2-жоба
Цилиндрдің көлемін, табанының ауданын, көлденең қимасының ауданын есептейтін жобаның графикалық интерфейсін құр. Интерфейсте:
Жобаның атауы;
Цилиндр суреті;
Мәтіндік алаң;
Формулалар;
Командалық түйме болуы қажет.
Жобаны аяқтаған соң, оны пайдаланушыларға ұсынып, олардың ойларын сұра. Сол ақпаратқа негізделіп, оң және теріс көзқарастардың қатынасын сипаттайтын диаграмма құрастыр.
Интерфейстің сұлбасы пайдаланушылардың көңілінен шығатындай тартымды болса оқушыға бонус балл беріледі.
№ 32 сабақ
3-жоба
Ресми blender.org сайтынан Blender 2.6 бағдарламасын өз компьтеріңе орнат.
On-line сабақтарды қарап (aitaber.kz/blog/videosabak/1071.html) Blender-де модельдеуді үйрен. Ғаламтордағы суреттерге қарап, өзің бір сауыттың моделін құрастыр.
Модельдейтін уақытта күнделік толтыр. Күнделік мына сұрақтарды қамту керек
Моделлинг, текстурингтің әрқайсысына қанша уақыт кетті?
Блендерде қандай жеңілдіктер байқадың?
Қандай қиындықтар кездесті? Оларды қалай шештің?
Блендер бағдарламасын қалай жақсартуға (жеңілдетуге) болар еді деп ойлайсын?
* Бұл жобаны сәтті аяқтау үшін ұжыммен жұмыс істеген жөн. Мысалы, 3-4 адам – бір топ.
*Онлайн сабақты мына сайттан қара немесе youtube видео контентінен іздеп көр
№33 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
|
|
Тақырыбы: Бақылау жұмысы. 4-тоқсан.
|
|
Күтілетін нәтиже:
|
|
|
Білім
|
• 4-тоқсан бойы өткен материалды есіне түсіреді.
|
|
Түсінік
|
• Архиваторлар, Булева операциясы, Blender, •Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар, айналық бейнелеу – Mirror қасиеттері, терминдерін таниды
|
|
|
Қолданыс
|
• Қайталаған ұғымның қолданысы мен қасиетін көрсетеді
|
|
Анализ
|
• Blender қолданысын, ерекшеліктерін талдайды
|
|
Синтез
|
• Бақылау жұмысына байланысты шығармашылық әрекет орындалмайды.
|
|
|
Баға
|
• Сабақта жазған бақылау жұмысына сыни талдау жасайды.
|
|
Сабақ құрылымы:
|
|
|
І. Ақпарат алмасу (8 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (2 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (30 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (0 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (0 мин.).
|
|
Сабақ типі: Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.
|
|
Оқыту әдісі: Бақылау жұмысы
|
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
|
• Оқушыларға есептерді бірнеше нұсқа ретінде ұсыну
• Нұсқаларды дайындау үшін деңгейлік тапсырмалар ретін ауыстыру
|
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
|
• Архиваторлар, Булева операциясы, Blender, Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар, айналық бейнелеу – Mirror
|
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
|
• Бақылау жұмысына дайындық мақсатында барлық слайд материалдарын, деңгейлік тапсырмалар мен үй жұмысы тапсырмаларын қайталау.
|
|
Ақпарат көздері:
|
|
|
1. Бөрібаев Б., Нақысбеков Б., Мадиярова Г. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.
|
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
|
• Оқушының бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады.
|
|
Үй тапсырмасы:
|
|
|
•Бақылау жұмысында шығара алмаған немесе шешіміне сенімді емес есептерді қарау, қатемен жұмысқа дайындалу
|
САБАҚ БЛОКТАРЫ
|
|
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу
|
|
Тақырып жоспары:
1. Программа интерфейсі, архиваторлар мен олардың қасиеттерін қайталау
2. Булева операциялары, Blender-дегі текстура материалдарды шолу
3. Айналық бейнелеу – Mirror терминін, қолданысын қарастыру
Слайдтар:
4-слайд Интерфейс
Интерфейс - программалық жабдық пен жүмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны
Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып,
әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыста бір-бірімен біріге отырып жүмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі.
|
5-слайд
|
6-слайд Архиваторлар деген не?
Архиватор – архивті жасау үшін қолданылатын бағдарлама.
Бұл процесс архивтендіру деп аталады.
Архивтендірудің басты мақсаты мен маңызы – көптеген файлдарды ықшамды түрде бір папкада сақтау мүмкіндігі. Архивтендіру кезінде файлдар мен папкалар алдын ала сығылу процесінен өтеді. Сондықтан, барлық дерлік архиваторлар файлдарды сыға алатын бағдарлама болып есептеледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |