Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет34/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
69 
- Қашан? Әй, жылауық! - деп Оспап әуелі күліп алып, артынан өтірік қорс-
қорс етіп жылаған боп: «Қіжіл құлжәм» деп, Смағұлды мазақ қыла бастады... 
Абай Оспанға тап беріп зекіп: 
- Бер құлжасын! - деді. Оспан: 
- Алғам жоқ, өтірік!.. - деп, тана берді. 
Бірақ Абай ырық бермеді. Тінте бастады. Оспанның тінту бермек ойы жоқ. 
Барынша бұлқынып, Абайдан сытыла қашып, пеш қасына барды. Екі қолын 
артына ұстап, бұрышқа кептеле тығылып тұрып алды. Дәл жанында үлкен биік 
шелекке ашытып қойған түйенің қымызы бар.
Ұлжанның күз уақытында Зере мен балаларға әзірлеп отыратын ағы осы. 
Оспан әдейі сол араға тығылып тұр. Абай қыспаққа ала берсе, сол шелектің 
бір септігін көрмек. Тіпті болмаса шелекті құлатып, Абайдың өзін де шатаққа 
ұрындырмақ. Өзінен қайраты артық ағаға содан басқа мұның істер дәрмені жоқ. 
Оспанның шатақ іздеп тұрғанын таныған Абай енді оны сүйреген жоқ. Бірақ 
қатты ыза боп, Смағұлға болысып кеп: 
- Шығар шапшаң құлжаны! Көрсет қолыңды! - деп тұрып Оспанның 
құлағынан алып, аямастан жұлқып бұрай бастады. Оспан айғай салып шыңғыра 
беріп, күбі шелектің бетіндегі асжаулықты аяғымен бір сыдырып түсірді. 
Шелектің өзін қағайын дегеніне Абай жібермеді. Сонымен келесі бір сәтте 
Оспан айғайын зорайта беріп, қолындағы қызыл құлжаны қымыз ішіне «шөп» 
дегізіп тастап жіберіп, екі қолын көтеріп, Абайға: 
- Міне! Ойбай!.. Міне, түк жоқ! - деп, зарлап қоя берді. Абай мұның не 
қылғанын байқаған жоқ еді. Бірақ Оспанның бар кимылын бағып тұрған 
Смағұл құлжаның қымыз шелекке түскенін байқап қалды. Ол тап беріп шелекке 
жетті де, білегін сыбана беріп, кір-кір қолын қолтығына шейін бойлата 
қымыздың ішіне салып жіберді. Жеңі де малынып, бірге жүзіп жүр. Қымыздың 
ішін салдырлатып сүзіп жатыр. Абай енді Смағұлдың ақымақтығына ыза боп, 
Оспанды қоя беріп, ананы тартайын деп еді. Оспан дәл осы кезде Абайдан 
босай сала қымыз бетіне үңіліп тұрған Смағұлды желкесінен түйіп-түйіп қалып, 
қымыздың ішіне бет-аузы мен құлағына шейін батырып жіберді. Өзі және 
сақылдап кеп күле бастады. Смағұл құлжаны таба алмай, аузы-мұрнына қымыз 
кетіп, шашалып, ықылық атып, тағы бақыра тұрды. Барынша күйіп қайнаған 
қалпында, Оспанға жұдырық ала ұмтыла берді. 
- Әй, қуарған-ай!.. - деп, соған қосып аса қатты, сұмдық бір боқтықты 
айтып қалды. Оспанға ұрысам деп Ұлжанды боқтаған еді. Оспан қалт етіп 
аңырып тұра қалды. Сасқанынан Смағұл сөзін анықтап аңғара да алмады. Бірақ 
Абай өз анасы үшін қатты күйіп кетіп: 
- Өй ақымақ!.. Ол оның шешесі болса, сенің де шешең. Бұны кім үйретті, 
доңыз? -деп кеп, Смағұлды жақтан тартып-тартып жіберді. 
Осы бәлені шығарғаны үшін Оспанды да аямай ұрды. Сонымен екі інісі екі 
жаққа бақыра-бақыра жөнелісті. Оспан барып әжесінің қасына құлап түскенде, 
Смағұл өз үйіне, өз шешесін іздей жүгірді. 
Оспан мен Смағұл алысу мен төбелесуден көз ашпайтын. Татулықтары сәл 
болса, ұрыс-таластары күн ұзын айықпайды. Бүгін Оспан кеш батарда Смағұлға 
барып, екеуі біртүрлі тату бола қалып еді. 


 
70 
Өйткені, Смағұл өзінің барлық асықтарын төгіп, Оспанға жаңа боялған бір 
арқар асығы қызыл құлжасын көрсеткен болатын. 
Оспан осыны көргеннен-ақ Смағұл қасынан кете алмаған. Кеш бата 
үлкендердің бәрі мал жайлағалы тысқа ісеткенде, екеуі сол үйде оңаша қалған. 
Оспан үй ішінің ала көлеңке болуын тосқан екен. Жаңа іңір қараңғысы бола 
берген кезде, көп асықтың ішінен қызыл құлжаны қымқырып алып, өз үйіне 
қарай жөнеле берген болатын. Смағұлдың байқап қалып, іле қуғаны әлгі екен. 
Абайдың көңіліне Смағұлдың жаман сөзі зілдей тиді. Өз анасына жаны 
біртүрлі қатты ашып, үлкен бөлменің тап ортасында тапжылмай қатып, тұрып 
қалыпты. 
Бір сәтте Смағұлдың бақырауық даусы қайта жақындап келе жатқанын 
байқады. Сол дауыспен қатар, шаптығып қатты ұрсып, асығып келе жатқан кіші 
шешесі Айғызды таныды. Айғыз үлкен үйдің есігін сарт еткізіп шалқасынан 
ашып, табалдырықтан аттай бере, Смағұлды жұлқып ұшырып, үйге кіргізіп: 
- Мә, жеңдер! Талап түтіп жеңдерші бұл қуарғанды! Жабылыңдар, мә 
дейім!.. - деп, Абайға қатты төніп жетіп келді. 
Абай: 
- Кіші апа! - дей беріп еді, Айғыз оны сөйлетпестен қаптап кеп: 
- Әлім жеттік қыласың ғой! Сендер бір шешеден төртеусіңдер, көпсің. 
- Кіші апа деймін!.. Не дегенін сұрашы тым құрмаса! 
- Керегі жоқ! Ер жеткенде білгенің сол ғой! Сен де күндестің баласы деп 
тұрсың ғой. 
- Құдай-ай, не дейсіз? 
- Ұрған жақсы болса, ертең оқудан келер Қалел де. Сенің сыбағаңды берер! 
- деп, орысша оқуда жүрген өзінің үлкен баласы Қалелді де есіне алды... 
Жасақтасып, төбелескелі тұрған екі күндес ауылдай. 
- Ойпырм-ай, ана болғандағы ақылыңыз осы ма, кіші апа? 
- Жағаласпа, шығарма тіліңді! Бұлар бәйбіше, біз тоқал ғой... тепкі 
көрмекпіз ғой... 
Абай өз үйінде өз анасынан көрген мынадай әділетсіз зорлыққа жаман 
күйді. Сұп-сұр болып, булығып, дір-дір етті. Бірақ жылаған пішінін білдірген 
жоқ. 
- Түу, қойыңызшы, сіз қалай едіңіз? - деп қатты түңіліп терезе жаққа қарай 
бұрылып кетті. Сөз қатар мұршасы жоқ. Зере бұл жанжалдың бәрін естімесе де, 
Айғыздын шаптығып келген түріне қатты ашуланған екен. Абайдың күйген 
ажарын да танып еді. Енді Кәмшатты жатқызып қойып, түрегеліп келініне 
жақындап кеп, қатты ақырып: 
- Жоғал әрмен, балаларымның арасына кіріп, ірткі салып не шатып тұрсың! 
Шық жаның барында! - деді. Айғыз кәрі әжеден жасқанып, кейін серпіле берді 
де: 
- Тоқал демексің, мүйіз демексің ғой бірігіп ап... Көрермін... келсін ертең, - 
деді. Ескерткені Құнанбай. Сұлу тоқал байына ыстық. Бел қылғаны сонысы. 
Бұл сөздерін Зереге естірте айтпаса да, Абай естісін деген сияқты. 
Дәл осы кезде Айғыздың сырт жағынан, өте бір сабырлы және соншалық 
салқын үн шықты. Ол сөйлеген Ұлжан еді. Үйге кіргелі бірталай болса да, 
Ұлжан үндемей ғана барды тыңдап тұр екен. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет