64
Сойылдың
астына алып, үстеріндегі ер атаулының барлығының қастарын
талқан етіп, қиратып жүр..
Жігітек жағынан алғаш атқа мініп қарсы шапқан селдір топтар Құнанбай
бастап келе жатқан қалың нөпірдің өзін жанай шауып еді. Оларды да көптің
селі басып кетті.
Екі жаққа бөлінген топтарынан басқа, Құнанбайдың артындағы нөпірдің
өзі де тіпті мол.
Көлденеңнен киліккен жігіттердің аттары әп-сәтте ойнап шыға берді.
Бір жігітке тақ қырық-елу сойыл қарсы келген болу керек.
Оп-оңай ұйпап
кетті.
Аттарына жете алмай, жаяу қалған жігіттер, өздерінің үстіне барған қалың
топтармен:
- Қайт! Қайт! - деп тұрып, жаяу күйде соғыспақ еді. Бірақ атты мен жаяу
соғыса алсын ба? Аттың екпінімен кеп сойылды соққанда, ат үстіндегілер
жаяуларды қағып жығып, домалатып-домалатып кетті.
Осымен қыстаудан оқшау кеткен азаматтың барлығының да еріксіз титығы
құрыды. Көптігіне сеніп, өркештеніп алған және мыналардың қамсыздығын
көріп, біржолата дандайысып алған жаулар енді
ұран менен айқай-шуды тіпті
қатты үдетті.
- Айдос! Айдос!
- Ырғызбай! Ырғызбай!
- Топай! Торғай! Топай! Торғай! - деп, арғы ұраны Айдосты бір атап, одан
қала берсе бергі әруақтарын да жиі шақыра жүріп, Жігітек жігіттеріне тақай
бергенде:
- Қыр! Жой! - деп барынша шошытып, зәрін шашып келеді.
Енді бөгет атаулы жапырылып болған соң барлық қолдары жан-жақтан
қыстауға қарай лап берді. Жер-дүние азан-қазан. У да-шу айғай мен тасыр-
тұсыр әлекке толды. Нағыз шабыншылықтың жат сарыны басты.
Бөжей тобы әлі күнге қыстау алдында еді. Барлық бұл арадағы жиын сойыл
шоқпарын көтеріп, арқа жүнін үрпитіп ер тағыдай тапжылмай тұрған-ды. Енді
айналаның барлығын жау алған соң, Байдалы қатты дауыстап:
- Бітті ғой! Шарасы құрғыр бітті ғой! Тарт енді, қораға тарт! Есік-есікті
алып тұрып, қораға кіргізбей өлісіп көреміз! - деп, бар жиынды солай бастады.
Орталықта, үлкен есік аузында Байдалы мен Бөжей.
Бұларды қоршаған
өңшең ер жастар, Базаралы, Балағаз сияқты, Қожақан сияқты мықты жігіттер
болатын.
Жау атаулы қалың нөпірмен қораның үстіне ақтарылды. Шапқылаған
күйінде
ағылып кеп, үйіліп жатыр. Барлығының үйірілгені Құнанбайдың
айналасы екен. Бұйрық, әмір күткендер. Тап ортада Құнанбай. Атының үстінен
әлі түспей тұр.
Дәл осы кезде, қораның ішінде, Дәркембай Бөжей мен Байдалының
арасынан ентелеп кеп, сирақты мылтыкты көтере берді.
Қоранын ішкі жағынан жаңа жүгіріп кеп еді, қайдан алып шыққаны
белгісіз,
құлағы қайырулы, білтелі қара от қойса тарс бергелі тұр. Асығыста
Бөжейді топшысымен қағып, өтініш етіп: