МҰхамедханов қайым – «Өзі музей, Өзі архив, Өзі мектеп»



бет2/2
Дата15.09.2017
өлшемі0,72 Mb.
#32852
1   2

Мұхамедханов Қайым [Мәтін]: өмірбаяны // Шығыс жұлдыздары [Мәтін]: энциклопедиялық анықтамалық. 1-т. Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары / құраст.: Ұ. Есдәулет, ред. Қ. Құрмансейіт. - Астана, 2011. – Б.119-120.

Аннотация: "Шығыс жұлдыздары" деп аталатын бұл томда Қайым Мұхамедханов жайлы қысқаша өмірбаяндық дерек берілген.

ІІ бөлім
ЖАН–ЖАҚТЫ ТАЛАНТ ИЕСІ
«Өткен күнді еске алып, ескермесек, бүгінгі өміріңнің қадір-қасиетін терең түсіне алмайсың,- деп Қайым Мұхамедханов» айтып кеткендей, тағдырдың тар өткелдерінен талай рет сүрінбей өткен, әрбір әңгімесі бір-бір тарих, бар ғұмырын ғылымға арнаған, белгілі абайтанушы, көрнекті ғалым, ұстаз Қайым Мұхамедхановтың артына қалдырған мол мұрасы рухани қазынаға айналары ақиқат.

Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М. Әуезов ұйытқы болса, Қайым Мұхамедханов өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған ғалым. Оның тарихи шындықты бұрмаламай, деректерді нақтылы дәлелдермен берген мақалалары 400-ден астам. (Ал, жалпы ғылыми еңбектерін есептесек 500-ден асады екен). Мысалы, «Халық ақыны Са­пар­ғали Әлімбетов шығармашылығы жайында», «Мақы Шыңғысұлы Уәлиханов – алғашқы кә­сіби қазақ суретшісі», «Қ. Еркебаев және С. Әлім­бетов поэмаларындағы азамат соғысының батыр әйелдері Айқыз және Білісай бейнелері», «Тағы да Айқыз туралы», «І. Бораганский», «Қаракерей Қабанбай», «Бұқар жырау», «Шешен Сабыржан», «Сабыржан Ғаббасов» және тағы басқа мақа­лаларындағы тарихи тұлғалар ғалым­ның көркем шығармаларынан өз орнын алып жатты. Ал, «Абайдың бұрын жарияланбаған өлең­дері», «Түзелгені қайсы? Түсініктері қай­сы?», «Қазақ әдебиетінің адал досы», «Саади Ши­рази», «Құдай деген сөзден құдай сақтасын» жә­не т.б. мақа­ла­ларындағы әдеби-танымдық, та­рихи ой-түйіндер көптеген ғалымдардың бо­ла­шақ зерт­теулерінің ғылыми діңгегіне айналды. Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өл­келік әдебиеттану, қазақ әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қ. Мұхамедханов еңбекте­рінсіз елестету мүмкін емес. Бұл туралы белгілі әуе­зовтанушы ғалым Т. Жұртбай өзінің «Қайсар ғалым» ( «Жұлдыз», 1989, деген мақаласында: «Қайым Мұхамедханов – Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына тү­сініктеме жазған библиограф, Абай шығар­маларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерт­теген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұс­қа­ларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңыз­ды қағазға түсірген фольклорист», – деп ба­ға­лай­ды. Ғалым ағаға берілген бұл бағадан шы­ғар­машылық еңбектерінің сан тарау, сан салалы екенін байқауға болады. Әсіресе, Абай шы­ғармаларының тарихы мен текстологиясы туралы сөз еткенде, Қайым Мұхамедханов еңбектерін назарда ұстамау мүмкін емес. Мәселен, Абайдың үш поэмасының бірі «Әзім әңгімесі» туралы Қайым Мұ­хамедханов өз ойын білдіреді. Ол шығарманың Абай қаламынан шықпағаны туралы айтады. Және оған бірнеше дәлелді пікірлер келтіреді де поэма Ырсайдың Ысқағы деген Абай айнала­сындағы ақындікі дейді. Бірақ, әлі күнге дейін бұл мәселеге үңіле назар аударып, зерттеген ғалымдар жоқ. Мұның өзі абайтануда алынбай жат­қан белестердің мол екені мен Қайым Мұха­медхановтың ғылыми ой-тұжырымдарының терең де мағыналығын білдіреді. Бұл бір мысал ғана («Абай шығармаларының текстологиясы». 1959ж., 77-бетте). Абай өлеңдерінің текстоло­гиялық зерттеулерінде де Қайым Мұхамедханов өзінің телегей білімі мен ғалымдық парасатын танытты. Ғалым Абайдың «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да», «Сегіз аяқ», «Қансонарда», «Сап-сап көңі­лім», т. б. көптеген өлеңдерінің текстологиясымен қатар кімге арналғаны, қайда шыққанының тарихын да нақтылы, тың тұжырымдар арқылы дәлелдейді. Абай өлеңдер жинағының акаде­миялық басылымдарындағы Қ.Мұхамедханов дайындаған түсініктемелерде де нақтылық пен ғылыми талдаудың жаңа қағидаларын көреміз. Бұл зерттеулер болашақ әдебиет теориясы мен әдебиет тарихын зерттеушілерге дайын зерттеу нысандары деуге болады. Сондай-ақ, ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлының да шығарма­ларының текстологиялық жағынан дұрыс басылуына, өлеңдерінің хронологиялық дұрыс орналасуына арнап бірнеше мақала жазды. Сол ма­қа­лаларының өзі бүгінгі шәкәрімтану ғы­лы­мының жаңа белесінің тың парақтары болып ашылды.

Қайым Мұхамедханов 2004 жылы қайтыс болды. Өмірден қайтқанға дейін қала орталығындағы шағын бөлмелі үйде тұрып келді. Бұл үйде қайраткер-ғалым 1994-2004 жылы өмір сүргенін ескерген Семей мемлекеттік педагогикалық институты ескерткіш болсын деп үй қабырғасына мемориал тақта орнатты.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Жұртбай, Тұрсын. Қайым – қиямет [Мәтін] / Т. Жұртбай // Егемен Қазақстан. - 2016. - 7 қаңтар (№3). - Б. 10.

Аннотация: Аты әдебиеттің ғана емес, тәуелсіздігіміздің тарихында қалған қайсар ғалым - Қайым Мұхамедханов туралы.

Жұртбаев, Тұрсын. Қайымның қағидалары [Мәтін] / Т. Жұртбаев // Қазақ әдебиеті. - 2006.- 16 қаңтар (№3). – Б.8.

Аннотация: Қайсар ғалым Қайым Мұхамедхановтың туралы.

Меңдеке, Әмірхан. Әдебиетті қорлауға болмайды [Мәтін] / Ә. Меңдеке // Жас Алаш. - 2016. - 12 қаңтар (№2). - Б. 1-5.

Аннотация: Қайым Мұхамедхановтың 1980-90 жылдардағы М. Әуезов туралы береген сұхбаты.

Мұхамедхан, Д. Әке жолы [Мәтін] / Д. Мұхамедхан // Қазақ әдебиеті. - 2014.- 27 маусым (№26). – Б.11.

Аннотация: Қайым Мұхамедханов туралы.

Нұғманбекова, Р. Ұлттық рухтың қазынасы еді [Мәтін] / Р. Нұғманбекова // Дидар. - 2011. – 5 шілде (№76). – Б.5.- (Тұлға).

Аннотация: Ғалым Қайым Мұхамедханов туралы.

Смағұлова, А. Қайым Мұқамедханов поэмаларының ерекшеліктері

[Мәтін] / А. Смағұлова // Ақиқат. - 2005. - №11. – Б.71-74.




ІІІ бөлім

АБАЙТАНУДЫҢ АБЫЗЫ

 

Әркімнің пешенесіне жазылған мөлшерлі ғұмыры бар. Пенделік пайымдау бойынша бұл — әліптік ақиқат. Осы негізден шығарсақ, Қайым Мұхаметханұлының ғұмыры сексен сегіз жылды қамтыды.

Осы орайда Абай сөзіне ден қойсақ:



Ақыл мен жан – мен өзім, тән менікі,

Мені мен менікінің мағынасы екі.

"Мен” өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

"Менікі” өлсе өлсін, оған бекі, – дейді ақын.

Осы санаттағы ажалсыз «Меннің» иесі ең алдымен Абай атамыздың өзі десек, ақын жолымен жүрген ізбасарлары мен рухани мұрагерлері де уақыт пен кеңістікте әлдебір межемен шектелмей, өмірлерін жалғастыра бермек. Сондай бірегейлердің бірі – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхаметханұлы.

Қалың жұртшылық бұл кісіні көбінесе кеңестік Қазақ республикасының мемлекеттік әнұранына мәтін жазған ақын ретінде біледі десек, екі тармақ өлең туындыгерді шынайы абырой шыңына шығарған. Қазақ жанының ұлы қасиетін жанартау жалынындай лапылдатып, асқақтата танытқан:

Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған,

Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.

Ары мен азаттығының жолында қазақтың бары мен жаны құрбан екендігін кеңестік билікке (Ұлы Отан соғысы аяқталғанға дейінгі он сегіз жылда Кеңес одағының әнұраны жоқ еді) алдын-ала ескерткен деп ұғынуға лайықты осы сөздердің ақиқа­тына 1986 жылғы желтоқсанда бүкіл адамзат көз жеткізді. Намысына тиген, еркіндігін құрсаулаған империяның оспадар өктемдігіне бостандықсүйгіш қазақтың ұлдары мен қыздары бұратаналар ішінде қаһармандықпен бірінші болып қарсы шығып тәуелсіздікке жол ашты. Биыл сол Тәуелсіздігіміздіңде 25 жылдығы аталып өтілмек.

Ақын Қайым желтоқсан қасіреті мен құдіретіне арнаған ғибратты тұжырымын сол кезде жырға айналдырып айтудан тайсалмаған болатын:

Қызыл қыршын қазақтың ұл-қыздарын,

Адал жүрек, ар-намыстың құлдарын,

Мәңгі бақи ел есінен кетер ме

Сөгіп, соғып, қанын төгіп қырғаның!

Ақын сөзінің азаматтық арқауы босаңсыған сәті жоқ. Елдік, адамшылық мұраттарды қозғайтын жайлардың баршасына қолма-қол үн қатудан айнымағандығын желтоқсаншыларға бағыштаған дұға-батасы, жендеттерге лағнет-қарғысы дерлік жоғарыда келтірілген үзінді дәлелдеп тұр емес пе?! Әрдайым ізгілікті көксеген жүрегінен бұрқ етіп атылған жыр шумақтары аз емес.

Ақындық дарыны мен шеберлігін Қайым Мұхаметханұлы Карамзиннің «Сормаңдай Лиза» хикаясын өлеңмен қазақшаға аударуында таң қаларлықтай етіп көрсетті. Лермонтовтың «Вадим» хикаясын өлеңмен аударған Абай үлгісін, Пушкиннің «Дубровский» хикаясы мен «Боран» әңгімесін өлеңмен аударған Шәкәрім үлгісін жаңғыртты.

Ақын Қайым дүние азабынан ширыққан, түңіле дал болған, қайсарлана жігерленген көңіл әуенін де жеріне жеткізе жырлай алған. Мысалы:

 Жай жүрсем, табалады "ұтылды” деп,

Қатты жүрсем, күндеді "құтырды” деп,

Орта жүрсем, онда да көре алмады,

"Бұл өзі ақылды адам сықылды” деп.

Мұхаметханұлының көркем шығармашылық талантының бір қыры драматургия саласында ашылған. Оның «Майданнан майданға», «Перне», «Комиссар Ғаббасов», «Ер Білісай» драмалары бойынша спектакльдер әлденеше маусым бойы театр сахналарынан түспей қойылып, көрермендер ықыласына бөленген. Бұлармен қатар татардың классик драматургы Шәріп Камалдың «Қажы әпенді үйленеді», әзірбайжанның атақты қаламгері Үзейір Ғажыбековтың «Аршын мал алан» комедияларын қазақшаға аударып, талай жыл бойында тұрақты репертуарлық қорға енгізді.

Алайда, тағдыр билігі солай шығар, ақын және драматург ретінде Қайым Мұхаметханұлының ықтимал әлеуеті барынша жарқырап, толық жүзеге асты десек, шындыққа обал болар еді. Мұның есесіне жазмыш Қайымға тауқыметі де мол, бақыт-зейнеті де қайырлы ғалымдықты сыбағалады. Бұл кісінің есімі мен ісінің жасампаздық, өміршеңдік кепілі – абайтанушылық, мұхтартанушылық, шәкәрімтанушылық ілімдері, барлығын жинақтағанда, алаштанушылық тарихы.

 Ұлт рухының өзегін құрайтын осы аталған әдеби-мәдени-саяси құбылыстар Қайымды жарық дүниеге келген сәттен-ақ жөргектеген. Әкесі Мұхаметхан кезінде ілгерішіл көзқарасы мен әрекеті сайма-сай абзал азамат бейнесінде жұртқа кең танылған. Абай мұрасын қастерлеген. «Айқап», «Абай», «Қазақ», «Шолпан», «Сана», «Сарыарқа», «Таң» сияқты басылымдарды үй кітапханасына алғызып, жан азығы еткен. Оның шаңырағындағы меймандос көңіл құрметін Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Көкбай Жанатайұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Аймауытов, Қажымұқан Мұңайтпасов, Халел Ғаббасов, Мұхтар Әуезов сан мәрте көрген. Сондай ахуалда өскен зерек, зейінді бала Қайымның ойы мен сезімі елшіл, отаншыл, қазақшыл болып, табиғи үрдісте қалыптасқан.



Әуезовті тұңғыш рет көргенде Қайым жеті жастағы бала екен. Бұл – 1923 жыл. Келесі жылы Әуезовті сегіз жастағы Қайым екінші рет көреді. Мұхаңның бастамасы және ұйытқылығы арқылы Семейде Абайды еске түсіру кеші өткізіледі. (Қайтыс болуының жиырма жылдығына орай). Бұл оқиғаның мәнін Мұхаметханұлының өз сөзімен білдіру жөн шығар: «Осы кешке үлкендермен бірге барып, Мұхтар Әуезовтің баяндамасын тыңдап, Көкбай ақынның Абай туралы естелік әңгімесін естіп, ұлы ақын жайында ең алғаш мағлұмат алғаным сол жолы еді». Үшінші көруі – 1925 жылы: Әуезовтің сахналық бір шығармасын «Ес аймақ» труппасы қоюға дайындап, Мұхаметхан ақсақалдың үйінде репетиция жасаған. Семейтаумен жалғасатын Көкен тауына 1926 жылы Мұхаң демалысқа келгенде он жастағы Қайым оны төртінші рет көрген. Тоғыз жылдан соң, яғни 1935 жылы, Мұхтар Әуезов өзінің болашақ роман-эпопеясын жазуға материал жинау мақсатымен Семейге келгенде, он тоғыз жастағы балғын жігіт Қайым даңқты жазушыны бесінші рет көреді, біршама еркін әңгімелесуіне мүмкіндік туады. Бұл кезде Қайымның әкесі таптық жау ретінде қудаланып, қамауға алынып, атылып кеткен. Бай баласы Қайым қауіп-қатерден әупірімдеп өтіп, мұғалімдік курсты аяқтап, институтқа түсуді ойластырып жүрген. Абай шығармаларына біржола ден қойып, Ыдырыс Мұстамбаевтың нағыз тарихилық маңыздағы мақалаларымен ынты­ға танысуда еді. 1939 жылы мұғалімдік институтты аяқтаған тұста Қазақстан Жазушыларының екінші съезіне қатысу үшін Алматыға барады. Міне, осы алтыншы кездесуден кейін жиырма төрт жасында Қайым Мұхаметханұлы кемеңгер Әуезов үшін сенімді шәкірт-әріптеске, сүйікті ініге айналды. Мұхаңның ақыл-кеңесімен ғылыми ізденіс жолына түседі. Зерттеулерінің басты нысаны етіп Абай шығармашылығын алады. Семейдегі пединститутта оқытушылық қызметке кірісіп, Әуезовтің бағдарлы пікірлерінің қанаттандыруы арқасында 1940 жылы «Абайдың әдеби мектебі» айдарымен Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы, Әубәкір Ақылбайұлы, Әріп Тәңірбергенов шығармашылығы туралы ғылыми мақалалар топтамасын жариялайды. Содан бастап соңғы демі таусылғанша абайтану мәселелерінің жүйесінен қаламы босаған емес.

Абайды тану үстіне таныған сайын қазақты танудың саналуан проблемаларына да тереңдей түсті. Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы Бөгенбай батырлар туралы халықтық поэмаларға тарихи-ғылыми, әдеби-ғылыми талдау жүргізген еңбегін «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томына енгізіп, 1943 жылы әзірлеп береді.



Қайым Мұхаметханұлының ғалымдық тұлғасында орта ғасырлардағы оқымыстыларға тән әмбебаптық көріністері мол еді. Сондай кең қарымдылығына өз еңбектерінің ғана шеңберінде назар салайық. Өзекті желісі мен үзілмес тіні абайтану екені белгілі. Мұнда іргелі және қолданбалы сипаттарды тоғыстырушылық жөнімен, талдаулардың түбегейлі орнықтылығы жөнімен, жаңа бағытқа қарышты қадам жасағандығы жөнімен «Абай заманының ақындары» («Абай айналасының ақындары»), «Абайдың ақындық мектебі», «Абай шығармаларының текстологиясы» сияқты монографиялары мен мұндалап көзге бірден түседі. Әдебиет тарихына Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы, Әубәкір Ақылбайұлы, Мұқа Әділханұлы, Әсет Найманбайұлы, Әріп Тәңірбергенов, Көкбай Жанатайұлы, Тұрағұл Абайұлы, Уәйіс Шондыбаев, Кәкітай Ысқақов, Тайыр Жомартбаев, Иманбазар Қазанғапұлы, Баймағамбет Айтқожаұлы сияқты дарындардың мұраларын тікелей жалғыз өзі әкеп қосты. Абайдың оншақты өлеңі Қайым Мұхаметханұлының жинап тапсыруымен академиялық басылымда жарық көрді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Мерзімді басылымдардан:

Ердембеков Б. Қайым Мұхамедханұлы және Абайдың ақындық мектебі[Мәтін] / Ж. Әбубәкір // Қазақстан мектебі. - 2006. - №7-8. – Б.3-4; №9. – Б.73-76.

Аннотация: Қайым Мұхамедхановтың Абайтану ғылымына қосқан сүбелі үлесі жайлы мақала.

Маханбетова, Мейрамгүл. Абайдай артына сөз қалдырған[Мәтін] / М. Маханбетова // Мәдениет жаршысы =Вестник культуры. - 2011. - № 7. - Б. 9: портр.

Аннотация: Қайым Мұхамедханов жайлы дерек берілген.

Мұхамедхан, Д. Әке жолы[Мәтін] / Д. Мұхамедхан // Қазақ әдебиеті. - 2014.- 27 маусым (№26). – Б.11.

Аннотация: Абай жолымен жүрген ізбасары, рухани мұрагері Қайым Мұқамедханов жайлы ұлының жазған мақаласы.

Нұғманбекова, Р. Ұлттық рухтың қазынасы еді[Мәтін] / Р. Нұғманбекова // Дидар. - 2011. – 5 шілде (№76). – Б.5.- (Тұлға).

Аннотация: Әдебиетші-ғалым Қайым Мұқамедханов жайлы.

Сейсенұлы, Д. Абайдың аманатын ақтадық па?[Мәтін] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2003. - 6 қаңтар. – Б.3.

Аннотация: Абайдың жолымен жүрген ізбасары, рухани мұрагері Қайым Мұқамедханов жайлы.

Тұрсынбайұлы, Б. Абай сөзінің сәулесі қонған[Мәтін] / Б. Тұрсынбайұлы // Қазақ әдебиеті. - 2016. – 22 қаңтар(№3). - Б.1,5: портр.

Аннотация: Қайым Мұхамедханов жайлы дерек берілген.
Кітаптардан:

Абай текстологиясы: Қайым Мұхамедханұлы[Мәтін]: зерттеу // Ісімақова, Айгүл. Тәуелсіздік және Алаш ғылымы [Мәтін]: зерттеулер, мақалалар / А. Ісімақова. - Алматы, 2015. – Б. 247-285.

Аннотация: Бұл кітапта Алаш ғалымдары А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, Ж. Досмұхамедұлы, М. Дулатұлы, Ж. Аймауытұлы, М. О. Әуезов және тағы басқалармен қатар Қайым Мұхамедхановтың әдебиеттанулық зерттеу еңбектері ХХІ ғасырдағы әлемдік әдебиеттану контексінде жаңаша қарастырылған.

Қайым Мұхамедханұлы және Абайтану мәселелері[Мәтін]: зерттеулер // Еспенбетов, Арап Сләмұлы. Шығармалары [Мәтін]. 2-т. Зерттеулер, мақалалар / А. С. Еспенбетов. - Астана, 2014. – Б.26-34. - (Алтай-Ертіс кітапханасы).

Аннотация: Автордың екінші томына абайтану, алаш кезеңі әдебиетіне қатысты зерттеу еңбектері, ел мен жер тағдырына, қайраткерлер өміріне арналған мақалалары еніп отыр.

КІТАПТАРЫ:

Мұхамедханов, Қайым. Абай мұрагерлері [Мәтін] : жинақ / Қ. Мұхамедханов ; ред. Ә. Пірманов. - Алматы: Атамұра, 1995. - 208 б.: суретті.

Аннотация: Бұл жинаққа белгілі әдебиетші, абайтанушы ғалымның архивтерден, көне басылымдар мен баспасөздерден және Абайдың көзі тірі ұрпақтарынан ұзақ жыл бойы тірнектеп жиған дерек-дәйектерін негіз еткен бірнеше зерттеу еңбегі еніп отыр. Ерекше ескертетін жағдай: бұларда әртүрлі себептермен көптеген жылы жабулы жатқан, жарияланбай келген өте қызықты да құнды мәлімет-мәселелер баршылық. Бұны, әсіресе, Шәкәрім, Кәкітай, Әлихан жөніндегі мақалалардан кезіктіреміз. Жинақтың тілі таза, діні сүйекті, оқиға, ой-тұжырымдары салмақты.

Мұхамедханов, Қайым. Көптомдық таңдамалы шығармалар жинағы [Мәтін]. 3-т. Абайдың ақын шәкірттері / Қ. Мұхамедханов ; ШҚО мәдениет басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының әкімі. - Алматы : Алаш, 2005. - 328 б.

Аннотация: Белгілі әдебиетші ғалым Қайым Мұхемедхановтың (1916-2004) көптомдық шығармалар жинағының бұл үшінші томына ақын Құнанбай немерелері, Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл Абайұлдары, Кәкітай Ысқақұлы, Әрхан Кәкітайұлы және Әубәкір Ақылбайұлы туралы жазылған зерттеу мақалалары және осы аталған ақындардың архивтерден ғалымның өзі тапқан төл шығармалары топтастырылып отыр.

Мұхамедханов, Қайым. Шығармалары [Мәтін]. 1-т. Абай шығармаларының текстологиясы жайында / Қ. Мұхамедханов. - Астана : Фолиант , 2014. - 344 б. - (Алтай-Ертіс кітапханасы).

Аннотация: Кітапқа Қ. Мұхамедхановтың 1940-90 жылдар кезеңіндегі Абай шығармашылығына, өлеңдері мен поэмаларына ғылыми түсінік, зерттеулері енген.


Бұл әдебиеттер ШҚ облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қорында сақтаулы.




ІV бөлім
ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қайым Мұқамедханұлының әдеби мұралары жинақталып, бас-аяғы бүтінделіп, бір арнаға түсірілген жоқ. Баспасөз беттерінде жарық көрген, жанұялық қорында сақталған шығармаларын топтап айналымға енгізу - әдебиеттану ғылымындағы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Қазірде Қайым Мұқамедханұлының кең көлемді екі шығармасы белгілі: Бірі – «Жамбыл» атты толғауы, екіншісі – «Орындалған өсиет» атты поэмасы. «Жамбыл» атты толғауы 1938 жылы жарық көрді. Абайға арналған «Орындалған өсиет» атты поэмасы баспа жүзінде жарық көрмеген, Абайдың республикалық мәдени-тарихи, әдеби-мемориалды қорық мұражайының қорында сақтаулы.

«Жамбыл» атты толғаудың басты кейіпкері қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев. Туынды тақырыптың мазмұны жағынан, негізгі идеясы, көркемдік мақсаты жағынан өнер адамын ашып көрсету, оған деген халық құрметін паш ету.

Абайға арналған «Орындалған өсиет поэмасы 1940 жылы жазылған, тақырыптық мазмұны жағынан, негізгі идеясы, көркемдік ерекшелігі жағынан өнер адамын дәріптеу, халқының ақынға деген құрмет мейірін жеткізу. Қ. Мұқамедхановты ақын ретінде арнайы зерттеуіміздің де себебі осында.

Жалпы Қ. Мұқамедхановтың өлеңдеріндегі ерекшелік, нені жырласа да қарапайым сөздермен өз ойын бейнелі, әсерлі, мәнерлі жеткізуінде.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Әбубәкір Ж. Қайым Мұхамедханұлы және Көкбай Жанатайұлы [Мәтін] / Ж. Әбубәкір // Қазақстан мектебі. - 2006. - №9. – Б. 70-73.

Аннотация: Қайым Мұхамедхановтың 90 жылдығына орай берілген мақала.

Жұртбаев Т. Қайымның қағидалары [Мәтін] / Т. Жұртбаев // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 16 қаңтар (№3). – Б. 8.

Аннотация: Қайым Мұхамедхановтың қағидалары берілген.

Смағұлова А. Қайым Мұқамедханов поэмаларының ерекшеліктері [Мәтін] / А. Смағұлова // Ақиқат. - 2005 . - №11. – Б. 71-74.

Аннотация: Жалпы, Қайым Мұхамедхановтың өлеңдеріндегі ерекшелігі туралы.

ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ ҚҰРМЕТІНЕ АШЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШ


2010 жылы қазан айының 6 жұлдызында Ел аузында атын Семейдің ұлы үштігі - Шәкәрім, Абай, Мұхтардан кейін атауға лайық деп табылатын белгілі ғалым, абайтанушы, жазушы, педагог, драматург, аудармашы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Семей қаласының құрметті азаматы болған Қайым Мұхамедхановтың құрметіне арналған ескерткіш қаламыздың қақ ортасында, туған жері Семей шаһарындағы Абай атындағы орталық әмбебап кітапханасы жанында ашылды. Ашылу салтанатына еліміздің көрнекті ақыны Тұманбай Молдағалиев бастаған бір топ белгілі ақын-жазушылар, ғалымдар жиналды. Келген көрермен қауым Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылығы жайлы театрландырылған қойылымдарды, ғалымдардың естеліктері мен концертін тамашалап, ыстық ықыластарын білдіріп жатты.

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығындағы Қайым Мұхамедхановтың жеке текті қоры жаңа құжаттармен толықты. Аталмыш құжаттарды ғалымның балалары Дина мен Дигдар Мұхамедхан тапсырды. Құжаттар Қайым Мұхамедхановтың шығармашылық қызметін бейнелейді. Олар; 5,6,7 және 8 томнан тұратын «Қайым Мұхамедханов» деп аталатын шығармалар жинағы, «Судьба и Карлаг», «Научные комментарии к произведениям Абая», «Ильяс Богаранский – первый издатель книг Абая» атты еңбектері. Бұл кітаптар «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы»  қоғамдық қорында шығарылған.

2009 жылы Қ. Мұхамедхановтың балалары шығарған «Шакарим и Каюм. Сплетение судеб» деп аталатын кітаптары сақталып отыр. Сонымен қатар «Алаш – Қайым Мұхамедханов» деп аталатын кино. «Ілік септігі», «Тау тұлға» деп аталатын «Қазақстан» телеарнасы түсірген деректі бейнеролик, Қайым Мұхамедханов туралы «Хабар» телеарнасы түсірген деректі фильмдері бар.

Қазір нар тұлға Қайым Мұхамедханов арамызда жоқ, дегенмен оның Қанағат, Дина, Дигдар атты балалары әке жолын қуып, әкесінің қалдырып кеткен бай мұрасын сақтап, насихаттап келе жатқан жандар. Осы балаларының арқасында біздің мұрағатымызда сақталған Қайым ағамыздың қоры құжаттарға әлі де болса толықтырылады деген сенімдеміз.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Мұхамедханов Ғабдулқайым // Советтік Қазақстан жазушылары.- Алматы, 1987.- Б. 423.

Аннотация: Жазушы, дараматург, әдебиет зерттеушісі Қайым (Ғабдулқайым) Мұхамедхановтың қысқаша өмірбаяны берілген.



ІV бөлім

ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ ТУРАЛЫ АЙШЫҚТЫ ОЙЛАР
..... Кәкең Абайтану ғылымының ең білгірі болды. Бүкіл ғұмырын абайтану ғылымын өркендетуге жұмсады. Абай шығармаларының текстологиясы туралы тамаша зерттеу еңбегін жазды. Одан басқа артына «Абайдың ақын шәкірттері» деген төрт томдық қымбат қазына қалдырды. «Абай» энциклопедиясын шығаруға аямай атсалысты.

Кәкең ұлы Мұхтар Әуезовтің ең жақын досы болды. «Абай жолы» эпопеясына байланысты көп деректі Мұхаң Кәкеңнен – Қайым Мұхамедханұлынан алды.

Былтыр Семейге барғанымда сүйікті ұстазымның үйіне кіріп, сәлем берген едім. Ұстазымның жүзін көріп, қолын ұстап, құшақтасып, қуанып қайтқан едім.

Әзілхан Нұршайықов,

(Қазақстанның Халық жазушысы)
Осынау керемет, кемел адамды жақын танып-білу, онымен араласу бақыты маған да бұйырған еді. Қайым Мұхамедхановтың жарқын бейнесін өзімнін «Неизвестные страницы жизни избранного», «Мен Абайды әке деймін» деген фильмдерімде сомдағаным – шығармашылық еңбегімнің ең шоқтықты белесі, мен үшін мақтаныш деп білемін. Ол – ғибратты ғалым, филолог, абайтанушы, Абайдың, Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтың, Абай шәкірттерінің шығармашылығын терен зерттеген, зерделеген бірден-бір білікті кісі еді.... Оның өмірлік ерлігі – ұлт мүддесі жолында қайтпас қаһармандықтың үлгісін танытуы, өте қымбатқа түскен ұстанымдары мен идеалдарына бұлжымас беріктігінде қалуы еді.

Өзіне өлім жазасы мен қоғамдық ортада еш құқықсыз қалу қаупінің қатар төнуіне қарамастан ол биліктің талап еткеніне мойынсұнбады, ұлы ұстазы Әуезовты сатпады. Оның кемел кісілігінің өзі осында – шынайылықтан туындаған өр намысында еді...

Сергей ӘЗІМОВ
Семей өңіріне Қайым Мұхамедханов сияқты бағбан керек, олай дейтінім бұл топырақта жайқалып өскен Абай бағы, Шәкәрім бағы, Мұхтар бағы бар. Баққа бап, күтуші керек, себебі олар Семейдің ғана емес, алты алаштың баға жетпес қазыналары. Мен досым Арап Еспенбетовке осы жайды айтумен келемін. Абай, Шәкәрім, Мұхтар есімдерін жамылып күн көрмей, оларды өзгелерге айқара ашып, парасаттылық, бекзаттық көрсетіп отыратын Қайым Мұхамедханов сияқты жаны таза, адамшылығы мол, кісілігі көрікті, анау-мынауға көне бермейтін жылқы мінезді, қарға тамырлы қазағымызға лайық азамат үнемі де керек, ол табиғи әрі тарихи қажеттілік.

Ғарифолла Есім,

(философия маманы)
 «Алтынды шыққан жерден қаз” дейді ғой халық мақалы. Абайтану тұрғысынан алғанда Кәкең сол “самородный сары алтынды” кесек-кесегімен омырып жүрген кісі. Бұл саланың республикамыздағы асқан білгірі, жұрттың бәрін мойындатқан дара жүйрік…»

Қалихан АЛТЫНБАЕВ


«Қайым Мұхамедханов – Абайдың інісі, Алаштың ірісі».

Тұрсын ЖҰРТБАЙ
Мұхтар Әуезовті егер бір адам сатпаса, – ол Қайым, екі адам сатпаса, соның бірі – тағы Қайым. Қайым Мұхтар Әуезовтің өзіне де, оның мұрасына да аса адал болды.

Қалтай МҰХАМЕДЖАНОВ
Қорыта келгенде, ойы биік, жаны таза ғалымның тарихымызға қосқан ең үлкен үлесі – ол кісі үзеңгілерімен бірге, ол  заман мен бұл заманның арасына салынған алтын көпір бола білді.  «Абайдай артына сөз қалдырған»  «Ғалымның хаты өлмейді» деген, міне, осы.

Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен ғылыми қызметі ешуақытта ұмытылмақ емес. Ғасырлар өткен сайын оның бейнесі тұлғаланып, келер ұрпақтын алдынан шықпақ. Өйткені ол барша халықты жүрегімен сүйіп оларды ұлтқа, нәсілге бөлмей бүкіл адамзат үшін аянбай еңбек етті.



Сан қырлы талант иесі, қайсар да, рухты ғалым Қайым Мұхамедхановты  жас ұрпақ, біз, ешқашанда ұмытпауға тиіспіз.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Маханбетова, Мейрамгүл. Абайдай артына сөз қалдырған [Мәтін] / М. Маханбетова // Мәдениет жаршысы =Вестник культуры. - 2011. - № 11. - Б. 9 : портр.

Аннотация: Қайым Мұхамедхановтың 95 жылдығына арналған мақала.

Мұхамедханов Қайым [Мәтін] // Шығыс жұлдыздары [Мәтін]: энциклопедиялық анықтамалық. 1-т. Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары / құраст.: Ұ. Есдәулет, Қ. Құрмансейіт, Д. Кәпұлы; ред. Қ. Құрмансейіт. - Астана, 2011. – Б.119-120.: фотосуреттер.

Аннотация: "Шығыс жұлдыздары" деп аталатын бұл томда Қайым Мұхамедханов жайлы қысқаша өмірбаяндық дерек берілген.
Қабышұлы, Ғаббас. Сегіз қырлы жан еді... [Мәтін] / Ғ. Қабышұлы // Үш қоңыр. - 2016. – 8 қаңтар (№1). - Б.3.: портр.

Аннотация: Қаламгер, ғалым Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналған мақала.
Қайым Мұхамедханұлы және абайтану мәселелері [Мәтін] // Еспенбетов, Арап Сләмұлы. Шығармалары [Мәтін]. 2-т. Зерттеулер, мақалалар / А. С. Еспенбетов. - Астана, 2014. – 26-34. - (Алтай-Ертіс кітапханасы).

Аннотация: Екінші томға абайтану, алаш кезеңі әдебиетіне қатысты Қайым Мұхамедханұлының зерттеу еңбектері, ел мен жер тағдырына, қайраткерлер өміріне арналған мақала.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАРДАН:

Жұртбаев, Тұрсын. Қайымның қағидалары[Мәтін] / Т. Жұртбаев // Қазақ әдебиеті. - 2006.- 16 қаңтар (№3). – Б.8.

Жұртбай, Тұрсын. Қайым - қиямет[Мәтін] / Т. Жұртбай // Егемен Қазақстан. - 2016. - 7 қаңтар (№3). - Б. 10.

Аннотация: Аты әдебиеттің ғана емес, тәуелсіздігіміздің тарихында қалған қайсар ғалым - Қайым Мұхамедханов туралы.

Мұхамедхан, Д. Әке жолы[Мәтін] / Д. Мұхамедхан // Қазақ әдебиеті. - 2014.- 27 маусым (№26). – Б.11.

Аннотация: Абай жолымен жүрген ізбасары, рухани мұрагері Қайым Мұқамедханов жайлы.

Нұғманбекова, Р. Ұлттық рухтың қазынасы еді[Мәтін] / Р. Нұғманбекова // Дидар. - 2011. – 5 шілде (№76). – Б.5.- (Тұлға).

Аннотация: Әдебиетші-ғалым Қайым Мұқамедханов жайлы.

Сейсенұлы, Д. Абайдың аманатын ақтадық па?[Мәтін] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2003. - 6 қаңтар. – Б.3.

Аннотация: Абай жолымен жүрген ізбасары, рухани мұрагері Қайым Мұқамедханов жайлы.

Смағұлова, А. Қайым Мұқамедханов поэмаларының ерекшеліктері[Мәтін] / А. Смағұлова // Ақиқат. - 2005. - №11. – Б.71-74.

Маханбетова, Мейрамгүл. Абайдай артына сөз қалдырған[Мәтін] / М. Маханбетова // Мәдениет жаршысы =Вестник культуры. - 2011. - № 7. - Б. 9: портр.

Аннотация: Қайым Мұхамедханов жайлы деректер берілген.
Кітаптардан:

Абай текстологиясы: Қайым Мұхамедханұлы[Мәтін]: зерттеу // Ісімақова, Айгүл. Тәуелсіздік және Алаш ғылымы [Мәтін]: зерттеулер, мақалалар / А. Ісімақова. - Алматы, 2015. – Б. 247-285.

Аннотация: Бұл кітапта Алаш ғалымдары А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, Ж. Досмұхамедұлы, М. Дулатұлы, Ж. Аймауытұлы, М. О. Әуезов және тағы басқалармен қатар Қайым Мұхамедхановтың әдебиеттанулық зерттеу еңбектері ХХІ ғасырдағы әлемдік әдебиеттану контексінде жаңаша қарастырылған.

Мұхамедханов Қайым[Мәтін]: өмірбаяны // Шығыс жұлдыздары[Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. 1-т. Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары / құраст.: Ұ. Есдәулет, Қ. Құрмансейіт, Д. Кәпұлы; ред. Қ. Құрмансейіт. - Астана, 2011. – Б.119-120.

Аннотация: "Шығыс жұлдыздары" деп аталатын бұл томда Қайым Мұхамедханов жайлы қысқаша өмірбаяндық дерек берілген.

Қайым Мұхамедханұлы және Абайтану мәселелері[Мәтін]: зерттеулер // Еспенбетов, Арап Сләмұлы. Шығармалары [Мәтін]. 2-т. Зерттеулер, мақалалар / А. С. Еспенбетов. - Астана, 2014. – Б.26-34. - (Алтай-Ертіс кітапханасы).

Аннотация: Автордың екінші томына абайтану, алаш кезеңі әдебиетіне қатысты зерттеу еңбектері, ел мен жер тағдырына, қайраткерлер өміріне арналған мақалалары еніп отыр.
ОНЫҢ КІТАПТАРЫ:
Мұхамедханов, Қайым. Көп томдық шығармалар жинағы [Текст]. 5-т. Мақалалар. Зерттеулер / Қ. Мұхамедханов; ред. Т. Қ. Жұртбай, құраст., түсініктеме жазған Е. Іргебаев. - Алматы : Ел-шежіре, 2007. - 344 б.: портр. - (Алаш мұрасы / ред.: М. Құл-Мұхаммед, Е. Ертісбаев, Н. Оразов т.б.).

Аннотация: Бұл томға автордың 1945 -1997 жылдар арасындағы әдебиет тарихы мен текстология мәселесіне арналған зерттеулері, Махамбет, Абай, Шоқан, Жаяу Мұса т. б. туралы көлемді мақалалары мен естеліктері, М. Әуезовтің шығармашылығы жөніндегі ғылыми очеркттері енгізілген.

Мұхамедханов, Қайым. Көп томдық шығармалар жинағы [Текст]. 6-том. Мақалалар, зерттеулер, пікір хаттар / Қ. Мұхамедханов ; пікір жазған С. С. Кирабаев ; ред. Т. Жұртбай. - Алматы : Ел-шежіре, 2008. - 320 б. - (Алаш мұрасы).

Аннотация: Ғалым, әдебиет сыншысы Қайым Мұхамедхановтың көп томдық шығармаларының алтыншы томына оның әр жылдарда жазған мақалалары мен қазақ әдебиетінің тарихына қатысты зерттеулері, сондай-ақ пікір хаттары енгізілді. Ал екінші бөлімде шетел жазушыларының творчестволық өмірбаянына арналған мақалалары іріктеліп берілді.

Мұхамедханов, Қайым. Абай мұрагерлері [Мәтін] : жинақ / Қ. Мұхамедханов ; ред. Ә. Пірманов. - Алматы: Атамұра, 1995. - 208 б.: суретті.

Аннотация: Бұл жинаққа белгілі әдебиетші, абайтанушы ғалымның архивтерден, көне басылымдар мен баспасөздерден және Абайдың көзі тірі ұрпақтарынан ұзақ жыл бойы тірнектеп жиған дерек-дәйектерін негіз еткен бірнеше зерттеу еңбегі еніп отыр. Ерекше ескертетін жағдай: бұларда әртүрлі себептермен көптеген жылы жабулы жатқан, жарияланбай келген өте қызықты да құнды мәлімет-мәселелер баршылық. Бұны, әсіресе, Шәкәрім, Кәкітай, Әлихан жөніндегі мақалалардан кезіктіреміз. Жинақтың тілі таза, діні сүйекті, оқиға, ой-тұжырымдары салмақты.

Мұхамедханов, Қайым. Көптомдық таңдамалы шығармалар жинағы [Мәтін]. 3-т. Абайдың ақын шәкірттері / Қ. Мұхамедханов ; ШҚО мәдениет басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының әкімі. - Алматы : Алаш, 2005. - 328 б.

Аннотация: Белгілі әдебиетші ғалым Қайым Мұхемедхановтың (1916-2004) көптомдық шығармалар жинағының бұл үшінші томына ақын Құнанбай немерелері, Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл Абайұлдары, Кәкітай Ысқақұлы, Әрхан Кәкітайұлы және Әубәкір Ақылбайұлы туралы жазылған зерттеу мақалалары және осы аталған ақындардың мұрағаттардан ғалымның өзі тапқан төл шығармалары топтастырылып отыр.

Мұхамедханов, Қайым. Шығармалары [Мәтін]. 1-т. Абай шығармаларының текстологиясы жайында / Қ. Мұхамедханов. - Астана : Фолиант , 2014. - 344 б. - (Алтай-Ертіс кітапханасы).

Аннотация: Кітапқа Қ. Мұхамедхановтың 1940-90 жылдар кезеңіндегі Абай шығармашылығына, өлеңдері мен поэмаларына жазған ғылыми түсінік, зерттеулері енген.

Мақалалары:

Мұхамедханов, Қайым. Әдебиетті қорлауға болмайды [Мәтін] / Қ. Мұхамедханов // Жас алаш. - 2016. – 12 қаңтар (№2). - Б.2: портр.

Аннотация: Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына орай, оның Мұхтар әуезов туралы таспаға жазылып алынған әңгімесі берілген.


Бұл әдебиеттер ШҚ облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қорында сақтаулы.


Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет