз (максимально-непрерывный)
|
15-слайд Архиваторлардың айырмашылықтары
Әр архиватор жоғарыда аталып өткен архиваторлардың функцияларына байланысты ерекшеленеді.
Сонымен қатар, архиваторларды екі топқа бөлуге болады. Олар: ассимметриялық және симметриялық.
|
|
16-слайд Ассиметриялы және симметриялы архиваторлар
Ассимметриялы архиватор
Файлдарды архивтен шығаруға аз уақыт, ал архивтендіруге көбірек уақыт жұмсайды.
Симметриялы архиватор
Файлдарды архивтен шығаруға және архивтендіруге бірдей уақыт жұмсайды.
|
|
17-слайд Есіңде сақта...
Архиватор – архивті жасау үшін қолданылатын бағдарлама.
Бұл процесс архивтендіру деп аталады.
Архивтендірудің басты мақсаты мен маңызы – көптеген файлдарды ықшамды түрде бір папкада сақтау мүмкіндігі.
Архивтендіру кезінде файлдар мен папкалар алдын ала сығылу процесінен өтеді. Сондықтан, барлық дерлік архиваторлар файлдарды сыға алатын бағдарлама
болып есептеледі.
|
18-слайд Есіңде сақта...
Архиваторлардың функциялары
Сығудың барлық әдістерінде архивтендірілетін файлдардың типін өзгерту барысында файлдан архивке көшу қиынға соғады. Сондықтан, мұндай жағдайда сегментация әдісі қолданылады.
Сегментациялау – алдын ала типі бірдей файлдарды кодтау, осыдан кейін алынған бір типті папкаларды біріктіру.
|
|
|
іі алғашқы бекіту
|
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Архивтендіру процесін түсіндіру және оның маңызын айқындау
|
Архиватор-бағдарламалармен жұмыс істеудегі алғашқы түсінік.
|
Сегментациялау әдісі мен архивтендіру кезінде пайда болатын проблемаларға түсініктеме беру.
|
|
|
|
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі құзырлылық қалыптастыру
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Файлдарды архивациялаудың мәні неде?
Бірнеше файлдарды бір папкаға біріктіру арқылы папканың компьютер жадында алатын орынды азайту
Қандай типті файлдарды сығылған ақпарат ретінде қарастыруға болады?
PDF, GIF, JPG, MP 3, MPG
Сегментациялау деген не?
Сегментациялау – алдын ала типі бірдей файлдарды кодтау, осыдан кейін алынған бір типті папкаларды біріктіру.
Сығу тиімділігі архиватордың тағы қандай қасиетіне әсер етеді?
Жылдамдығына
Файлдарды архивке кіргізуге және шығаруға байланысты архиваторлар қандай типтерге бөлінеді?
Ассимметриялық және симметриялық
Сегментациялау процесін түсіндіріңдер.
Алдын ала типі бірдей файлдарды біріктіру, осыдан кейін алынған бір типті папкаларды біріктіру.
Архиваторлардың функцияларын атап беріңіз.
Файлдарды архивке салып-шығару, aрхивтің тақырыбын көру, файлдарды бір архивтен екінші архивке орналастыру, архивті құпия код арқылы қорғау.
ІІ деңгей тапсырмалары
WinRar архивтік папка құрастыр. Сығылған папканың аты өздеріңнің есімімен ата. Папканың ішінде бір сурет, бір мәтін типіндегі матиериал және бір аудио файл сығылсын.
Құрылған папкаға құпия код ойластырып, папканы сақтаңыздар.
ІІІ деңгей тапсырмалары
Бір .jpeg және бір .txt файлдарын WinRAR-дағы сығудың бес әдісімен сығыңдар. Алынған архивацияланған папканың бастапқы папкадан (яғни осы екі файлдардан тұратын жай папка) қаншалықты аз орын алғанын график түрінде көрсетіңдер. Ол үшін Excel бағдарламасын қолданыңдар. Жұмыс соңында әр әдістің жылдамдығы мен тиімділігі жайлы қысқаша түсініктеме жазыңдар.
Топтық жұмыс.
1-топ: Архиватор бағдарламасының мақсаты мен қолданылу аясын түсіндіріңдер. Мысал келтіріңдер.
2-топ: Архивтендірудің процесін түсіндіріңдер.
3-топ: Типтер мен оларды сығу процесі арасындағы қарым-қатынасты көрсетіңдер.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
№28 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
|
|
Тақырыбы:
|
|
|
Булева операциялары, модификаторлар, Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар.
|
|
Күтілетін нәтиже:
|
|
|
Білім
|
•Үш өлшемді компьютерлік графикада рөлі үлкен Blender программасын, оның қүралдарын және модификатор ұғымдарын жалпы таниды
|
|
Түсінік
|
•Blender-де объектілерге текстура қосу, оларды өзгерту, материалмен жұмыс істеуді түсінеді
•Blender-де модификторлардың өзгерту тәсілдерінің түсіндірмесін береді
|
|
|
Қолданыс
|
•Терезе үлгісін жасау үшін Blender материалдарын пайдаланады
|
|
Анализ
|
•Обьектілерді алу үшін әр Blender өзгерту операциясының қолдану ережелерінің ерекшеліктерін айырып таниды
|
|
Синтез
|
•Берілген объектіні біріктіру, қиылыстыру және айыру сияқты Blender-дің модификаторлары арқылы өзгертуді практикада жобалайды
|
|
|
Баға
|
•Практикада өз бетімен тапсырмаларды орындап, тақырыпты түйіндейді
|
|
Сабақ құрылымы:
|
|
|
І. Ақпарат алмасу (3 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (35 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (5 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (0 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (2 мин.).
|
|
Сабақ типі: Оқушыларға жаңа тақырыппен таныстыру
|
|
Оқыту әдісі: Жаңа тақырыпты түсіндіру, талдау, практикада қолдану
|
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
|
• Оқушыларға жаңа материалды бекіту үшін сабақ соңында теориялық талдау
жүргізу; Жаңа тақырыптықа байланысты практикалық тапсырма беру
|
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
|
• Булева операциясы, Blender, Blender текстурасы, модификаторлар
|
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
|
• Оқушылар жаңа сабақ тақырыбын ықыласпен тыңдауы қажет етіледі және практиклық тапсырманы орындау барысында қажет сұрақтарын мұғалімнен сұрап алулары - маңызды
|
|
Көздері:
|
|
|
Лаборатория юного линуксоида. Сайт: younglinux.info
Blender для начинающих. Сайт: nsportal.ru
|
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
|
• Оқушының бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады.
|
|
Үй тапсырмасы:
|
|
|
Жаңа тақырып слайдын қайталап үйде қарап, түсіну және практика кезіндегі орындалмай алмаған деңгейлік тапсырмаларды үйден аяқтап келу
|
|
|
• Бонус-балл тапсырмасы
Шыны ыдыс моделін Blender-дегі материалдар тақырыбына қатысты жасап шығару (Қосымша көмек: Бұрын сақталынған колба моделін ашып немесе қайтадан жасап, объект материалының реттеу мәзірінен настройка Alpha
(A) 0.2 мәнінде орнатыңыз. Және ZTransp немесе Ray Transp батырмаларын
іске қосыңыз)
|
САБАҚ БЛОКТАРЫ
|
|
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу
|
|
Тақырып жоспары:
1. Булева операциялары
2. Модификаторлар
3. Blender-дегі текстура
4. Blender-дегі материалдар
Слайдтар:
4-слайд Булева операциялары
• Булева операциялары математиканың бір болігі болып саналады. Сонымен қоса, ол программалауда да қолданылады. «Булева" созі атақты ағылшын математигі Джоржа Буляның атымен байланысты.
• Компьютер графикасындағы кез келген булева операциясы екі объектіге қолданылады. Екеуінің натижесі ретінде үшінші объект болып табылады.
|
5-слайд Булева операцияларының негізгі үш құралдары:
Intersect (қиылысу). Екі объектілердің қиылысуы арқылы пайда болған бөлік нәтиже ретінде саналады.
Union (бірігу). Екі объектілердің бірігуі арқылы пайда болған үлкен бөлік нәтиже ретінде саналады.
Difference (айырма). Екі объектілердің айырмасы соңғы жауап болып табылады.
|
6-слайд Булева операциялары
қиылысу бірігу айырма айырма (куб-цилиндр) (куб-цилиндр)
|
7-слайд Булева операциялары
Мысал:
Суретте колба моделінің прототипі көрсетілген. Оны конус пен цилиндрді біріктіріп, алынған объектіні дубльдеу арқылы жасауға болады.
|
8-слайд Булева операциялсына мысалдар
9-слайд
Blender – үш өлшемді компьютерлік графика, анимация, интерактивті қосымшаларды (приложение) жасауға арналған пакет.
Blender алғаш рет авторы –
Тон Розендальдың (Ton Roosendaal) басшылығымен Голландияның анимациялық студиясының жұмыстық негізгі құралы ретінде жасалынған.
10-слайд
Blender-ді қосқанда экранда пайда болған 3 түрлі бөліктен тұратын терезені көресіз:
a) Мәзір
б) 3D түріндегі терезелер
в) Батырмалар жинақтамасы
a)
б)
в)
11-слайд Файлды сақтау және ашу
Blender-де файлды сақтау және ашу басқа программалардан улкен айырмашылығы жоқ.
Бірақ, естеріңде болсын - Blender-де бағдарламаны жабу барысында файлдың сақталуы керектігін анықтайтын қосымша терезе шығарылмайды. Сондықтан, керек бағдарламаны жоғалтып алмау үшін оны алдын ала
сақтап алу керек.
12-слайд Модификаторлар
Модификатор – Blender-де объектілерді озгерту үшін қолданылады. Түсініктірек болу үшін қарапайым өмірмен салыстырса болады: кірпіш пен тақтай объектілер болса, ал балға мен шеге құралдар болып табылады.
Blender-де көптеген модификторлар Modifiers бағанында орналасқан.
13-слайд Модификаторлар (жалғасы)
Сонымен қатар, модификаторлардың қатарына негізгіөзгерту әдістері де жатады:
Орынауыстыру өзгету әдісі (G),
Бұрылу бұрышын өзгету әдісі (R),
Өлшем өзгету әдісі (S) және т. б.
14-слайд Blender-дегі текстура
Blender-де объектіге текстура енгізу үшін кнопок Shading (F5) түймесі басып немесе Texture Buttons батырмалар тобына кіру керек. Әр модельге әр түрлі текстура қолдануға болады. Texture Type тізімінен керекті текстура таңдап алуға болады.
15-слайд Blender-дегі текстура (жалғасы)
Әдетте, текстураны қосып қана қою жеткіліксіз. Алдымен, оны Texture Buttons немесе Material buttons батырмалар топтары арқылы реттеу қажет.
16-слайд Blender-дегі материалдар
17-слайд Blender-дегі материалдар
Мысал: Ағаш үстелдің моделі
Бұрын сақталынған үстел моделін ашыңыз немесе жаңадан жасаңыз.
Үстелді белгілеп алыңыз, Wood (ағаш) текстурасын таңдаңыз.
Текстура батырмаларіндегі Wood тізіміндегі RingNoise, Saw , Soft noise батырмаларын іске қосыңыз,
Сонымен қатар Turbulence (турбуленция) мәнін 10-ға дейін ұлғайтыңыз. Қайтадан материал батырмаларына оралыңыз.
Ағаш түсіне жақындау материал түсті орнатыңыз, содан кейін текстура түсін Map To тізіміне кіру арқылы таңдаңыз.
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Булева операциялары
|
Модификаторлар
|
Blender-дегі текстура және материалдар
|
|
|
|
Қорытынды:___________________________________________________________
ііі. құзырлылық қалыптастыру
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Булева операцияларының қандай құралдарын білесің?
Intersect (қиылысу), Union (бірігу), Difference (айырма).
Blender программасына қысқаша түсінік бер.
Модификаторлар жайында не білесіңдер?
Модификаторлар Blender-де объектілерді озгерту үшін қолданылады.
Blender-де объектіге текстура енгізу үшін қай батырмалар тобына кіру керек?
Blender-де объектіге текстура енгізу үшін Shading (F5) түймесі басып немесе Texture Buttons батырмалар тобына кіру керек.
Модификаторлардың қатарына қандай негізгіөзгерту әдістері де жатады?
Орынауыстыру өзгету әдісі (G), Бұрылу бұрышын өзгету әдісі (R), Өлшем өзгету әдісі (S) және т. б.
Blender-де модификторлар қайда орналасады?
Modifiers бағанында орналасқан.
Blender-де Difference (айырма) құралы қалай жұмыс атқарады?
Екі объектілердің айырмасы соңғы жауап болып табылады.
ІІ деңгей тапсырмасы
Слайдтағы Ағаш үстелдің моделінің мысалына қарап, терезе жасау үшін қандай Blender материалдарын қолданатындарыңды айтыңдар.
ІІІ деңгей тапсырмасы
Төмендегі суретке қараңыз. Қай Blender өзгерту операциясын қолданып осы объектілерді алуға болады? Өзгерту операцияларын қолданып осы объектілерді өздеріңіз жасаңыздар.
Топтық жұмыс.
1-топ: Blender бағдарламасын ашып, терезеге кез-келген екі объектіні алып шығып, соларға біріктіру операцияларын орындап, мұғалімге көрсетіңіз.
2-топ: Blender бағдарламасын ашып, терезеге кез-келген екі объектіні алып шығып, соларға қиылыстыру операцияларын орындап, мұғалімге көрсетіңіз.
3-топ: Blender бағдарламасын ашып, терезеге кез-келген екі объектіні алып шығып, соларға айырма операцияларын орындап, мұғалімге көрсетіңіз.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
№29 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
|
|
Тақырыбы:
|
|
|
• Mirror – айналық бейнелеу, материалдарды қосу, тегістеу және олардың қасиеттері
|
|
Күтілетін нәтиже:
|
|
|
Білім
|
• Mirror – айналық бейнелеу ұғымын таниды
• Mirror – айналық бейнелеужұмыс істеу принципін таниды
|
|
Түсінік
|
• Mirror – айналық бейнелеуде қарапайым гантель сызу сатыларының түсіндірмесін береді
• Blender-де объекті тегістеу тәсілдерін айрып таниды
• Объектіге материал қосу жолдарын түсіндіреді
• Материал қасиеттерін өзгерту жолдарын түсінеді
• Объектіні айқын ету тәсілін түсіндіреді
•Blender-де айналық бет жасаудың түсіндірмесін береді
|
|
|
Қолданыс
|
• Mirror – айналық бейнелеуде объектілерді құрастырады
• Материалдың қасиеттерін қолдана отырып, объекті түрлендіреді,тегістеу әдісін пайдаланады
|
|
Анализ
|
• Кез-келген объектілерді сызбанұсқа түрінде бейнелейді
|
|
Синтез
|
•Mirror жұмысын қайта қарайды
• Mirror – айналық бейнелеу арқылы әртүрлі модельдерді ойлап табады. Материал қасиеттері арқылы объектілерді түрлендіреді
|
|
|
Баға
|
• Mirror – айналық бейнелеудің түсіндірмесін береді
• Материалдардың қасиеттерін сипаттайды
|
|
Сабақ құрылымы:
|
|
|
І. Ақпарат алмасу (5 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (10 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).
|
|
Сабақ типі: Фронтальді, топтық.
|
|
Оқыту әдісі: Репродуктивті, ішінара ізденушілік.
|
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
|
• Оқушыларға бағыт-бағдар, қажет болған жағдайда көмек береді. Өз ойларын дамытуға көмектеседі.
|
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
|
• Айналық бейнелеу, модификатор
|
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
|
• Тақырып бойынша әртүрлі танымдық сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмсының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу.
|
|
Ақпарат көздері:
|
|
|
1. Е. Арын, Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану, Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006.
2. О.Ефимова, В.Морозова, Н.Угринович «Курс компьютерной технологии» учебное пособие для старших классов.-М.: ООО «Издательство АСТ», 2000.
3. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том.
|
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
|
• Негізгі баға орындалған деңгейге байланысты барлық оқушыға қойылады.
|
|
Үй тапсырмасы:
|
|
|
• Өзін өзі Mirrorмен таныстыру, кезкелген объеті жасау.
|
|
|
• Mirror – айналық бейнелеу туралы реферат жасап келу
|
САБАҚ БЛОКТАРЫ
|
|
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу
|
|
Тақырып жоспары:
1.Mirror – айналық бейнелеу дегеніміз не
2.Программадағы объектілерді тегістеу
3.Материалды қосу
4.Материалдың қаиеттері
Слайдтар:
1-слайд (титул)
|
|
2-слайд Сабақтың мақсаты
|
|
3-слайд Тақырып жоспары
|
4-слайд Mirror дегеніміз не ?
Mirror(Айна) – таңдалған объектінің айналық көрінісін жасау үшін қолданылатын Blender модификаторы.
Mirror қолдану үшін алдымен Modify панелінен таңдау керек.
Шыққан шақыруда, көрініс өсінің екі нүктесі сұралады.
Өс бағытын таңдау қажет.
|
5-слайд
Әрбір заттың үш өлшемі бар: ұзындығы, ені, биіктігі (X,Y,Z).
Егер объектің айналық көрісін үш түрлі бағытта өзгертсек өзгеше пішіндер болады:
|
6-слайд
Mirror бұйрығында орталық нүктенін тұрған жері ең маңызды болып саналады. Кез келген көрініс орталық нүктеге қарай бейнеленеді.
Объектің орталық нүктесін басқа жерге жылжыту үшін Mesh қосымындағы Center cursor деген батырмамен қолдану керек.
|
7-слайд Mirror құрал-сайманымен жұмыс істеу
Мысалы: қарапайым гантель, бір цилиндр екі шардан құралған объект:
Цилиндр сызамыз, көлемін үш бағытта да кішкене азайтамыз.
Бірінші шарды сызамыз, көлемін үш бағытта да кішкене азайтамыз.
Цилиндрмен шарды біріктіреміз (Ctrl+J).
Add Modifier ішінен Mirror модификаторын тандаймыз.
|
8-слайд
Mirror модификаторында X кнопкасын өшіріп Z кнопкасын тандаймыз
6. Center cursor кнопкасы арқылы орталық нүктені
цилиндрдын ортасына орнатамыз
7. Орталық нүкте арқылы объектің айналық бейнесін сызу
|
9-слайд Blender – де объекті тегістеу үшін бірнеше әдістер бар
Editing кнопкалар жинақтамасында Link and Materials қосуындағы Set Smooth деген кнопка арқылы
|
10-слайд Екінші тәсіл:
SubSurf модификаторын қолдану арқылы
|
11-слайд Материалдарды қосу:
Материал қосу және оны икемдеу үшін Shading (F5) кнопкалар жинақтамасында Material buttons деген кнопканы басу қажет немесе жалғыз Add New деген кнопканы басу
|
12-слайд Материалдардың қасиеттері:
Объектін түсін өзгерту үшін :
1. Col (color) кнопкасын Material қосындысында басу арқылы өзгертуге болады
|
|
13- слайд Объекті айқын ету үшін:
Material қосындығысындағы Alpha (A) көлемін азайтып, Raу Transp немесе Ztransp кнопкаларын қолдану қажет.
|
14-слайд Blender- да айналық бетті жасауға болады
Mirror Transp қосындысында Ray Mirror кнопкасымен қосуға болады.
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Mirror , программадағы объектілерді тегістеу
|
Материалды қосу
|
Материалдың қаиеттері
|
|
|
|
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Mirror ұғымының анықтамасын бер.
Mirror(Айна) – таңдалған объектінің айналық көрінісін жасау үшін қолданылатын Blender модификаторы.
Mirror – айналық бейнелеуде қарапайым гантель сызудың алғашқы сатыларының түсіндірмесін бер.
Цилиндр сызамыз, көлемін үш бағытта да кішкене азайтамыз.
Бірінші шарды сызамыз, көлемін үш бағытта да кішкене азайтамыз.
Цилиндрмен шарды біріктіреміз (Ctrl+J).
Add Modifier ішінен Mirror модификаторын тандаймыз.
Blender-де объекті тегістеу тәсілдерін ажырат.
Set Smooth деген кнопка арқылы
SubSurf модификаторын қолдану арқылы
Объектіге материал қосу жолдарын түсіндір.
Материал қосу және оны икемдеу үшін Shading (F5) кнопкалар жинақтамасында Material buttons деген кнопканы басу қажет немесе жалғыз Add New деген кнопканы басу
Материал қасиеттерін өзгерту жолдарын түсіндір.
Материал түсін Col (color) кнопкасын Material қосындысында басу арқылы өзгертуге болады.
Объектіні айқын ету тәсілін түсіндір.
Material қосындығысындағы Alpha (A) көлемін азайтып, Raу Transp немесе Ztransp кнопкаларын қолдану қажет.
Blender-де айналық бет жасаудың түсіндірмесін бер.
Mirror Transp қосындысында Ray Mirror кнопкасымен қосуға болады
ІІ деңгей тапсырмалары
Программада бірнеше mesh-объектілер сызып, объекті тегістеу үшін біріншісіне Set Smooth пайдаланындар, ал екіншісіне Subsurf қолданындар.
Егер бұрын blender-файлын сақтаған болсандар, пайдаланған объектілерді тегістендер.
ІІІ деңгей тапсырмалары
Өз беттерінше Mirror құралын пайдалануға болатын кез-келген екі модель
құрастырындар.
Топтық жұмыс.
1-топ. Mirror ұғымын, жұмыс істеу принципін корытып, түсіндір.
2-топ. Mirror – айналық бейнелеу арқылы әртүрлі модельдерді ойлап тап.
3-топ. Материал қасиеттері арқылы өзің таңдаған объектіні түрлендір.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
№30 сабақ
1-жоба
While циклін қолданып өспелі прогрессияның кодын жаз.
Сандар тізбегіндегі жұп сандардың қосындысын табуға арналған код жаз. Кодты for циклін қолданып жаз.
Сандар тізбегіндегі max және min сандарды табатын кодты for циклін қолданып жаз.
3-есепті пайдалана отырып, max және min сандардың орнын табатын
кодты жаз.
№31 сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |