Мадақтау .Мұғалім сабақта оқушының өзіне деген сенімін арттыру үшін «Жарайсың», «Мен сендерді мақтан тұтам», «Сен өте ақылдысың» деген сөздер жиі қолданғаны дұрыс.Бұл сөздер оқушының бойында мұғалімнің өзіне сенім артып тұрғанын сезініп, өз еркімен талаптанып, жақсы оқуға тырысады.
Бір мүмкіндік.Оқушының күтпеген жерден өзіннің қабілеті мен мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік беріледі.Мұндай жағдаятты мұғалім арнайы дайындамайды,ол осы мүмкіндікті табиғи тәрбиелеудегі дарынымен ,бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланады.
Еліктеу.Кластағы немесе мектептегі үлгілі оқушылардың жетістістіктерін үлгі ете отырып оқушының бойында «Сенде неге сондай болмасқа» , «Мен саған сенемін», «Бұл сенің қолыңнан келеді» деп оқушының бойында еліктеушілікті туғызу.
«Кешіктірілген баға». Оқушыға бірден төмен баға қоймай, «Сенің бағаң күндегіден төмен болып тұр.Сен үнемі сабаққа дайындалып келетіндіктен, мен саған бір мүмкіндік беремін.Келесі жолы бұданда жақсы жауап беретініңе сенемін» деп оқушыға алға қарай ұмтылуына жағдай туғызу.
Алдына –ала ойластырылған қателік.Сабақта мұғалім есеп шығару барысында, теорияның тұжырымдау барысында « Мен бір жерден қателестім. Бір минут. Қазір қарайын» деп оқушылардан көмек сұрайды. Бұл оқушының алған білімін жинақтап, тиянақтау үшін және шығармашылық қабілетін арттыруға қолданылатын әдіс-тәсіл.
Көкжиек сызығы. Оқушының бойындағы қабілетін арттыру үшін өте қызықты тақырыпта баяндама жасауды тапсырады, бірнеше баяндама жасағаннан соң «Сен өте қабілеттісің , біз олимпиадаға дайындалсақ қайтеді» деген ұсыныспен оқушының өз еркімен ізденуге,ғылым мен техникаға деген ынтасын оятып, адамның ақыл –ойының дамуына ықпал жасайды.
Математика сабақтарында оқыту барысында жақсартуда жеті модульді қолдану жетістікке жетелейді деп ойлаймын.
Бұл модульдерді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түсетіндігі атап көрсетілген.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.
Мұғалім барлық балаларға бірдей қарап бәріне бірдей талап қойғыш болғанда, нашар оқитындарды еңбек сүйгіштігі үшін мадақтап, жақсы оқитындарға өіне тым көп сеніп кеткені үшін басу айтып отырғанда ғана сыныптағы оқушылардың өзара қарым- қатынасы ойдағыдай болады. Бұл сыныптың ұжымдық жұмысына психологиялық жағынана жақсы жағдай жасап оқушылардың жетістіктерге жетуіне көмегін тигізеді.
Елбасымыз Н. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын...[4] Болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны сөзсіз.
Әдебиеттер тізімі:
[1] Мұғалімге арналған Нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей// НИШ. Кембридж университеті. Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана, 2012 ж ,(Интернет беттерінен)
[2] Жексенгалиева Г. Ж. Математика және физика сабақтарында АКТ - ны қолданудың тиімділігі//Республикалық ғылыми - әдістемелік журнал. Математика және физика. №2, 2007.