Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
ұлғайды. ҮЕҰ саны 2010 жылдан 2012 жылға
дейін үш есе үлғайды… біз жылдан жылға
мамандандырылған әлеуметтік қызмет
ұсынылатын мүгедектігі бар балалардың са-
нын арттыруға тырысудамыз». (Директордың
орынбасары; IN9)
ҮЕҰ-мен әрекеттестікті қаржыландыру үшін
мемлекеттік қаражат ұсыну мемлекеттік
ұйымдар көрсете алатын қызметтерді
әртараптандыру табысты болып көрінеді.
Мемлекеттің үкіметтік және үкіметтік емес
ұйымдардың ынтымақтастығын ұлғайтуға екпін
қоюы кеңес алу және қарым-қатынас жасау
мүмкіндіктерін ұлғайтты. Педиатрлардың біреуі
былай деді:
«Мемлекет үкіметтік және үкіметтік емес
ұйымдардың өзара қарым-қатынасына көп
көңіл бөледі. Бұл қатынаста біз бірқатар кон-
ференциялар өткіземіз… Жылына бір рет не-
месе екі рет … мүгедектігі бар тұлғалардың
істерімен айналысатын үкіметтік және
үкіметтік емес ұйымдар жиналамыз. Біз
көптеген мәселелерді шешеміз. Мүгедектігі
бар баласы бар аналармен кездесу жасай-
мыз. Былтыр мен «дөңгелек үстел» форматын-
да өткен осындай конференцияға қатыстым.
Бір жолы бізде осындай балаларға арналған
ток-шоу өткізілді. Біз олармен тығыз қарым-
қатынаста жұмыс жасаймыз». (Дәрігер; IN20).
Мүгедектігі бар балалармен жұмыс істейтін
ұйымдардан ғана емес, осындай баласы бар от-
басылардан комментарий алу және пікірлерін
білу үшін «дөңгелек үстел» басындағы кездесу-
лер әлеуетті құнды платформа болып табыла-
ды. Мемлекеттік тапсырыс жүйесі қызметтердің
ауқымы мен тиімділігін ұлғайтуға көмек бергенін
көптеген респонденттер атап көрсеткенімен,
қаржыландырудың жаңа тактикасының теріс
әсерлері болуы мүмкін. ҮЕҰ (үкіметтік емес
ұйымдардың) бір респонденті көбінесе ҮЕҰ
қаржыландыруды мемлекеттен ғана емес,
халықаралық көздерден де іздейтінін атап
көрсетті. Инвесторлар көбінесе балалардың
дамуына ұзақ мерзімді салым сала алмайтын
бағдарламалық компоненттерге мүдделі:
Достарыңызбен бөлісу: