Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет54/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
110 
- Ендеше, сізбен қалай араздасқанын мен өз әкемнен ғана біліп қойсам, 
мына Әділбек пен Асылбек ағам сізден ғана ұғынып қойса не болады? Анық 
шынға жете алмай, сыңар жақ кетеміз ғой. Бірден, адасамыз. Екіншіден, бала 
мен бала, мына біздер, сырттан қырбай, сырттан шалғай кетісеміз ғой. Сіз 
маған, менің әкем бұл кісілерге айтып отырса таразының басы тең баспас па еді? 
Сүйіндік те, үй іші де Абайдың мына дәлелдерін дұрыс көрді. Қарабас 
сүйсініп кетіп: 
- Дұрыс-ау осынысы баланың? - деп, Сүйіндіктің әңгімесін айтқызуға 
бейімдеді. 
- Балам-ай, алды-артымды орап алдың-ау осы сен, ә? - деп, Сүйіндік 
ақырын күле түсіп, екі ойлы боп қалды да Асылбекке қарап: 
- Ей, менің балаларым, мына бала қонағың тартымды жатыр-ау өзі, 
ойлаймысыңдар? - деп, жақсы жадырап, шын бейілденді. Тоғжан шай ішіліп 
болса да, дастарканды жиғызбай, күлімсірей түседі. Жиі қарап, Абай көзімен 
кездескенде, көптен бергі сыйлас танысына жасайтын ілтипат білдіреді. 
Абай әңгімені алғаш өзі ойлаған жаққа бұрды. 
- Сол менің әкеммен қырбай боп қалған жеріңізді өзіңіз ұғындырыңыз, 
Сүйіндік аға! 
- Өтінсең, айтайын! Біле жүр! Сенің әкең Мамай ішінде Жамантаймен 
көңілдес боп жүріп, өкіл күйеу болғанда екі жүз қой кит киген. 
- Өкіл күйеуі қалай! 
- Өкіл күйеуі шын күйеу емес, тамыр есепті нәрсе. 
- Онда «тамыр» деп неге аталмайды? 
- Тамырлық құрбылас кісінің арасында болады. Ал жасы үлкен кісімен жас 
жігіт тамырласам десе, кейде осылайша өкіл куйеу боп аталады. 
- Иә, сонымен?.. 
- Бертінде сол Жамантайдың баласы Көжекбай өзінің Құлжабай деген 
кедей ағайынымен жерге таласты. Мырза: «Соған билік айт, жер бөлігін 
айырып бер» деп, мені апарды. Мен екі жағының сөздерін ұғынып, өз 
көңілімше әділдігін топшыладым да, «Бөлік былай болсын» деп жүріп отырдым. 
Сенің әкең өзі де басы-қасында. Арт жағымда Көжекбайлармен бірге келе 
жатыр. Мен бөлікті өз көңіліме сыйған әділетпен бөлмекпін. Байқаймын, 
жүрісім Көжекбайға жақпайды. Тыжырынып, жарыла жаздап келеді. Аздан соң 
мырзаға сыбырлап, жалпылдап айта бастады. Әкең сенің Көжекбайды құп көрді 
білем, арт жағымнан саңқ етіп дауыстап: «Уай, алапес! Сен қалай жүріп 
барасың?» дегені. Мен екі жағына тең би емеспін бе? Ыза боп кетіп: «Уай, тәңір, 
койдын бөлігін бөліп келе жатқаным жоқ, құдайдың бөлігін бөлемін» дедім, - 
деп тоқтап қалды. 
- Я, сонан соң не болды? - деп, Абай ар жағын тағы айтқызбақ еді. 
- Арғысын қайтесін, сол, шырағым? Кетті ғой әйтеуір, қым-куыт, шым-
шуыт боп! -деп, Сүйіндік қолын бір-ақ сілтеді де, айтпай қойды. 
Абай қып-қызыл боп кетіп, шұғыл ойланып отырып қалды. Шамға қарап 
қадалып қалған көздерінде сол шам отындай үлкен қызғылт, алыс от маздап 
тұрғандай. 
Тоғжан қонақтың мына пішініне енді жай ғана емес, тамашалап, қызығып 
қарады. 


 
111 
Сүйіндік үйінде Абайдың үндемей қалғанына ішнен күліп отырған да кісі 
бар. Ол Сүйіндіктің кіші баласы - Әділбек. Асылбектей емес, ол ожар, тоң 
мінезді болатын. Енді Абайдың аңырып, дағдарып қалған пішініне қарап өз 
ішінен: 
«Ал, тілегенің сол болса, қарық бол!» - деп, жымиып отыр. 
Бірақ Абай қатты ойланып қалғанмен жасыған жоқ. Аздан соң және өзі 
бастап екінші бір әңгімені сұрады. Онысы Сүйіндіктің тағы бір сөзі. 
Өскембайға ас берген тұста айтқан сөзі еді. Сүйіндік оны да айтпақ болды. 
- Мырза өз әкесі Өсекеңе ас берем деп, Көкшетауға сауын айтып, қалың 
елді жиды ғой. Тобықтының одан үлкен асы болған жоқ. Естіген шығарсың? 
- Естіп ем. Соған сіз де бардыңыз ба? 
- Әкеңмен ол кезде қырбай едім! Бармадым. Бірақ Айдос, Жігітектен, тіпті 
анау Мамай Жуантаяқтан да ел қалған жоқ. Жұрттың бәрі көшіп, сонау 
Көкшетауға барып, ұлы дүбір мереке жасады ғой. Сонда Бөжей мен Майбасар 
келіспей қапты. Майбасар старшын. Жуантаяқтың бір ұрылары Наймандағы 
Бөжейдің нағашыларына барып, көп жылқысын әкеп, қырып тастапты. Соның 
қуғыншысы келіп, Бөжейге: «Есемді әпер!» дейді ғой. Бөжей Майбасарға 
асылады. «Ақылдастыр, малын әпер!» - дейді. Соған Майбасар: «Сандалып, не 
айтып жүрсің?» деп, ренжітіп тастайды. Бөжей өкпесінің басы осы еді ғой. 
«Ажарым әтпейтін болса, шашпауыңды несіне көтердім?» деп өкпелеп қалады. 
Сүйтеді де, ас тарқамай көшіп кетеді. Бұған еріп Жігітек, Байшора, 
Жуантаяқтан да кеткендер болды. Осы орайда мен үйде жатып, бір-екі ауыз сөз 
айтып ем, қадағалап отырғаның со ғой. 
- Не айтып едіңіз сонда? 
- Білмексің гой, оны да айтайын: 
Өзге егіз болғанда, құдай жеке,
Алдыңда ата-анаң ол бір Меке, 
Қырық үйліні қырық пышақ қылып едің,
Өз асың да бұзылды-ау, Өскенеке? – 
деп ем. Жұрт дегеннің ұмытпай жүргені со-дағы! - деді. 
Абайға бұл әңгімеден әрі тағы бір әңгіме жатқаны ап-анық көрінді. 
- Мынаның ар жағы да бар ғой. Онысын айтсаныз қайтеді? 
- Ар жағың қайсы, балам-ау? 
- «Қырық үйліні қырық пышақ қылдың» дедіңіз ғой! Ол би атамның ісі ме, 
жоқ басқаның ісі ме еді? 
- Абайжан-ай, қайдағыны айтқыздың-ау! Айыпты Өскенекеңнің өзі емес. 
Тағы сенің өз әкең еді. Енді сен маған осыны айтқызып-айтқызып, ертең 
әкеңмен екеумізді тағы араз қыласың-ау, сығыр! - деп, Сүйіндік күліп қойды. 
- Жок, Сүйіндік аға, білейік деп сұрадым. Сіздің үстіңізден шағым жиям 
деп сұрамаймын ғой! 
- Рас айтасың, балам! Ендеше «қырық үйлі» деген анау Көкен тауының 
баурындағы Уақ болады. Сол ел ішінара араздыққа басып жүргенде Құнекең 
араласып, Қонай деген батырды сүйейді. Егес күшейіп келген кезде, Қонайға 
ақыл салып, жау жағын шапқызып жібереді. Қапыда калған ел қарсыласа алмай, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет